Бейорганикалық химия практикумы


ғ 108 жұмыс. Вольфрам (VІ) қосылыстары



бет170/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 108 жұмыс. Вольфрам (VІ) қосылыстары



Қажетті құралдар және реактивтер: натрий вольфраматының қаныққан ерітіндісі, концентрлі тұз қышқылы, су жылытқысы, 5% натрий вольфраматы, кептіргіш шкаф, муфель пеші, 10% қышқыл және натрий гидроксиді, 5% аммоний вольфраматы.



1. Вольфрам (VІ) оксидінің алынуы және олардың қасиеттері. Қаныққан жылы натрий вольфраматының ерітіндісін тамшылатып қайнап тұрған концентрлі тұз қышқылының екі еселенген немесе үш еселенген көлеміне қосыңдар. Содан кейін қоспаны 1 сағатқа қайнап тұрған су жылытқысына қойыңдар. Сұйықты құйып алып, тұнбаны 5% Nа24 ерітіндісімен декантация әдісімен шайыңдар. Тұнбаны 1200С кептіріп, 6000С қыздырыңдар. Вольфрам (VІ) оксидінің алыну реакциясының теңдеуін жазыңдар. Алынған тұнбаның суға және 10% қышқыл мен натрий гидроксиді ерітіндісіне әсерін анықтаңдар. Вольфрам (VІ) оксидінің сілтілерде еру реакциясының теңдеуін жазыңдар.


2. Вольфрам қышқылы және вольфраматтар. 5 мл 5% натрий вольфраматы ерітіндісіне 2-3 мл концентрлі тұз қышқылын құйып, қайнағанша қыздырыңдар. Одан кейін шайынды сулардың рН-ы 4-5 болғанша тұнбаны сумен шайыңдар. Алынған вольфрам қышқылының Н24(WО32О) 10% қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 109 жұмыс. Уран (VІ) қосылыстары



Қажетті құралдар және реактивтер: стакандар, сынауықтар, уранил нитраты, аммоний сульфидінің ерітіндісі, калий ортофосфатының ерітіндісі, уран нитратының ерітіндісі, электр плитасы, индикаторлар, 10% аммиак ерітіндісі, 10% тұз қышқылы, аммоний карбонатының қаныққан ерітіндісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет