171
тӛсенiш қалдықтарын жинау үшiн станса бастығы жүк алушының
сұрауы бойынша қосымша уақыт белгiлей алады. Бұл уақыт жаз
айында 30 минут, ал қыс айында 1 сағаттан аспауы керек.
Егер орнатылған тәртiпке қарай карантин туралы хабарландырылса,
темiр жол бастығы мал мен құсты белгiленген
тәртiпке байланысты
тиеуге және тиеуін шегеру туралы хабар бередi. Жануарлар мен
құстарды басқа жерге жiберуге ҚР АШМ ветеринария мекемесінің
келiсiмi керек.
Жануарлар мен құстарды шетелден алып келу және шетелге шығару
тек қана
белгiленген талаптарға сай, экспортер мемлекеттiң
ветеринариялық мекемелердiң берiлген ветеринариялық құжаттарымен
(ветеринарлық сертификат, ветеринарлық-санитариялық тұжырымдама)
келуi тиiс. Станса бастығы мал мен құстардың келгенi туралы хабар
берген соң, сырттан келген, сыртқа шығатын және транзиттегi мал мен
құсты шекара және кӛлiктегi аумақтық
басқармасының шекаралық
ветеринарлық бекетiнiң ветеринарлық инспекторымен зерттейдi.
Ветеринариялық сертификат жол құжаттарына қосылады.
Тексеру кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәндi жануарлар
мен құстар табылса, ветеринарлық жiберу құжаттарында кӛрсетiлген
мәлiмет дұрыс болмаса немесе бұл құжаттар мүлдем болмаса,
шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринариялық инспекторы станса
және кеден ӛкiлдерiмен бiрге ветеринарлық-санитарлық
ережелердің
бұзылуы туралы Акт жасап, ал мал мен құстарға шекарадағы
ветеринарлық бекеттiң ветеринарлық
инспекторы нұсқауымен
ветеринарлық-санитарлық шаралар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: