Батыс қазақстан облысының Әкімдігі қаулысы 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №300 Орал қаласы



Дата24.02.2016
өлшемі43.38 Kb.
#15200



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫСЫ

2013 жылғы 27 желтоқсандағы №300 Орал қаласы

«Батыс Қазақстан облысы әкімігінің 2010 жылғы

30 желтоқсандағы №341 «Батыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары туралы» қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-1 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №341 «Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» облыс әкімдігінің қаулысымен (облыс әкімдігінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №119, 2011 жылғы 17 тамыздағы №146, 2011 жылғы 30 қарашадағы №223, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №262, 2012 жылғы 16 сәуірдегі №81, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №281 және 2013 жылғы 22 шілдедегі №151 қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) бекітілген Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тиісті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.




Облыс әкімі Н.Ноғаев
2013 жылғы «27» желтоқсандағы №300

облыс әкімдігінің қаулысына

ҚОСЫМША
2010 жылғы 30 желтоқсандағы №341

облыс әкімдігінің қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының

2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына

енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
1. 6-беттегі «1-стратегиялық бағыт. Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджетті атқаруды қамтамасыз ету. 1.1. мақсат. Бюджетті атқару сапасын және ашықтығын арттыру» кестесінде «Тікелей нәтижелер көрсеткіштері» деген бағанындағы «3.Облыс бюджетінің өз кірістерінің орындалуы» деген жолы «2013 жыл» бағанындағы «100» саны «98,5» санымен және 10-беттегі «2-стратегиялық бағыт. Облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару. 2.1. мақсат. Облыстық коммуналдық меншігі активтерін тиімді басқару» кестесінде «Тікелей нәтижелер көрсеткіштері» деген бағанындағы «3.Жалдауға берілген нысандар саны» деген жолы «2013 жыл» бағанындағы «49» саны «44» санымен ауыстырылсын.

2. 18-19 беттердегі «257.009 «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» кестесінде «Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы» деген бағанындағы «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: жалдауға берілген нысандардың саны» деген жолы «2013 жыл» бағанындағы «49» саны «44» санымен ауыстырылсын, «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «17 539,0» саны «10 757,0» санымен ауыстырылсын.

3. 19-беттегі «257.007 «Субвенциялар» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «21 225 215» саны «20 146 514» санымен ауыстырылсын.

4. 20-беттегі «257.015 «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «493 677» саны «492 410» санымен ауыстырылсын.

5. 21-беттегі «257.013 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» кестесінде «Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы» деген бағанындағы «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: мемлекеттік органның материалдық-техникалық жарақтандыруды:» деген жолы «2013 жыл» бағанындағы «38» саны «33» санымен ауыстырылсын; «лазерлік принтер» деген сөздер және сәйкесінше «2013 жыл» бағаны «10» саны алынып тасталсын; «Қаржы органдарында бюджеттік есептілік» ақпараттық жүйесін, «Парус-КАЗ» 2 жұмыс орны» ақпараттық жүйесін сатып алу» деген жолындағы «Парус-КАЗ» 2 жұмыс орны»» деген сөздер алынып тасталсын және сәйкесінше «2013 жыл» бағаны «3» саны «1» санымен ауыстырылсын; «кондиционер» деген жолындағы «2013 жыл» бағанындағы «4» саны «3» санымен ауыстырылсын; «теледидар; мұздатқыш; магнитолла» деген сөздермен және сәйкесінше «2013 жыл» бағаны «2;2;1» деген санымен толықтырылсын; «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «4 627» саны «4 127» санымен ауыстырылсын.

6. 21-22 беттердегі «257.016 «Жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» кестесінде «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «1470» саны «1842» санымен ауыстырылсын.

7. 22-беттегі «257.018 «Республикалық бюджеттен берiлген пайдаланылмаған бюджеттiк кредиттердi қайтару» кестесінде «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: республикалық бюджеттен берiлген пайдаланылмаған бюджеттiк кредиттердi қайтару» және «Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: республикалық бюджеттен берiлген пайдаланылмаған бюджеттiк кредиттердi толық және уақтылы қайтаруды қамтамасыз ету» деген жолдарының «2013» бағаны «100,0» санымен және «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағаны «52» санымен толықтырылсын.

8. 23-беттегі «257.017 «Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару» кестесінде «Тікелей нәтиже көрсеткіштері: республикалық бюджетке нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару» және «Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: республикалық бюджетке нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді толық көлімінде уақтылы қайтарудың қамтамасыз ету» деген жолдарының «2013» бағаны «100,0» санымен және «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағаны «1 635» санымен толықтырылсын.

9. 24-беттегі «7.2. Бюджеттік шығыстардың жиыны» кестесіндегі:

1) «Бюджет шығыстары БАРЛЫҒЫ:» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «25 161 212» саны «24 076 021» санымен ауыстырылсын;



2) «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалары» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «25 161 212» саны «24 076 021» санымен ауыстырылсын.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет