«Бастауыш мектепте тұлғалық бағдарлы білім берудің теориялық негіздері » пәнінен емтихан билеттері
№13 билет
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мəніне Дьюдің көзқарасы.
2.Тұлғалық бағдарлы білім беру жүйесіндегі сабақты бағалаудың ерекшеліктері
3. Антикалық дүниедегі гуманистік педагогика. Ежелгі өркениеттердің білім беру жүйелерінің ерекшеліктері (Конфуций мектебі, Афина жəне Спартадағы тəрбиелеу жүйелері).
1. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мəніне Дьюдің көзқарасы.
Әр адам жеке тұлға. Оның қалыптасу жолында әсер ететін факторлар өте көп. Оқушының болашаққа бағытталуына әсер ететін ең бірінші субьект – ұстаз. Білім беру үрдісінде ұстаз нені ескеруі керек? Әр оқушының ішкі және сыртқы психологиясына педагогтік көзқараста қарай алуы шарт.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,т ұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |