Барнауыл
Қала
Барнауыл
Барнаул
Ту
|
Таңбасы
|
|
|
Ел
|
Ресей
|
Федерация субъектiсі
|
Алтай өлкесі
|
Муниципалды құрылым
|
Барнауыл қаласы
|
Координатасы
|
Координаттар: 53°21′24″ с. е. 83°47′14″ ш. б. (G) (O) (Я)53°21′24″ с. е. 83°47′14″ ш. б. (G) (O) (Я)
|
Ішкі бөлінісі
|
5 аудан
|
Қала басшысы
|
Людмила Николаевна Зубович
|
Құрылған уақыты
|
1730
|
Қала статусы
|
1771
|
Жер аумағы
|
321 км²
|
Климаты
|
континеттік
|
Ресми тілі
|
орыс тілі
|
Тұрғыны
|
621 669[1] адам (2012)
|
Тығыздығы
|
1862,4 адам/км²
|
Шоғырлануы
|
776[2] мың адам(2010)
|
Этнохороним
|
барнауылдық
барнауылдықтар
|
Телефон коды
|
+7 3852
|
Пошта индексі
|
656xxx
|
ОКАТО коды
|
01 401
|
Ресми сайты
|
http://www.barnaul.org/
|
Ортаққордағы санаты: Барнауыл
|
Барнауыл (орыс. Барнау́л) — Ресей қаласы (1730 жылы құрылып, қала мәртебесін 1771 жылдан бастап алды), 1937 жылдан бастап Алтай өлкесінің (орыс. Алтайский край) әкімшілік орталығы. Қала Батыс Сібірдің оң жағында, Барнаулка өзенінің Обь өзеніне құяр тұсында орналасқан. Қала ауданы – 321 км², халқы – 621,7 мың адам (2012)[3], сонымен бірге қала халқының саны бойынша Ресейде 21-ші орында тұр. Қала округтерінің шекарасында бағындырылған елді мекендердегі тұрғынды қосқанда Барнауыл халқы 681,5 мың адамды құрайды. Сібірдің ауқымды өндірістік, мәдени және білім орталығы: 9 мемлекеттік ЖОО, 5 театр, мұражайлар және ХVIII-XX ғасырларға жататын сәулет өнерінің көне ескерткіштері бар.
Тарихы
Қаланың кіре берістегі көрінісі
Қалануы
Археологиялық зерттеулер қазіргі Барнауылдағы алғашқы қоныстар тас ғасырында пайда болғандығын көрсетеді. Қала аумағында осы күнге дейін 63 археологиялық ескерткіш сақталған. Олар көбіне көне заманнан орта ғасырға дейін сақталған қалашықтар, қорғандар, тұрақтар және мекендер. Бұл тұрақтардың көпшілігі Обь өзенінің сол жағалауында, Барнауылдың таулы жақтарында, Мохнатушка, Казённая Заимка, Гоньба және Научный Городок сияқты жерлерінде орналасқан ауылдарында кездеседі[4]. Алтын Орда дәуірінде, орыстардың Сібірге қоныс аударуына дейін, мұнда Абакша деген қамал-қала тұрған. Осы қаладан төлеуіттер көршілес халықтарға шабуыл жасады.
Барнауылдың қала болып қаланған ресми уақыты 1730-жылы деп есептеледі. Мұны кен өндіруші Акинфий Демидовтың Алтай өңіріне завод салу мақсатында 200 шаруаны алып келуімен байланыстырады. Алайда, қаланың құжаттық мақұлданған жылы 1739-жылы болып саналады. Себебі, аталмыш жылы Демидов Барнауылда күміс балқыту зауытының құрылысын бастаған еді.Осы саяхат қаланың дамуына оң әсерін тигізді. Соның әсерінен Баранауылға Орталық Ресей және Уралдан қоныс аударушылар көптеп келе бастады.
Барнауыл қазіргі заманда
КСРО үкіметі құлаған соң және елдегі саяси-экономикалық жағдайлардың ушығуына байланысты қаладағы ірі өнеркәсіптік өндіріс орындары банкротқа ұшырап, дәрменсіз күйге түсті. Нәтижесінде Барнауыл өндірістік орталықтан экономиканың басқа салаларына: сауда, қызмет көрсету, құрылыс және азық-түлік өнеркәсібіне көше бастады. Оған қоса, қалада тұрғын үй қорының көнергендігі, жол инфрақұрылымының ескіруі мәселелері бар еді.
Физикалық-географиялық сипаттама
Географиялық орналасуы
Қала Батыс Сібір жазығының орманды алқабында, Приобье шоқысының солтүстік-шығысында, Обь өзенінің жоғарғы ағысының оң жағалауына құятын Барнаулка өзенінің қасында орналасқан. Солтүстік және батыс бөлігінен Барнауыл Обь өзенінің аңғарларын айналып өтеді, ал оңтүстік-батыстан орманды қоршайды. Мәскеуге дейінгі арақашықтық — 3419 км. Барануылға жақын орналасқан ірі қала — Новосибирск қаласы (239 км).
|
|
Қаланың орталығы. Таулы саябақтан алынған көрініс
|
Ғылыми қалашықтың қасындағы Обь өзенінің алқабы
|
|
|
Барнауылдағы күз
|
Барнауыл порты. 2001 жыл
|
Барнаулка өзені
Барнаулка – кіші өзендерге жатады. Өзен Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан және 167 км ұзындықта созылып жатыр. Өзен бассейнінің ауданы 5720 шаршы км. Бассейн контуры Барнауыл территориясы мен Алтай өңірінің 8 әкімшілік ауданына шақ келеді. Өзеннің қазіргі алқабы көне жылға ағымдарының сағасында орналасқан. Ал, алқаптың жоғарғы жағында ағынды көлдердің онға жуығы орналасқан шығыңқы шұңқырлар бар.
Климаты
Барнауылдың континенталдық климаты Батыс Сібірдің оң жағында өзгеше географиялық орналасуымен анықталады. Алтай тауларынан, Солтүстік Мұзды мұхиттан және Орталық Азияның жартылай шөлді аймақтарынан келетін ауа массаларының өзара араласуынан қаладағы табиғи жағдайды күрделендіреді. Барнауыл қысының қаттылығы шамалы, қар аз жауады және жазы жылы.
Жыл мезгілінің ең суық мезгілі —қаңтар (орташа температурасы −17,5 °C), ең жылысы — шілде (+19,8 °C). Ауа температурасының абсолютті максимум (көлеңкедегі ауа температурасы) 1953 жылы шілдеде және 2002 жылы тамыз (+38,2 °C) айларында бақыланды. Ауа температурасының абсолютті минимумы 1951 жылы қаңтар айында (−51,1 °C) анықталды. Ауа аяздануының соңғы күні — 19 мамыр, ал алғашқы күні — 17 қыркүйек[24].
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы суық мезгілдерде 73—76 % шамасында түрленсе, жылы мезгілде 62 % шамасында өзгереді. Атмосфералық жауын-шашынның жартыжылдық көлемі 539 мм құрайды. Жылы маусым кезінде (сәуір — қазан) жалпы жауын-шашын көлемінің 65 % -ы жауады. Жауын-шашынды күндердің көлемі орта есеппен — 180 күн, оның ішінде 113 күні күз-қыс маусымдарына тұстас келеді.
Ауа-райы бұлыңғыр, бұлтты, күн райы ашық және жартылай ашық күндердің бір жылдағы саны — 130, сәйкесінше 49 (күн рай ашық) және 186 (күн райы жартылай ашық). Жыл бойындағы күн сәулесінің ұзақтығы — 2180 сағат.
Желдің ұшу бағыты Барнауылдың оңтүстік-батыс, батыс және оңтүстік бөліктерінде басым келеді.
Экологиялық жай-күйі
Барнауыл ірі өндірістік қала болғандықтан, мұнда табиғатқа залал келтіретін антропогенді объктілер көп. Обь және Барнаулка өзендерін қоспағанда, қаладағы табиғи кешендердің басым көпшілігі экологиялық күйі нашар аймаққа жатады. Ауаның ластануы қаладағы жекешеленген өндірістік шаруашылық объектілерінен және пешпен жылытатын нысандардың әсерінен болады. Зиянды қалдықтардың көлемі жылына 80 мың тоннаны құрайды. Атмосфераның ластануына көлік транспортының да едәуір әсері бар. Қаланың солтүстік аудандарында (Ленин, Октябрь аудандары) экологиялық жағдай тым ушыққан. Мұндағы өндірістік нысандар жер бетіне кадмий қалдықтарын рұқсат етілген шектен 10 есе артық шығарады. Қаланың оңтүстігінде (Орталық аудан) Алтай агрегат зауытының жанында орналасқан Пивоварка өзенінің аңғарлары экологиялық жағдайы өте нашар аймақтарға жатады.
Қаланың кей бөліктерінің (Индустриальный ауданы, Темір жол аудандары) экологиялық жайын салыстырмалы түрде жақсы деп бағалауға болады. Бұл жерлерде кадмийдің шектен тыс шығарылуы 2-5-ке тең.
Негізінен, қаладағы жер үсті суларының ластануы өндірістік нысандардың тазаланбаған қалдық суларды Обь және Барнаулка өзендеріне ағызуынан пайда болып жатыр. Тазаланбаған, қалдық лас суларды шығаратын өндірістік орындарға Барнауыл көлік шиналарын шығаратын зауытын (жартыжылдық орта есеппен 3 млн м³), Алтайдизель зауытын (жартыжылдық орта есеппен 500 мың м³-ға жуық), Барнаултрансмаш зауытын (шамамен 270 мың м³-ға жуық), 3 ЖЭС (11 млн м³-ға жуық), қаладағы тазалау орындарын (шамамен 100 млн м³) жатқызуымызға болады. Пивоварка, Власиха, Сухой Лог өзендеріне келетін лас сулардың басым көпшілігі көлік тұрақтарынан, АЗС мекемелерінен, көлік жолдарының құрылысынан келіп қосылады.
Халқы
Барнауыл қаласы және қала құрамына кіретін елдімекендерді қоса есептегенде халқының саны 681 мың 463 адам болып есептеледі (2012). Бұл Алтай өңірі қала халқының 42 %-ын құрайды. Халқының тығыздығы — 2018 адам/км². Әйел қоғамының үлесі (55 %) ер адамдарға (45 %) қарағанда басым. Жас ерекшелігі бойынша ер адамдардың үлесінің басымдылығы 9 жасқа дейінгі аралықта байқалады. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың бөлігі 67 %-ды құрайды, оның 13 %-ы өндірістік секторда жұмыс жасайды. Жұмыссыздық деңгейінің ресми бекітілген деңгейі — 0,7 %.
2009 жылы алғашқы рет қала халқы санының табиғи өсімі байқалды. Туу саны өлім-жітім санын 839 адамға өсірді. Алдыңғы жылдары халық санының азаюы болған жоқ. Себебі, қала Алтайдан, Қазақстаннан және Орта Азия елдерінен келген мигранттарының санымен толысып отырды.
Ұлттық құрам
Барнауылда 100-ден аса ұлт пен ұлыс тұрады. Халқының 89,5 % -ын орыстар, саны бойынша келесі ұлттар — немістер (4,8 %), украиндар (2,9 %); қалғаны — 2,8 % шамасын құрайды.
Діні
Қалада түрлі бағыттағы діни бірлестіктер көп. Ең ірісі — православиелік шіркеу. Барнауылдағы алғашқы шіркеу 1750 жылы салынып, Петр және Павел атын иеленді. ХХ ғасырдың басында қалада 40-қа жуық шіркеу, монастырлар болды. Олардың көбі қиратылған немесе 1930-шы жылдары қайта тұрғызылған. Покров соборындағы құдайға құлшылық жасау 1943 жылдан бастап жаңғыра бастады. Сонымен қатар, құлшылық әрекеттер 1990-жылдан бастап Никольск, Знаменск , Дмитриевск шіркеулерінде де қайта жаңғырды. Жаңа шіркеулер: Перт және Павел шіркеуі, Христос ғибадаты, Андрей Первозванный шіркеуі, Ионн Богослов шіркеуі, Михаило-Архангельск, Құдай Анасы және Александр Невский ғибадатханалары да көптеп салына бастады.
Покров соборы (Барнауыл)
Сондай-ақ, қалада ескіғұрыптық бағытын ұстанатын бірлестіктер де бар. Сондай бірлестіктің бірі Орыс православтық шіркеуінің құрамына жататын Покров ескіғұрыптық дәстүрлі бірлестігі. Бірлестіктің құрамында 1000-ға жуық адам бар. Қазіргі уақытта шіркеу жаңа Қасиетті Покров шіркеуінің құрылысын салып жатыр. Жаңа шіркеу владимир-суздаль архитектуралық үлгісінде салынған. Қаладағы шіркеулердің ішінде саны жағынан екінші орында Көнеправославтық Помор шіркеуі тұр.
Николаев шіркеуі. Барнауыл, 1900 жыл
Қазіргі таңда өз жұмысын 1960-шы жылдардан бастаған католиктік және лютерандық бірлестіктер де бар. Олардың құрамы шамамен 400 адамға жуықтайды. Қалада әсіресе мұсылмандық бірлестіктердің үлкен басымдылыққа ие екендігін байқауға болады. Мұсылмандық бірлестіктердің қатарында шамамен 30 мың адам бар[41]. Қалада соборлық мешіттер мен араб және орыс тілдеріндегі кітапхана жұмыс жасайды[42]. Одан бөлек, қалада 1990-шы жылдан бастап Еврейлер бірлестігі де жұмыс жасайды. Барнауылда Еврей мәдениетінің Алтайлық орталығы, еврейлік жексенбілік мектеп, ульпан (иврит тілін тереңдетіп оқытатын мектептер), еврей жастарының клубы және кітапхана бар[43]. 2006 жылдың қарашасында Армян апостолдық шіркеуі ашылды. Бұл оқиға қаладағы 15-мыңдық армян диаспорасы үшін айтулы мереке болды.
Сонымен қатар, Барнауылда түрлі діни ағымдардың бар екендігін ескеруіміз керек. Олар — «Пятидесятник», «Евангелия христиан-баптистері», «Жетінші күннің Адвентисттері», «Иегово куәгерлері», «Иисус Христостың қасиетті күндері», «Кришна санасы қоғамы» және т.б.
Билік органдары
Қала әкімшілігі және Қалалық думаның ғимараты
2010 жылдың күзінде қалалық дума жарғыға Барнауыл қаласының басшысы және әкімшілік бастығы (сити-менеджер) туралы өзгерістер енгізді. Өзгертулер басшының билік жүргізу уақытына байланысты болды. Нәтижесінде қала басшысының 2,5 жылға дейін билік етуіне келісім-шарт жасалатын болып шешілді. 2010 жылдың 10 қарашасынан бастап Барнауыл қаласының басшысы Людмила Зубович тағайындалды.[46]. Ал 2010 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Барнауыл қаласының әкімшілік басшысы —Игорь Савинцев тағайындалды.
Қалалық өзін-өзі басқару өкілді органы — қалалық дума. Қалалық дума муниципалды сайлауда 4 жылға сайланатын 35 депутаттан тұрады. Халық депутаттарын бірмандатты сайлау округтері бойынша сайлайды.
Әкімшілік бөлініс
Барнауылдың құрамына бес әкімшілік аудан кіреді. Олар: Барнауылдың Темір жол ауданы, Индустриялды аудан, Ленин ауданы, Октябрьский ауданы және Орталық аудан.
Қала топонимикасы — қала аудандарының тарихи атаулары және бұрынырақта қала құрамында болған елдімекендердің атауы: Авиатор, АЗА, Восточный, ВРЗ, Докучаево, Западный, Затон, Ильич, Киров, Куета, Новосиликатный, Осипенко, Поток, Солнечная Поляна, Спутник, Урожайный (Сулима), Черёмушки (Ближние и Дальние).
к. Ползунов 41 (Барнауыл)
Сондай-ақ, қала округының құрамына келесідей елдімекендер кіреді:
-
Индустрияльный аудынына бағынатын Власихин ауылдық аймағы — Власиха ауылы, Новомихайловка , Лесной, Пригородный ауылдары (Алтай) және Власиха станциясы.
-
Ленин ауданына бағынатын Научногородокская ауылдық аймағы — Научный Городок поселкесі, Гоньба ауылы, Казённая Заимка, Землянуха, Берёзовка поселкелері.
-
Орталық ауданға бағынатын Орталық ауылдық аймақ — Центральный поселкесі, Черницк, Бельмесёво, Ягодное, Мохнатушка, Конюхи ауылдары, Железнодорожная Казарма 250 км, Железнодорожная Казарма 253 км станциялары.
-
Орталық ауданға бағынатын Южная поселкелік аймығы — Южный жұмысшы поселкесі, Борзовая Заимка, Плодопитомник, Садоводов поселкелері мен Ползуново станциясы.
-
Орталық ауданға бағынатын Лебяжинская ауылдық аймағы — Лебяжье ауылы, Железнодорожная Казарма 242 км станциясы.
Экономика
Өнеркәсібі
Барнауыл кәсіпорындарының басым көпшілігі Оңтүстік (Орталық), Солтүстік және Власиха өндірістік аймақтарында орналасқан. Оңтүстік бөлігі қаланың ішкері аудандарында орналасса, Солтүстік және Власиха өнеркәсіптік аймақтары қаланың сыртында орналасқан.
Барнауыл зауыты
Салалар
|
Кәсіпорындар
|
Машина жасау және метал қорыту
|
Алтай прецизиондық бұйымдар жасау зауыты | Алтайдизель | Алтай құрал жасайтын зауыты «Ротор» | Барнаултрансмаш | Алтай жанармай сорғыларын жасап шығаратын зауыт | АлтайСпецИзделия | Барнауыл вагон жөндейтін зауыты | Барнауыл геофизикалық аппаратура зауыты | Алтай агрегаттар зауыты | Барнауыл радиозауыты | Сибэнергомаш | Барнауыл станок жасайтын зауыты | Барнауыл тері престейтін зауыт.
|
Химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібі
|
Барнауыл шина зауыты | Барнауыл асбесттік техникалық бұйымдар | Барнауыл резинотехникалық бұйымдар жасау зауыты | Барнауыл шайыр шығаратын зауыты.
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
Барнауыл мата комбинаты.
|
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
|
Барнауыл темір жасап шығаратын №1 өнеркәсіп | Барнауыл темір жасап шығаратын №2 өнеркәсіп | Барнауыл іріпонельді үй құрылысының эксперименталды зауыты | «Турина гора» Кірпіш зауыты.
|
Электроэнергетика
|
Барнауыл ЖЭС-2 | Барнауыл ЖЭС-3 | Барнауыл ГТТЭЦ-2| Барнауыл ГТТЭЦ-1.
|
Азық-түлік өнеркәсібі
|
Алтайхолод | Барнауыл ликёр-арақ зауыты | Барнауыл ашытқы зауыты | Барнауыл сыра қайнату зауыты | Киприн сүт өнімдері зауыты.
|
2008 жылы (2007 жылмен салыстырғанда) ірі және орта деңгейлі өнеркәсіптік өндіріс индексі 104,6 % - ды құрайды. Қаладағы ластмасса және резіңке бұйымдарын жасау, металл емес минералдық заттар, электржабдықтарын, дизель, темір бетон конструкцияларын, ликер-ішімдіктерді, ет және балық өнімдерін, нан өнімдерін, сүт өнімдерін, минералды сулардың өндірісі, шұжық өнімдерін, май және балмұздақ өндірісі төмендеген.
Бірақ соған қарамастан қалада ағаш өндірісі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі , көлік құрал-жабдықтары, темір ұста және престеу машиналарын өндірісі, трактор және комбайн жасау өнеркәсібі, астық жинайтын құрылғыларды дайындау, химилялық талшық және жіп өнеркәсібі, аяқ киім, өсімдік майы, макорон өнімдері, ұн және кондитерлік тағамдардың өндірісі ұлғайған. Тоқыма өнеркәсібі, тігін, химиялық және энергетикалық салаларда экономикалық өсім тіркелген. Өндіріс өнеркәсіптерінің 57,5 % -ы 2008 жылды табыспен аяқтады.
Барнауыл мыс балқыту фабрикасы
2007 жылдан бастап Белорусь үкіметімен бірлескен келісім бойынша қалада жылына 30-ға жуық белорус троллейбустарының құрастырмалы өндірісі басталды[49].
Ірі және орта кәсіпорын жұмысшысының орташа айлық жалақысы 15 490 рубльді құрайды (2010 жылдың ортасына қарай).
Сауда және қызмет көрсету саласы
Калинина даңғылындағы «Ку-ку» мейрамханасы
Сауда және қызмет көрсету салаларында 100 мыңға жуық адам жұмыс жасайды. 2008 жылы тұтыну нарығы 272 кәсіпкерлікке өсті. Соның ішінде 15-сі nbsp;— қоғамдық тамақтану орындары, 96 — бөлшек сауда орындары және 161 —тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.
"Алтай" қонақ үйі
Жаңа кәсіпорындардың есебінен 2100 жұмыс орны ашылды. 2010 жылы бөлшек сауда айналымы 90 млрд рубльді құрады. (2009 жылмен салыстырғанда 7,2 %-ға өскен) [51].
Сауда нысандарының негізгі аудандары — ірі ойын-сауық орталықтары (100-ден астам дүкен): «Алтай», «Весна», «Европа», 2011 жылы өңірдегі ең ірі, көлемі 150 000 кв. Метрді құрайтын «Арена» ойын-сауық орталығының құрылысы басталды; гипермаркеттер: «Лента» дүкендер желісі және «METRO Cash & Carry», сондай-ақ, DIY-гипермаркеті (құрылысқа арналған): «АрсиДом», «Знак», «Прораб», «Формула М2».
Азық–түлік супермаркеттері (ірі желілер): «Аникс», «Мария-Ра», «Раздолье», «Холидей Классик». Электроника супермаркеттері: «DNS» дүкендер желісі, «DOMO», «М.Видео», «Пятый Элемент», «Сибвез», «Техносила», «Эльдорадо» дүкендер желісі.
Бұдан өзге, Барнауыл қаласында азық-түлік базарлары бар: «Старый базар», «Крытый рынок», «Новый рынок», «Китайский рынок», «Докучаевский рынок» және басқалары. 2008 жылы 2 қалалық және 10 аудандық әлеуметтік жәрмеңкелері өткізілді. Олардың жалпы тауар айналымы 32,4 млн рубльді құрайды. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Соңғы жылдары қалада қоғамдық тамақтану орындары, соның ішінде франчайзинг бойынша ашылып жатқан желілік мекемелер белсенді жұмыс жасайды. 2010 жылы қоғамдық тамақтану орындарының айналымы 2,2 млрд рубльді құрады.[51]. Нарықта келесідей желілер жұмыс жасайды: Росинтер Ресторантс ( «IL Патио», «Планета Суши», «Сибирская корона» мейрамханалары), Карт Бланш ( «Иероглиф» и CarteBlanche мейрамханалары, «Перцы» пиццериясы, «И.Понкин» суши-барлары), «Фуд-мастер» холдингі ( «Печки-лавочки», «Вилка-ложка» асханалары), Subway» мейрамханалар желісі, «Синнабон». Жергілікті «Икра» суши-барлары жоғарғы қарқынмен өсуде . Сондай-ақ, қалада түрлі заманауи кофейнялар, суши-барлар және асханалар жұмыс жасайды. Құймақ жасайтын орындар және халықта «узбечка» аталып кеткен атақты өзбек асханалары да қызмет көрсетеді. Барнауылда ірі федералдық банктердің өкілдіктері орналасқан. Одан бөлек, қалада жергілікті банктердің бас кеңселері өз жұмысын жүргізіп отыр. Олар: «АлтайБизнес-Банк», «Алтайкапиталбанк», «Зернобанк», «Сибсоцбанк», «Тальменка-банк», «ФорБанк».
Көлік
Барнауыл — федералды көлік магистралінің тармақтарында орналасқан көлік тораптарының ең ірісі «Чуйский тракт» Новосібір — Монғолия, осы жерден Барнауыл — Рубцовск — Қазақстан федералды трассасы басталады. Қала арқылы Батыс-Сібір темір жол магистралінің тармақтары өтеді. Барнаул темір жол станциясы көптеген Ресей аймақтарын және жақын шетел аймақтарын байланыстыратын торап болып саналады.
Барнауылдың халықаралық аэропорты қаланың батысына қарай 17 км жерде орналасқан. Обь өзенінің бойында жолаушы және жүк тасымалдайтын өзен порты орналасқан.
Барнауылдағы қала транспортының түрлері
|
|
|
Барнауылдағы ЗиУ-683В01 маркалы троллейбустар
|
Барнауыл өзен кемежайы
|
|
|
Қаланың АКСМ-20101 маркалы троллейбусы
|
Ползунов көшесіндегі трамвай
|
Барнауыл автовокзалының жолаушы айналымы тәулігіне орта есеппен 4500 адамды құрайды. Қала автобус бағыттарымен Алтай өңірінің 60-қа жуық ауданымен қатар, көршілес аймақтарымен де байланысады. Олар: Алтай Республикасы, Новосибирск облысы, Кемеров облысы, Томск облыстары. Тұрақты түрде автобус сапарлары Қазақстанның Павлодар, Семей, Өскемен және Алматы қалаларына жүріп отырады. 2011 жылдың шілдесінен бастап Краснояр қаласына бағытталған жаңа бағыт ашылды.
Қала транспорты автобустар, трамвайлар (11 бағыт), маршрутты такси және троллейбустармен (3 бағыт) танылады. Ең алғашқы трамвай 1948 жылы іске қосылса, ал алғашқы троллейбус 1973 жылы іске қосылды. 2000 жылдан бастап 2010 жылдың көктеміне дейін қала көшелерінде MAN маркалы екіқабатты автобустарын көруге болады, ал 2007 жылдан бастап олар № 3 бағытында жүре бастады.
Қаланың негізгі автокөлік магистральдері:
-
Павлов жолы (трасса Барнауыл — Камень-на-Оби — Новосибирск),
-
Змеиногор жолы ( Рубцовск және Қазақстан бағыты ),
-
Правобережный жолы ( Новосібір және Бийск бағыты ),
-
«Ленточный Бор» шоссесі (айналып өтетін жол),
сонымен қатар, қала ішілік бағыттар: Ленин даңғылы, Красноармейский даңғылы, Попов, Малахов, Северо-Западная көшелері және т.б. бағыттарда жүреді).
Денсаулық сақтау
Диагностикалық орталық және Молодежная көшесіндегі тұрғын үй, 3Б
Барнауылдың денсаулық сақтау орындары 230 емдеу-профилактикалық мекемеден тұрады. Қалада 15 өңірлік мамандандырылған орталықтар және ауданаралық бөлімдер, 30 қалалық аурухана (соның ішінде 3 балалар және балаларға арналған 2 жұқпалы аурулар аурухана бар), госпиталь, 21 шипажай, 4 перзентхана, 53 поликлиника (олардың 7-уі балалар және 2-уі тіс емханалары), 9 муниципалды дәріхана жұмыс жасайды. Муниципалды ауруханалардың кереует қоры 5000-ды құрайды[52]. Сонымен қатар, қалада травматологиялық пункттер, әйелдерге кеңес беру орталықтары, қан құю орталықтары және психиатриялық диспансерлер жұмыс жасайды.
ІІБ және Алтай темір жол бөлімдерінде емдеу мекемелері орналасқан. Тіс емдеу клиникалары, дәріханалар, пластикалық хирургия және көпсалалы медициналық орталықтар жеке және ақылы медициналық қызмет көрсетеді.
1993 жылы Алтай диагностикалық орталығы, 1994 жылы Алтай онкологиялық орталығы ашылып, 2003 жылы қаланың Таулы бөлігінде Өңірлік клиникалық ауруханасы және 2009 жылы жаңа Өңірлік аурухана өз жұмысын бастады.Емдеу мекемелерінде 13 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Олардың 2800-і дәрігерлер. 131 жұмыскер жоғарғы дәрежелі үкіметтік марапаттау алып, олардың 24-і «Ресей Федерациясының еңбегі сіңірген дәрігер» атағын алған.
Қала бойынша бала өлімінің орташа көрсеткіші 1000 балаға 7,9 өлім тіркеледі (2007)[54].
Білім беру
Қазіргі заман
2007 жылы Барнауылдың жоғарғы білім беретін тоғыз мемлекеттік ЖОО бар. Сондай-ақ, елдің басқа да қалаларынан түрлі бағыттағы ЖОО және бөлімшелері жұмыс жасайды. Елдің жүз үздік университеттерінің қатарына қаладағы екі университет: Алтай мемлекеттік университеті және Алтай мемлекеттік техникалық университеті кіреді. 2006 жылы «Білім берудегі Европалық сапа» байқауының нәтижесі бойынша АлтМУ-дың археология, этнография және тарихтану кафедрасы үздік кафедра атанды [55][56].
Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы. Ленин даңғылы, 66
Қаланың басқа да мемлекеттік университеттері:
-
Алтай мемлекеттік аграрлық университеті,
Алтай мемлекеттік аграрлық университеті. Барнауыл
-
Алтай мемлекеттік медициналық университеті,
-
Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы,
-
Алтай экономика және құқық академиясы,
-
Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы,
-
Алтай экономикалық-құқықтық институты,
-
Ресей ІІМ Барнауыл заң институты.
Алтай мемлекеттік техникалық университеті. (Барнауыл, 2008 жылдың күзі)
Бұдан бөлек, Барнауылда басқа да қалалардағы жоғарғы оқу орындарының бөлімшелері мен өкілдіктері жұмыс жасайды:
-
Филиалдар: Бүкілресейлік сырттай қаржы-экономикалық институты, Санкт-Петербург басқару және экономика академиясының Алтай экономикалық институты, А. С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Сібір мемлекеттік қызмет академиясы.
-
Өкілдіктер: Мәскеу экономика, статистика және информатика университеті, Мәскеу құқықтық (заң) институты, Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника мемлекеттік университеті.
Барнауылда арнайы орта білім беретін 7 техникум, 7 колледж, 2 педучилище, музыкалды училище, медициналық училище, банк ісі мектебі, ІІД оқыту орталығы бар. Қалада жалпы білім беретін 110 мектеп бар. Олардың қатарына: 67 лицей, 7 гимназия, спорт саласындағы мектеп, 7 мектеп-интернат, ашық жалпы білім беретін мектептерді кіргіземіз. Сондай-ақ, қалада 8 музыкалды және көркемөнер мектебі мен өнер мектебі бар.
2007 жылы «РФ аймақтарының әлеуметтік-экономикалық айырмасын 2002—2010 жылдардан 2015 жылға дейін қысқарту» мақсатты бағдарламасы негізінде № 31-ші мектеп ашылды. Аталмыш мектептің құрамына Октябрь ауданының БЖОМ (балалар және жасөспірімдер орта мектебі) және Балалар өнерінің орталығы кіреді [57]. Білім беру жүйесі қаржыландыру бойынша ТКШ-дан (тұрғын үй коммуналдық кешені) кейін екінші орында тұрса да, бөлінетін қаржы көлемі жетіспейді. Үнемдеу мақсатында кейбір мектептер мен балабақшаларын бір құрылымға біріктіру жұмыстары жүруде. Осы схема бойынша қазірдің өзінде № 22, 70, 79, 123 мектептер жұмыс жасайды[58].
Барнауылдың мектепке дейінгі білім беретін 157 мекеме бар, олардың 5-уі мекемелік балабақшалар, 1-уі жекешеленген балабақша, қалғаны — муниципалды. Қалада физеологиялық және психикалық дамуы нашар балаларға арналған бала бақша желілері, мектепке дейінгі мекемелерде туберкулез улануына ұшыраған балалар үшін құрылған емдеу және түзету топтары жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда Барнауыл балабақшаларына 1,5-нан 6 жасқа дейінгі 21486 бала барады.
Ғылым
Барнауылда 11 Жобалау институты және жобалау-іздестіру институттары мен бөлімшелері бар және 13 Ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасайды. Барнауылдық ғылыми-зерттеу институттардың ішінде М.А. Лисавенко атындағы Сібір бақша егу ғылыми-зерттеу институты (қаланың Таулы ауданында орналасқан дендрарийі бар), Су және экологиялық проблемалар жөніндегі институт, Алтай ауыл шаруашылығы институты, Алтай су ресурстары және аквомәдениет ғылыми-зерттеу институты, Россельхозакадемиясы Сібір бөлімінің ірімшік жасау ғылыми-зерттеу институттары көшбасшы институттар қатарына жатады. Жоғарғы оқу орындарында және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми зерттеумен жалпы 3700 адам айналысады. Оның ішінде 250-ден астамы – ғылым докторлары, 1500-ға жуығы – ғылым кандидаттары. Алтай мемлекеттік университет ғылыми базасында «Алтай технополисі» атты ғылыми өндіріс кешенін ашты. Алтай мемлекеттік университеті өз жанынан ғылымтану және глоболистика ғылыми-зерттеу институтын құрды.
Барнауыл планетарийі — 1950 жылы қаланған, Ресейдегі ең көне планетарий. 1964 жылы планетарийде «Carl Zeiss Jena» неміс фирмасының Малый Цейсс құрылғысы орнатылды.
Мәдениет
Мұражайлар мен галереялар
Алтай драма театры
1823 жылдан бастап Сібірдегі ең көне мұражай болып саналатын Алтай мемлекеттік өңірлік мұражайы жұмыс жасайды. Мұражай түрлі қоймалар мен экспозицияларға өте бай. Қаланың Алтай мемлекеттік әдебиеттану, өнер және мәдениет тарихы мұражайы, Алтай өңірлік мемлекеттік көркемөнер мұражайы сияқты бірқатар тарихи мұражайлары да бар. Көп жылдан бері Алтай өңірлік суретшілер одағының жәрмеңкелік залы туристтерге өз қызметін көрсетіп келеді. 1990-шы жылдары Алтайда провославие тарихы мұражайы, «Кармин» галереясы, Ю. Деточкин атындағы мұражай, «Universum» галереялары пайда болды.
Қала мұражайларының экспозицияларында В.М. Шукшинге, Алтай кен ісіне, Сібір жан-жануарлар әлеміне арналған және т.б. қойылымдар кездеседі. Барнауыл тұрмыстық мұражайы Барнауыл ликер-ішімдік зауытының ескі құтыларын, саптыаяқтарын, сағаттарын, самаурын және тағы басқа аспаптарын қойылымға шығарған. 2007 жылдың 1 қыркүйегінде «Қала» атты муниципалды мұражайы ашылды, 2008 жылы 24 қаңтарда — Білім беру дамуының тарихы мұражайы ашылды. 2009 жылдың қыркүйегінде «Бандероль» атты заманауи өнер галереясы ашылды.
Театрлар мен филармониялар
Қалада театрлар көп. Олардың ең ірілері — Алтай өңірлік мемлекеттік музыкалды комедия театры, В. М. Шукшин атындағы Алтай өңірлік драма театры және Алтай мемлекеттік жастар театры. Жоғарыда аталған театрлардың жұмысы қарқынды түрде жүреді. Спектакльдері көбінде аншлагпен өтіп, халық арасында өте үлкен беделге ие. Алтай музыкалды комедиялық театрының «Голубая дама» (Марк Юдалевичтің пьесасының желісі бойынша) комедиялық спектаклі ең көп сахналанған қойылым болып саналады. Жалпы саны 500-ден астам рет қойылған. Барнауылда балаларға арналған «Сказка» қуыршақ театры жұмыс жасайды.
«Мир» кинотеатрының алдындағы Т-34-85 танкісі
Сондай-ақ, қалада жастар шығармашылығына арналған «Калейдоскоп» театр-студиясы, «Подвал» муниципалды театры, «Пристройка» студенттер театры және Көлеңкелер театры жұмыс жасайды. Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейін, 2011 жылы 21 маусымда Алтай Жастар театрының жаңа ғимараты іске қосылды.
1944 жылдың 22 сәуірінен бастап қалада Алтай өңірлік мемлекеттік филармония жұмыс жасайды. Аталмыш филармония 1939 жылы концерттік және эстрадалық бюросының негізінде құрылды. Филормонияда өңірдегі жалғыз болып саналатын «орган» музыкалды аспабы орналасқан.
Кинотеатрлар
Барнауыл кинотеатрлары кеңес үкіметінен қалған, бүгінде күрделі жөндеуден өткен заманауи кинозалдардың көптігімен ерекшеленеді. Олар: «Мир» киноконцертті ойын-сауық кешені, «Родина» кинотеатры, «Европа» ойын-сауық орталығында орналасқан «Киномир» кино кешені, «Премьера» және «Южный» поселкесінде орналасқан Мәдениет үйінің кинозалы.
1990-шы жылға дейін Барнауылда кинозалдар желісінің едәуір көп бөлігі жұмыс жасады. 2006 жылы «Первомайский» кинотеатры құлатылды. Сонымен қатар, қаладағы «Чайка», «Заря», «Пионер», «Юность», «Россия», «Луч», «Алтай», «Искра», «Спутник» сияқты кинотеатрлар қиратылып, дүкендерге, кеңселік орындарға, клубтарға айналды.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Телеарналар
Қалада федералды теле арналар да көрсетіледі:
-
3 арна — Бірінші арна
-
5 арна — Россия-1 + МТРК «Алтай» кешенінің эфирге қосылуы
-
7 арна — НТВ + эфирге «Спектр» телеарнасы қосылады (Барнауыл) сәрсенбі 20-21, жексенбі 18-21 уақыттарында
-
9 арна — СТС
-
10 арна — Домашний + эфирге «Вечер» телеарнасы және «Наши новости» жаңалықтар бағдарламасы қосылады (Барнауыл)
-
12 арна — ТНТ + эфирге «ТВ-Город» жаңалықтар бағдарламасы қосылады (Барнаул)
Дециметрлік диапазонда келесідей федералды арналар көрсетіледі:
-
21 арна — Звезда
-
23 арна — Муз-ТВ
-
26 арна — ТВ3
-
27 арна — Бірінші мультиплекс (Бірінші арна, Россия 1, НТВ, Бесінші арна, Россия К, Россия 2, Россия 24, Карусель, Аймақтық телеарна)
-
29 арна — Культура арнасы
-
33 арна — Россия-2 + эфирге МТРК «Алтай» телерадиокомпаниясы қосылады
-
36 арна — Россия-24 + эфирге МТРК «Алтай» кешені қосылады
-
39 арна — РЕН ТВ + «39 арна» (Барнауыл) + «Катунь 24» телеарналары қосылады
-
49 арна — Бесінші арна (Ресей)
2009 жылдан бастап Алтай өңірінің әкімшілігінің қолдауымен Барнауылда аймақтық ақпараттық «Катунь 24» телеарнасы өз жұмысын бастады. Телеарна қалада және аудан орталықтары көлемінде хабар таратады. 2010 жылдың 30 қаңтарынан бастап «Триколор ТВ Сибирь» спутниктік телеарнасының операторы да хабар тарата бастады. Барнауылда «Катунь 24» арнасын кабельді телеарна операторларының барлығы дерлік таратады.
Қалада төмендегідей кабельді телеарна операторлары жұмыс жасайды:
-
«Интелека» —спутниктік және эфирлік 66 арнаның хабарын таратса, тағы 17 арнаның сынақ трансляциясын бастады;
-
«Инвис» — спутниктік және эфирлік 45 арнаның хабарын және сандық телевидениенің 90 арнасын тартады;
-
«Диван-ТВ» — «Эр-телеком» холдингінен спутниктік және эфирлік 64 арнадан хабар таратады;
-
«Иллюзион» — спутниктік және эфирлік 60 арнаның хабарын таратып, 30 арнаны сынамалы түрде таратады.
Баспа
Барнауылда 6 баспа жұмыс жасайды. Оның ірісі — «Алтапресс» баспасы. «Свободный курс», «Купи-Продай», «Молодёжь Алтая», «Вечерний Барнаул», «Маркер-Экспресс», «Спутник телезрителя», «Телепарк», «Торговый мост», «Барнаульский листок», «Автограф», «Монитор+», «Автобарахолка», «Алтайская нива» сияқты жергілікті газет-журналдары ұдайы басылып отырады. Елдегі 1919 жылдан бастап шығатын ең көне газет — «Алтайская правда» газеті.
Қалада жергілікті қосымшаларымен орталық газеттер — «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Аргументы и факты», алтайлық арнайы басылып шығатын «Российская газета» сияқты мерзімді баспалар.
Қалада халықаралық мәртебеге ие 4 түрлі альманах: «Алтай», «Август», «Альманах Алтая» және «Алтайский вестник» бар.
Ресейдің 75 ірі қаласының БАҚ рейтингісіндеБарнауыл қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдарының апталық тиражы бойынша (655 570 дана) 15-ші орынды, ал мемлекеттік емес БАҚ баспаларының қолжетімдігі бойынша 20-шы орынды иеленді.
Интернет-БАҚ
Түрлі зерттеулерге қарағанда Барнауылда 70-тен 100 мыңға жуық ғаламтор желі абоненттері бар.
Қаланың көшбасшы интернет-БАҚ өкілдері:
-
«Амител»
-
«Алтапресс»
-
«БанкФакс»
-
ПолитСибРу
-
ИА «Атмосфера»
-
REGNUM-Алтай
-
«Вечерний Барнаул»
Спорт
«Обь» бассейні (орта тұста) және Г. С. Титов атындағы ойын-сауық және спорт сарайы (оң жағында)
Барнауылда Г. С. Титов атындағы ойын-сауық және спорт сарайы, «Обь» спорт кешені, стадиондар, спортзалдар, жүзу бассейндері, Алтай ипподромы, шаңғы базалары, тир сияқты ойын-сауық орындары бар. Қалада «Алтай» (Бірінші лига; алғашында жоғарғы лигада өнер көрсетті. Кейін «Мотор» хоккей клубы болып қайта құрылды) хоккей клубы [69], «Динамо» футбол клубы, «Университет» волейбол клубы (Лига «А»), «Коммунальщик» әйелдер арасындағы командасы, «АлтайБаскет» баскетбол клубы және басқа да спорт клубтары бар.
Ресей футбол құрамасының 2004—2005 жылдардағы капитаны Алексей Смертин Барнауылда туып өсіп, осында футболмен айналыса бастады. Алексей Смертиннің бастамасымен Барнауылда балалар мен жасөспірімдерді футболдан олимпияда резевтерін дайындайтын мектеп салынды. 2007 жылы 7 қыркүйекте Алексей Смертинге «Барнауылдың құрметті азаматы» атағы берілді.
№110 мектептің негізінде Алтай өңірінде «Одиссей» желкен клубы бар. Клуб ресейлік және аймақтық желкенді спорт жарыстарынан бірнеше дүркін жүлдегері болып саналады.
Архитектура және қаланың көз тартар жерлері
Барнауыл қаласының жоспары алғашында Санкт-Петербург қаласының үлгісінде салынбақшы болды. Қала келбетінің көркеюіне үлес қосқан А.И. Молчанов пен Я.Н. Попов сынды кәсіби сәулетшілер болды. Олар өз заманының көрнекті архитекторлары Джакомо Кваренги және Карл Россидің шәкірттері болған. Барнауылда классицизм дәстүрінде салынған ХVІІІ - ХІХ ғасырлар архитектурасы мен тарихының 20 ескерткіші бар. Олардың қатарына Барнауыл күміс балқыту зауытының бірегей кешені, қоғамдық-әкімшілік алаңдардың үлгісі — Демидов алаңын атауымызға болады. Электикалық архитектура Барнауыл қаласы думасының ғимараттарында, Поляков сауда үйінің ғимараты («Красный» дүкені), Будкевич гимназиясының ғимараты, Красноармейский даңғылы, инженер Александр Лесневскийдің үйі, Ползунов көшесіндегі (Ползунов көшесі, 56) ғимараттарда кездесіп отырады.
Барнауылдағы оюмен әрленіп жасалған ағаш құрылыстардың барлығы дерлік 1917 жылы 2 мамырда болған өрттен аман қала алмады. Сонымен қатар, кірпіштен жасалған ғимараттар да өртеніп кетті. Ал 1930-шы жылдары Барнауылдағы шіркеулер мен соборлар қиратылып, қайта салынғандықтан, қаланың тарихи келбетін көрсететін бөліктері сақталмады. Қаладағы өрттен аман қалған ірі шіркеулердің бірі — Покров соборы.
Қала символдары
|
|
|
Жаңа саябақтың Обь өзені арқылы өтетін жаңа көпір жақтан көрінісі
|
Демидов алаңы
|
|
|
Төбелі үй («Дом под шпилем»)
|
«Красный» дүкені
|
1930-шы жылдары қаладағы үй және қоғамдық ғимараттардың құрылысы конструктивизм үлгісінде салынды. Мұндай ғимараттардың қатарына госпитальдар, Воровская көшесіндегі тігін фабрикасы және іргелес орналасқан құрылыс нысандары жатады[73]. Қаланың басты көшесі — Ленин даңғылындағы 1930—1950-шы жылдарда салынған құрылыстар көз тартарлық. Ленин даңғылы негізінен қала тұрғындары мен қонақтарының серуендейтін айрықша орны. Оның бульвары Лев Толстой көшесінен Октябрь алаңына дейінгі аралықта созылып жатыр. «Космос» фонтаны мен колыван сауыты орналасқан архитектуралық нысандары — кездесу үшін таптырмайтын орындардың бірі.
Таулы саябақта Алтай және Барнауылдың белгілі тұрғындары мен қоғам қайраткерлерінің қайта тұрғызылған мүрделері орналасқан. Қаланың (жаңа көпір арқылы) кіреберісінде 7-метрлік «БАРНАУЛ» ақ түсті әріптері орнатылған. Халық тұрғындарының пікірі бойынша аталмыш әріптер Голливуд белесінде орнатылған «HOLLYWOOD» жазбасына ұқсайды. Барнауылда алғашында қалалық «Лесная сказка» саябағында салынған хайуанаттар бағы 2010 жылы Барнауыл хайуанаттар бағы болып қайта салынды.
Қаладағы ескерткіштер мен монументтердің ішінде "Победа" алаңында орналасқан Даңқ монументін, А.С. Пушкинге қойылған ескерткішті, В.С. Высоцкийдің құрметіне қойылған ескерткішті, Юрин көшесінде орналасқан В.С. Шукшинге арналып қойылған ескерткішті, Алтай мемлекеттік техникалық университетінің жанында орналасқан И.И. Ползуновқа арналып қойылған ескерткіштерді ерекше атап өткен жөн. Ползуновтың құрметіне арналған ескерткіш Бостандық алаңында да орналасқан. 2010 жылы қалада рок-музыкант — Виктор Цойға арналған бірден екі ескерткіш орнатылды және саяси репрессиялардың құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды.
Барнауылдың табиғи ескерткіштері: қаланың оңтүстік-батысында созылып жатқан орманды алқап, Обь өзенінің сол жағалауы және оң жақ алқап.
Қызықты деректер мен қала аңыздары
-
Марк Юдалевичтің «Голубая дама» пьесасында қазіргі әкімшілік орналасқан ғимараттағы бір әйелдің елесі жайында баяндалады. Ертеден қалған аңыз бойынша ХІХ ғасырда осы үйде тұрған генерал қызғаныштан өзінің жас әйелін үй қабырғаларының ішіне тірідей сылап тастаған[77].
-
Алтайдағы Демидов зауыты күмісті заңсыз балқытылғаны үшін[78], 1747 жылы 1 мамырда күмістен түскен қаражаттың қазынаға аударылуы туралы жарлыққа қол қойылды[79]. Сондықтан да Акинфий Демидов өлер алдында өз зауыттарына қарғыс айтқан. Елдің пікірінше, сол кезден бастап зауыт орналасқан жерде түрлі-түрлі сұмдықтар (1793 жылы су апаты, 1917 жылғы өрттің кесірінен Барнауылдағы «Империал» қонақ үйі, БТИ (техникалық инвентаризация бюросы) ғимараты жанып кетті) болды-мыс. [80].
-
2002 жылдың 9 ақпанында «Дельфин» крейсерлік су асты атомдық қайығының атауын «Барнауыл» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойылды[81].
-
Ленин даңғылы мен Анатолий көшелерінің қиылысында тұрған Ленин ескерткішінің алдына қойылған перделенуден кейін, Ресейдегі британдық Lonely Planet баспасы ескерткішті «Ленин-тореадор» деп атайды екен(ағылш. Lenin the Toreador)[82].
Бауырлас қалалары
-
Флагстафф, Аризона, АҚШ.
-
Сарагоса, Испания.
-
Байчэн, Қытай
-
Шинжәң Ұйғыр автономиялық районы, Қытай ( 2007 жылдан бастап).
-
Өскемен, Қазақстан (2012 30 наурыздан бастап).
Достарыңызбен бөлісу: |