2. Магнийдің сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі. Үш құрғақ сынауыққа магний ұнтағын (микроқалақшаның ұшымен) салыңдар да, әрқайсысына 3-5 тамшыдан тұз, күкірт, азот қышқылдарын қосыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Металдардың кернеу қатарында магний қандай орын алады?
3. Магнийдің көміртек диоксидімен әрекеттесуі. Магний жолағын (3-5 см) зімпара қағазымен тазалаңдар да, қысқыштен ұстай отырып спирт шамымен немесе жанарғы жалында жағыңдар. Оны алдын-ала Кипп аппаратынан алынған көміртек диоксидімен толтырылған көлемі 50 мл химиялық стаканға салыңдар. Магнийдің көміртек диоксидінде жанғанын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Магнийдің ауада жануы. Қысқышпен ұстап магний жолағын (1-2 см) тұтандырыңдар және оны ауада кәрлен табақшасының үстінде жағыңдар. Түзілген затқа бірнеше тамшы концентрлі сілті ерітіндісін құйыңдар. Бөлінген газды абайлап иіскеңдер. Магний ауа құрамының қандай бөліктерімен әрекеттеседі?
ғ 85-жұмыс. Берилий және магний қосылыстары.
Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті!
Қажетті жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 3% берилий сульфаты, 10% аммиак және натрий гидроксиді, 10% тұз және күкірт қышқылдары, спирт шамы, тамшылап құйғы немесе тамшуыр, құйғы, шайғыш шынысауыт, микроскоп, магний хлориді немесе сульфатының 3 % ерітіндісі, 10% аммоний хлориді, аммоний карбонатының қаныққан ерітіндісі, 10% натрий карбонаты, аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісі, 10% натрий ортофосфаты.
|
1. Берилий гидроксидін алу және оның қасиеттері. 4-5 мл берилий сульфатының 3% ерітіндісіне тұнба толық түзілгенше аммиактың 10% ерітіндісін тамшылатып құйыңдар. Берилий гидроксидінің 10% натрий гидроксидінің ерітіндісіне және қышқылдарға әсерін тексеріңдер (сілтінің өте аз мөлшерін пайдаланыңдар). Түзілген берилий гидроксидінің сілтілік ерітіндісін қайнатып, тұнбаға не түсетінін анықтаңдар. Ерітіндіні суытқанда тұнбаның неліктен жойылып кетпейтінін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |