Мінез тегі қасиет
Бүкіл 18 ғалам сөзден ғана жаратылып, сол сөздің алты жағы болып, биіктігі тақ, көлденеңінен жұп болып белгіленген. Сондықтан белгілі дәрежеде қандай бір жаратылған нәрсе келесі бір болмысқа айналарында белгілі бір тербеліске, жарыққа, иіске болмаса дыбысқа айналады. Ал ол нәрселер көзге көрінбейтін кеңістікте сөзбен қайта бейнеленгенде сандар жиынтығын құрайды. Құран жалпы сөздердің қуатық есебі болып, бүкіл жаратылыс сандар жиынтығы арқылы қамтылған. Тек қалай оқу тәсілін меңгеру керек. Енді жалпы сөздер қасиетін ұғу үшін тақ санын пайдаланып, білімін ұғу үшін жұп сандық мәнмен оқып отыру шарт. Енді арап тілінде аяттардың тербелістік қасиеттік құпиясы беріліп ем шипа болса, ал жалпы үгіт насихатын білу үшін бақа тілге айналдыру керек. Әлемге ортақ сөздердің ұғымы сандар жүйесімен анықталып, ал әрбір ұлтың өз тіліне, үндік таңбалар жүйесімен белгілеу арқылы белгілі ұғымдар пайда болып сан мәнімен оқу арқылы аяттардың ғылыми насихаты пайда болады. Аяттардың сандық, есептік тізбегіне байланысты да түсінігі кеңіп немесе кеміп отыруын байқауға болады. Сондықтан құран сөздерін аударғанда Алла тағаланың жаратқан бүкіл нәрсесіне әр ұлт өз тілінде ат қойып шығу шарт. Құран сөзі өзге тілге айналғанда төрт мағынаны беріп отырады. Барлық дау дамай тудыратында осы пайда болған ұғымдардың өлшемі мен қалай пайдалана білумен аудармашының ойшылдық қабілетінде. Әлемнің жаратылыс нәрселерінің арасын жалғап тұрушы ортақ қатынас құралы яғни тіл (үн) мен сөздің (дауыс) арасы сан. Енді әрбір сандар жиынтығының сызықтық бейнесі немесе белгілі көрнісі бар. Ол сызықтық бейнені адам баласы өз ойынан құрастыра алмайды жаратушыдан уахи, аянмен көрсетіліп сөзбен салыстырып жорып барып мән, мағынасын анықтайды Демек сызықтық бейнелердің яғни сандық тізбектердің де тақ және жұп екі белгісі болады. Сол шамасына қарай нәрсенің немесе сөздің ішіндегі тақ және жұп белгілерінің азды көпті жиынтығын сол нәрсенің негізгі қасиетін сыртқы кеңістіктегі шегін, үйін белгілейді. Ал қасиеттер жиынтығы төрт жақты мұнараға айналып, тек Алла тағала жаратқан құпиялармен қосылып, Алла алдында қосылып жұп болып отырады. Осындай қатаң тәртіпті «Менделеев кестесінен» көз жеткізуге болады. Жұп санды жаратылған, түсірілген нәрсенің, белгілі қасиеті, мәліметі, болмысы шектеліп, заңдылығы бекіген деп түсінсек, тақ ұғымын өзгеріп толықтыруға қажетті тек Алла нұрымен өлшеніп, қосылып айқын болуға тиісті нәрселердің нәтижелер шегін айтамыз. Сондықтан белгілі өлшемі, бейнесі және сандық құпиялары яғни сөзі бар барлық жаратылыс егелерінің алғашқысы да соңғы нәтижелері де белгілі қуаттық шамасы бар періштелер болып шығады. Мінез күрделі кісі періштесі болып тәндегі сол қасиетімен айқын болатын бөлшектердің (періштелердің) өз ара қатынасына тәуелді. Енді оң қолыңызға қарап отырып «АДАМ» төрт саусақ деп, екеуі әйелдік екеуі еркек болып, тек нәпсіні жеңіп барып, қосылып, бірігіп барып бес саусаққа айналып, ұжмақ есігін ашады екен, әйелден еркектің сұрауы болса, еркектен әйелдің сұрауы бар. Бес саусақ қашанда бірдей емес, демек теңдікті тек Алла тағала береді. Өзі жаратты, өзі теңейді, өзгерту мүмкін емес! Себебі жарата алмаймыз. Қолыңнан келсе балаңды ұрпағыңды мінезін, қасиетін, тағдырын өзгертіп көр. Жоқ құдайдан тілеп қана дұрыстайсың, онда да қылығын, ойын, еңбек ету қабілетін ғана бірақ берілген мінезін емес. Сол мінез, қайдан неден туындайды екен, есебін шығаруды оқырманның өзіне қалдырып, түсінігін қасиетті кітапттан жіктеп көрсек. Тек саналмайтын дүние болмайды сондықтан сезімнің тәндік, тілдік белгілі саны 19, ал жандық дыбыстық саны да 19 болады. Адам баласының жаратылыста жерден алған үлесі, тұрақты несібесі. Есті қалыптастыратын 19 белгі әйелде болса, 19 белгі еркекте болады. Бар заттың тегі, сөз болып, ерекшелікті ат қойумен айқындасақ, тілін білген, сөз астарын меңгерген пендеге қасиетіне болмысына қарап, қазақтан артық ат қоя білетін ел болмас. Қызды періште деп атап, күйеуге бергесін келіншек деп, «Іншек» деген құпия сөзді қосып айтамыз. Демек ДІН сөзінің ІН (үн) белгісі күйеуге тиген әйел баласында Д (сөз) қуаты, таңбасы күйеуінде болу керек. (Алдыңғы басылымда таңбалар есеп жүйесін береміз.) Бала туып еркіндігі шектеліп, күйеу мен ошақтың берекетін, бала тәрбиесін ғана ойлаған әйел затын, «қатын» деп атаған. Қатаңдау естілетіні де, бағынышты бол деген бұйрық. Қазақтың Қа-сы қатында тұр. Қа-бастапқы нәсіл, құраушы сөз, қуаты. Еркек ұрығынан пайда болып оны «тындырып»-тазартып өңдеуші әйел заты тек күйеуі бар болса ғана «ҚА-ТЫН», болмаса жоқ. Қатын әйел затының асыл қасиеті. Ал күйеуге ақылшы, шаруашылықтың басшысы болып, ел таныған кезде, «әй-ел» деп атаған. Ел- нәсілдердің, белгілі бір тілдік үнге топтастырылған кеңістікте, адам азығында болатын жермен ұлтық ерекшелікпен байланысты үн қуаты. Сондықтан үн қуаты бар, әйелдің жыныстық қабілеті де қасиетті. Кей жағдайда от ағасы өмірден озып, орынбасар болып қалған, әйел затына да байланысты аталған. Ұлды ұяға, қызды қияға, қондырған шақта «ана» аталып ерекше құрметке бөленген. Яғни Алла тағала тарапынан өз міндетін орындаған болып есептеледі. Сол аналар ішінен елге ақылымен, қиыннан қиыстыра білуімен танылған, сөз және іс шипасымен, ерекше қасиетті аналарды «дана» деп атаған. Аналардың данасы биік шыңы «Мариям» анамыз болады. Себебі өмірге рух арқылы пайғамбарды әкеліп ақ сүтін берген. Қалған пайғамбарлар, көбі өз анасын толық ембеген немесе жетім қалған. Сондықтан жетімде Алланың жасырын сыры сынағы бар. Жетімді тәрбилеу саупты іс деп есептеледі. Тіл мен сөз бар жерде пайғамбарда бар. Сондықтан әр үмметтің әр халықтың үлгі тұтар өзінің іштерінен шыққан сөздің даналары, әйелдік тазалықтық белгісі, үлгісі бар аналары да бар. Айша анамыз қазақ әйелдері үшін, әйел затының арының, үлгісінің үлкен белгісі. Елін сүйген ерге, сол үшін жан пида еткен еркекке, өзінің ерекше сұлулығына қармай, тегімен де санаспай, жастығына қарамастан барлық кедергіні аттап өтіп, ер жігітке жар (тоқал) болуды қалап, өзін құрбандыққа шалған. Ер азаматты жоғары ұстай білген. Үстемдікті аңсамаған, үстем еркектің жолына өзін құрбан ете білген. Сөзді елшілер арқылы түрлендіруші бір Құдайдың өзі болса, онда әйел затына берген жәннатқа шығар көркем мінездің 6- баспалдағы бар. Ол үшін тәрбиелі қыз атанып, сосын күйеуге тиіп, келіншек болып Құдай берген балдарды өмірге әкеліп ақ сүтін беріп, қатын болып, қиындықтарды жеңе біліп ерінің орынбасары болып қана, жоғарғы сатыларға жету. Сондықтан даналық қасиет болып қалыптасса, бесіктен белі шықпай жатып еркекпен теңестіру ақымақтық іс болып, орысқа бодан болғанымыз аздай сығандардың ел кезген, сөзін сөйлеп, надан болмайық ағайын. Жаннат әйелдердің аяғының астында. Сол жәннаттың есігі жерге дейін етекпен қымталып, төбесін жаулықпен жауып қоймаса ұшып кетеді. Аяғы арамданып, балтыры арам көздермен сұқтанған қыздан жақсы ұрпақ шығпайды, аналық сүті де толық құнары болмайды. « Құт-келіннің аяғынан.» Ал жыныстық мейрімділік, жіңішкелік белгісі періштелік таңбасы болып үкіммен дәлелі Алладан түскен. Қазақ қана ойлап тапқан жоқ .Сол мейрімділіктің, періштеліктің ылғалдылықта өмір сүріп иістену, кебу қасиеті бар. Заттық сипаты нұр. «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем... Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.. Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен саяқ...Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызыр нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме!.. Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі. Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі.» деп Абай атамызда әйел затындағы нәзіктік, мейрімділіктің, мінездің әйел затына жаратқаның берген көркем сыйы екенін ескерткен. Ал мейрімді адам баласы қашанда әлсіз болады, себебі алысты болжай алмайды. Қателесу шарт. Оған үнемі қорған демеу керек. Бірін өсірсең бірі кемиді. Алла тағалаға ғана тән жұмыс теңестіру. Ойланайық ағайын! Ер азаматқа Алла тағала екі мінез берген, Ер пенде болып пендешілік істерін орындаушы болса, еркек болып Алла бұйырған шекарадан аспай өмір атты өзенге өз үлесін қосу. Сондықтан «Еркек тоқты құрбандық» қашанда. Осы екі мінезден ауытқыса қатындар қатарын толтырады бірақ оны «Екі жүзділік» деп атаған. Сондықтан әйел затына көбейту таңбасын берсе, еркек затына қосу таңбасын берген. Үнемі көбейтіп отырам десең тағы жаңылысасың, қоспасаң көбеймей қалады. Ал көбейтіп қоса берсең шектен шығып тығырыққа тіреліп ой да, ақыл да жетпей қалады. Алу мен бөлуді ортаға тастаған. Кімнен нені аласың, нені берсің, біріңе бірің деп бала мен дүниені сынақ қылып қойған да теңдік амалын табуды қасиетті кітаптар арқылы көрсеткен. Сондықтан болар аталарымыз: «Әйел дүние ұстаса желге ұшар, еркек бала бақса жер құшар» деп аманат нақыл айтыпты. Келіңіз енді қасиеті кітап арқылы тағыда ой туралы ойланып көрейік.
Ой –көлік, әйел-гүл, адамзаттың діл бақшасы.
Адам баласының басқа жаратылыс егелерінен шексіз көркем айырмашылығы артын, алдын, бүгінін байқап ойлай білу қабілетінде. Хайуанда ойлайды бірақ болашағын аңғарып, артын шежіре тарихын біліуі мүмкір емес. Сондықтан көру, есту қасиеттерінен жаратылған көп нәрселерден кем болсақ та, есесін оймен, ойшылдықпен толтырамыз. Сол оймен бармайтын жер баспайтын тауымыз жоқ. Бәрінен де жарықтанда, дыбыстанда жүйрік және бәрінен де кемел. Тек өлгенде ғана тоқтар сол ойлар. Ұйқы кезінде де еріксіз ойлантып қояр. Кім екен, сол ақыл- ойдың кемесін жүргізіп тұрған? Сондықтанда; «Өліктермен тірілер тең емес» деп ескерткен жаратушымыз. Мәңгілік өмірдің құпясын ашатын да жанды өсіретін де өшіретін де ой болар. «Жер мен көктің арасы, теріс ойлар деп ескерткен» аятта. Демек ойдың да иісі түсі бар. Дүниелік ойлар сасық болып, темекі шегіуден, әжетқанада, арақ ішілген жерлерде. сондай бас қосқан жерлерде айқай шу әндердің жемісі болса, жұпар иіспен мешіттерде, құлшылық орындарда, таза ауа мен Алла тағаланың ерекше жаратқан қасиетті орындарында, әулилер зираттарында пайда болып тұрады. Ондай жұпар иісті жерлерді аяттарда; «Ойпаттарды басып өтесіңдер» (зияратайсыңдар) деп ескерткен. Кеңістікте ойлардың жүретін жолдары да бар «Теңіздегі кемені (ақыл-ойдың) мен қозғап тұрмын» деп ескеркен аятта. Сол кемеден үлесіңді үнемі толтырып отыру үшін, түнді жаратып, ұйқыны мінезіңе қарай беріп, ақылыңа қарай жан, дене киімін жаратқан ойлана білсін деп. Сондықтан сыртқы «үлде» киіміңе қарай қарсы алса, ішкі «бүлде» жан киімің көркем сөз қорыңа қарай шығарып салар деген сонан қалған. Өзіңнің ішкі сырың қандаймын деп ойласаң солай киінесің, сыртыңды бейнелейсің. Әйелдеріміздің көпшілігі қазіргі таңда өзін жез өкшемін деп ойлау қалыптасты. Себебі тәнін ұялмай жалаңаштап, ұят шекарасынан аттап өтті. Ішкі сыры да періштелігім де, мінезім де осындай деген ұғымды көрсетеді. Жыныстық қасиеттік ұясын хайуан ғана көрсетіп жаба алмайды. Жыныс ұяларын көшеге көрсетіп жүру ақылдың азуының белгісі. Неге? Енді ой ғылымына үңіліп көрсек. Иман өлшемі ұят болса, сол ұятты қалыптастыратын да ой. Бірақ бар нәрсенің жақсы жаманын оймен табу мүмкін емес. Білім ақылмен жұмсамаса, қайта зиянын тигізіп надандықты тудырады. Білімді адамның бәрі ұятты емес. Мына ел ұятты сол елдің істегенін істеп тек солай жүрсек болды десек, сол елдің сөзін сөйлеп, жер бетінен тұқымыңмен қоса жоғалып кетесің. Рұх есебі шықпайды өспейді. Рұхтың да саны өлшемі бар. Екі жұптан тұрады. Құранда сондықтан болар; «Мен сендерге есту, көру ойлау қасиеттерін бердім сонда да түсінбейсіңдерме?» деп ескерткен. Түсіну қасиеті тек ана тілге ғана тәуелді түрде өседі. Қазақта мал тапқыш пендені ақылды санау қалыптасқан. Мал, дүние Алладан берген несібе сынақ, қалай жұмсайды деген. Енді Құрандағы түсінікке байланысты аяттарды, төмендегідей жүйеге біріктірсек: Есту қасиеті; дұрыс тамақтануға, (арам ас жемеу) зинақорлық жасамау, дұрыс киіне білу және таза сөйлеуге тәуелді. Көру қасиеті; тамақтануға, тән тазалығына, ұйқыға және тәнді қоршаған ортадан қорғауға киімге тәуелді. Ойлау қасиеті; ана тіліне, алған тәлім тәрбиеге дәстүрге, ұлтық ерекшелікке және түс көру қабілетіне байланысты. Осы үш қасиеттің жиынтығынан және бес сыртан келетін қуаттардан сөз туындайды. Ал тіршілік үшін жинаған сөз қорын ақыл деп атаймыз. «Ақыл сөзде мейрімділік көзде» деген нақыл бар. Барлығы жиналып жанға қызмет жасайды. Жандағы белгіні осы қасиеттердің жиынтығын сезім деп атаймыз. Сезімдер жүйесін жүйке деп атау қалыптасқан ғылымда. Сезім қуатының екі белгісі бар. Түн және күн теңдігінен тұрады. Сыртқы қоршаған ортадағы ауыспалы мезгіл уақытына «Уақ»-қа байланысты қуат теңдігін сақтау, әр пенденің өмір сүру ерекшелігіне тығыз байланысты. Сол теңдіктен пенде мінезінің көктемі жазы, күзі, қысы болып ауысып тұрады. Қазіргі қазақ халқының жалпы мінезі үнемі қыста қысылып жүрміз. Әйтеуір жанымызға бір отын жылуы жетпей жатқан сияқты болып іздеп кеттік, не іздеп жүргенін өзі білмей жүргендер қаншама. Ашуланшақтық әзілді түсінбейтін, іш тарлық, қызғаншақ көре алмаушылық пайда болып, бәрінің шешімі көп дүние табуда деп жарысқа түсіп кеттік. Тек көріп ойланатын, немесе қалай естісе солай ойланатын қалыпты тауып алдық. Қараңғылық қазақты тұмшалап басып келеді. Ойымыз қараңғылыққа жұтыла бастады. Оған жарық қайдан аламыз? Әуелі жүйеге келтіріп көрсек. Ақыл сөзге тәуелді болса, сөз ес пен жадқа(зейінге) байланар. Естің күзетшісі тәрбие, салт дәстүр болса шек арасын ұят қалыпстырып қорушы болар. Жад - білім, ғылым, естіген, көрген болмыстардың түйіні жемісі. Сана осы қасиеттердің жиынтық мөлшері болып, жүректе ұясы болып ынсапқа байланар. Ақылдың жұмсауымен сананы іс қыймылға сөзге айналдырсаңыз АР-ға қуатқа айналып қайта еске қызметке келер. Сол сезімдер жүйесін жұмсайтын жан болар. Жан егесі тек Алла тағала беретін де алатын да бір өзі.Ол күнді де түнді де жаратушы. Сондықтан жанның қараңғылығынан құтылу үшін тек жаратушымызды танып жан шуағын сұрауымыз керек екен. Сонда ғана санаға жарық түсіп, сана ашылып қуаттар қозғалысқа айналымға келіп сезім қалыптасады, аясы кеңиді. Сондықтан жан емшілерінің (психолг) жанды өзің басқарасың, сыртан жәрдемсіз өсіресің деп айтып жүргендері негізсіз көбі тек долбар. Оған дәлел; Құранға жүгінсек ойлау қабілеті де жұп. Көріп ойлану және естіп ойлану. Демек әйелдік ой және еркектік ой. Әйелдер көріп ойланса еркектер естіп ойланады. Тәндік сипатқа тығыз байланысты. Тән ылғалдығына, ағзаның таза жұмыстарына байланысты ғана көру қасиеті қалыптасады. Есту көру теңдік (ынсаптық) белгісін тәлім және тәрбие ғана қалыптастырар. Қазақта қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп көру қасиетін шектеген «Қызға қырық үйден тыйым» деп көп естітіп тәрбие берген. Үй шаруашылығын, үй ішінің тіршілік харекетін көбірек көрсетіп өсірген. Ер балаға естігенінен көргенін көп болсын деп, үнемі сыртағы шаруашылықты кеңістікте, табиғат аясында көп болуды тапсырған. Сонан барып; Көп жасаған білеме көпті көрген білеме? деген нақыл қалған. Ұяда не көрсе ұшқанда қиядан шалар. Ер адамда қалай естісе солай ойлану қабілеті болса, әйелдерде керісінше, қалай көрсе солай қабылдайды. Неге? Себебі адам баласының қанында 11 жұлдыздан болып, сол жұлдыз азығын тағам және сөз арқылы сіңірсек енді тәнде, жанда күн мен айдың жарығы, нұры болып, жалпы адам тәніндегі ақпарат ас қазаны 13 санын береді. Сондықтан уақытымен жеткілікті дәрежеде күн ай қуатын алмаса, ауру туындайды сана жабылады. Бірақ жыл саны 12. Сондықтан әйел заты ай несібесінен нәр алып, ай болып жанына нұр еркекке беру жүктелген. Ер пендесіні күн несібелік болып жаратылған. Жұлдыз сәулесі жалпы адам баласына ортақ несібе тек қабілет, қасиетіне қалай туылған тегіне, ақыл-ой тазалығына т.б көптеген адамгершілік қасиеттеріне байланысты көктік несібе, ризық. Еркек табиғаттан нәр алып күн нұрын қуатты жарық бөліп шығарар. Айдың түспейтін қуысы болмас, көлеңкеге де жарық береді. Ал күн түспейтін жер көп. Әйел заты еркектің аяқ асты байқамағанын байқап жиыстырып отырса, еркек жақынды байқамай қашықты байқап отырар, алысқа жарығын түсірер. Ой ортақ болып, тек білім ғылым көп оқу ғана теңейді таразы басын. Ортадағы сол безбенді (мизанды) ұстап теңестіріп тұратын тек Құран білімі. Қыздың жол жіңішке деп мінез тербеліс жиілігін меңзеген қазақта. Айдың да 4 мезгілі бар 7 күн көктем, 7 күн жаз, 7 күн күз, 7 күн қыс болар. Сол тербеліс әйел мінезіне де әсер етіп, жиі өзгеріске ұшырап отырады. Әсіресе ай толған уақыттарда қауіпті. Еркек ауруымен ауырған, күн түспеген әйел заты, осы күндері өзгеріске ұшырайды. Жын аурулар қозады. Ондай аурумен ауырған ер пендесі ай түспеген тек жыл мезгіліне тәуелді өзгереді. Еркек мінезі баяу қалыптасады және солай сабырлық сақтауға бейім. Пайғамбарымыз өсиетінде; «Егер тау орынан көшіпті десе сеніңіз. Егер сізге әлдеқандай бір еркектің мінез-құлқы өзгеріпті десе оған сене көрмеңіз, өйткені ол түптің түбінде қалпына қайта келеді.» (87-х) Себебі еркек жылдық тербеліске тәуелді. Сондықтан да қандай да ауру, әдетті жұқтырған әйелді қалыпқа келтіру ер пендеге қарағанда күрделі қыйын. Тез өзгеріске ұшырап, шектен шығып, арнасынан асып кетуден жасынан қанына сіңірген тәрбие ұят қана тежеп тұрады. Бірақ бар адам бір қалыпта болу мүмкін емес. Білім алып көп көрген сайын қайта тегіне, қалпына тартып кетеді, немесе сол алған білім шеңберінен шыға алмайды. Сол теңдікті қалыптастыру үшін нәпсіні берген жаратушымыз. Әйел нәпсісі естуге құмар болса, еркек нәпсісі көруге құмар. Нәпсі басым болса, жеңіп кетсе, әйел өсекші өтірікшіге айналып, еркек зинақор, парақор әйелдік мінез қалыптасып, жылтыраққа құмарлық, көрсе қызар, өзін өзі әдемі көрсетуге тырысып иіс суы бұрқырап өзін өзі бояп жүргеніміз қаншама. Яғни қарама қарсы мінез майда болады. Қоғамдағы еркек мінезді әйелдермен әйел мінезді еркектердің көбейуі сондықтан болар. Болашағын ешкімге болжауға жазбаған тек қасиетті кітаптарда ескерткен. Тек қарама қайшылық жағдайға түскенде өліктер арқылы ескерту беремін –деп ескерткен. Жандық және тәндік әрі жоқ пендеге барын базарға салып жіберсе тек қасірет ауру арқылы ескерту түседі. Түбі көзге көрінбейтін қасіретпен аяқталары ақиқат! Осы ерекшеліктерге қарай әйелді еркекке және керісінше түрлендіру «Гендірлік саясат» мүлдем қисынсыз, әрі жаратушыдан ұлықсат берілген лағнет етушілердің лағнеті бар. Ондай түрленуді шайтан адам дейді, аятта мейлі еркек мейлі әйел болсын. Әйел пендесіне қыйыннан қиыстыру міндеттелген болса, ер пендеге қиыннан жол табу жүктелген. «Тек еркекті ғана елші қылдым» деген аятта. Жолды да Алла тағала ғана сілтейді. Сондықтан «Еркектердің дәрежесін әйелдеден артық қылдым»-деп ескерткен. Пайғамбарымыз; «Кімде кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса, ол жоққа шығарылады. (770. х) Дін ісінде жаңалық ашамын деуден аулақ болыңыз. Сіздерге дейінгі өткен халықтар дәл осы себептен опат болған.» (306. х) Дін Алланың сөзі! Алланың сөзіне өзгеріс енгізу түзету апаттарды шақырады. Басқа бәле тілден. Аулақ, аулақ бәлекет өздерімен кетсін! «Ер бала жасын керер, қыз бала қасын керер» деген нақыл бар қазақта. Ой түзелмей сөз түзелмес! Өзің сүйкімді болмай, сөзің сүйкімді болмайды. Адамдардың бәріне сүйкімді болу мүмкін емес, тек «Құдайсыз қурай сынбайды» деп ойлаған пенденің аузы дуалы халыққа жағар қылығы. Әйел тек қылығымен ғана сөзі сүйкімді көрінеді. Шет елден келген ауру әйелдердің сөзін сөйлеп, жүгін көтеруге болмайды. «Кітап арқалаған есек» деп ескерткен ондайларды аятта. Сол сияқты еркек пен әйелдің жүгі бөлек. Жан ұя құрып, бала туып, тәрбие беріп, өсіре алмаған, ерін піріндей сыйлай алмаған әйел, қашанда ауру, күн шуағы түспеген жеміс ағашы тәрізді. Алла тағала әйел затын тек сонымен ғана сынайды жарылқайды жәннатта! «Қатын дауысты еркекте қуат болмас, еркек дауысты әйелде ұят болмас» деген дана қазақ. Астарын оқысаңыз «Қатынның еркеке дауыс көтеруі ұят болса, еркектің қатынға айтқаны қуат болар». Еркегін Пірім деп сыйлағанға ғана КЕМ-ПІР- (еркектің жартысы) деген қасиетті биікке жетер.
Құран- Бәйшешек бақшасы!
«Жұмақ әйел затының табан астында» деп дана аталарымыз өсиетеп кеткен. Бұл мақал біздің ата салт-дәстүріміздің әйел теңдігін сақтау мен, құрметеудің көрнісі мен жалауы десекте болады. Сондықтан гүлді жұлмауға, гүл өскен жерді себепсіз басып ластамауға тиым салып отырған. Гүл ұжмақтың белгісі –деп түсінген аталрымыз. Қыз баланы да гүлге теңеп өлең жырдың арқауы қылған. Түбі жат жұртық деп болашағын болжап, қырық түрлі зиянды қылықтардан сақтануды бесіктен бастап үйретіп, болашақ өмірге таза қасиетті ұрпақ әкелуін ана болып құрметелуін, ден саулығының мықты болып, өмірдің даналықтарын бала кезінен меңгеруді қалыптастырған. Қазағымыздың қазіргі жаратқанның сыйына бөленіп, дайын байлыққа белшеден батып, өз ара бөлісе алмай ұрлап, тығып шетелге асып жатуымыздың өзі осы дана бабаларымыздың, қасиетті аналарды тәрбилеп әйел затын табиғатына қарай сақтап, тәрбиелеп біздердей артында ұрпақты қалдырып көктегі несібебіз сөз бақшамызды өсіріп болашаққа аманат етіп қалдыруында. Шәкәрім атамыз; «Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар онда мәңгі қалады.» «Кім өсиет етушінің қателескенінен немесе кінәлы болатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейрімді» «Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар.» (2-82,2-152) Құран аяттарын сана-сезімді, есті қалай жетілдіруді астарлап, өлеңмен өрнектеп түсіндіріп және орыс империясы кезінде ашықтан-ашық баспасөзге де жариялауға беріпті.
Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек, Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Аралайық, пайдасын көрем десек. Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап, Таза талап талпынып ойды айдаса,
Ұқтырар талай тәлім, талай есеп. Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.
Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек. Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.
Тікеннен жиіреніп жеміс жесек. Сырын сынар талапты ер табылғанда,
Жақсы мінез, жаман ой айқындалар, Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.
Осыны ұғайық деп ентелесек. Өкініштің үлкені- ойы тарлық
Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Ондай да ақыл болмас жұбанарлық.
Боққа төккен саламға тойған есек.
Сөз түзелмей ел түзелмес.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық жұлыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздерінше керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жағдайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!
Балаларды бағу? Жоқ баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Баларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен қөрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым деп ұлы Абай атамыз назын айтып қалай жол табудың, қазақтағы болатын аурудың аттарын атап түстерін түстеп кетіпті. Құдайға шүкір, қазақта жалпы қазаққа бейбіт өмір не ішем не жеймін еркімде деген өмір туып келеді. Бірақ еліне ұлтына болашағына жаны ашыған қазақтың ұйқысы қашанда тыныш емес. «Тек мисызда ғана ауру болмайды» деген Шәкәрім атамыз. Қазақта Абай, Шәкәрім аталарымыз айтып кеткен, шешілмеген түйіндер, шиелінісе түспесе, шешіле қойған жоқ. Жуық арада шешілуі де мүмкін емес. Себебі білімсізден, білімді надандар көбейді. Елді білімсіз арамза молда мен залым ғалым адастырар деген, нақыл бар халқымызда. Қай аурудың болмасын тегін таппаса емделмейді, емдегенмен жазылмайды, жазылғанмен қайта өседі. Қазақ ауруының тегі, неден тарап жатыр, кел бірге енді сөз бағып көрейік.
Алла тағала бізді «БОЛ» деген сөзден жаратса, қыз болу үшін «Айбол» деп ұл болу үшін «Күн бол» деп, ер жұп қыз тақ болып келеміз өмірге. Сондықтан әйел затына тақ болу парыз еркек соның құрбандығы. Тіршілік ету барысында 5 қуатты меңгеру парыз. Жоғарғыда айтқандай бүкіл әлем сөзден жаралса, сол сөзді жанға жазу міндетті болып алты түрлі несіптік үнді жаратып жетінші үн жаратушы үні болып табылады. Сол үндердің орнын белгілеп жолдар деп аталған адамзат несібесі жеті аспан болып табылады. Әр аспанның өзіндік есігі және қызметшілері бар. Берілген несібені Рұх-деп атаймыз да рұхтыңда төрт түрлі шамасы болып екі жұпқа жіктеледі. Ал үш түрлі үн адамзатқа шешуге тиісті ғайып болып есептеледі. Жер ана 11 жұлдыз күн мен айдан нәр алып, бар ризықпен бізді қамтамасыз етуге міндеттелген, сондықтан жерден төзімді нәрсе жоқ. Сол жерлік періштелер (элементтер) санын пенденің аяғына санап белгілеп, түрлену жоспарын басқа әсем бейнелеп, алақанға жазып берген. Айналып келгенде тербеліс аяқтан басталса, сөз есебі қолдан басталып жүректе түйісер. Демек арап тілі жер ана рұхын белгілесе, қалған үш рұхты белгілейтін негізгі жаратылыс себебі үш тіл бар деп біліңіз. Құран білім жағынан рух сөз қорының шегі болып белгіленіп, тербеліске бағынса, сол тербеліс таңба шегі 56 санын беріп 28 таңбаны ортасы қылып, әр елге әр түрлі жоспар беріп, екі жолды жаратқан. Сондықтанда 72 топқа бөлініп 36 ел(тілдік ерекшелік) екі түрлі амалдармен 72 түрлі құлшылық тәсілдерін яғни сөз тербелісін меңгерсе, бір ел сол төрт түрлі рұхты және төрт түрлі кітап амалдарын біріктіріп бір амал қылып, салт дәстүрге айналдырып, тура жолдағылар болып есептелу керек. Ислам діні Алла тағаланың бірлеу діні екенін дәлелдеу керек. Негізінен ислам дінінде құлшылықтың екі жолы бар. Олда екі жұп болып шығады. Бірі Ібілістің білім жолы, білем деп біле беруден жалықсаң, ізденуден тоқтасаң болды шайтанға айналасың. Екінші бүкіл адазатқа келген пайғамбарлар арқылы көрсетіп білдірген құлшылық амалдар жолы. Сондықтанда аятта араптарды «орта топ» деп ескерткен. Онда дінің дамуы арап еліне келген пайғамбарымыз көрсеткен амалдармен ғана шектелмейді деген ұғымды білдіреді. Дін адамзаттың заманына қарай білім жолының дамуымен, шаруашылық істердің өркендеуімен бірге өркендеп камалдары кеңіп түрленіп отырады деп түсінуіміз керек. Сондықтант арап еліне діннің негізгі қабырғасын қалап, ал қалған халыққа дін үйін толықтай бітіруді міндеттеген. Діністерін қолдағы саусақпен белгілеп,оң солға таңбалап жаратушымыз осы екеуін қатар алып жүріп, екі алақанды қосу жүктелген. Сондықтан жазу үлгісі де екі бағытта. Ғылым берілген елдерге солдан оңға жазу берілген. Олар амалдарды тазару шартарын орындап, намаз оқуға сәждеге жету тиісті болса, ал тек намаздарды оқу және сәжде арқылы орындайтын халыққа оңнан солға қарай жазу міндеттелген. Енді жоғарғыдағы Бақара сүресінің 177-ші аятын «намаздарды толық орындап» деген сөзден екіге бөлсе екі алақанға тиісті амалдар шығады. Бар әлем халқы тілді дамытып, құлшылық амалдарын жасап, өз ерекшеліктерімен 56 таңбаны ойлап тауып, соған сәйкес болмысқа ат қойып, әлем халқы бір жүйеде екі жақтан 56-үнде кездесуі шарт. Бірақ соған байланысты сынақтар жіберіп отырады, сол сынақ екіге бөлініп, бірі пенде баласына келетін ауру болса, екіншісі қоғам ауруы. Сол ауруларды туындататын да, ғайыпты теріс болжап, өмір сүру әдетінен жаңылу яғни көке қарсылық. Екінші сөз есебін дамыту үшін үндестіктерді қосу үшін, соғыстарды түсіріп отырады. Қазіргі таңда қазақ жерінде сол сөз есебінің құпия соғысы жүріп жатыр. Ауыр соғыс, шығын басқа соғысқа қарағанда қөп болады. Себебі көрінбейтін рухани мүгедектер саны оқыған, білімділер арасында да көбейе бермек. Сырты, ақылы сау, білімді ал іші ауру есі кеміс немесе толық емес. Сондай арамызда не үшін кім үшін өмір сүріп жүргенін білмей жүргендеріміз жетерлік. Сол ауруды мінез қылықтың өзгерісі деп атайды. 45 қара сөзімен Абай атамыз жазып, Шәкәрім атамыз шығар жолын сілтеген. Бар аурудың емін қазақта ғайып ерен қырық шілтеннен іздеген. Ауырмайтын, рухы биік адам баласын қалай тәрбилеуді тура жолды көрсеткен Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Сол әулие бабамыздың мұрасын жаңғыртуға жаратушымыз үкім беріп, сол белгілер қайта түсті жер бетіне. 21 белгі тағы қазақтың тағы үлесінде. Әрбір жаңадан пайда болған құбылыс өткен тарихтың қайта жаңғыруы деп түсінсек қана жаңылыспаймыз. Сондықтан өз тіліне жаны ашыған есті пенденің Алла тағаланаң бар адамзаттың несібесін негізінен тең жаратқанын. сол үлесін алуды әрбір ұлтқа бөлек құпия қылып сөз астарына жазып қойғанын ұғатын заман туды. Ендеше неге жақсылыққа жарысып ұлтық ерекшелігімізді қазақ деген атқа лайық екенімізді дәлелдемеске!
Бетіне перде жапсаң неше қабат, Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Құран сырын ұға алмай бұқса-дағы, Ол қатені түзеткен алымдар көп,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат Соның сөзін оқысам боламын шат.
Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне Қиянатың бар болса иманың жоқ,
Дін десе тұра қашты есті азамат, Маған десең мың жылдай қыл
Бар обалы олардың тәпсірінде Ғибадат (Шәкәрім ата)
Достарыңызбен бөлісу: |