Барлығы – 135 сағат



бет14/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#21520
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

А) факторинг


Б) овердрафт

В) вексельдік несие



  1. Ақша қаражаттарын немесе құнды қағаздарды сақтауға салу- бұл:

А) факторинг

Б) депозит


В) овердрафт

  1. Нарықтық экономика жағдайында несие мынадай функциялар атқарады:

А) соңғы қайтару жағдайында ақша қаражаттарын қайта бөлу

Б) ынталандырушы

В) бақылау


  1. Несиені берудегі маңызды жағдай болып:

А) несие көлемі

Б) борышқор


В) несиенің қамтылуы табылады


  1. Ипотекалық несие дегеніміз не:

А) кепілге құнды қағаздарды ала отырып берілетін несие

Б) кәсіпорындарға берілетін несие

В) мүлікті кепілге ала отырып берілетін несие


  1. Контокорренттік несие дегеніміз не:

А) банктің жеткізушілік және сауда-комиссиондық қызметі

Б) клиенттің атына түсетін банктегі барлық қаражаттар, сонымен қатар клиенттің тапсырысы бойынша шоттағы барлық төлемдер және банк несиесі көрсетілетін арнайы ссудалық шоттың несиесі

В) қарызға ақшаның немесе тауардың берілуі


  1. Цедент дегеніміз не:

А) өзінің талап ету құқығын басқа тұлғаға беруші кредитор


Б) ақшаны немесе құнды қағаздарды сақтау

В) несиенің қамтылуы



  1. Несие жүйесінің құрамы неден тұрады:

А) несие одақтарынан және ломбардтардан

Б) банктік және пара банктік жүйеден

В) сақтандыру компанияларынан.


  1. Ақшаның атқаратын қызметтері:

А) әлемдік ақша, қор жинау, төлем құралы, айналым құралы, құн өлшемі.

Б) әлем ақшасы, қор жинау, төлем құралы

В) құн өлшемі, айналым құралы, қор жинау.

Г) қор жинау, төлем, айналым құралы.



  1. Ақша агрегатының қай түрі өзіне қолма-қол және қолма-қол емес ақшаларды кіргізеді:

А) М0

Б) М1


В) М2

Г) М3.


  1. Ақшаның қай анықтамасы дұрыс:

А) айырбас үшін қажет құнды қағаз

Б) жалпы тауар-эквивалент

В) айырбас белгісі

Г) жоғарыдағылардың бәрі.



  1. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде қандай ақша жүйесі кеңінен тараған:

А) қолма-қол ақша

Б) қолма-қол және қолма-қол емес ақша

В) қолма-қолсыз ақша

Г) бәрі де қате



  1. М2 ақша агрегаты неден тұрады:

А) М1 қосу мамандандырылған несие ұйымдарындағы жедел жинақ салымдарынан

Б) М1 қосу ірі банктердің депозиттік сертификаттарынан

В) М1 қосу коммерциялық банктердегі жедел және жинақтаушы салымдардан

Г) М1 қосу құнды қағаздардан



  1. Алтын монометаллизмінің түрлері:

А) алтын құймалық стандарт

Б) алтын девиздік стандарт

В) алтын монеталық стандарт

Г) бәрі де дұрыс.



  1. Ақша түрлерін көрсетіңіз:

А) қағаз ақшалар

Б) несие ақшалар

В) металл ақшалар

Г) осылардың бәрі



  1. Ақша жүйесінің элементтері:

А) валюта курсы, баға ауқымы, эмиссиялық жүйе, ақша бірлігі.

Б) валюта курсы, баға ауқымы, эмиссиялық жүйе

В) баға ауқымы, эмиссиялық жүйе, ақша бірлігі

Г) валюта курсы, эмиссиялық жүйе, ақша бірлігі.



  1. Ақшаның айналым заңы анықтайды:

А) ақшаның айналым жылдамдығын

Б) ақша массасының көлемін

В) ақшаның сатып алу қабілетін

Г) инфляция деңгейін.



  1. Банкнота дегеніміз не:

А) несие карточкалары

Б) металл ақшалар

В) қағаз ақшалар

Г) вексельдер.



11.4. Тесттік тапсырма

1- вариант

1. Қазақстан Республикасы Орталық банкінің негізгі тапсырмасы қандай:

a) ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету

b) ақша айналымын реттеу

c) кассалық қызмет және есеп айырысуды ұйымдастыру



  1. Коммерциялық акционерлік банктің жоғарғы басқару органын көрсетіңіз:

a) акционерлердің жалпы жиналысы

b) басқарма

c) директорлар кеңесі


  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметін ұйымдастырудың құқықтық формасы:

a) унитарлық банк, оның капиталын ұйымдастырудағы 100 %-қ есепте мемлекеттің қатысуы.

b) акциясының бір бөлігі мемлекет үлесіндегі акционерлік қоғамдар

c) мемлекеттің қатысуымен ассоциациялық типтің бірігуі

4. Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары неден құрылады:

a) жедел салымдардан, талап ету депозиттерінен

b) коммерциялық банктердің займдарынан

c) қазыналық вексельдерден



5. Ұлттық банктің актив операциялары – бұл:

a) мемлекетке және коммерциялық банктерге ссудалар, мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу, алтынмен және шетел валютасымен жасалатын операциялар

b) қазына салымдары

c) банкнот эмиссиясы



6. Ұлттық банктің несие ақша саясатының құралдарын көрсетіңіз:

a) ашық нарық саясаты, есеп саясаты, аз резервтер саясаты, валюталық интервенция

b) ссуда саясаты

c) басқару саясаты



7. Егер Орталық банк есеп ставкасын төмендететін боса, онда;

a) өндірісті және инвестицияны ынталандырады;

b) өндіріс тоқтайды;

c) айналымдағы ақша массасы қысқарады;



8. Коммерциялық банктерді ашу үшін қандай құжаттар қажет:

a) арыз, құрылтай құжаттары, құрылтайшылар туралы мәлімет, құрылтайшылардың бухгалтерлік балансы, аудиторлық фирмалардың қортындысы, ұйымдастырушылық құрылым, несие комитеті жөніндегі ереже, бизнес-жоспар

b) арыз, бизнес-жоспар, несиені қамтамасыз ету формасы, құрылтай құжаттары, шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесі туралы құжат, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;

c) арыз, банк шотының келісімі



9. Орталық банктің қызметінің мақсаты:

a) ақша-несие саясатын және елдің несие жүйесін басқару

b) мемлекеттік құнды қағаздардан алынатын дивиденді

c) пайданы азайту



10. Қазақстан Республикасының банк жүйесі неше деңгейлі:

a) екі деңгейлі

b) бір деңгейлі

c) үш деңгейлі


2-вариант

1. Коммерциялық банктердің қызметтерін жалпы реттеуді кім жүргізеді:

a) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

b) банк кеңесі

c) коммерциялық банктердің акционерлерінің жалпы жиналысы



2.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің клиенттерін көрсетіңіз:

a) коммерциялық банктер, үкімет ұйымдары

b) тұрғындар

c) кәсіпорын



3.Төртінші дүниежүзілік валюта жүйесі қашан және қайда құрылды:

a) 1977-1979 жж ХВҚ-на мүше елдердің келісімімен Ямайкада құрылды

b) 1976-1978 жж Бреттон Вудста құрылды

c) 1973-75 жж Ямайка қаржы конференциясында құрылды



4 Халықаралық есеп айырысулар балансы - бұл:

a) бір елдің төлемдері мен түсімдерінің, ақшалай талаптары мен міндеттерінің басқа елге қатнасы бойынша ара қатынасы

b) белгілі бір елдің валюталық талаптары мен міндеттерінің басқа бір елге ара қатынасы

c) елдің шекарадан тыс орындалатын халықаралық операцияларының баланстық шоты



5. Ішінара айырбасталатын валюта дегеніміз - бұл:

a) валюталық шектеулері бар елдің ақша бірлігі;

b) шартты масштаб ретінде қолданылатын ақша бірлігі

c) заңды түрде бекітілген елдің ақша бірлігі



6. Банк жүйесінің екінші деңгейіне мыналардың қайсысы жатады:

a) коммерциялық банктер

b) қор биржалары

c) валюта биржалары



7. ҚР-ның Ұлттық валютасы теңге қайдан басылып шықты және оны басу туралы келісімшарт қай жылы жасалды:

a) Англияның “Харрисон” фирмасында, 1992жылы

b) АҚШ-тың “Харрисон” фирмасында, 1992 жылы

c) Жапонияның “Харрисон” фирмасында, 1993 жылы



8. ҚР-ның алғашқы тиын ақшаларының эскизін жасауға үлес қосқан кім және ол қайдан шығарылды:

a) суретші-дизайнер В. Иваженко, Өскемен қаласындағы машинақұрылыс зауыты

b) Ұлттық банк, Өскемен қаласындағы машинақұрылыс зауыты

c) Ұлттық банк , Жапонияның “Харрисон” фирмасында,



9. Валюталық нарық дегеніміз:

a) халықаралық есепті қамтамасыз ететін ресми орталықтар

b) халықаралық төлем айналымын қамтамасыз ететін категория

c) ұсыныс пен сұраныс негізінде валюталық сату- сатып алу процесі іске асатын ресми орталық



10. Кросс-курс дегеніміз не?

a) бір-үшінші валютаға қатысты олардың курсынан шығатын белгілі екі валютаның ара қатынастығын білдіреді

b) металдық құрамы бойынша әртүрлі мемлекеттің ақша бірліктерінің ара қатынастығын білдіреді

c) еркін алып-сату мен алтынды шығарып әкетуді білдіреді


3-вариант

1. Алғашқы банктер қашан және қайда пайда болды:

a) б.з.д. 7 ғасырда ежелгі Шығыста

b) 7 ғасырда ежелгі Шығыста

c) б.з.д. 15 ғасырда Генуйяда



Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрамы неден тұрады?

a)Қазақстан Республикасынң Ұлттық Банкі және коммерциялық банктерден

b) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен

c) коммерциялық банктерден



3. Коммерцилық банктің пассив операциялары – бұл:

a)салушылардың қаржыларын қабылдау

b) трасттық операциялар

c) құнды қағаздар инвестициясы



4. Мемлекеттік несие дегеніміз не?

a) анықталған мерзімде қазыналық вексельдерді бон және басқа да несиелік міндеттемелерді орналастыру нәтижесінде алынған ссуда

b) жылжымайтын мүлікті кепілдікке қалдырып алынған қарыз

c) тұтыну тауарларын сатып алу үшін халыққа берілетін несие



5. Ұлттық Банктің атқаратын қызметтерінің сипаттамасы:

a) үкіметтік ұйымдарға қарызға ақша береді

b)коммерциялық банктердің қорын сақтайды, оларға қарызға ақша береді, банктердің жұмыстарының үстінен бақылау жүргізеді

c) ақша эмиссиясын жүзеге асырады



6. Валюталық жүйе дегеніміз не?

a) валюталық механизм мен қатынастың жиынтығы

b) қоғамдық қатынастар жинағы

c) мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы



7. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз не?

a) шаруашылық байланыс интернационализациясы арқылы тарихи құрылған, халықаралық құқық нормасы есебімен, ұлттық заңмен бекітілген елдің валюталық қатынастарын ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы

b) елдің өздік және ұлттық шекарадан шыға алатын ақша жүйесінің құрамды бөлігі

c) валютаның әлемдік шаруашылықта қызмет атқаруы арқылы құрылған қоғамдық қатынастар жиынтығы



8. Валюталық паритет дегеніміз не ?

a) заңды түрде орнатылған және валюта курсының негізі болып табылатын екі валюта арасындағы ара қатынас (байланыс)

b) мемлекетаралық реттеу обьектісі болып табылатын валюта операциясын шектеу

c) халықаралық ақша бірлігін қолданылуын тәртіпке салатын валюта арасындағы ара қатынас



9. Халықаралық несиенің жіктелуі:

a) түрі, көрсету техникасы, қолданылуы, қамтамасыз етілу категориясына байланысты

b) мерзімі, несиелендіру обьектісі, көрсету әдістері

c) қарыз валютасы, мақсаты, мерзімі, қамтамасыз етілуі, борышқор түрі, қайтару графигі, қарыз валютасы бойынша



10. Еуропалық валюта жүйесі қашан құрылды және неге негізделді?

a) Еуропа экономикасының өсуін қолдау мақсатында 1979 ж. наурыз айында шығып, Еуропа валюта бірлігіне негізделді (ЭКЮ)

b) Еуропадағы өнеркәсіптің өсуін қолдау мақсатында 1979 ж. сәуір айында шығып, еуропалық валюта бірлігі ЭКЮ-ге негізделді

c) Еуропаның өнеркәсбінің өсуін қолдау мақсатында 1979 ж. наурыз айында шығып, СДР валюта бірлігіне негізделеді



4-вариант

1. Есеп саясаты- бұл:

a) ссудалық капиталды реттеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің проценттік саясаты

b) есеп ставкасын өзгерту жолында қарыз капиталдар нарығын реттеуге негізделген саясат

c) республикадағы тұтастай ақша айналымын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің проценттік саясаты



2. Ұлттық валюталық нарық - бұл:

a) валюталық қаражаттардың тиімді пайдаланылуын, есеп айырысулардың уақытында жүргізілуін қамтамасыз етудегі ішкі төлем айналымның қызмет

b) валюталық саясатты жүргізу, валюталық курсты реттеу, валюталық тәуекелді сақтандыру бойынша операциялардың жиынтығы

c) қатысушылардың валюталық операциялардан алатын пайдасы үшін банктермен жүргізілетін операцияларының жиынтығы



3.ҰБ-тің Басқарма құрылымы қандай :

a) ҰБ Төрағасы, 5 лауазымды тұлға, Президент аппаратының 1 өкілі, Парламенттің 2 өкілі

b) ҰБ Төрағасы, 5 лауазымды тұлға

c) ҰБ Төрағасы және оның орынбасарлары



4. “ҚР-ның Ұлттық Банкі туралы” ҚР-ның Заңы қашан қабылданды:

a) 1993жыл, 13 сәуір

b) 1993жыл, 12 қараша

c) 1993жыл, 15 қараша



5. “ҚР Ұлттық банкі” Мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы қандай бөлімдерден тұрады:

a) қолма-қол ақшалармен жұмыс бойынша бөлім, бас бухгалтерия бөлімі, қосынды-экономикалық бөлім

b) қолма-қол ақшалармен жұмыс бойынша бөлім

c) бас бухгалтерия бөлімі



6. Лизинг дегеніміз не?

a) мүлікті ұзақ мерзімге жалдау

b) трастық операциялар

c) дебиторлық қарыздарды қаржыландыру



7. Орталық банк ашық нарықта құнды қағаздардың көп көлемін қандай мақсатпен сатады?

a) айналымдағы ақша салмағын азайту немесе көбейту

b) несиені қолайлы ету

c) инвестиция көлемін көбейту



8. Несие түрлері.

a) банктік, коммерциялық, мемлекеттік

b) орта мерзімді несие

c) қысқа мерзімді несие



9.Несиені қайтаруды қамтамасыз ету түрлері (формалары).

a) мүлік, құнды қағаздар, банк кепілдіктері, тапсырыстар

b) аккредитивтер

c) факторинг



10. Валюталық қатынас - бұл:

a) Валютаның әлем шаруашылығында қызмет атқару арқылы жасалатын және ұлттық шаруашылықпен жұмыс нәтижесін айырбастайтын қоғамдық қатынас жинтығы

b) шаруашылық байланыс интернационализациясының негізінде тарихи құрылған валюталық - экономикалық қатынастар жинынтығы

c) ұйымдастырушылық-заңдылық көз қарас жиынтығы



5-вариант

1. Валюталық жүйенің түрлерін атаңыз:

a) ұлттық, әлемдік, аймақтық

b) халықаралық, ұлттық, әлемдік

c) мемлекетаралық, ұлттық, аймақтық



2. Халықаралық несие дегеніміз - бұл:

a) төлемдік, қамтамасыздық, әлемдік, қайтарымдылық жағдайындағы валюталық және тауарлық ресурстарды алумен байланысты, халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы саудалық капиталдық қозғалыс

b) өндірістік қатынастарды көрсететін экономикалық категория

c) банк арқылы қайта бөлініп, барлық салада қолданылатын әмбебап несие, сонымен қатар саудалық капитал



3. Орталық банктің қызметіне қайсысы жатады:

a) ақша белгілерінің эмиссиясы

b) лизингті қаржыландыру

c) акцияны эмиссиялау



4. Факторинг дегеніміз не:

a) жеткізушінің сатып алушыға қойылатын ақшалай талабы

b) трастық операциялар

c) сатып алушыға сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағасын төлеу мерзімін ұзарту



5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жоғарғы басқару органы

a) басқарма

b) акционерлердің жалпы жиналысы

c) банк кеңесі



6. Коммерциялық несие – бұл:

a) тауарларға және қызметтерге төлем мерзімін ұзарту

b) трастық операциялар

c) мүлікті ұзақ мерзімге жалға беру



7. Несиенің атқаратын қызметтері:

a) қайта бөлу

b) фискалды

c) реттеуші



8. Үшінші дүние жүзілік валюта жүйесі құрылды:

a) 1944 ж. Бреттон Вудс (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында

b) 1946 ж. Бреттон Вудс (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында

c) 1946 ж. Кингстонгта өткен валюта-қаржы конференциясында



9. Дүниежүзілік валюта жүйесі дегеніміз - бұл:

a) мемлекетаралық келісімдермен бекітілген және дүние жүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде пайда болған халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы

b) шаруашылық байланыстардың интернационалдануында ұлттық валюта негізінде тарихи қалыптасқан

c) валюталық қатнастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқтық формасы



10. Орталық банктердің ақша-несие саясатының басты мақсаты-бұл :

a) ақша айналымы мен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюнктурасын реттеу

b) инфляцияны болдырмау

c) ақша реформаларын жүргізу



6- вариант

1. Валюта жүйесінің элементтерін атаңыз:

a) халықаралық шоттық ақша бірлігі, валютаның айырбасталу деңгейі, валюта паритеті, халықаралық өтімділік, валюта курсы

b) халықаралық шоттық ақша бірлігі, валюта паритеті, ұлттық валюта курсы, валюта курсы, халықаралық өтімділік.

с) ұлттық валюта курсы, айырбасталу деңгейі, халықаралық шоттық ақша бірлігі, валюта курсы.



2. Орталық Банктің несиені шектеу саясаты қалай аталады:

a) несиелік рестрикция

b) несиелік экспансия

с) девальвація



3.Несиелік экспансия дегеніміз-бұл:

a) ОБ-тің проценттік мөлшерлемені төмендетіп, несиені кеңейту аясаты

b) ОБ-тің проценттік мөлшерлемесін жоғарлатып, несиені шектеу саясаты

c) коммерциялық банктің прогценттік мөлшерін төмендетуі



4.Ұлттық Банктің жарғылық капиталының мөлшерін көрсетіңіз:

a) 20 млрд теңге

b) 20 млн теңге

c) 20 мың доллар



5.Теңгені енгізу туралы Заңның толық атауы және ол қашан шықты:

a) ҚР Президентінің “ҚР-ның Ұлттық валютасы- теңгені енгізу туралы” Заң күші бар жарлығы, 1993 жылғы 12 қараша

b) ҚР Президентінің “ҚР-ның Ұлттық валютасы- теңгені енгізу туралы” Заң күші бар жарлығы, 1993 жылғы 15 қараша

c) 1993 жылғы Ақша реформасы туралы Заң



6.ҰБ-тің Төрағасын кім тағайындайды және қанша жыл мерзімге:

a) ҚР Президенті, 6 жыл мерзімге

b) ҚР Үкіметі, 6 жыл мерзімге

c) ҚР Парламенті, 6 жыл мерзімге



7. КСРО Мемлекеттік банкінің Орал қалалық филиалы қашан ашылды және оның штатында қанша адам болды:

a) 1876 жылы, 6 адамнан тұрды

b) 1991 жылы, 6 адамнан тұрды

c) 1935 жылы, 6 адамнан тұрды



8. Банк жүйесінің 1- ші деңгейіне мыналардың қайсысы жатады:

a) Ұлттық банк

b) депозиттік банктер

c) акционерлік банктер



9.Коммерциялық банктің актив операциялары.

a) несие операциялары, құнды қағаздарды инвестициялау, кассалық операциялар, сенімділік операциялары.

b) алтынмен жүргізілетін операциялар

c) банктің оң жақ балансы



10.Орталық банктің ресурс көздері (орталық банктердің пассив операциялары):

a) банкнот эмиссиясы, коммерциялық банктердің салымдары және міндетті резервтері, қазына салымдары (мемлекеттік бюджеи қаржылары)

b) кәсіпорындарға ссуда беру

c) тұрғындарға ссуда беру



7-вариант

1. Несие түрлері – бұл:

a) қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді

b) тұтынушылық, халықаралық

c) қысқа мерзімді, коммерциялық



2.Коммерциялық банктермен жүргізілетін операциялар қандай түрлерге бөлінеді:

a) актив және пасив

b) лизинг және форфейтинг

c) ссудалық және портфельді



3.Несие қатынастарының субъектілері:

a) несие беруші, борышқор

b) эмитент

c) инвестор



4.Валюталық механизм дегеніміз - бұл:

a) халықаралық деңгейде ұлттық валютаны көрсетуші құқтық нормалар мен институттар

b) мемлекеттік – валюталық реттеу механизмі

c) валюта саласының құралы



5.Алғашқы дүниежүзілік валюта жүйесі қашан пайда болды:

a) 1867 ж Парижде алтын монометаллизмі базасында алтын-монеталық стандарт түрінде стихиялы түрде пайда болды

b) 1868 ж Францияда алтын монометаллизмі базасында алтын-монеталық стандарт түрінде стихиялы түрде пайда болды

c) 1867 ж АҚШ-та алтын монометаллизмі базасында алтын-монеталық стандарт түрінде стихиялы түрде пайда болды



6.Аймақтық валюта жүйесі дегеніміз не?

a) бұл валютаның салыстырмалы тұрақтылығын қолдаушы жүйе

b) экономикалық интеграция шеңберіндегі валюта қызметіне байланысты қоғамдық қатынастардың жиынтығы, интеграциялық сұрақтарды шешу мақсатындағы біріккен елдердің валюталық қатынастарын ұйымдастырудың мемлекеттік – құқтық формасы

c) тауарлар және капитал экспортындағы әлемдік өндірістегі елдердің үстемдік позициясына байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы



7. Валюта курсы дегеніміз не?

a) басқа бір елдің ақша бірлігінде көрсетілген бір елдің ақша бірлігінің бағасы

b)қызметтермен, тауарлармен халықаралық сауда жолындағы валюталардың ауыстырылуы

c) ұлттық және дүниежүзілік нарықтағы бағаның салыстырылуы



8. Валюта курсы қалай ажыратылады:

a) валюта келісімдерінің түрлеріне байланысты: ағымдағы және жедел, қалқымалы және шектеулі, орташа курс және валюта курсының индексі

b) шектеулі және қалқымалы валюта курсы

c) валюта келісімдерінің түрлерін байланысты жедел және ағымдағы валюта курсы



9. Халықаралық валюта-несие ұйымдарын атаңыз:

a) халықаралық валюта қоры, ХДБҚҚ.

b) халықаралық валюта қоры, халықаралық даму банкін қайта құру, БҰҰ

c) халықаралық валюта қоры, аймақтық банктер, ХДБҚҚ, ӨЭКК.



10. Қандай банк ипотекалық деп аталады:

a) қозғалмайтын мүлікті кепілге ала отырып ұзақ мерзімді ссуда беруге арналған банк

b) инвестицияны қаржыландыруды және несиелендіруді жүргізуші арнайы несие институттары


  1. кәсіпорындар мен тұрғындармен операциялар жүргізбейтін эмиссиялық банктер, коммерциялық банктер қызмет етеді.


11.5. Өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі

Мына берілгендердің дұрысын “иә” деп, дұрыс емесін “жоқ” деп белгілеңіз.

  1. Несие тәртібі, несиені қайтару сату-сатып алу келісімі бойынша реттеледі.

  2. Несие қатнастары қаржылық қатнас болып табылмайды

  3. Кәсіпорынмен несиенің алынуы оның әлсіз жағдайын көрсетеді.

  4. Форфетирование- бұл банктің сауда-комиссиондық және жеткізушілік қызметін көрсетеді

  5. Өзін-өзі қаржыландыру принципімен жұмыс істеуші кәсіпорын несиені пайдаланады.

  6. Өз мүлігін кепілге салып қойған кәсіпорын оны сата алады.

  7. Банкроттық туралы іс қозғалған кәсіпорынды ипотекаға беруге болады.

  8. Несие- бұл қарызға тауарды немесе ақшаны беру.

  9. Мемлекеттік несие дегеніміз – бір жағы мемлекет болып табылатын, ал несие алушы немесе борышқор болып жеке немесе заңды тұлға табылатын несие қатнастарының жиынтығы.

  10. Несие қысқа мерзімге берілмейді.

Мына берілгендердің дұрысын “иә” деп, дұрыс емесін “жоқ” деп белгілеңіз.

  1. Ақша – шоттық бірлік ролін атқарады.

  2. Ақша эмитенті болып өкілетті коммерциялық банктер табылады.

  3. Ақша айналымы дегеніміз- қолма-қол және қолма-қол емес формасында өз қызметін атқару жағдайындағы ақша қозғалысы.

  4. М0 ақша агрегаты қолма-қол емес ақша массасын көрсетеді.

  5. М1 ақша агрегаты қолма-қол ақша массасын көрсетеді.

  6. Қағаз ақшалар банкнота, пластиквалық карточка және қазынашылық билеттері түрінде болады.

  7. Банкнота-бұл Орталық банктің билеті.

  8. Алтын- валюталық металл.

  9. Биметаллизм- жалпы эквивалент ретіндегі алтын мен күміс ақша жүйесі.

  10. Монометаллизм- жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана алтын немесе күміс жүретін ақша жүйесі.

1 Аралық бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Ақша мәні және маңызы

  2. Ақшаның түрлері

  3. Ақшаның атқаратын негізгі қызметтері

  4. Ақша реформасы

  5. Ақша капиталы қандай түрде көрсетіледі

  6. Қолма қол және қолма-қолсыз есеп айырысу дегеніміз не?

  7. Несиелік ақша дегеніміз не?

  8. Ақша массасы дгеніміз не?

  9. Монета дегеніміз не?

  10. Монетаның беткі және арғы жағы қалай аталады?

  11. Алтын құймалы стандарт дегеніміз не?

  12. Алтын монеталы стандарт дегеніміз не?

  13. Алтын валюталы стандарт дегеніміз не?

  14. Несие ақша түрлері?

  15. Несие карточкалары, банкнота, вексель, чек түсінігі

  16. Монометализм түсінігі

  17. Биметализм түсінігі

  18. Инфляция дегеніміз не?

  19. Инфляция түрлері

  20. Ревальвация, девальвация, деноминация, нуллификация

2 Аралық бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Шығын және сұраныс инфляциясының түсінігі

  2. Несие дегеніміз не?

  3. Несие формалары

  4. Несие түрлері

  5. Екінші дәрежелі банктер түсінігі

  6. Екінші дәрежелі банктердің қызметтері

  7. Екінші дәрежелі банктердің операциялары

  8. Банк типтері

  9. Мемлекеттің Орталық банктері түсінігі

  10. Ұлттық банктің негізгі мақсаты

  11. Ұлттық банктің қызметі

  12. Валюта нарығы дегеніміз не?

  13. Халықаралақ экономикалық қатынастар түсінігі

  14. Жалған капитал мәні

  15. Өсімақы дегеніміз не?

  16. Қор биржасы дегеніміз не?

  17. Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары

  18. Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің басты айырмашылығы

  19. Ломбардтық қызмет дегеніміз не?

  20. Кассалық операция түсінігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет