жоба
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
|
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында:
-
осы шешімнің 1-қосымшасына Лисаков қаласының аумағында жиналыстар мен митингiлер өткізу орындары белгіленсін;
-
осы шешімнің 2-қосымшасына Лисаков қаласының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу бағыттары белгіленсін.
-
Жергілікті атқарушы органдар жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы арыз түскен кезде бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
-
Лисаков қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 296 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды танылсын.
-
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін кїнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова
-
Мәслихаттың
2016 жылғы «__»___________
№ _____ шешіміне
1-қосымша
|
Лисаков қаласының әкімшілік аумағында
жиналыстар мен митингілер өткізу орны
№ р/с
|
Елді мекеннің атауы
|
Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары
|
1
|
Лисаков қаласы
|
Мир көшесі бойындағы алаң
|
2
|
Лисаков қаласы
|
Верхнетобольский көшесі бойынша «Алтын Омир» спорт кешенінің стадионы
|
3
|
Лисаков қаласы
|
Жастар саябақ аймағының алаңы
|
_______________________
-
Мәслихаттың
2016 жылғы «__»___________
№ _____ шешіміне
2-қосымша
|
Лисаков қаласының аумағында шерулер мен
демонстрациялар өткізу бағыты
№ р/с
|
Шерулер мен демонстрациялар өткізу бағыты
|
1
|
Мир көшесі – Темірбаев көшесі бойындағы алаң (Мир көшесі – Ленин көшесі –бойындағы алаң)
|
2
|
Верхнетобольский көшесінде орналасқан «Алтын Омир» спорт кешені стадионының аумағында
|
3
|
Сәтбаев көшесі - Верхнетобольский көшесі (Сәтбаев көшесі – Комсомольский көшесі – Горняков көшесі – Ленин көшесі - Темірбаев көшесі - Верхнетобольский көшесі)
|
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |