Баяндаманың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26 тарауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу



Дата25.02.2016
өлшемі191.13 Kb.
#25784


Баяндаманың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26 тарауы - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұлан әрі ӘҚБтК-нің) 538 бабының 2 тармағында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді осы Кодекстің 542-576-7 баптарында көрсетілген уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың құзырына жатады, және осы лауазымды адамдармен қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдармен шығарылған қаулыға шағым келтіруге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 Нормативтік қаулысы қабылданған.

Бірақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың)
қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізудің сот практикасын талдағанда іс жүргізу нормалары мен олардың қарым-қатынасын қолдану кезінде осы күнге дейін түсініспеушіліктер орын алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді


қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың)
қаулыларына дау айту туралы істер бойынша Заң екі тәсілді қолдануға құқық береді. Яғни,

  • қаулы шығарған органнан (лауазымды адам) жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға);

  • орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкін.

ӘҚБтК-нің 655 бабының 1 бөлігіне сай Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке адамның заңды өкiлдерi,заңды тұлғаның өкiлдерi, қорғаушы шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.

Шағымның берілу тәртібі. ӘҚБтК-нің 656 бабының 2 бөлігі бойынша Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тiкелей сотқа шағым беру тәртiбi азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленетіндігі анықталған.

Шағымның берілгенде:

  • қаулыға шағымдануға құқылы тұлғаларға;

  • шағымның берулі мерзіміне;

  • сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тапсыру жөніндегі іс әрекетке;

  • шағымның мәніне;

  • шағымның соттылығының сақталуына көңіл бөліну керек.

Сондай-ақ, шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 275 бабының 1 бөлігіне көзделген. Жоғарыда айтып кеткендей, қаулыға прокурор наразылық келтіре алады. Прокурор дегенге – осы әкімшілік істің қаралуына қатысқан прокурор сондай-ақ, іске қатыспаса да (қала) аудан прокуроры не болмаса оның орынбасары наразылық бере алады,

Егер қаулыға шағымды, шағым беру құқығы жоқ тұлға берсе, сот оны АІЖК-нің 337 бабының 4 тармағын негізге алып, 252 бабы бойынша шағым берген тұлғаға қайтарып, ол бойынша ұйғарым шағарады.

ӘҚБтК-нің 652 бабының 2 бөлігіне сәйкес, Өздерiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге, жеке тұлғаның заңды өкiлiне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) қаулының көшiрмесi ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады және (немесе) жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.

Бұл норма АІЖК-нің 275-1 бабының сақталуына тікелей қатысты. Яғни қаулыға осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады.

Лауазымды тұлғаның қаулысы әр қаралған әкімшілік іс бойынша қаулының көшірмесі уәкілеті органның орналасқан жеріндегі прокурорға тапсырылу керек. Істегі қаулының тапсырылуы туралы белгінің болмауы, яғни алған күні не қолы болмай оған күмән туғызсса, қаулының көшірмесі тапсырылмаған болып есептеледі, және шағым беру мерзімінің өтпегенін білдіреді.

Шағым беру мерзімі жалпы тәртіппен есептеледі.

Егер беріліп отырған шағым, әкімшілік істі қараған уәкілетті органға берілсе, ол үш күннің ішінде аудандық сотқа жолдануы тиіс. Егер сотқа түссе, онда сот қаралған әкімшілік істің материалын сұрату керек.

АІЖК-нің 275 бабының 4 бөлігіне сай, Шағым осы Кодекстің 150-бабында көзделген мәліметтер талабына сәйкес болып, ӘҚБтК-нің 658 бабына сәйкес мәліметтер жазылады, яғни,шағым (наразылық) жазбаша түрде берiледi және онда: 1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;


      2) шағым немесе наразылық берушiнiң аты-жөнi (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы);
      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
      4) шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық актiнiң немесе iс-әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе iс-әрекеттер өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтiн себептер;
      5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтiнiш көрсетiлуге тиiс.
      2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетiн шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берiлген басқа адам қол қояды.
      3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесi үшiн берiлсе, онда мүддесiн көздеп шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның атын және тегiн, тұрақты тұрғылықты жерiн немесе орналасқан жерiн (пошталық мекен-жайын) көрсету қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса тiркеледi.
      4. Шағым немесе наразылық екi дана етiп берiлiп, орган, мекеме немесе лауазымды адам шығарған шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық акт, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта негiздеуге дәлелге келтiрiлген өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

Шағымды қарар алдындағы судьяның дайындық іс әрекеті. Егер де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдармен шығарылған қаулыға шағым сотқа не болмаса тікелей мамандандырылған аудан аралық әкімшілік сотқа түскен кезде, судья уәкілетті органнан қаралған әкімшілік істің құжаттарын сұратуға міндетті. Ал, әкімшілік іс құжаттарын, уәкілетті орган шағым түскен күннен соттың сұрау хатын алған бойда ӘҚБтК-нің 656 бабының 1 бөлігі негізінде 3 күннен кешіктірмей жолдауға міндетті.

Егер шағым әкімшілік істі қараған уәкілетті органға тікелей түссе, онда уәкілетті орган шағымға қоса әкімшілік істі бірге қосып, үш күн ішінде сотқа жолдау қажет. Сондай-ақ, егер бұл шағымды жоғарғы тұрған уәкілетті органға және сотқа қатар берсе, онда жоғарғы тұрған уәкілетті орган, шағымды іспен бірге сотқа жолдауға тиіс.

ӘҚБтК-нің 276 бабына сәйкес, сот қаулыға келтірілген шағымның қаралу күні мен уақытын уәкілетті органның лауазымды тұлғаға хабарлайды. Алайда бұл заң нормасына сәйкес, қаралған әкімшілік істің басқа тараптарына хабарланатындығы көзделмеген. Бұл жерде 2009 жылғы ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу методикасында, бұл жағдайда, АІЖК-нің 334-341 баптарын негізге алып, шағымды жалпы тәртіппен іс жүргізу әрекеттерін жасау керек деген тәжірибесін айтады.

Шағымды қарау. 1. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды.
      2. Сот прокурорға, шағым берген адамға, сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
      3. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды.

Қаралған шағымның қорытындысы бойынша соттың шешімі. АІЖК-нің 277 бабына сәйкес, Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.

Соттың ұйғарымы кеңесу бөлмесінде шығарылып, АІЖК-нің 252 бабына сәйкес келуі керек. Оған қоса, ӘҚБтК-нің 664 бабындағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi шешiмді басшылыққа алынады.

Егер сот шағымды негізсіз деп тапса, онда барлық мән-жайды ескеріп, қаулыны күшінде қалдыру туралы, шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылады.

Егер сот шағымды негізді деп тапса, онда барлық мән жаймен қаулының күшін жою, іс бойынша өндірісті қасқарту туралы ұйғарымды шығарады.

Сот лауазымды тұлғаның шығарған қаулысын өзгертуге не болмаса, жасалға іс әрекетті қайта саралай алмайды, бұл жерде уәкілетті орган іс әрекетті өзіне тиісті бабына саралап, әкімшілік хатама толтырып, тиісті шешімін шағарады, бірақ, ӘҚбТк-нің 69 бабында көзделген жауапқа тарту мерзімі өтпеген жағдайда. Бұл норма АІЖК-нің 277 бабын талдаудан шағады.

Сонымен қатар, егер шағымды қарау барысында уәкілетті органмен қаралған әкімшілік іс бойынша жауапқа тартылған құқық бұзушыға қатаң жаза тағайындалған деп қорытындыласа, онда сот бұл тағайындалған жазаны заң талабына сәйкес, тағайындалған жазаны азайта алады. Бірақ, соттың инициативасымен күшейте алмайды, тек егере жәбірленушінің шағымымен не болмаса прокурордың наразылығы болған жағдайда.



Баяндамашы:Қызылқоға аудандық сотының судьясы З.К.Тыпылова

Баяндамаға қосымша.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша қысқаша шолу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша 2012 жылда Қызылқоға аудандық сотымен 5 іс қаралған. Оның ішінде 4 іс аудан прокурорының наразылығымен Салық басқармасының қаулысын күшін жою туралы наразылығымен қаралған, 1 іс заңды тұлғамен салық органының шешімімен тағайындалған жазаны төмендету туралы шағым келтірген. Барлық қаралған 5 іс бойынша шағым мен наразылық қанағаттандырылып, Салық басқармасының 4 шешімдері күшін жойып, 1 шешімі өзгертілді.

Атап айтқанда:

1. Қызылқоға аудан прокуроры-Қызылқоға ауданы бойынша салық басқармасының лауазым адамы З.Нұрмашеваның А. Сагынгалиевке қатысты №000159 әкімшілік істі қысқарту туралы 2011 жылғы 02 қарашадағы қаулының күшін жоюды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жоғары тұрған органның лауазымды адамының қарауына жіберу үшін наразылық келтірген.

Сот отырысында іске қатысқан Қызылқоға аудан прокурорының көмекшісі Е.Ермеков- әкімшілік жауаптылықтан ӘҚБтК-нің 67 бабымен әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адам босатылуы мүмкін, лауазымды адам З.Нұрмашеваның 2011 жылғы 02 қарашадағы № 000159 әкімшілік іс бойынша құқықбұзушыны әкімшілік жауаптылықтан босатып істі қысқартуы заң нормасына қайшы келеді, өйткені, құқықбұзушы бұрын 2011 жылғы 20 маусымда Жайық Каспий Басқармасының аудан бойынша инспекторының әкімшілік қаулысымен ӘҚБтК-нің 243 бабының 1 бөлігіне сай 30.240 тенге әкімшілік айыппұл салынып жаза қолданылған заңды күшіндегі қаулыны ұсынып, наразылықты қолдап, қаулының күшін жойып, істі уәкілетті органның қарауына жолауды сұраған.

Ал, Салық басқармасының бастығы лауазымды адам З.Нұрмашева- сотта А.Сагынгалиевтың бұрын салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа тартылмағанын ескеріп, ӘҚБтК-нің 67 бабы негізінде іс жүргізуді тоқтатып, әкімшілік істі қысқартқанын айтқан.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 67 бабында «іс әрекетімен өкінгендігін білдіруіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату, әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өзге де жолмен ретке келтірсе, судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті адам орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Тұлғаның әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы сұраныспен А.Сагынгалиевке 2011 жылғы 20 маусымда Жайық Каспий Басқармасының аудан бойынша инспекторының әкімшілік қаулысымен осы Кодекстің 243 бабының 1 бөлігіне сәйкес 30.240 тенге әкімшілік айыппұл жаза қолданылып, адамды әкімшілік жазаға ұшырады деп есептелетін мерзім аяқталмаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің 636 бабына сай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адаммен осы Кодекстің 635 баптың нормасы сақталып жасалғаны, әрекетте басқа баптың құрамы жоқ, құқықбұзушының іс әрекеті дәлелденген,құқық бұзушылықтың ескеру мерзімі өтпеген, өз құзыреті шегінде мерзімді сақтап мән жайды анықтап қараған, алайда, ӘҚБтК-нің 67 бабын қолдануға қажетті жиынтық белгісі болмаса да осы баппен іс жүргізуді тоқтатып, істі қысқартып қаулы алған.

ӘҚБтК-нің 67 бабында көзделген жиынтық белгісі анықталғанда ғана құқықбұзушылықты жауаптылықтан босатылып,ӘҚБтК-нің 581 бабымен іс қысқаратынын ескермеген.

ӘҚБтК-нің 67 бабы бойынша мүлікті бүлдіру және жоюмен жәбірленушіге келтірілген тараптармен келісілген нақты шынайы мүліктік зиян ,ал, жәбірленушіге келтірілген өзге де зиянды денсаулыққа құқық бұзушылық әрекеттен келтірілгені түсінілуі тиісті болса да келтірілген залал бар ма құқық бұзушының оны өз еркімен өтеуі не құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өзге де жолмен ретке келтіргені туралы деректер дұрыс анықталмаған.

Уәкілетті органның лауазымды адамның істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыретіне жататын әкімшілік істі қараған лауазымды адам З. Нұрмашевамен әкімшілік құқық бұзушылық үшін 67 бабының нормасын дұрыс қолданбаған салдары яғни, іс әрекетіне өкінгендігін білдірумен байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату 67 бапта көзделген белгінің жиынтығы болғанда ғана қолдану қажетін ескермей істі заңсыз қысқартқаны анықталғандықтан ол қаулының күшін жойып, ісі уәкілетті тиісті органға (лауазымды адамға) жаңадан қарауға жіберу қажет деп тапты.
2. Қызылқоға ауданы прокурорымен Қызылқоға ауданы бойынша салық басқармасының 04.01.2012 жылғы №10 хатымен жолданған жеке кәсіпкер Бозаева Жауказын Кайратовнаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 3 бөлігімен 2011 жылғы 01 желтоқсандағы қаралған әкімшілік іс бойынша қабылданған №000166 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының заңдылығы тексерілген.

Аталған қаулыда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 634 бабы негізінде Басқарманың бас маманы Б.Жасболатова 2011 жылғы 16 қарашада жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваға қатысты патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмді бұзғаны үшін осы Кодекстің 205-1 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті лауазымды тұлға З.Нұрмашеваға ұсынылған.

Қарау нәтижесімен уәкілетті лауазымды тұлға З.Нұрмашева жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваға 2011 жылғы 01 желтоқсанда №000166 әкімшілік қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл салынған.

Алайда, Басқарма бастығы З.Нұрмашеваның жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваға қатысты әкімшілік іс бойынша 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №000166 әкімшілік қаулысының заңсыз қабылдануына байланысты Қызылқоға аудандық прокурорының наразылығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 580 бабы 1 бөлігінің 2 тармағы негізінде күші жойылып, әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сот отырысында аудан прокурорының көмекшісі Е.Ермеков прокурордың наразылығын қолдап, әкімшілік жаза қолданған жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваға бұрын 2011 жылы 28 қаңтарда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 4 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылғандықтан, Ж.Бозаеваның іс әрекеті осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігімен саралануы тиіс екенін, уәкілетті орган тарапынан құқық бұзушы Ж.Бозаеваның іс әрекеті дұрыс сараламағанын, толтырылған әкімшілік хаттаманы қарау нәтижесімен жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваға заңсыз қаулы шығарылғанын айтып, наразылықты қанағаттандыруын сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құзыретті орган (лауазымды тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің және басқа да нормативтік актілердің талаптарының заңдылығын сақтауға міндетті.

Алайда, Қызылқоға аудандық Салық басқармасының бастығы З.Нұрмашевамен жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваның әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекетін дұрыс сараламай, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы №000166 қаулысымен заңсыз шешім қабылдаған.

Атап айтқанда, Қазақстан Респуликасының Бас Прокуратурасы жанындағы арнайы есепке алу және құқықтық статистика жөніндегі Комитеттің мәліметінен жеке кәсіпкер Ж.Бозаева 2011 жылы 28 қаңтарда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-1 бабының 4 бөлігімен патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен астам мерзiмді бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Орындалған күні 2011 жылғы 14 ақпан.

Кейін 2011 жылы 14 қарашада жеке кәсіпкер Ж.Бозаева Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 205-1 бабының 3 бөлігінің диспозициясында көзделген әрекетін жасаған.

Ал осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігінің диспозициясы Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттерді қамтиды.

Өйткені, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 66 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.

Демек, бұрын әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан (ӘҚБтК-нің 205-1 бабының 4 бөлігімен) кейін Ж.Бозаева бір жыл ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 205-1 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сонда, жеке кәсіпкер Ж.Бозаеваның бұл әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекеті осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігімен саралануы тиіс. Өйткені, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасау ұғымы - үшінші және төртінші бөлікті кезекпен қайталау деген мағынаны емес, керісінше осы бөліктердің диспозициясының объектісі бір болғандықтан, үшінші және төртінші бөліктердің бірін бір жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігін қамтиды.

Осы ретте, Салық басқармасының 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №000166 қаулысының күшін жойылуға жатады.


3. Қызылқоға аудан прокурорымен Қызылқоға ауданы бойынша салық басқармасының 04.01.2012 жылғы №10 хатымен жолданған жеке кәсіпкер Рамазан Габдуллинге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 3 бөлігімен 2012 жылғы 09 қарашада қаралған әкімшілік іс бойынша қабылданған №000150 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының заңдылығы тексерілген.

Аталған қаулыда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 634 бабы негізінде Басқарманың бас маманы Б.Жасболатова 2011 жылғы 21 қазанда жеке кәсіпкер Р.Габдулинге қатысты патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмді бұзғаны үшін осы Кодекстің 205-1 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті лауазымды тұлға З.Нұрмашеваға ұсынылған.

Қарау нәтижесімен уәкілетті лауазымды тұлға З.Нұрмашева жеке кәсіпкер Р.Габдуллинге 2011 жылғы 09 қараша №000150 әкімшілік қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15 120 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Алайда, Басқарма бастығы З.Нұрмашеваның жеке кәсіпкер Р.Габдуллинге қатысты әкімшілік іс бойынша 2011 жылғы 09 қарашадағы № 000150 әкімшілік қаулысының заңсыз қабылдануына байланысты Қызылқоға аудандық прокурорының наразылығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 580 бабы 1 бөлігінің 2 тармағы негізінде күші жойылып, әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сот отырысында аудан прокурорының көмекшісі Е.Ермеков прокурордың наразылығын қолдап, әкімшілік жаза қолданған жеке кәсіпкер Р.Габдуллин бұрын 2011 жылы 04 наурызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 205-1 бабының 4 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылғандықтан, Габдуллиннің іс әрекеті осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігімен саралануы тиіс екенін, уәкілетті орган тарапынан құқық бұзушы Р.Габдулиннің іс әрекеті дұрыс сараламағанын, толтырылған әкімшілік хаттаманы қарау нәтижесімен жеке кәсіпкер Р.Габдуллинге заңсыз қаулы шығарылғанын айтып, наразылықты қанағаттандыруын сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құзыретті орган (лауазымды тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің және басқа да нормативтік актілердің талаптарының заңдылығын сақтауға міндетті.

Алайда, Қызылқоға аудандық салық басқармасының бастығы З.Нұрмашевамен жеке кәсіпкер Р.Габдуллиннің әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекеті дұрыс сараланбай, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы №000150 қаулысымен заңсыз шешім қабылданған.

Атап айтқанда, Қазақстан Респуликасының Бас Прокуратурасы жанындағы арнайы есепке алу және құқықтық статистика жөніндегі Комитеттің мәліметінен жеке кәсіпкер Р.Габдуллин 2011 жылы 04 наурызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-1 бабының 4 бөлігімен патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен астам мерзiмді бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Орындалған күні 2011 жылғы 14 наурыз.

Кейін 2011 жылы 09 қарашада жеке кәсіпкер Р.Габдуллин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 205-1 бабының 3 бөлігінің диспозициясында көзделген әрекетін жасаған.

Ал осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігінің диспозициясы Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттерді қамтиды.

Өйткені, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 66 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.

Демек, бұрын әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан (ӘҚБтК-нің 205-1 бабының 4 бөлігімен) кейін Р.Габдуллин бір жыл ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 205-1 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сонда, жеке кәсіпкер Р.Габдуллиннің бұл әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекеті осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігімен саралануы тиіс. Өйткені, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасау ұғымы - үшінші және төртінші бөлікті кезекпен қайталау деген мағынаны емес, керісінше осы бөліктердің диспозициясының объектісі бір болғандықтан, үшінші және төртінші бөліктердің бірін бір жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда осы Кодекстің 205-1 бабының 5 бөлігін қамтиды.

Осы ретте, Салық басқармасының 2011 жылғы 09 қарашадағы №000150 қаулысының күші жойылуға жатады.


4. Қызылқоға аудан прокуроры -Қызылқоға ауданы бойынша салық басқармасының бастығы лауазым адамы З.Нұрмашеваның жеке кәсіпкер Т. Байбатыроваға қатысты №000182 әкімшілік істі қысқарту туралы 2012 жылғы 11 қаңтардағы қаулының күшін жоюды және істі қысқартуды сұраған наразылық келтірген.

Сот отырысында іске қатысқан Қызылқоға аудан прокурорының көмекшісі Е.Ермеков- наразылықты қолдап,З. Нұрмашевамен 2012 жылғы 11 қаңтардағы қаулымен № 000182 әкімшілік іс бойынша жеке кәсіпкер Байбатырованы ӘҚБтК-нің 163 бабының 2 бөлімімен кінәлі деп танып,айыппұл жазасын қолдану заң нормасына қайшы, себебі, Байбатыроваға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен 163 бабының 1 бөліммен іс қозғалған,163 баптың 2 бөлігінде осы баптың бірінше бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс әрекеттер үшін жауаптылық қаралған, алайда, істің мән жайында Байбатыроваға бұрын әкімшілік жаза қолданылмаған, бұл тұрғыда, әкімшілік құқықбұзушылық іс әрекеттің саралануы қате деп, қаулының күшін жойып, істі қысқартуды сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің 636 бабына сай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адаммен осы Кодекстің 635 баптың нормасы сақталып жасалғаны, құқықбұзушылықтың ескеру мерзімі өтпеген, өз құзыреті шегінде мерзімді сақтап мән жайды анықтап қарағанмен, әрекетте осы баптың 2 бөлігінің құрамы бары және құқықбұзушылықтың іс әрекеті дәлелденеме осы мән жай анықталмаған.

Істің осы мән жайында жеке кәсіпкер Т.Байбатырованың іс әрекеті ӘҚБтК-нің 163 бабының 2 бөлімімен қате сараланған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулының 15 бөлігінде « егер істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттаманы әзірлеген органның ( лауазымды адам) әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамның іс әрекетін дұрыс сараламағаны анықталса, судьяның, органның ( лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін өзгертуге және әрекетті ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің өзге бабына ауыстыруға құқықты еместігін назарда ұстаған жөн. Мұндай жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жауаптылыққа тартылған адамның әрекетінде нақты әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бомаса, ӘҚБтК-нің 580 бабабының негізінде қысқартуға жатады.
5. «Жаскайрат» асыл тұқымды қой зауыты ЖШС-і әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті орган Қызылқоға ауданы бойынша салық басқармасының бастығы З. Нұрмашевамен № 000145 іске қабылданған 2011 жылғы 18 қазандағы әкімшілік қаулыны өзгертіп, айыппұлды кемітуге шағым келтіріп, әкімшілік қаулыға шағым келтіру мерзімін қалпіне келтіруге өтініш еткен.

Сот отырысында «Жаскайрат» асыл тұқымды қой зауыты ЖШС-нің өкілі Ш.Байшеркешов - салықты тексеру актке сай хабарламаға келтірілген шағыммен 2012 жылғы 4 қаңтарда қаралған іс бойынша сот шешімімен қосымша құн салығы 449.796 теңгеге кемітіліп, апелляциялық, кассациялық сот алқасында шешім өзгеріссіз қалды, өкіл Аксереноваға 2011 жылғы 18 қазанда тапсырылған әкімшілік қаулыға хабарламамен қатар шағым келтірілмегенін, өйткені, осы іс әрекет үшін хабарламада анықталған соманың пайызына сәйкес жаза қолдану көзделген, сондықтан, хабарлама күшіне енбеген жағдайда қозғалған іске әкімшілік жаза қолдануын істі алдын ала қарап шешім алынған деген тұжырым себеп болғанын, қаулыға шағым келтіру мерзімі дәлелді себеппен өткен деп тануды айтып, шағым беру мерзімін қалпіне келтіріп, қаулыны өзгертіп, айыппұлды кемітуді сұрап айғақ берді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің 636 бабына сай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адаммен осы Кодекстің 635 баптың нормасы сақталып жасалған.

Істің мән жайында «Жаскайрат» ЖШС-нің іс әрекеті ӘҚБтК-нің 209 бабының 1 бөлігімен дұрыс сараланған.

2011 жылғы 18 қазандағы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы құқық бұзушы өкіліне 2011 жылғы 18 қазанда тапсырылғанмен сол кезде шағым келтірілмеген.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 209 бабының 1 бөлігіндегі іс әрекетке салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының проценті мөлшерінде жаза қолдануы көзделген.

Тексеру актпен берілген хабарамаға келтірілген шағыммен Атырау облыстық ауданаралық экономикалық соттың шешімімен қосымша құн салығы 449.283 тенге сомаға кемітіліп, апелляциялық, кассациялық сатыда өзгеріссіз қалған.

Істің осы мән жайында,әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша шешім салық органының хабарламасына жасалған шағымды қараудың нәтижелері ескеріле отырып қабылдануы тиіс деген тұжырым жасау дұрыс болады.

Демек, 2011 жылғы 18 қазандағы қаулыға «Жаскайрат» асыл тұқымды қой зауыты ЖШС-нің шағым келтіру мерзімін сотта істің мән жайы бойынша анықталған және өкілмен жолданған дәлелді себептермен өткізген деп танып қалпіне келтіруге және шағымды қанағаттандырып қаулыны өзгертіп, әкімшілік айыппұлды кемітуге жатады.

Сонда, тексеру актпен хабарлама бойынша анықталған сома қосымша құн салығы 501.283 тенгеден 449.796 тенге сот шешімімен заңсыз деп танылған сома шегеріліп 51.487 тенге құрайды, одан шыққан соманың 30 пайызы 15.446 тенге. Айыппұл есептеуге негіз болған 449.796 тенгенің пайызын алғанда, айыппұл 134939 теңгеге кемітуге жатады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет