Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
18 Қаңтар, 2019
0
2486
Узнай, сколько денег ты получишь в октябре. Жми на дату рождения
Псориаз стухнет за 5 дней! И тело будет чистым навсегда, если...
Балабақшада қарапайым математика сабақтарында балаларды шығармашылық белсенділігін арттыруда қолданылатын ойындар
Мазмұны
Кіріспе
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
1.2 Мектепке дейінгі математика — балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытатын бірден-бір құрал
2 БАЛАБАҚШАДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЙЫНДАР
2.1 Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы — ойын-сабақ
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық дамыту жолы — логикалық ойындар
3 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
3
5
5
14
15
15
16
18
22
24
25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Балалар бақшасында педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек.
Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес, деп жазды Л.С.Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде балабақшада қарапайым математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: балабақшада қарапайым математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі тақырыбын ашу және балаларды шығармашылық белсенділігін арттыруда қолданылатын ойындардың маңыздылығына тоқталу.
Мақсатқа қойылатын міндеттер:
oo Қызығушылық, Шығармашылық ұғымдарының қарапайым математикалық ұғымдармен өзара байланысын зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
oo мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерінің мазмұны мен өзіндік ерекшелігін анықтау.
oo математика балалардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу
oo ойындар арқылы балалардың математикалық сауаттылығын арттыру;
oo баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
oo меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.
Объектісі: балабақшадағы балаларға арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.
Зерттеу пәні — балаларда материал бойынша нақты түсінік қалыптастыру мақсатында математика сабағында оқыту құралдарын қолданып, оқу процесін ұйымдастыру.
Психология мен педагогика көзқарасы бойынша көрнекі қолданып ұйымдастырылған оқу процессі балаларды жалықтырмай, шартшатпай продуктивті түрде еңбегін арттырады.
Тәжірибе педагогикалық процесс үш кезеңде өтті:
1) тақырып актуалдігі анықталып, зерттеудің негізгі ғылыми аппараты анықталып, керекті әдебиеттер ізделінді;
2) әдебиеттер мұқият оқылып, қарастырылып, мектеп мұғалімдерімен тақырып бойынша сұхбат жүргізіліп, әдістемесімен танысу және керекті оқыту құралдарды жасау;
3) әртүрлі оқу кезеңдерінде көрнекі қолданылудың тиімділігі мен ойындардың мүмкіндігін педагогикалық тәжірибе кезінде анықтау.
Зертеудің практикалық мазмұны болып, зерттеудегі теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелер ұсыныстар балабақшада кеңінен қолданыста болуы.
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін.
Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды, Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. З жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң-сол, жоғары -төмен, алыс- жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік- аласа, көп -аз, үлкен- кіші ұғымдарын шатыстырып, 0- ден 5-ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 — ден 10- ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер шығарғанда көп қиналады. МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі.
Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек, осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр, сондықтан. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғыздым, 2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез- келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп ойлаймын.
Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау- шығармашылық жұмыс бастамасы Келесі 4 деңгейді орындайтын оқушылар бірте — бірте дараланып шыға бастайды.Ал, 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беріп отырамын. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай,уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. [1]
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында Дамыта оқыту технологиясын қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан -жақты дамуы үшін негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып жан -жақты дамыту.Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе балаларды оқытуда шығармашылық әрекетін енгізу. Күнделікті сабаққа әзірленгенде осы дамыта оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдаланамын. Балалардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. [2]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте — бірте мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады.Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалды,сөйтіп жаңа әдіс — тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймын. Ойын барысында балалар тілдесу ережелерімен танысады. Біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді :
— заттардың белгілерін сипаттау ;
— берілген белгілері бойынша заттарды тану ;
— заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау:
— заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;
— іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау;
— қарама -қарсы құбылыстар туралы мінеу;
— өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;
— кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау ;
— жалпылау, зейінді болу ;
— есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;
— әр түрлі түсініктерге анықтама беру :
— тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іс -тәжірибесінің шеберлігіне байланысты интегралды оқу іс- әрекеттер өткізуі өте тиімді әдіс. Олай дейтініміз, оның ерекшелігі сабақтардың бір -бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. [5] Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз — балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. Сабақты қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер дайындауы қажет. Математика сабағында баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:
— берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек;
— есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
— балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Осы айтылған әдіс- тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет. Ең алдымен осы уақыт ішінде технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам:
1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады ;
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады :
3. Іштей бір — бірінен қалмауға тырысады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады ;
5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады ;
6. Бір сабақта есептің әр түрін шығарады.
Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін сен білесің, сенің қолыңнан келеді, үйренесің деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Оқу іс — әрекетті түрлендіріп өткізуде пайдаланатын технологияларды пайдаланамын
1. Оқу іс- әрекетті түрлендіріп өткізу
2. Басқа сабақтармен ұштастыру
3. Жарыс- сайыс, оқу іс -әрекеттер
4. Көрнекіліктер арқылы
5. Венн диаграммасы, логикалық ойындар
6. Тірек сигналы
7. Кубизм әдісі
Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу деген тарауда мысалы: іс- әрекетінің кіріспе бөліміне сол бүгінгі өткізілетін математикалық ұғымдарды немесе санға байланысты тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар айтамын. Жұмбақ, ауызша есептер шығарту арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттырамын. Сабақ ортасында балалар шаршамау үшін сергіту сәтін жүргіземін.
Басқа сабақтармен ұштастыру математика пәнін жапсыру, сурет, дене тәрбиесі,тіл дамыту пәндерімен байланыстыра өткізсе, тәрбиешінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болар еді. Балабақшада геометриялық фигуралармен таныстыру барысындағы ересектер тобы балаларының құрастырған есептеріне мән берейік:
Апай, менде квадрат, төрт үшбұрыш бар еді. Мен квадраттан үйдің қабырғасын, бір үшбұрыштан үйдің шатырын жасадым. Менде үш ұшбұрыш қалды.
Алтай: менің басым сопақша, көздерім дөңгелек. Аузымды ашсам дөңгелек, жапсам сызықша.
Азамат: менің басым дөңгелек, бетім төртбұрыш.
Мысалы: дене тәрбиесі пәнін алсақ,математика сабағы арқылы тепе- теңдікті сақтайды, оңға, солға бұрылу, тақтай бөрене үстімен жүру, жүгіру, бәрі есеппен жүргізіледі. Тек қана математика сабағында емес, тіл дамыту,көркем әдебиет сабақтарында да санамақ, тақпақ, жаңылтпаштар пайдаланамын. Сабақтардың бір — бірімен байланыстырғаны соншалық балаға қызықты болар еді.
Жарыс-сайыс сабақтарды пайдалана отырып, түрлі ойындар өткізу балалардың ақыл -ой еңбегін ерекше қажет етеді. Математика сабақтарында балаларды екі топқа бөліп, жарыс -сайыс сабақтар өткіземін. Әр топқа ат қою.Әр топ ұпай жинаған сайын балаларға жұлдызшалар беру. Жылдың соңына қарай балалармен Кім тапқыр, Ойланғын, таппай қоймағын атты жарыс сабағын өткіздім. Бұл сабаққа ата -аналарды да қатыстыруға болады. Мұндағы көздеген мақсатым: балада психикалық процестер мен психикалық қасиеттердің қалыптасуымен дамуын және сол жыл бойына алған білімдерінің деңгейін тексеру баланы оқытуда және тәрбиелеуде ата -аналардың шет қалмауын қамтамасыз ету. Мұндай сабақтар баланың қызығушылығын арттырып дүние заттары мен құбылыстарын танысам, көре білсем деген талабын арттыра түседі.
Көрнекілік арқылы деген тарауымда балаларға көрсететін көрнекілігім үлкен, әдемі, бояуы қанық, әрі балаға көрінетіндей етіп қабылдаймын. Іс -әрекетінің екінші бөлімінде балаға берілетін карточкалар эстетикалық талғамға сай болуы керек. Көрнекілік қолдану кезеңінде мынадай қағидалар басты назарда болады:
Көрнекілікті көрсетер алдында мақсатын нақты айқындау ;
Көрнекілік оқытудың өзге де құралдарымен қоса пайдалану ;
Көрнекіліктің барлық балаға түгел жақсы көрінуі;
Көрнекілікті сабақтың тек қажетті кезеңінде қолдану.
Осы ережелерді сақтай отырып,сабақтарымда көрнекілік пайдаланамын. Мысалы : суретпен жұмыс, сөзжұмбақтар, т.б. көрнекіліктерді қолданып отырамын.
Іс әрекетінде логикалық ойындарды ойнағанда, балалардың ойлау қабілетін арттыру. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл -ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.
Венн диаграммасы. Бір -біріне жуықтау термин сөздерді, ұқсастығы мен айырмашлығын талдау. (ересектер, мектепалды даярлық топта қолданады)
Тірек сызбасы деген тарауыда тақтаға іліп талдау жасау арқылы балаларды ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Өткен тақырыптарды бүкіл балаға түсінікті болуы, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шығармашылық ізденіс, оқу-тәрбие процесін оптималдандыру нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бала білімінің тиянақты да сапалы болуы сабақтың шебер ұйымдастырылуына байланысты. [3]
Кубизм әдісі — текшенің алты қыры арқылы термин сөзді талдау, кубиктегі бейнеленген суретке қарап, өз ойларын жеткізу.
Қорытындылай келе: әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, ұстаз парызы. Шығармашылық жаттығулар балалардан тек қана математикадан білім емес күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Ойлау-логиканың заңдылықтармен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді. В.Кириллова Бұл-өте қиын, аса жауапты, бірақ игілікті мол ардақты жұмыс. [4] Баланың логикалық танымдық қызметін арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып беру болып табылады. Егер бала берілген материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір іс-әрекетті өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады. Бала бойында логикалық танымдық қызығушылықты арттыру үшін мына мәселелерді есте сақтау керек:
1. Алдын-ала дұрыс мәлімет беру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Баланы психологиялық тұрғыда дайындау.
4. Тәрбиешінің пәнге дұрыс көзқарас.
Қай оқу іс-әрекетте болсын балаларды танымдық, шығармашылық дамыта оқыту олардың қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі.
Қорыта келе: күн әлемді жарықпен жылумен нұрландырса, өз еліміздің мәртебесінің биіктеуіне біздің жас ұрпағымыз өз үлесін қосамын деп сенемін.
1. Оқутудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы — балаға деген сенім, баланың өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру.
2. Жаңа технологияның талаптарына сай тәрбиешіге арналған әдістемелік кітаптар және балалардың жазылуына жаңа типтегі оқулықтар қажет.
3. Бұл айтылғандар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқада талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенемін.
1.2 Мектепке дейінгі математика — балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытатын бірден-бір құрал
Мектепке дейінгі математиканың негізі бастауыш мектептің математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, математикалық сауаттандыруды басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
— баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
— меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың Білім туралы Заңында Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі ретінде қоюы, жекеліктен жалпыны тауып шығару тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері, белсенді ізденгіш ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды.
Математика сабағында ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың маңызы зор. Бұл проблемалардың аспектілері қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің жұмыстары қатарында және мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістемесі жұмыстарында зерттеліп жүр. Мектепке дейінгі балаларға өз бетінше қызықты тапсырмаларды орындау үшін жасалған жұмыстардың ғылыми маңыздылығы жоғары болса да, зерттелетін проблеманың бірқатар аспектілерінің әлі де болса әрі қарай зерттеуді қажет ететіндігі көрінеді. Осыған байланысты біз зерттеу тақырыбымызда аталған мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Балалардың математика сабағында танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін:
1) Математика сабағында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, ертегілер мазмұнын балалармен бірге талдау;
2) Сюжеттік — рөлдік, дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
3) Тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;
4) Ертегілерді балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып талдау қажет, сонымен қатар ертегілерді математика сабағымен байланыстыра отырып өткізу керек.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық — педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) — мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) — тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиеші ертегі мазмұнын қай сабақпен байланыстырмасын оны саналы оймен түсіне білуге баулау қажет. Балада саналы ой түсінігі болу үшін оның белгілі бір деңгейде ертегілердің кейбір түрлерін білуі тиіс. Ертегіні саналы түсіну үшін:
— Математика сабағында ертегілердің балалардың жас шамасына сай түсіндірілуі керек;
— Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек;
Қызығушылық — танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Балалардың танымдық қызығушылықтың көмегімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады,, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту — ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (МОТИВАЦИЯ) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ — деген екен.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен.
2 БАЛАБАҚШАДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЙЫНДАР
2.1 Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы — ойын-сабақ
Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған қарапайым математикалық түсініктерді дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алдынғы топтарда алған білімдерін жалпылау, жүйелеу , кеңейту және тереңдету қаралған.
Балалар мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру , тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы балалардың көрнекті — бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін , ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Ең алдымен таным көзі — сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.
Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) — жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде (Сан және санау, Көлем, Пішін, т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы — сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан — жақты, бағыт — бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Сабақ құрылымының — көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден — педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық дамыту жолы — логикалық ойындар
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын — мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын — балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау — адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.
Санай білуге үйрету тәсілдері.
Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар.
Қандай сан қалып қойды
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.
Көршілес сандарды тап
Көршілес сандарды тап атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады.
Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар
Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды бастарына тартып сапқа тұрады. Бірінші, екінші деп дауыстап санайды. Жүргізуші қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып, шығып кетеді. Осы кезде орамалды әпкейлер орын алмасып тұрады, жүргізуші қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді, ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты. Жүргізуші дұрыс жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке дағдыландыру үшін Өз орныңа тұр ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді. Сонан соң тәрбиеші белгі береді Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!. Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті — балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады.
Логикалық ойлау барысында мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішін-мен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар …
Достарыңызбен бөлісу: |