Барлығы – 180 сағат


Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



бет4/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#20232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы және оның міндеттері.

2. Қазіргі кезендегі тарихи процестерді зерттеудің әдістері мен тәсілдері.

Қазақстанда Коммунистік Кеңестік жүйенің қалыптасуын, құрылуын, дағдарысын, құлауын және тәуелсіз Қазақстан Ресйпубликасының нығаюы мен оның әлемдік қауымдастықтағы орнын зерттеу.



Курстың мақсаты:

Қазақстан тарихы пәнiн оқытудың мақсаты – студенттердi фактiлiк және теориялық мәселелер кешенiмен таныстыру, Қазақстан территориясын қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы мен мәдениетi туралы, олардың этникалық және мемлекеттiк құрылысының дамуының тарихи заңдылықтарын ашу. Студенттердiң тарихи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың танымдық қабiлеттерiмен негізгі деректер мен мәлiметтерге сүйеніп тәжiрибелiк жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру, бүкiл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.



Әдебиет: Қазақстанның тарих ғылымы.-Алматы, 2005. – 110-125 бб.

2 дәріс



Тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы, негізгі кезеңдері

2. Деректер мен құжаттарға сипаттама



  • ХҮІІІ ғасыр-ХХ ғасыр ІІ жартысындағы оқиғалардың жаңа теориялық-методологиялық көзқарас тұрғысынан,

  • кеңестік саяси жүйенің қалыптасу процессін;

  • ЖЭС-тің мәнін талдау;

  • қазақ қоғамының большевиктік модерназициялаудың мазмұны мен салдарын;

  • Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы мәселелерін көрсету;

  • Коммунистік партияның саяси және экономикалық реформалаудың негізін, большевиктердің ұлттық саясатының мәнін анықтау;

  • әміршіл-әкімшіл жүйенің күштеу үрдісін; тоқырау құбылыстарының себептерін; кеңестік социолизмнің дағдарысы және КСРО –ның ыдырауын;

  • Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін;

  • Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметін ашу;

  • Қазақстан тарихы тәуелсiздiк алғаннан кейiн өзiнiң дамуында жаңа сипатқа ие болды. Тарих ғылымындағы өзгерiстердi, олардың даму процесi және Қазақстан тарихының зерттелмеген кейбiр кезеңдерi бойынша әлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса қойған жоқ.

Әдебиет: Қазақстанның тарих ғылымы.-Алматы, 2005. – 110-125 бб.

3 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан ХХ ғасыр басында

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстанның саяси-қоғамдық құрылысы, оның отарлық сипаты

2. Қазақ өлкесінің шаруашылығы, негізгі бағыттары

1. Жаңа кезеңде қазақ буржуазиясы мен ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарап күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.

Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылы 25 июльде өткізілген Қазақ съезі Министрлер Кеңесінің төрағасына петиция қабылдады. Негізгі талаптар төмендегі пунктерден құралды: орталық губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке діни басқарма ұйымдастыру; цензураны жою; қазақ тілінде арнаулы іс-қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру.

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905-1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифақ-аль-Мусдумин” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.

1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпы — қазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б.

Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу заңын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.

Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.

2. Қазақстанды түпкілікті отарлаудан кейін Ресей оның қазба байлықтарын интенсивті түрде игере басталды. Пайдалы қазба байлықтарын іздеу жедел жүргізіле бастады. Орыс капиталистері өз капиталдарын сала бастады. Әсіресе тау-кен өнеркәсібі игеруге капиталдарын жұмсау күшті жүргізілді. Ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу заводтарын дамыту одан әрі жүргізілді. Реформадан кейінгі Ресейде капитализмнің дамуы тау-кен өндірісін дамытумен тығыз байланысты болды. Қаржы министрлігіне қарасты тау-кен бөлімдері құрылды.

Алдау-арбау жолдары арқылы және жалған құжаттар арқылы орыс кәсіпкерлері қазақтардан өте бай кен орындарын жалға және сатып алды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ байлары орыс көпесі Ушаковқа Қарағанды көмір орнын 255 сомға орыс көпесі Ушаковқа, Саранск көмір орнын — 144 сомға, Жезқазған мыс кенін — 100 сомға сатып жіберді. Бұл кен орындарын орыс капиталистері аяусыз және айуандықпен пайдаланды. Бұлардың негізінде Спасско-Воскресенск және Успенск мыс рудниктері құрылды. Бұл өндіріс мекемелерінің өндірістік күші мардымсыз болды.

Тау-кен өнеркәсібі, негізінен, Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында шоғырланды. Қазақстанда 80-жылдардың басында металл және көмір өндіру 50-жылдармен салыстырғанда бірнеше рет өсті. Әсіресе бұл өсу Қарағанды кенінде Успенск мыс руднигінде, Спасск мыс қорыту заводында жақсы байқалды. ХІХ ғасырдың соңында-ақ Қазақстан Орал мен Кавказдан кейінгі Ресейдің негізгі мыс өндіру ауданы болды.

Тау-кен өнеркәсібінің пайдалы саласы алтын өндіру болып табылды, әсіресе бұм сала ХІХ ғ. 70-80 жылдарында қатты дамыды. 1882-1892 жылдар аралығында алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті. Алтын өндірушілер өздерін уақытша қожайындармыз деп есептеді. Олар аз уақыттың ішінде көбірек пайда табуға ұмтылды. Бай кен орындары тез сарқылды және тасталды.

Қазақстанда орыс капиталы негізінде ірі тау-кен өнеркәсібін құрудың бірінші талпынысы 90-жылдардың соңында болды. 1899 жылы Воскресенск тау-кен өндірісі қоғамы құрылды. Бұл акционерлік қоғам Павлодардан Балқашқа дейінгі тас көмір, мыс, күміс-қорғасын бар зор даланы жалға алды. 90-жылдарға сонымен қатар Ембіде алғашқы мұнай компанияларының пайда болуы келеді.

ХІХ-ғасырдың аяғында ескі тау-кен өнеркәсібін екінші орынға ығыстырған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібі де дамыды.

Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі майда болды, техникасы өте нашар дамыды. Бұл кәсіпорындарда, негізінен, жұмысшылар саны 5-10 адамнан аспады. Бірақ кәсіпорындар саны көбейе берді, сонымен бірге мұнда жұмыс жасайтын адам саны да және өнім өндіру де арта түсті. Толық емес есепке қарағанда, 1886 жылы Қазақстан территориясында ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін 1028 шағын кәсіпорын болса, онда 1895 жылы олардың 2124 болды, ал жұмысшылар саны 3432-ден 5493-ке өсті.

ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда өнеркәсіп Орталық Ресейдің капиталистік өнеркәсібіне қарағанда анағұрлым баяу өсті. Қазақстанның ірі кәсіпорындары жергілікті кіші өнеркәсіп негізінде емес, сырттан капитал алып келу негізінде өркендеді. Патшалық отарлау саясаты Қазақстанды шикізат қоры ретінде ғана дамытып, өлкенің өнеркәсібін мәңгілік артта қалуына әкелді. Мұның бәрі техникалық прогресті тежеді, жұмысшыларды ауыр жағдайға душар етті.



Әдебиет: Қазақстан тарихы(көне дәуірден бүгінге дейінгі) ІІІ том. А,Атамұра, 2002.

4 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан ХХ ғасыр басында

Дәрістің мазмұны:

1. Әлеуметтік құрылымы мен оның ұйымдастырылуы

2. Қазақстанның мәдени-рухани дамуы, ерекшелектері

ХІХ ғ. аяғында көпшілік қалаларда, деревнялармен ауылдарда көптеген мектептер ашылды, политехникалық және әйелдердің білім алуы жолға қойылды. Көптеген мектептердің жанынды интернаттар ашылды. ХІХ ғ. аяғына қарай Қазақстанда 4 мың оқушысы 100 ден аса екі сыныптық мектептер болды.

Орыс-қазақ мектептерінің неғұрлым қабілетті түлектері Ресей және шетелдердің кадет корпустары мен жоғары оқу орындарына түсіп, білім алды. Омбы және Неплюев кадет корпустары қазақ жастарының қатарынан жергілікті отыршылдық аппарат үшін шенеуніктер даярлады. Көпшілік қазақ жастары Санкт-Петербург университетінде, Әскери-медициналық Академияда, Қазан, Томск университеттерінде және басқа да жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Дәстүрлі білім беру одан әрі жалғаса берді. Қазақ отбасында ұл-қыздарды 5—6 жасқа толғанша үйде оқытты, бұдан кейін олар үш сыныптық мектепке түсіп, грамматика мен арифметиканы оқиды. Медресенің оқу жоспарына араб филологиясы, діни құқық, діни философия сияқты пәндер кірді. Оқушылар сондай-ақ жалпы білім беретін пәндерді мен медицина ғылымдарының негіздерінен дәріс алды.

Медреслерді жеке кісілер өз қаражатымен ұстады. Мемлекет білім берудің дамуына болар-болмас қана қаражат бөлді.

Медреседе бірнеше дарісхана (сынып бөлмелері), кужра (оқушылар тұратын бөлмелер), жуынатын бөлмелер және асхана болды. Оқушыларды шәкірттер деп, ал ұстаздарды — мударистер деп атады. Ұстаздық қызметке 40 жасқа жеткен, медресені бітірген деген құжаты бар кісілері қайбылдайтын. Олар жылына 700 сомға дейін табыс тапты. Оқу жылы қыркүйек-қазанда басталып, мамыр-маусымда аяқталатын.

Мектептер мен медреселерде тек ауқатты адамдардың ғана емес, сондай-ақ кедейлердің де балалары оқиды. Мұсылман оқу орындары қазақ жастарын шығыс мәдениетіне тартуда үлкен рөл атқарды.

Капиталистік Ресейдің сұраныстары ұлттық шеткі аймақтарды анағұрлым терең ғылыми зерттеуді қажет етті. ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстан территориясында ғылыми мекемелер мен Ресейдің әр түрлі ғылыми қоғамдарының филиалдары (бөлімшелері) құрылды.

1867 ж. ИРГО-ның Орынбор бөлімі құрылып, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігін ғылыми зерттеу бастамасын өз қолына алды. Бөлімнің мақсаты мен міндеттері Орынбор генерал-губернаторының сөзімен айтқанда “орыс капитализмнің мүддесі үшін және жергілікті халықты орыстандыруды көздей отырып өлкенің табиғи байлығын қарқынды түрде пайдалану мақсатымен оның өндіргіш күштерін зерттеу болды. “Алайда орыстандыру саясаты тек Орынбор өлкесін мекен еткен әр түрлі тайпалардың мінез-құлқын, тарихын, қасиеттерін, дінінің кемшіліктері мен намыс-сенімдерін мұқият зерттеген жағдайда ғана нәтижелі болады. Мұндай таным-білімдерсіз әрекет ету қиынға соғады, дәлірек айтқанда тек жорамалдап қана әрекет етуге болады”.

Елдің шығыс аудандарын, ең алдымен Сібір мен Қазақстанды игеру ИРГО-ның Батыс-Сібір бөлімін ашуды қажет етті. Бөлімнің негізгі міндеті Батыс Сібір мен Қазақстанда географиялық, жаратылыстану, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеу болды. Бөлімнің жекелеген мүшелерінің сол кезде Батыс Сібірдің құрамына кірген Солтүстік Қазақстанға сапары ерекше маңызды болды.

1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен ХІХ ғ. Аяғында ташкент қаласы елдің ірі ғылыми орталығына айналады. Орта Азия мен Қазақстанды неғұрлым тереңірек зерттеу мақсатымен 1897ж. ақпанда Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі құрылады. Бөлім негізгі міндеттерінің бірі деп Ресейдің жаңа территориясын географиялық жағынан зерттеу деп есептеді. Алайда бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғи жағдайларын зерттеумен шектелік қалмады. Олар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы көптеген мақалалар жазды.



Әдебиет: Қазақстан тарихы(көне дәуірден бүгінге дейінгі) ІІІ том. А,Атамұра, 2002.

5 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан 1905-1907 жж. І Ресей революциясы мен азаттық қозғалыстың өрлеу жолдарында

Дәрістің мазмұны:

1. XX ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

2. 1905-1907 жж революциялық оқиғалар. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі

1. Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар - Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары күшімен құрылды.

Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды, үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды.

Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды.

Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.

Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.

1909-1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.

Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 майда Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 июльде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.

2. 1 және 2-ші Мемлекеттік Думалар құрамына қазақ облыстарынан да депутаттар сайланды, оның ішінде Павлодар түрмесінен босатылған Ә.Бөкейхан, Ш.Қожағұлұлы, Б.Қаратай болды. Олар жаңа аграрлық реформалар жүргізуді жақтап, шаруаларды шеткері жаққа қоныс аудару саясатына қарсы шықты. 2-ші Думаның 1907 жылғы 16-майындағы мәжілісінде Б.Қаратай орыс шаруаларын қоныс аударудың қазақ шаруашылығына тигізетін әсері туралы баяндама жасады. Мәжіліс төрағасы депутаттың сөзін бөліп тоқтатқанда, Б.Қаратай өзінің атақты “қазақ халқы шаруашылардың жер мұқтаждығын өтеуде ірі жер меншіктерін конфискациялауды көздейтін кез келген Ресейлік оппозициялық қозғалысын қолдайды” деген мәлімдемесін жасады. Бірақ қазақ депутаттарының ұсынысы жауыпсыз қалдырылды. Керісінше, 1907 жылдың 3 июніндегі жаңа сайлау заңы бойынша Орта Азия және Сібір халықтары Думадағы депутаттық орындардан мүлдем ажырады, сайлау құқынан айырылды. Осыдан кейін қазақ азаттық қозғалысының жетекшілері мен көсемдерін жаңадан қудалау басталды. 1908 — Ә.Бөкейхан екінші рет тұтқындалды, ал 1909ж. июлінде А.Байтұрсын тұтқынға алынды. 1910 жылы ол тұтқыннан босатылды, бірақ қазақ облыстарынан шеткері жерге қоныс аударылды.



Әдебиет: М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді. Алматы, 1993. -208 б.

6 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан 1905-1907 жж. І Ресей революциясы мен азаттық қозғалыстың өрлеу жолдарында

Дәрістің мазмұны:

1. Столыпинның аграрлық саясаты және Қазақстан

2. Ұлттық езгіге қарсы азаттық қозғалысының күшеюі

Бірінші орыс революциясының негізгі міндеттерінің бірі елдегі жер мәселесін шешу еді. Революция жеңіліп қалғаннан кейін, патша өкіметі бұл мәселені реформалар арқылы шешпек болды, яғни билік пен жерді помещиктердің қолында қалдыра отырып, аграрлық қатынастардағы дағдарыстың себептерін жоюға тырысты.

Аграрлық мәселедегі реформалардың авторы патша үкіметінің ауыл шаруашылық министрі П.Столыпин болды. Реформалар село қауымын жойып, деревняда меншікшілердің әлеуметтік тобын қалыптастыруға бағытталды. Алайда помещиктік жер иеленудің сақталуы жағдайында шаруаларға берілетін жаңа жерлер туралы мәселе тұрды. Осыған байланысты орыс және украин шаруаларын Қазақстан жеріне қоныс аударудың жаңа кезеңі басталды.

ХХ ғ. басында патшаның Ресейдің ішкі губернияларынан шаруалардың қазақ даласына қоныс аударуы кең ауқым алды. Мысалы, 1906—1912 жж. Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына 430 мыңнан аса Қожалық көшіп келді.

Жылдар Қожалықтар

1906 25100

1907 81300

1908 80159

1909 67097

1912 41077

Столыпинге Қазақстандағы “артық” жерлер туралы мәліметтер қажет болды. “Бос жатқан жерлерді” анықтау үшін қазақ шаруашылығын зерттеу жүргізілді. Патша үкіметі мен қоныс аударушылардың қаптап кетуі қамшылаған санақшылар мен жер бөлушілер отарлаушылық мақсаттарды көздей отырып жергілікті халықтан артық жер ретінде қазақ шаруашылығының қажеттіліктеріне назар аудармай, оның ерекшеліктерін түсінбей-ақ, ең тәуір жерлерді тартып алып жатты. Ресейдің Орталық губернияларынан шаруалардың Қазақстан территориясына жаппай қоныс аударуы орасан зор құнарлы жер учаскелері шаруаларға беріліп, ал қазақтар Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт жерлеріне ығыстырылды, халықтың кейбір бөлігі өз отанын тастап көрші елдерге көшіп кетуге мәжбүр болды.

1906—1912 жж. П.А.Скрыплев және П.П. Румянцев басқарған санақ экспедициясы Сырдария және Жетісу облыстарындағы қазақ қожалықтарын зерттеді. Экспедицияның материалдары Ташкентте 1908—1913 жж. 8 том болып жарық көрді. 1904—1907 жж. П.А.Хворостинский, В.К.Кузнецов және А.В.Переплетчиковтер басқарған осындай экспедиция Торғай, Ақмола, Семей облыстарында статистикалық зерттеу жүргізді. Оның материалдары 13 том болып 1909—1913 жж. жарияланды.

1907—1912 жж. статистикалық экспедициялардың мәліметтеріне сүйене отырып, Ресей үкіметі қазақтардың жерлерін жаппай тартып алуды кең ауқымды жүргізді. Қоныс аударушылардың жер қоры күшпен тартып алу жолымен, негізінен, қазақтар игеріп алған, суғару жүйесі бар, ағаштар отырғызылған, құрылыстар салынған жерлерді тартып алу жолымен құрылды. Патша өкіметінің қоныс аудару саясатының нәтижесінде еңбекші қазақ бұқарасы жаппай жерінен айрылып, кедейленіп кетті, отарлық езгі күшейе түсті.

Столыпиннің саясаты, атап айтқанда шаруаларды жаппай қоныс аудару аграрлық дағдарыстың одан сайын өршуіне алып келді.



Әдебиет: М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді. Алматы, 1993. -208 б.

7 дәріс



Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Дәрістің мазмұны:

1. Ұлттық революцияның әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани алғышарттары

2. Көтерілістің басталуы, оның жалпы ұлттық сипаты

1. 1914 жылдың жазында басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс патшалық Ресейдің экономикалық және техникалық жағынан әлсіздігін бірден көрсетті. Орыс әскерлерінің жекелеген жеңістері майдандағы жалпы жағдайды түзей алмады, сондықтан Ресей 1915—1916 жылдары өзінің батыс иеліктерінің көп бөлігінен айрылды.

Майдандағы сәтсіздіктер жаңа адам және материалдық ресурстарды талап етті. Жұмысшы күшінің жетіспеушілігі көптеген шаруашылық салаларында дағдарыс туғызды. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы да ауыр зардап шекті. Салықтар 3—4 есеге, жекелеген жағдайларда 15 есеге артты. Арнайы әскери салық енгізілді. Отаршыл аппарат бөлімдерінің бәрінде қызмет бабын теріс пайдаланып, қиянат жасаушылық жалғаса берді. Тікелей және жанама салықтардан басқа, әртүрлі “құрбандықтар” жиналып, осының есебінен қазақтардан мал мен киіз үйлер жиналды. Соғыстың 3 жылында тек Түркістан өлкесінен 70 мың бас жылқы, 12,7 мың түйе, 13 мыңнан аса киіз үй алынды.

Қазақстан территориясы арқылы майданған аттанған әскерлерге қазақтар нан, ет, мал және киіз үйлерді тегін беруге міндетті болды. Қазақ шаруашылығы миллиондаған соммен есептелетін, зор зардап шекті. Өңделетін жерлердің ауданы қазақтарда да, қоныс аударушыларда да күрт кеміп, осының нәтижесінде нан бағасы күрт өсті.

1915 жылдың аяғына қарай қазақтардың наразылығы күшейе түсті. Көптеген болыстар салық төлеуден бас тартты, “ерікті құрбандықтан” бас тарту оқиғалары жиілеп және осының негізінде жергілікті әкімшілікпен қақтығыс көбейді.

2. Қазақтардың тікелей соғысқа қатысуы туралы сұрақ 1915 жылы туды. Қазақ интеллигенциясы “Қазақ” газеті арқылы қазақтарды атты әскер бөлімдерінде әскери күш ретінде қолдануды ұсынды. Бұнымен 2 мақсат көзделді: біріншіден, қоныс аударушылардан қазақ жерлерін сақтап қалу; екіншіден, тәуелсіз Қазақстан армиясын құру жағдайында әскери ұрыстарда шыныққан және үйренген тәжірибелі кадрлар тәрбиелеу. Сонымен қатар, тек осы жол арқылы ғана қазақтар отаршылдармен күресу үшін қажет қару ала алды.

Бірақ орыс өкіметі “сенімсіз” қазақтарды қаруландыруға ұмтылмады. Мұның орнына Ресейдің орыс емес тұрғындарын тыл жұмыстарына пайдалану шешілді.

1916 жылы 25 июньде 18—43 жас аралығындағы орыс емес халықтардың еркектерін окоп қазу және тыл жұмысына алу туралы указ шықты. Барлығы, жобамен есептеу бойынша, 390 мың адам мобилизациялау керек болды.

Бұл указ қазақ даласын өте ауыр жағдайға душар етті. Бұл науқан егін жинау, малды қыстауға көшіру, шөп жинау уақытына дәл келді. Еңбекке жарамды еркектерді мобилизациялау онсыз да қоныс аударушыларға тартылып әперілген жерлер салдарынан құладыған дала экономикасын өте ауыр жағдайға алып келді. Шынтуайтқа келгенде, қалған қазақтар 1916—1917 жылдық қысында, аштық өлімге итермеленді.

Қазақтарды тыл жұмысына шақыру қазақтар Орта Азияның басқа халықтарының күшті көтеріліске шығыуына себеп болды. Көтерілістің ауқымынан қорыққан патша үкіметі 20 июльде шақырудың егін жинау уақытынан кейін болатынын, ал 30 июльден — 15 сентябрьге дейін кейін қалдырылатын хабарлады. Бірақ қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілісінің отын басу мүмкін болмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет