Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Алдынғы қарындар гипотониясы мен атониясы



Pdf көрінісі
бет139/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   205
index

Алдынғы қарындар гипотониясы мен атониясы. Мес қарын 
жиырылуының және алдынғы қарындар күшінің тӛмендеуі – 
гипотония және жиырылуының толық жойылуы – атония кӛбінесе мал
қорада ұстаған ірі қара малда, ал ұсақ малдарда аз кездеседі. 
Ағымына қарай біріншілік, екіншілік, жіті және созылмалы болып 
бӛлінеді. Аурудың себептері: азық дұрыс берілмеуі, азық құрамы 
бұзылуы, кӛп мӛлшерде сабан беру, концентраттарды кӛп мӛлшерде 
берген кезде, су аз бергенде, малдың ұстау, бағу ережесі бұзылса
дұрыс моцион жасамау, ұзақ мерзімге тасымалдаған кезде қараңғы 
жерде ұстау т.б. қолайсыз жағдайлар. Екіншілік алдынғы қарындардың 
гипотониясы мен атониясы әр түрлі ішкі хирургиялық, 
гинекологиялық, 
инфекциялық 
және 
инвазиялық 
аурулардың 
патологиялық рефлексінен болады.
Алдынғы қарындар атониясының созылмалы түрі кӛбінесе 
травматикалық ретикулит, перитонит, гепатит әсерінен болады. 
Аурудың біріншілік жіті түрінде дер кезінде дәрігерлік кӛмек 
кӛрсетсе, аурудың себебін анықтаса, 3-5 күн ішінде сауығып кетеді. 
Аурудың екіншілік созылмалы түрі кезінде мес қарынның гипотониясы 
және атониясы аурудың негізгі патогенезіне байланысты. 


256 
Аурудың себебін анықтау үшін 1 тәулік ішінде малға азық бермей, 
суды шектемеу керек, аурудың екінші күнінен бастап диеталық 
азықтандыруға кӛшу керек – ол үшін жақсы сапалы шӛп беріп, жаз 
уақытында жасыл шӛп, жемді мӛлшерлеп беріп, біртіндеп қосқан жӛн. 
Нашар азық жеген кезде болған ауру кезінде мес қарынды ірі 
калибрлі зондпен 1% натрий сульфаты және натрий гидрокарбонат, 
калий перманганаты ерітіндісімен 1:10000 концентрацияда жуу арқылы 
тазалайды, сонымен қатар сол жақ аш бүйірге массаж жасау арқылы 
немесе жұмсарту үшін ішке натрий сульфатын ірі қара малға 400-800,0, 
ұсақ малға 50-100,0 енгізеді, сонымен қатар майсана майын, ӛсімдік 
майын, дезинфекциялаушы заттар – ихтиол, фармалин, лизол енгізеді. 
Интоксикация байқалған кезде ішке 20% глюкоза ерітіндісін 250-300 
мл мӛлшерде, 10% натрий хлорид ерітіндісін 200-300 мл 2-3 тамшы 
кофеин қосып енгізеді. 
Алдынғы қарындардың моторлық қызметін жақсарту үшін 20-30 
минут бойы күніне 2-3 рет, мес қарынға 10-15 минут бойы 3-4 рет 
массаж жасап тұру керек және ультракүлгін сәулемен жарықтандырып, 
мес қарын маңайын соллюкс лампасымен қыздыру керек: ішке қолдану 
үшін ірі қара малға 10-15 мл, қой мен ешкіге 1-4 мл ақ (чемерица) 
дәрішӛп тұндырмасын енгізу және ірі қара малға 20 мл, қой мен ешкіге 
5-10мл жусан және қыша түбір қайнатпасын беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет