Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
3 деңгейдегі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042.39.1.ХХ/01-2013
|
ПОӘК
«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
|
__.__.20__ж
№__ басылым
|
«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
оқу - әдістемелік материалдар
Семей
2013
МАЗМҰНЫ
-
-
|
Глоссарий
|
| -
|
Дәрістер
|
| -
|
Зертханалық сабақтар
|
| -
|
Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары
|
|
1. Глоссарий
Ажыратқыш (Выключка) –жиынды оң немесе сол жақтағы шекараларды туралау.
Альбом түрдегі ориентация (Landscape) – беттің көлденең орналасуы.
Апрош – бір сөзді екіншісінен ажыратып тұратын сөзаралық интервал.
Афиша – үлкенформатты біржақты жарнама. Ол іліп қоюға арналған және қандай да бір жиынның болуын жарнамалайды.
Барабанды сканер – түпнұсқа айналып тұратын цилиндрдің орнатылатын сканер. Оның ерекшелігі басқа сканерлерден: жоғары жылдамдықты және әмбебаптылық.
Беттеу (Верстка) – басылым жолағын құру және монтаждау үрдісі.
Биәріп (Drop Cap) – тарау немесе бөлімнің өлшемі бойынша үлкейтілген бірінші сөзді бірінші әрібі.
Бриллиант – 3 өлшемді ең кіші полиграфиялық қаріп түрі. Өте сирек қолданылады.
Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады.
Дайджест – қандай да бір уақыт аралығында басылған баслымдардың ең қызықтыларының мазмұны берілетін басылым.
Дефис (Hyphen) – жол соңындағы сөзді бөлуге немесе бірнеше сөздерді біріктіруге арналған.
Диамант - төрт өлшемді қаріп аты.
Ендіру (Врезка) – басқа блокта беттеліп негізгі мәтін ішіне қойылған және басқа қаріппен жазылған мәтін.
Журнал – тұрақты рубрикасы бар және әр түрлі тақырыптар бойынша мақалалар беретін периодты баспа құралы.
Кітап – көлемі 48 беттен асатын, қатты мұқабалы, графикалық, мәтіндік, иллюстрациялық мәліметтер басылған қағаз беттерінен тұратын периодты емес полиграфиялық басылым.
Кітапша (Брошюра) – жұмсақ мұқабалы, периодты емес басылым.
«Өз» мұқабасы бар кітапша – сыртқы беті ретінде бірінші және соңғы беттері қолданылатын брошюра.
Қаріптер гарнитурасы (typefase) - әр түрлі жазылған, өлшемдері, тығыздықтары әр түрлі қаріптер жиыны.
Ілініп тұрған жол (Висячая строка) – жолақтың соңында орналасқан бірінші абзацтық жол немесе жолақ басында орналасқан абзацтың соңғы жолы.
Плакат – үлкен форматты беттік басылым.
Проспект – бір немесе бірнеше тауарларды (қызметті) олардың ерекше қасиеттерін ерекшелей отырып көрсететін жарнамалы басылым.
2. Дәрістер
Дәрістің қысқаша конспектісі
Дәріс 1
Тақырыбы: Пәннің негізгі түсініктері. Баспа жүйесінің даму тарихы
Мақсаты:Үстелдік баспа жүйесінің негізгі түсініктері және даму тарихымен таныстыру.
Сіздер Microsoft Word мәтіндік редакторымен таныссыздар. Бұл әртүрлі құжаттарды: баяндамаларды, рефераттарды, іс және қаржы құжаттамаларын және т.б. дайындау үшін өте ыңғайлы, үлкен бағдарлама. Мәтіндік редакторда әр түрлі қаріптерді пайдалануға, колонтитулдар жасауға, графикамен жұмыс істеуге және т.б. жасауға болады. Егер сіздерге өз еңбектеріңді баспаханада басып шығару қажет болса, тек қана мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктері жеткіліксіз. Онда (настольная издательская система) үстелдік баспа жүйелері немесе беттеу бағдарламалары аталатын арнайы бағдарламалар қажет. Беттеу бағдарламаларының мәтіндік редактор кызметінен басқа, қосымша мүмкіндіктері бар:
-
беттегі объектілерді (мәтінді, графиканы) дәл позициялау;
-
сөзаралык, және әріпаралық интервалдарды кою;
-
мәтіннің жеке бөліктерінің (мәтін блоктарының) еркін жылжуы, бұрылуы және көрінуі;
-
графика объектілерінің бұрылуы, көрінуі, масштабталуы, еңкеюі;
-
графиканың мәтінмен ерікті сүйірленуі;
-
мәтін мен графиканың салынуы.
Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.
Негізгі түсініктемелерге тоқталайық
Полиграфия
( poly – көп (много) + grafo – жазамын (пишу) деген сөздерден шыққан).
Өте көп мөлшерде бірдей баспа жұмысын алу және тауардын баспа түрінде көбейтудің үшін техникалық құралдармен бірігуі.
Бұл жұмыстың түрлері:
-
визиткалар, бланкілер, жарнамалық беттер, буклеттерді, күнтізбелерді оперативті түрде жасау;
-
мерзімді басалымдарды шығару (газет, журнал),
-
кітаптарды көркемдеу.
Программалық жабдықталуы:
-
Adobe Photoshop, CorelDRAW компьютерлік графика программалары;
-
QuarkXPress, Adobe PageMaker компьютерлік верстканың арнайы программалары.
Классификациясы:
-
аз тиражды (оперативті);
-
көптиражды (профессионалды).
Үстелге қоятын баспа жүйелері
DTP (DeskTop Publishing System настольная издательская система) – баспаға арналған кескіндер мен мәтіндерден жариялау үшін алынған аппаратты және программалық жабдықталу комплексі.
Сонымен қатар құжаттарды жариялауда қатты көшірмеде емес, яғни электронды түрде PDF және HTML-форматтарында. Дәстүрлі типографияға қарағанда полиграфиялық жұмыстарды типографияда емес үйде немесе офистерде дайындауды айтады.
Классификация:
-
Полиграфиялық баспаларды дайындау үшін;
-
Электронды құжаттардың жүйелік версткалары.
Полиграфиялық баспаларды дайындау жүйесінің кең тараған түрлері:
-
QuarkXPress, Adobe PageMaker; Adobe InDesign
Электронды баспаларды дайындаудың кең тараған жүйелері:
Текстік редактордан айырмашылығы:
-
Верста құжаттарын жаңадан жасау емес, дайын құжатты өңдеуге арналған
-
Құжаттың верстка процессі иллюстрациялар мен текстерді сәйкесінше орналастыру, өңдеу.
-
Верстканың мақсаты полиграфиялық әдіспен көбейтуге болатын құжатттардың түпнұсқа-макетін (оригинал-макетін) дайындау.
Түпнұсқа-макеті
(Оригинал-макет)
Түпнұсқа, болашақ баспаның әрбір беті сәйкес келетін беттер.
Ол болуы мүмкін:
-
кодталған – магниттік немесе оптикалық дискіде;
-
қатты көшірмесі – фотоформ немесе баспа формға дайындалған түрі;
-
фотомеханикалық
Жедел полиграфия
Негізгі міндеттері:
-
аз тиражды баспа (бірнеше мың экземпляр);
-
брошюра, проспекті жарнамалары, визиткалар, плакаттар, календарлар, открыткаларды жылдам басу;
-
Postpress қызметтері: ламинация, брошюркалау.
Техникалық мүмкіндіктері:
-
лазерлі принтер (кемшілігі – төмен жылдамдық);
-
ризограф (кемшілігі – төмен сапалы);
-
Толықтүсті көшірмелі аппарат
Полиграфия тарихы
Ксилографиялық әдіс
-
Ең көне кітап Қытайда 868 ж.б.э-да және «Алмазная Сутра» деп аталған. Бұл кітапты Вангом Джи деген кісі шығарған және будда діні кезінде тегін таратылған.
-
Қазіргі заманғы түсінікпен оны кітап деп айту қиын, ондағы текстер оралған жеке беттерге басылған.
-
Полиграфиялық техниканың ең көне түрі Ксилографиялық әдіс деп аталатын жоғарғы баспа түрі (Сурет 1).
-
Бұл әдіс жазылу керек элементтерді ағаш тақтайшада ойып жазды: әріп штрихтары және суреттерді томпайтып қалдырып, бос аралықты өткіз құралмен ойылып тасталынды. Осылайша дайындалған жоғары баспаны бояумен сырлап, бетіне қағазды жапсырып, жұмсақ таяқшамен сипалады. Осылайша баспаның көшірмесін көбейтіп алды.
-
Алғаш бұл әдісті IX ғ.да Қытайда қолданды.
Сурет 1. Ксилографиялық әдіс
Баспа формасын қолдану
-
Полиграфиялық техниканың келесі даму буыны алдын ала дайындалған рельефті элементтерді дайындау, яғни оның әрқайсысы жазудың бір әріпі болды.
-
Бұл әдістің артықшылығы текстік баспа формасының жылдам дайындалуында және баспа кезінде кеткен қатені оңай түзетуге болды және артықшылығы рельефті элементтерді қайта пайдалануға болды. Бұл әдісті Қытайда ХІ ғасырдың ортасында ұста Би Шэном (Пи Шэном) ұсынды және іс жүзінде пайдаланды.
-
XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Кореяда жылжымалы металл литерлер кең қолданысқа ие болды, бұл әдіспен біршама кітаптар басылып шықты.
Европа баспасының тарихы
-
Европада ксилографиялық баспаны алғаш XV ғасырдың басында қолдана бастады. Салыстырмалы түрде бұның соңынан XV ғасырдың ортасында форма дайындау және жылжымалы литерлерді дайындау пайда болды
-
Европа полиграфиясының белсенділеріне Германияда Иоганн Гутенберг болып саналады (Сурет 2), Ян Костер Голландияда, Памфило Кастальдив Италияда, олар полиграфиялық процесті Қытай мен Кореяда қолданған әдістерді бір уақытта дамытты.
-
Жылжымалы литермен кітап басуды нақты түрде Европада 1440 жылы пайда болды деп есептелінді.
-
XV ғасырдың ортасында Европада негізгі полиграфиялық процестерді жүзеге асырды: жылжымалы литер арқылы теру, яғни баспа формасы үшін әрбір әріп, таңба үшін рельефті элемент дайындалды.
-
Алғашқы баспа аппараты екі жазықтың өзара әрекеттесу принципінде құрастырылды, біреуінде баспа формасы (талер), ал екіншісінде (пиан) қарапайым винтті құрылғымен қағазды қолмен сырланған баспа формасына басып ұстайды (Сурет 3). Станоктың барлық детальдары ағаштан дайындалды. Баспа станогының өнімділігі сағатын 100 таңба басатын болды.
-
Европада бір уақытты батырылған баспа пайда болды. Баспа элементінің құралы мыс тақташада дайындалды. Алғашқы баспасы 1446 жылы шықты.
Ресейдің кітапбасу тарихы
-
Ресейде полиграфиялық техника XVI ғасырдың ортасында пайда болды. Орыс мемлекетінің дамуы, орыс әдебиеті, орыс мәдениеті және жазу татар-монғол басқыншылығынан азат етілген соң, кітапбасу қажеттілігі туды. Кітапбасу патша биілігін нығайтуға және монархия идеологиясын тарату үшін қажет болды.
-
1553 жылы Иван IV патшаның әмірімен Москвада бірінші полиграфиялық өндіріс ауласының құрылысы басталды. Оны жасауды шіркеудің адамы Иван Федоров (Сурет 4) пен оның көмекшісі Петр Мстиславқа жүктеді, олар барлық жабдықтарды және типографияға арналған жарықты өз беттерінше дайындады және кітапбасу технологиясының процесін ойлап тапты (Сурет 5).
-
«Апостол» – бірінші баспа кітап, Иван Федоров пен Петр Мстислав 1564 ж. Шығарған. Графикалық әдемілеу мен шрифт түрінің әсемдігімен ерекшеленді.
-
Кітаппен жұмыс 1 жылға созылды. 1564 жылы 1 наурызда орыстың алғашқы даталанған баспа кітабы жарық көрді. Көркем-техникалық жағынан кітапта кемшілік болмады. Сөзсіз осы уақытта Федоров пен Мстислав типографиялық өнердің тәжірибелі шебер болып алды.
-
«Апостола» дан кейін екі басылыммен «Часовник» жарық көрді. (1565 жылдың сентябрь және октябрінде) (Сурет 5).
XVIII ғасырдың кітапбасуы
-
XVIII ғасырдағы үлкен әлеуметтік қозғалыстар баспа қазметінің дамуына ықпал етті. Жыл сайынғы тираждары көбейіп отырды. Бұл полиграфиялық техниканың кемелденуіне, технологиялық процесс пен жаңа механизмді жасауға әкелді.
-
Газет және журналдар басылымының тираждарының өсуі баспа станогінің дамуын ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялық процесс-стереотипінің, яғни жаңа түпнұсқа формасының көшірмесін алуды дамытты.
Петербургтегі кітапбасу
-
1711 жылдың көктемінде Санкт-Петербургте Троицк алаңындағы Березово аралында алғашқы типография ашылды. Бұнда Москвадан екі типографиялық станок және шеберлер: төрт теруші, төрт баспашы, екі бояу әзірлегіш әкелінді. Типография Қару канцеляриясының цейх-директоры Михаил Петрович Аврамовтың үйінде орналасты, ол орыстың бірінші газеті «Ведомость» және типографияның бірінші редакторы болды.
-
Осында алғаш 1711 жылы Петербургтың алғашқы газеті «Ведомость» (кейіннен «Санкт-Петербургские ведомости») шықты. Газетті дайындауда Ұлы Петрдің өзі қатысты. Типографияда сонымен бірге мемелекеттік үкімдер мен азаматтық басылымдар басылды.
XIX ғасырдың кітапбасуы
-
XIX ғасырдың ең үлкен жаңалығы ол баспа машинасы. Оны 1808 жылы Фридрих Кениг құрастырды, қол станогынан айырмашылығы ол механикаландырылды. Бұл баспа машинасы сағатына 400 таңба басты (Сурет 7).
-
1812-1814 жж. Олар тағы жаңа баспа машинасын ойластырып жасады. Бұл баспа машинасы қол станогы мен алғашқы баспа машинасына қарағанда үлкен форматта сағатына 800 таңба басты.
-
1814 жылдың 29 қарашасында Лондонда алғашқы «Таймс» газетінің бірінші нөмері басылып шықты.
-
Ары қарай полиграфияның дамуы және оның мүмкіншіліктері өте жылдам қарқынмен өсті.
Үстелдік баспа жүйесі (DTP)
-
Компьютерлердің кең тарауымен пайда болды;
-
Аз тиражды басылымдарды жоғары сапамен және өте үлкен жылдамдықпен дайындайды;
-
Гуттенберг, Скорин, Федоров, Бодони, У. Блейк, Родченко, Эль Лисицк, Фаворск, «Әлем өнері» суретшілері, Библия, Құран және ұлы ақындар аттарының, каллиграфиялық үлгілері қазіргі заманғы дизайнерлер мен типографтарға маза берер емес.
-
1984 пен 1987 ж.ж. — жаңа концепциялар мен технологиялар пайда болды, оларды қазіргі күнге дейін практикада қолданады. Алдымен Adobe PostScript тілі пайда болды, оны Xerox инженерлері — Чак Гешке (Chuck Geschke) және Джон Уорнок (John Warnock) — InterScript негізінде құрастырған (Xerox принтерлерін қолдаушы тіл).
-
1985 жылы бірінші лазерлі принтер қолжетерлік бағада шықты (LaserWriter Plus).
-
1985 жылдың маусымында Пол Брейнард (Paul Brainard) Aldus компаниясының негізін қалаушы , Aldus PageMaker 1.0 for Apple Macintosh нұсқасын шығарды (495 долл.),
-
1985 жылы желтоқсанда, PageMaker 1.0 нұсқасы IBM үшін ойлап тапты, ол алғаш «desktop publishing» терминін енгізді.
-
Сол уақытта Microsoft (далее MS) Windows 1.0 және Word 1.0 for Windows & Macintosh шығарды.
-
1986 жылы қарашада атақты Manhattan Graphics' Ready.Set.Go! 3 — DTP-шықты, бұл программа бір уақытта бірнеше беттерді көрсете алды және бірнеше тілді қолданды, автоматты түрде тасымалдау және орфографияны тексеру мүмкіндіктері пайда болды.
Front – end - қосымшасы
-
Үлкен құжаттармен жұмыс істеуге арналған программалардың топтасуы, (мыңдаған беттерден тұратын бір тұтас байланысқан публикация), олардың тиімді компоновкасы мен жасалуы үшін, оларды форматтау және баспаға шығару үшін немесе басқа форматқа ауыстыру (мысалы, PDF, SGML, XML, HTML).
I буын (Classic)
-
QuarkXPress көшбасы болды, 5 нұсқасын қосқанда ( 2002 жылдың 24 қаңтарда шықты.), және Adobe PageMaker 7.
-
1985–87 жылдары екпінді түрде жаңа идеялар мен олардың іске асырылуы, пайдаланылуға берілді. DTP-индустрииі және принциптері қазірге дейін қолданылуда.
ІI буын
-
DTP-қосымшалары, шрифтік технологияны қолданушы Apple GX/AAT және QuickDraw GX мүмкіндіктері.
III буыны
-
DTP-қосымшалары, MS/Adobe OpenType қолданып және Apple ATSUI (Apple Typography Services for Unicode Imaging). Қазіргі заманғы шрифтік технология — DTP ядросы - индустрия және цифрлік дизайн.
Бекіту сұрақтары
-
Үстел баспа жүйесі дегеніміз не?
-
Полиграфия термині нені білдіреді?
-
Баспа жүйесінің даму тарихы қандай?
-
Алғашқы басылымдар қалай аталған?
-
БЖ буындарын бөліп, олардың артықшылықтарын түсіндір.
Дәріс 2
Тақырыбы: Верстканың дәстүрлері мен заңдары. Терминологиясы
Мақсаты: Верстканың дәстүрлері мен заңдарымен және онда қолданылатын терминологияларымен таныстыру.
Сіздер журнал, кітап, газет, жарнамалық беттер және брошюраларды оқығанда олардың ең жақсыларымен, кемшіліктері барын таңдап, оларды «жақсы» және «жаман» деген екі папка бастап жинақтаңыз. Жәнеде несімен жақсы, қандай кемшіліктер бар екенін көрсетіп, ескерту жасап, жазып қойыңыз. Біраз материал жиналған соң сіз өзіңізге техникалық және көркемдік өңдеу жағынан сенімді боласыз.
Болашақ жасайтын құжатыңыздың жоспарын құрыңыз. Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы. Осы ережені есте сақтасаңыз аз қателесіз. Сонымен бірге қрапайым макеттер анық, әрі оқуға жеңіл және оқушылардың назарын қамтамасыз етеді.
Сіздің макетіңіз құжаттың мазмұнын ашатын болуы керек. Егер сіз қандайда бір өнім туралы жарнама жасаңыз оныңыз ғылыми трактат емес, жарнама түрінде болсын. Енді беттеу бағдарламасын дайындауда есте сақтайтын ережелерге тоқталайық.
Теріп жазудың жалпы ережесі
Мәтін теру кезіндегі символдар арсындағы қалыпты бос орын бір символға тең болуы керек.
Абзац және шегіністер барлық мәтінде бірдей болу керек.
Абзацтың ең соңғы жолының ұзындығы абзацтан 1,5 есеге артық болуы керек.
Егер абзац шегініссіз жасалатын болса, онда соңғы жол толық болмауына болады.
Жолдың ұзындығы 60-65 символдан артық болмауы керек.
Бетіміз 30-40 жолдан тұруы керек.
Тараудың соңғы беті жарты беттен асып тұруы керек.
Тасымалдау ережесі
Сөздің мағынасына әсер ететін сөздер тасымалданбауы керек.
Бас әріптермен жазылатын аббревиатураларды тасымалдауға болмайды, мысалы MS DOS, NC, СМПИ т.с.с.
Қысқартылған сөздерді тасымалдауға болмайды, мысалы т.с.с.
Бір санды құрайтын цифрларды тасымалдауға болмайды, бірақ сызықша арқылы жазылған сөздерді бөлуге болады, сызықшасы алдыңғы жолда қалады, мысалы 2007-2008, Х-ХІ ғ.
Мүмкіндігінше адамның иницалдарын фамилиядан бөлмей жазуға тырысу керек.
Мүмкіндігінше қысқарған сөздерді кісінің фамилиясы мен атынан бөлмей жазуға тырысу керек, мысалы п.ғ.к. Мақамбаев М.Б. проф. Нұрсултанов Қ.Н.
Жақшасы немесе үтірі бар цифрды келесі сөзден бөлуге болмайды.
Өлшем бірліктері бар сөздерді тасымалдауға болмайды.
Алдыңғы цифрдан оның таңбаланған белгісін тасымалдауға болмайды, мысалы 50%, $ 100, №39.
Тасымалдау таңбасы мен келесі бөлік сөз арасында пробел болмауы керек.
Тасымалдау таңбасымен келесі жаңа жол басталмауы керек.
Тыныс белгілерін тасымалдауға болмайды.
Таңбалар мен цифрлар
Сөздің алдындағы үш нүктені сөзден пробел арқылы ажыратуға болмайды.
Цифрлар арасындағы сызықшаны пробелмен бөлуге болмайды: 20-30.
Дефисті пробелмен бөлуге болмайды.
Тырнақшаларды сөзден пробелмен бөлуге болмайды, мысалы «Семей».
Тырнақша сөз терілген шрифт түрімен теріледі.
Номер, параграф таңбалары және цифр арасында міндетті түрде пробел керек, мысалы № 10, § 73.
Градус, процент, минут, секунд таңбалары және цифр арасында пробел болмауы керек, мысалы 50%, 25О .
Градус таңбасынан кейінгі қысқартылған сөзден кейін міндетті түрде пробел керек, мысалы 25О С.
Екі таңба номер немесе параграф бірге жазылады, мысалы №№, §§.
Бірліктерді білдіретін сандар жүздік, мыңдықтарды пробелмен жазамыз, мысалы 4 655 210.
+ және – таңбаларын цифрдан бөлмейміз, мысалы +10, -25.
Бөлшек пробелсіз жазылады: 4/7.
Реттік нөмерінен кейін сөз пробелмен жазылады.
Тақырып
Көп жолды тақырыптың мағынасы болуы керек. Тақырыпты тасымалдауға болмайды. Тақырып екі сөйлемнен тұрса, онды екінші сөйлемнің жартысы бірінші сөйлеммен бір жолда жазылуы керек. Екінші сөйлемнен кейін нүкте қойылмайды.
Кесте
Кесте келесі шрифт кегельдерімен теріледі: мәтін 12 болса, кесте 8 немесе 10; мәтін 10 болса, кесте 8 немесе 6; мәтін 8 болса, кесте 8 немесе 6.
Кесте тақырыбы міндетті түрде көлденең және ортасы бойынша туралануы керек.
Егер тақырып ені ұяшық енінен үлкен болса, онда тақырып тігінен жазылады.
Егер кесте екі немесе одан да көп бетте болатын болса, тақырыптар келесі бетте нөмірленуі керек.
Негізгі қолданылатын терминдер
Шрифт – белгілі бір өлшемдері және суреті бар символдар тіркесі.
Шрифті төрт топқа бөлуге болады: антиква (serif), гротеск (scan serif), декоративті (decorative), жазбаша (script).
Шрифтар жазылуы бойынша бөлінеді: қалыпты жағдайда, Ж –қарайтылған, К-курсив, Ч – асты сызылған. Бұл жазылудың басқа түрлері көп, алайда жоғарыда келтірілген түрлерін жиі қолданамыз.
Пропорцияға байланысты шрифтер ығысқан, қалыпты, және сиретілген болып кездеседі.
Көркемдеуге байланысты кез келген шрифтарды контуры бойынша, көлеңке бойынша эффектілер қолдануға болады.
Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |