БАСҚАРУДЫҢ КОУЧИНГТІК ТӘСІЛІН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ ҮШІН ҚОЛДАНУ
Сулейменова Гульнар Абдоллаевна.,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ
Менеджмент және ақпараттық технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы
Мақалада коучингтік әдістің рөлі, коуч-басшының қызметкерлерді дамыту үшін жасайтын әрекеттері қарастырылады. Басқару стилі ретінде коучингтік тәсілдің ерекшеліктері, бұл тәсілді пайдалану қызметкерлердің сенімділік, бастамашылық, өзін-өзі басқару, өзін-өзі уәждендіру т.б. қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретіні ашып көрсетіледі.
В статье рассматривается роль методики коучинга и действия коуча-руководителя в развитии персонала. Раскрываются особенности коучингового подхода как стиля управления, в том числе использование данного подхода в развитии у сотрудников таких качеств, как уверенность, инициативность, самоуправление, самомотивация и др.
The article discusses the role of coaching methods and the actions of the coach-Manager in the development of personnel. The article reveals the features of the coaching approach as a management style, including the use of this approach in the development of employees ' qualities such as confidence, initiative, self-management, self-motivation, etc.
Түйінді сөздер: коучинг, басқарудың тәсілі, қызметкерлер сенімі, қызметкерлерді дамыту, басқару мәдениеті.
Ключевые слова: коучинг, стиль управления, доверия сотрудников, развитие персонала, культура управления.
Keywords: coaching, management style, employee trust, staff development, management culture.
Қазіргі кезеңдегі басқарудың барынша тиімді стильдерінің бірі – коучинг – адамның өз мақсаты мен оған жету жолдарын түсінуіне мүмкіндік беретін тәсіл. Коучингті басқару ісінде қолдану қызметкерлердің тікелей жұмыс орындарындағы, әдеттегі лауазымдық қызметі барысының тиімділігін арттыруға бағытталған ресми немесе бейреси коуч-сессиялар өткізуді болжайды.
Заманауи басқаруда коучингті негізінен үш құрамдас бөлікке бөлуге болады:
Ұжымда негізгі басқару стиліне коучингті енгізуде сызбаны «жоғарыдан-төмен» жүргізу неғұрлым қисынды. Бас коучтің рөлін ұйымның басшысы өз міндетіне алуы тиіс.
Осындай басқару стилін енгізудің басты мақсаты - қызметкерлермен арада әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады, олар бір мақсатты басшылыққа алады және осы бағыттың қағидасымен жұмыс істейді: ұғыну және жауакершілік.
Коучингтік басқаруды басшы пайдалануға алған кезде, ол бір мезгілде өте маңызды екі міндеттерді шешеді:
өз қызметкерлерінің жоғары нәтижелерге қол жеткізуін;
олардың кәсіби дамуын және жеке деңгейін арттырады.
Басшы өзі өткізген коучинг нәтижесінде қызметкердің алдына қойылған міндетті дұрыс түсінгеніне, оны шешуге қажеттілердің барлығымен қамтамасыз етілгеніне және де ең маңыздысы – міндеттердің шешімін табу жауапкершілігін өзіне қабылдағандығына сенімді бола алады. Дәстүрлі басқару мен коучинг тәсілі негізінде басқарудың арасындағы айырмашылықтары №1- кестеде берілген:
1-кесте
Басқару және коучинг арасындағы айырмашылықтар
Достарыңызбен бөлісу: |