73
адамдар, әсіресе, егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. «Ең
үлкен сән-салтанат, – деп жазды Экзюпери, – адамдардың қарым-қатынасының
салтанаты». «Адамда қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой мен іс
–
ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның
жаратылысының өзінде бар нәрсе” (М.Жұмабаев). Үйде де, түзде де кісіге ізгілік,
имандылықпен қарап,
оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық
білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің
көрінісі» дейді педагогика саласының ардагері [74, б. 13-18]. Бұл адамшылықтың
айырылмас бір сапасы.
Тұрақты тіркестер мен метафорадағы бекітілген мәдени коннотациялар
өздері білімге айналып, өздері когнитивті дамудың көзі болады. Сондықтан
фразеологиялық бірліктер мен метафоралар мәдениеттің экспоненттеріне
айналады. Метафора қоғамның бар саласына, тілге,
мәдениетке, ғылымға,
өмірге, бүкіл әлемге енді. Метафораны адамның генезисімен және адам
мәдениетімен байланыстыруға болады. Прото-тіл, протокоммуникация
метафоралық деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтады ғалымдар.
Көптеген лингвистер бүкіл тіліміз метафоралардың зираты дегенді айтады дейді.
Метафора мәселесі екі мың жыл бойы ақыл-ойды толғандырғанымен, ол
көбінесестилистикалық
құрал
немесе
көркемдік
құрал
ретінде
қарастырылғанын, тек соңғы онжылдықта лингвистер мен философтардың
назары метафораның онтологиясын зерттеуге ауысқанын айтады [44, б. 68].
Қазақ лингвомәдениеттанымдық концептісінің бірі –
бауырмалдық болып
табылатыны белгілі. Бірақ бұл концептіні таңбалайтын аталымдар саны аса көп
емес деуге болады. Бұл жеке тұлғаның мейірімділігінен, қайырымдылығынан,
қамқорлығынан, сүйіспеншілігінен, ынтымағынан туатын ұлттық мінез екеін
белгілі.
Қазақы тәрбиеде отбасындағы әр адам
бір-біріне бауырмашыл болуы
керек, ағаның ініге, қарындасқа деген, әпкенің ініге деген, сіңліге деген
бауырмашылдығы сөзбен де, іспен де көрінуі қажет.
Әсіресе, бірінші үлкеннің
кішіге деген қайырымдылығы кішінің мейірімін арттырады. Отбасында
бауырмал адам үлкенге де, кішіге де, досқа да, жолдасқа да,
жалпы адамзатқа
қамқоршы болады. Ата-ананың балаға деген қамқорлығы, баланың ата-анаға
деген қамқорлығы қазақ халқында ұлттық тәрбие арқылы қасиетті ұғым ретінде
қалыптасқан.
Кейде бұл қарым-қатынас өзара «әкетайым», «анашым», «ағатайым»,
«әпкетайым», «айналайын», «алтыным», «күнім» деген сөздер арқылы да тілмен
айтылып, кейде айтылмай-ақ жүрекпен сезіледі. 15 томдық сөздік бойынша бұл
концептіні беретін лексемалар мен тіркестер мынадай:
БАУЫРМАЛДЫҚ (28):
бауырмал, бауырмашыл, ежекті, жақын тартқыш, жақын-туысшыл,
жақыншыл, жанасқыш, жанашыр, кірімді, кірімтал, кісіге жақын, қамқор,
қамқоршы, қамқоршыл, орамды, панашы, панашыл, тартымды, үйір, үйіргіш,
үйірқұмар, үйірсек, үйіршіл, үйірілгіш, үйірілуге құмар, үйірілімпаз, үйірімді, іші-
бауырға кіргіш / енгіш.