Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет1/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65



УДК 657:006

ББК 65.053:30ц

С 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы – 804 бет.

ISBN: 978-601-278-561-6
Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылы Халықаралық Бухгалтерлер Федерацияның (ХБФ) Халықаралық аудит стандарттарының және ақпараттың дұрыстығының расталу Комитетімен (IAASB) ағылшын тiлiнде жарияланып және бұл жинақ 2011 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің қолдауымен "ҚР аудиторлар палатасы" КАҰ-мен қазақ тiлiне аударылып, ХБФ шешімімен қайта жаңғыртылып шығарылады.

ХБФ жинағы бойынша Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағын аудару процессi ХБФ-мен келісіліп және "Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясымен жасалынған аударма жағдайына және стандарттардың жаңғыртылуына" сайкес жүргiзілген болатын. Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының барлық мақұлданылған мәтiні, ол ХБФ ағылшын тілінде жариялаған стандарттар тобының мәтiні болып табылады.

Ағылшын тіліндегі Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы© Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ) 2009 жыл. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақ тіліндегі Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы© Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ) 2011 жыл. Барлық құқықтары қорғалған. "Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы" түпнұсқа атауы - Handbook Of International Standards on Auditing and Quality Control.

ISBN: 978-1-934779-92-7


ББК 65.053:30ц

ISBN: 978-601-278-561-6


Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы

545 Fifth Avenue, 14th Floor

New York, New York 10017 USA
Осы жариялау Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясымен (IFAC, немесе ХБФ) дайындалған.ХБФ міндеті - қоғам мүдделерiне қызмет ету, бүкiл әлемде бухгалтер мамандығының позициясының күшейуiне және әртүрлi елдердiң экономикасының дамуына, биiк кәсiби стандарттарды сақтай отырып өндеуге, бұл стандарттардың халықаралық масштабқа ары қарай жақындауына және пiкiрдiң өрнегiнде биiк кәсiби стандарттардың қоғам мүддесiндегі мамандықтың тiкелей құзырына кiретiн сұрақтары бойынша орындалуына мүмкiндiк туғызу.ХБФ ағылшын тiлiнедегi анықтама туралы негізгі болжамның кез келген түсiнiктерiн қолдайды. Түсiнiктерді жоғарыда айтылған мекенжайға немесе электрондық поштаға жіберуге болады: IAASBpubs@ifac.org.

Осы жариялаудың түпнұсқасы ХБФ веб-сайтына еркiн кіруге болады.



http://www.ifac.org. Мақұлдалған мәтiн ағылшын тiлiне жарияланады.

Copyright © сәуір 2009 жыл. Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ). Барлық құқықтары қорғалған. Осы құжатты сатуға немесе таратуға рұқсат етiлмейдi, тек оқу орындары немесе дербес пайдалану үшiн осы жұмыстың көшiрмесiн алуға болады. Сонымен бiрге әрбiр көшiрмеде келесi мәтiн болуы керек: «Copyright © сәуір 2009 жыл. Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ). Барлық құқықтары қорғалған. ХБФ шешулерімен қолданылған. Осы құжаттың орнын толтыру, сақтау немесе берiлу сұрақтары бойынша келесі мекенжайға кіруінізге болады Permissions@ifac.org». Осы құжатты, кейбiр жағдайларды ескермей, заңда көрсетілген басқа жағдайларда, жаңарту, сақтау немесе берiлу, басқа ұқсас жағдайларда қолдану үшін ХБФ-ның жазбаша рұқсаты берілуі керек. Рұқсат алу сұрақтары бойынша келесі мекенжайға кіруінізге болады Permissions@ifac.org.

ISBN: 978-1-934779-92-7

1Алғысөз/Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы Қазақстан Республикасында аудит ресми жариялауға Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясымен жазбаша рұқсаты бар ұйыммен мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған, елдің заңнамасына қарсы келмейтін, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатынын ескеретінін қарастырады.Осы құқыққа 2000 жылдан бастап Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының нақты мүшесi болып табылатын «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы», кәсiби аудиторлық ұйым толық мәнiнде ие.
Сіздердің назаларыңызға Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясымен ресми рұқсат етілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің қолдауымен «ҚР-ның аудиторлар палатасы» КАҰ –мен аударылған және «ҚР-ның аудиторлар палатасы» КАҰ жарияланған, 2009 жылы шыққан басылым «Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы» қазақ тілінде ұсынылады.
Басылым барлық меншік нысанындағы кәсіпорын аудиторларына, есепшілеріне, басшыларына және басқа да мамандарына, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен шәкірттеріне арналған.
«ҚР-ның аудиторлар палатасы» КАҰ халықаралық аудит стандарттарын аударуға және басып шығаруға атсылысқан адамдарға үлкен алғысын білдіреді.
Келесі басылымдарды дайындау барысында ескеру үшін, барлық оқырмандарды бізге өз ескертулерін берулерін сұраймыз. Барлық түсініктемелер мен ескертудерді «ҚР-ның аудиторлар палатасы» КАҰ мекенжайына жіберулерін сұраймыз:

Казахстан Республикасы, 050036

Алматы қ., 6-ықшамаудан, 56-корпус

тел: +7 (727) 228-57-44, 299-58-79

факс: +7 (727) 228-57-44

e-mail: pa_manager@audit.kz, pa_office@audit.kz

Web-site: http://www.audit.kz


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТ ЖƏНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

2009 ЖЫЛҒЫ БАСЫЛЫМ

Анықтамалықтың қолданылу саласы

Анықтамалық Халықаралық Аудит және Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары Басқармасы (ХААСБ) қайта шығарған Халықаралық Аудит Стандарттарын және Сапаны бақылау бойынша Халықаралық Стандарттарды олардың мөлдірлігін сақтау (Анықтық бойынша жоба) үшін тұжырымдамалайды. Бұл анықтама терминдер глоссарийін және сапаны қадағалау, аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау жəне ілеспелі қызметтер бойынша стандарттарды қамтиды. Мыналар 2009 жылдың 15 қаңтарынан кейін күшіне енеді. Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) туралы қосымша ақпарат қосылған.

Бұл анықтамалық ХБФ-тің Аудит, Ақпараттың Дұрыстығын Растау және Әдеп Мәлімдемелері бойынша Стандарттар Анықтамалығы 2008 жылғы басылымының II бөлімін ауыстырады.

Анықтамалықтың 2008 жылдағы басылымының І бөлімі 2009 жылдың барына қалады. ХААСБ-нің 2008 жылдың 15 қантарында шығарған аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау және ілеспе қызметтер мəлімдемелері туралы ақпараты бар. Аудит мәлімдемелері 2009 жылдың 14 қаңтарына дейін күште қалады; алдағы уақытта бұл анықтамалықтағы мәлімдемелерімен ауыстырылады.


Анықтамалықтың мазмұны:

Анықтамалықтың мазмұны төмендегідей бөлімдерден құрылған:

Анықтамалықтың 2008 жылғы I бөлімі және II бөлімі мазмұнына енгізілген өзгерістер жəне соңғы жетілдірулер..........................................................................1

Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы туралы ақпарат ............................4

Сапаны бақылау, Аудит, Шолу, Басқа Ақпараттың Дұрыстығын Растау және

Ілеспе Қызметтер бойынша Халықаралық Стандарттарға Кіріспе.......................11

Терминдер Глоссарийі ..............................................................................................16

Аудит және Сапаны бақылау бойынша Халықаралық Стандарттары..................41

ХБФ оның жарияланымдарын қайта көшіру және аудару, немесе қайта көшіру үшін жағдай жасайды және оларға көмектеседі. Бұл анықтамалық қайта көшіру және аудару немесе қайта көшіруге мүддесі бар адамдарға арналған permissions@ifac.org мекенжайына келісім шарттары және жағдайлары туралы хабарласыңыз.
2008 жылғы Анықтамалықтың I бөлімі және II бөлімі

мазмұнына енгізілген өзгерістер жəне соңғы жетілдірулер
Сілтемелер

Осы анықтамалықта халықаралық бухгалтерлердің федерациясына (ХБФ) және Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына (ХҚЕС) сілтемелер берілген. Басқа нұсқау болмаса, АХС және ХҚЕС сілтемелері мәлімдемелерді дайындау күні қолданылатын АХС-ына және ХҚЕС-ына енгізілген. Сонымен қатар қарастырылған ХБФ және ХҚЕС бұдан былай шығарған кезде сілтемелер соңғы ХБФ-ына және ХҚЕС-ына берілуі тиіс.

Бұл анақтамалықта «елге» сілтемесі «ел немесе құзырет» ретінде түсіну қажет.

Халықаралық Аудит жəне Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттар Басқармасы шығарған мəлімдемелер

Осы анықтамалық Халықаралық Аудит және Дұрысығын Растау Стандарттар Басқармасының (ХААСБ) аудит және Сапаны бақылау мәлімдемелерінен ұсынылып отыр. Бұл анықтығын жақсарту үшін түзетілген Аудиттің Халықаралық Стандарттарынан (АХС), түзетілген Сапаны Бақылау Халықаралық Стандарттарынан (СБХС), Терминдер Глоссарийінен, 2009 жылдың 15 желтоқсанында күшіне енген Алғы сөзден тұрады.

Бұл анықтамалық ХААСБ 2008 жылдың 01 қаңтарында шығарған тоғыз АХС-тары туралы ақпарат бар Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы Аудит, Ақпараттың Дұрыстығын Растау және Әдептану Мәлімдемелері бойынша халықаралық стандарттары анықтамалыгының 2008 жылғы басылымының II бөлімін ауыстырады.
ИФАК тұжырымдамалықтың 2008 жылдың Басылымының I бөліміндегі өзгерістер

ХБФ Анықтамалығы 2008 жылдың басылымы I бөлімі 2009 заңды күші бар болады. Бұл анықтамалық ХААСБ 2008 жылғы 01 қаңтарында шығарған аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау және ілеспе қызметтер бойынша мәлімдемелерден тұрады. Аудит және Сапаны бақылау бойынша мәлімдемелер 2009 жылғы 14-желтоқсанына дейін заңды күші бар болады. Анықтамалық бухгалтерлерге арналған Халықаралық Әдептану Стандарттары Басқармасы шығарған Кәсіпқой Бухгалтерлер үшін Әдептану Кодексінен ұсынылып отыр. «Кəсіпорынның тəуелсіз аудиторы орындаған аралық қаржылық ақпаратты шолу» Шолуға Аудиторлық тапсырмалары бойынша Халықаралық стандарттың (ШАТХС) 15 және 18 тармақтарына АХС 200 негізделерінде түзету енгізілді, «Тәуелсіз Аудитордың Жалпы Міндеті және Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 2008 жылы Қазан айында шығарылған Түзетулер заңды күшіне 2009 жыл 15 желтоқсанда енген.

Лайықты өзгерістер мына бөлімдегі қосымшаларда көрсетілген. Түзетілген ISRE 2410 Publications/Bookstore деген бөлімде ХБФ-сының http://www.ifac.org веб-сайтында табуға болады.
Кіші кəсіпорынның аудиті бойынша пікірлер

2003 жылдың наурызынан кейін шығарылған АХС-тары үшін, керек болғанда, кіші кəсіпорын аудитін қарастыру сол АХС-тардың негізгі бөліміне енгізілген. Тиісті АХС-тарға өзгерістер күшіне енгенде, 1005, «Кіші кəсіпорын аудиті бойынша ерекше пікірлер» Халықаралық Аудиттік Тəжірибе бойынша есептілігінде (ХАТЕ) берілген нұсқаулар, күшін жояды. Осыған сəйкес, оқырмандарға 1005-ХАТЕ бойынша нұсқаулармен қоса, 2003 жылдың наурызынан кейін шығарылған АХС-тарға енгізілген Кіші кəсіпорын аудиті бойынша ерекше пікірлерге де сілтемелер жасалуы тиіс екендігі ескертіледі.


Анықтық бойынша Жоба

ХААСБ 2009 жылы Наурыз айында анықтығын (Анықтық жобасы) жақсарту үшін АХС-ының және СБХС-ының бәрін егжей-тегжейлеп шолуға 18 айлық ұзақ-мерзімді бағдарлама туралы мәлімдеген. Бұл ерекше жетістіктің нәтижесінде әлемдік аудиторлар 36 жаңартылған және анықталған АХС-тарына және СБХС-тарына кіруге рұқсатты алады. Бұл стандарттар түсінілуі және іске асырылуы, сонымен қатар аударылуын жеңілдету мақсаттарында өнделген. Анықтамалықтағы анықталған стандарттардың бәрі 2009 жылғы 15 желтоқсан күні немесе кейін басталатын кезеңдер ішінде қаржылық есептілік аудиторлары үшін қолданылатын. Анықтық жобасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін ХААСБ-ның Анықтық Орталығының сайтын қараңыз: http://web.ifac.org/clarity-center/index.



2009 жылдың 30 сәуірінен кейін шығарылған ақырғы мəлімдемелер жəне алдын ала жобалар
Соңғы жетілдірулер жөнінде ақпарат алу үшін жəне 2009 жылдың 30 сәуірінен кейін шығарылған ақырғы мəлімдемелер жəне алдын ала жобалар табу үшін Халықаралық Аудит жəне Ақпараттың Дұрыстығын Растау Стандарттары Басқармасының (ХААСБ) сайтын қараңыз: http://www.ifac.org/IAASB/.

Қосымша


Бұл анықтамалықтың қолданушылар үшін ескертпе: ХААСБ 2008 жылғы 01 қаңтарынан кейін шығарылған ШАТХС-ары Аудит, Ақпараттың Дұрыстығын Растау және Әдептану Мәлімдемелері бойынша халықаралық стандарттардың ХБФ-ның анықтамалығы 2008 жылғы басылымының I бөлімінде бар. ХБФ-ның анықтамалығы 2008 жылғы басылымының I бөлімі 2009 бойына заңды күшін сақтайды.


ШАТХС-тарына 2410 «Кəсіпорынның тəуелсіз аудиторы орындаған аралық қаржылық ақпаратты шолу» Шолуға Аудиторлық тапсырмалары бойынша Халықаралық стандартқа (ШАТХС), өзгертулер АХС 200 негізделерінде «Тәуелсіз Аудитордың Жалпы Міндеті және Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу»
15.    Әдетте субъектті және оның ортасын жаңарту, олардың ішінде ішкі бақылауы туралы білгірлікті жаңарту бойынша аудитор орындаған рәсімдері мынадан турады:

• …
• Елеулі қаржылық есептілік пен толассыз маңызы бар болуы мүмкін, мысалы, елеулі кемшіліктер, ішкі бақылаудың шын мәніндегі кемшіліктері бар болуы мүмкін есеп беру жөніндегі мәселелерді қарастыру.




18. Бұл білгірлік аудитордың назарын мынаған аударады: ШКХС-ына сәйкес аралық қаржылық ақпаратты шолу барысында қолданылатын талдау және басқа шолу рәсімдері және табылған анықтамалар. Бұл білгірлік алу бөлігі болып, әдетте аудитор алдағы аудитор туралы сұраныс жібереді және, керек болғанда, алдағы аудитордың кейінгі жылдық аудит құжаттамасын және ағымдағы жылдың алдағы аралық кезіндегі құжаттамасын шолады. Былайша, аудитор түзетілген бұрмаланулар сипаты және алдағы аудитор жинақтаған әрбір түзетілмеген бұрмаланулар, әрбір маңызы бар тәуекелдер, оның ішінде басшылықтың бақылауды елемеу тәуекелі, және тауысылмай маңызы бар бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелерін, мысалға елеулі, мысалға, ішкі бақылаудың елеулі бұрмалаушылықтарын ескеруі керек.



БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ұйым
Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы (БХФ) халықаралық бухгалтерлік кəсіп ұйымы болып табылады. Негізі 1977 жылы салынған ұйым «қоғамдық мүдделерді қорғауды, бухгалтерлік кəсіптің орнын ғаламдық деңгейде күшейтуді жəне кəсіби стандарттарды əзірлеу мен енгізу, осы стандарттарды халықаралық деңгейде қолдануды алға жылжыту жəне кəсіби тəжірибе қажет болатын кезде қоғам мүдделерін қозғайтын мəселелер бойынша шығып сөйлеу жолымен халықаралық экономиканы дамытуға өз үлесін қосуды» өзінің міндеті етіп белгіледі.
БХФ реттеуші органдар, қызметшілер жəне еріктілер адалдық, анықтылықты сақтауға жəне тиісті тəжірибе алуға міндеттенеді. БХФ сонымен қатар кəсіби бухгалтерлердің БХФ Кəсіби Бухгалтерлердің Əдеп Кодексінде бейнеленген принциптерді орындауды міндеттенуге ұмтылады.
Негізгі қызмет

Қоғамдық мүдделерді қорғау

БХФ бухгалтерлік кəсіптің көшбасшысы болып табылады жəне қоғамдық мүдделерді қорғау:


•  Халықаралық кəсіби стандарттарды жəне БХФ Кəсіби Бухгалтерлердің Əдептану Кодексін əзірлеу, алға жылжыту жəне орындау;
•  Кəсіби стандарттардың, атап айтқанда, аудиттің, ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімдердің, əдептану, білім беру жəне қаржылық есептіліктің сақталуын көтермелеу.
•   Аудит пен қаржылық менеджменттің сапа ұдайын жақсарту;
•  Бухгалтерлік кəсіптің біліктілігі жоғары қызметшілерді үнемі тартатынына көз жеткізу мақсатында оның құндылықтарын алға жылжыту;
•   Мүшелік міндеттемелерге сəйкестікті алға жылжыту; жəне

•   Қоғамдық мүдделерді қорғап сөйлеу жəне жоғары сапалы қызмет көрсету жолымен кəсіби міндеттеме алу жолымен аймақтық кəсіби органдармен жəне басқа ұйымдармен ынтымақтаса отырып, экономиканы дамытуға көмектесу жолымен жүзеге асырады.



Халықаралық экономиканың тиімді жұмыс жасауына жарна салу
БХФ халықаралық экономиканың тиімді жұмыс жасауына өз жарнасын:

• Қаржылық есептіліктің сапасы мен сенімділігіне нанымдылықты нығайту;

• (қаржылық жəне қаржылық емес) ұйымдардың жоғары сапалы ақпарат беруін көтермелеу;

• Барлық ғаламдық бухгалтерлік кəсіп мүшелерінің жоғары сапалы қызмет көрсетіуін көтермелеу; жəне

•  Өнеркəсіптік, сауда, мемлекеттік, коммерциялық емес секторлардың, ғылыми қауымдастық, жұртшылық секторының қатысушыларын қоса алғанда барлық бухгалтерлік кəсіп мүшелерінің кəсіби бухгалтерлерге арналған БХФ Əдеп Кодексін сақтауының маңыздылығына көңіл аудару жолымен жүзеге асырады.
Көшбасшылық пен өкілділік

БХФ халықаралық кəсіптің негізгі өкілі болып табылады жəне қоғамдық мүдденің түрлі, əсіресе кəсіби тəжірибе қажет болатын мəселелері бойынша, сонымен қатар аудит жəне қаржылық есептілікке қатысты заңнамалық мəселелер бойынша сөйлейді. Бұған ішінара халықаралық бухгалтерлік ұйымға арқа сүйейтін немесе онда өз мүддесі бар əртүрлі ұйымдармен ынтымақтасу жолымен қол жеткізіледі.


Мүшелік

БХФ мемлекеттік сектордың, өнеркəсіп пен сауданың, жұртшылық жəне білім беру секторының 2,5 миллионнан аса бухгалтерлерін біріктіретін күллі əлемнің 123 елінде 158 мүше ұйымын қамтиды. Əлемдегі кəсіби бухгалтерлік ұйымдардың жəне басқа кəсіби ұйымдардың бірде-бірінің БХФ сияқты халықаралық ауқымы жоқ.

БХФ өзінің халықаралық өкілділігімен ғана емес, адалдық, анықтылықты сақтауы жəне бухгалтерлік кəсіпте лайықты тəжірибеге, аймақтық кəсіби бухгалтерлік ұйымдардың қолдауына ие болуы тиісті өз ұйым - мүшесінің əрқайсысын қолдауымен де күшті.
Стандарттарды əзірлеу бастамалары

БХФ бухгалтерлік кəсіпке бизнестен, мемлекеттік сектор немесе ғылыми қауымдастықтардан шығатын өскелең халықаралық талаптарға сəйкес болу мақсатында бірыңғай тұжырымдамалық негiздiң қажеттілігін мойындауға ұзақ уақытта қол жеткізді. Кəсіби бухгалтерлерге арналған БХФ Əдеп Кодексі, Аудиттің халықаралық стандарттар (АХС), Бухгалтерлік білім берудің халықаралық стандарттары (ББХС) жəне Мемлекеттік Сектордың бухгалтерлік Есепке алудың Халықаралық Стандарттары (МСБЕХС) осы тұжырымдамалық негiздiң компоненттері болып табылады.

Төменде суреттелген БХФ стандарттарды əзірлеу бойынша кеңестері анықтылық пен тиіміділікті сақтай отырып, қоғам мүдделерді қорғайтын стандарттарды əзірлеуді көтермелейді. Бұл стандарттардың əзірлеу бойынша кеңестердің бəрі жұртшылық өкілдерінен тұратын жəне қоғамдық мүдделердің даму үрдістерін зерделейтін Консалтингілік топты құрайды.

БХФ Қоғамдық қызмет жөніндегі комитеті (ҚҚК) - Халықаралық Стандарт Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Келісімдер бойынша Басқармасы, Бухгалтерлерге білім берудің халықаралық стандарттары бойынша басқарма, Бухгалтерлерге арналған əдептанудің халықаралық стандарттары бойынша басқарма жəне бухгалтерлік кəсіпке қатысты Сəйкестік бойынша Консалтингілік топ - Қоғамдық мүдделердің сақталуын қадағалау жөніндегі халықаралық Басқармаға (ҚМСҚБ) бағынады (төменнен қараңыз).

Өкілеттіктердің шеңбері БХФ Басқармаларының стандарттарды əзірлеу бойынша жұмысының барысы мен шараларын БХФ http://www.ifac.org. сайтынан алуға болады.

БХФ Стандарттарды əзірлеу бойынша кеңестері мен Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары Бойынша Кеңес жасаған АХС жəне басқа стандарттардың айырмашылықтарын (қосылуын) жоюды белсенді түрде алға жылжытуда.



Аудиторлық жəне ақпараттың дұрыстығын растау бойынша қызмет көрсетулер

Халықаралық Стандарт Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Басқарма (ХСААДҚБ) аудит жəне тарихи қаржылық есептілікті шолуды қарастыратын келісімдер бойынша АХС жəне халықаралық стандарттарды; ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімдерді қарастыратын, аудит жəне тарихи қаржылық есептілікті шолудан ерекшеленетін Ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімдердің халықаралық стандарттарын əзірледі. ХСААДҚБ сонымен қатар тəжірибе бойынша байланысты ережелерді де əзірлейді. Осы стандарттар мен ережелер күллі əлемде ақпараттың дұрыстығын растау бойынша аудит пен келісімдер үшін негіз болып табылады. Олар стандарттарды белгілейді жəне қаржылық ақпарат бойынша есептерге өсіп келе жатқан жəне өзгеріп тұратын барлық сұраныстарға үн қату мүмкіншілігін бере отырып, аудиторлар мен

басқа кəсіби бухгалтерлерге нұсқаулықты ұсынады, сонымен қатар мамандандырылған салалар бойынша нұсқаулықты ұсынады.

Бұдан басқа, ХСААДҚБ фирмалар мен жоба бойынша жасақтар үшін аудитке, ақпараттың дұрыстығын растау жəне ілеспелі қызметтер бойынша келісімдерге қолдануға болатын сапаны бақылау стандарттарын əзірлейді.


Əдептану

БХФ Бухгалтерлерге арналған Əдептанудың Халықаралық Стандарттары бойынша (бұрынғы Əдептану комитеті) Кеңесі жасаған Бухгалтерлердің Кəсіби Əдептану Кодексі кəсіби бухгалтерлерге арналған əдептану талаптарын белгілейді жəне кəсіби əдептанудың бес іргелі принциптерін сақтау мақсатында кəсіби бухгалтерлерге арналған тұжырымдамалық негiзiн ұсынады. Бұл принциптер - тартымдылық, объективтлік, кəсіби жете білушілік жəне мұқияттылық, құпиялылық, кəсіби мінез-құлық. Тұжырымдамалық негiзге сəйкес барлық кəсіби бухгалтерлер осы іргелі принциптерге қатысты қатерді анықтауы тиіс жəне егер мұндай қатерлер бар болса, принциптердің сақталғанына көз жеткізу мақсатында сақтық шараларын қолдануы тиіс. БХФ ұйым - мүшесі немесе фирмасы Кодексте көрсетілгеннен артық қатал стандарттарды қолдана алмайды.



Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Есеп

БХФ Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Есепке алудың Халықаралық Стандарттары бойынша Кеңесі (МСБЕХС) күллі əлемде мемлекеттік сектор субъектілеріне арналған жоғары сапалы қаржылық есептілік стандарттарын əзірлеуге өз назарын аударады. Ол үкіметтердің жəне мемлекеттік сектордың басқа ұйымдарының қаржылық есептілігіне талаптарды белгілейтін МСБЕХС əзірледі. МСБЕХС мемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептілігі бойынша халықаралық тəжірибенің күшті жақтарын ұсынады. Юрисдикциялардың көпшілігінде МСБЕХС талаптарын қолдану жауаптылық жəне үкіметтер мен олардың агенттіктері дайындаған қаржылық есептіліктің анықтылығын жоғарылатады.

МСБЕХС Мемлекеттік Сектордағы Бухгалтерлік Есепке алу бойынша Халықаралық Жарияланымдардың кітабына енгізілген, 2008 жылғы басылым, (Handbook of International Public Sector Accounting Pronouncements) жəне оларды сонымен қатар БХФ http://www.ifac.org. сайтынан алуға болады. Француз жəне испан тілдеріне МСБЕХС аудармалары бар, оларды БХФ сайтынан тартып көшіруге болады.

Білім беру

Күллі əлемде білім беру бағдарламасын алға жылжыту мақсатында Бухгалтерлік Білім берудің Халықаралық Стандарттары Бойынша Басқарма (ББХСБ) (бұрынғы Білім беру Комитеті) бухгалтерлік кəсіп мүшелеріне білім беру талаптарының негізін белгілейтін Бухгалтерлік Білім берудің Халықаралық Стандарттарын əзірледі. Барлық ұйым мүшелері, кəсіби бухгалтер

кəсіп алуға жəне сонымен қатар кəсіп мүшелерінің кəсіби жағынан тұрақты дамуына арналған білім беру процесін ашатын осы стандарттарды орындауы тиіс. ББХСБ сонымен қатар ұйым мүшелеріне жəне бухгалтерлік есепке алу оқытушыларына көмектесу үшін білім беру процесінде үздік тəжірибені енгізу мен оған қол жеткізу бойынша өзге де нұсқаулықтарды əзірлеуде.

Бұл нұсқаулық БХФ http://www.ifac.org. сайтынан алуға болатын Бухгалтерлік Білім берудің Халықаралық стандарттарын қамтымайды.


Бизнеспен айналысатын кəсіби бухгалтерлерге көмектесу

БХФ жəне оның ұйымдары - мүшелері бизнес секторында жəне өнеркəсіпте, мемлекеттік, білім беру жəне коммерциялық емес секторда жұмыс істейтін бухгалтерлер санының өсіп келе жатқанына орайлас талапты орындау қажеттілігіне кезігуде. Осы бухгалтер ұйым мүшелерінің 50%-дан көбін құрайды. БХФ Комитеті, Бизнеспен айналысатын Кəсіби Бухгалтерлер əртүрлі мəселелерді қарау, бизнес секторымен айналысатын кəсіби бухгалтерлердің көрсететін сапалы қызметтерін көтермелеу кезінде ұйымдағы мүшелерге көмектесу үшін нұсқаулық əзірледі жəне жұртшылықтың олардың орындайтын жұмысын білуі жəне түсінуіне қол жеткізуге ұмтылуда. Комитеттің жұмысы туралы толық ақпарат http://www.ifac.org/paib сайтында алына алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет