Баяндама
Тақырыбы: Сауат ашу мәселелері
Орындаған: Әбдуайт Меруерт
Тобы: ИНяз-Нк 22-11
Нургазиева Н.М
Астана-2023
Жоспар
|
|
Кіріспе...................................................................................
|
2
|
Негізгі бөлім………………………………………….........
|
3
|
Оқушыларды ынталандыру мәселесі..................................................
|
3
|
Оқу- жазуға үйрету мәселелері
|
4
|
Зияты зақымдалған оқушылар........................................................
|
5
|
Қорытынды…………………………………………...........
|
7
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..................
|
7
|
Кіріспе
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларын меңгертумен бірге, оларды сауатты жазу мен оқуға үйрету – бүгінгі күннің басты талабы. Мектептегі оқыту үдерісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйреніп қана қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
1) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
2) сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;
3) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
4) үйге тапсырма берілмейді;
5) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Әліппеден кейінгі кезең
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта “Ана тілі” пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.
Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, Ш,Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән берді.
Достарыңызбен бөлісу: |