Бекітемін:
«Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ бастығы
__________________________ Ж. Жылбаев
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды аймақтық есепке қою
1. Жалпы ережелер
1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды аймақтық есепке қою – ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды толық және жан-жақты есепке алу және балаларды орналастырудың әртүрлі формаларын – қолданылып жүрген заңнамамен ескерілген, қамқорлыққа беру, патронатты тәрбиелеуге беру, отбасына асырап алуға беру немесе мемлекеттік балалар мекемесіне белгілеуді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылатын процедура.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі жартылай автоматтандырылған.
3. Осы мемлекеттік қызмет 2001 ж. 23 қаңтардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңының, 1998 ж. 17 желтоқсандағы №321-1 «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының және ҚР Үкіметінің 09.09.1999ж. №1346 «Қазақстан Республикасының қорғау және қамқоршылық органдары туралы, патронат туралы Ережені, және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралыларын ұйымд» Қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті «Қарағанды қ. Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді, мекен-жайы Мичурин көшесі, 1/3, 16 каб. (тел. 426985) электрондық мекен-жайы: kazdoz oo @ kazdoz oo.kz
5. Осы қызмет түрін көрсету аяқталған соң, тұтынушы баланың белгіленген үлгідегі сауалнамасын алады, ол облыстық білім департаментіне жіберіледі, департаментте аймақтық есепке алу жүргізіледі және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы аймақтық деректер банкін қалыптастырады.
6. Бұл мемлекеттік қызмет облыстың білім басқармасының уәкілетті органына көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері құрайды:
1) өтінішті тіркеген мерзімнен бастап 30 күн,
2) қажет құжаттарды тапсырғаннан соң, кезек күтудің максимальды уақыты 20 мин құрайды,
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің максимальды уақыты 20 мин құрайды.
8. Бұл мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің осы стандарты бекітілген соң, «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ ақпараттық стендте және ресми сайтта орналастырылады.
10. Осы қызмет түрін көрсететін мамандардың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі 14.00-18.00
Бейсенбі 10.00-17.00
Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жоқ.
11. Осы қызмет түрін көрсететін орындарда құжат үлгілері бар үлдірік (стойка), күтетін орын бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттар мен талаптардың тізімі:
1) Баланың туу туралы куәлігі
2) Ата-анасы туралы мәліметтер
3) Баланың тұратын жері көрсетілген әкімдіктің қаулысы.
13. Өтініштердің түрлері мен басқа үлгілерді «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ, Мичурин көшесі, 1/3, 16 каб. алуға болады.
14. Осы қызмет түрін алу үшін қажет құжаттар «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ қорғау және қамқоршылық жөніндегі бас маманға тапсырылады.
15. Құжаттарды заңды тұлғаға тапсыру кезінде келіп түскен құжатты тіркеу туралы талон беріледі, онда тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты, құжат қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
16. Қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу тәсілі жеке өзі бару (Қалалық білім бөлімі №16 кабинет) және почтамен жеткізу болып табылады. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға мына мекен-жайда орналасқан: Қарағанды қ., Мичурин көшесі, 1/3, 16 каб. тел. 426985.
17. Мемлекеттік қызмет түрін көрсетуді тоқтату немесе бас тарту негізі: қажет құжаттарды ұсынбау.
3. Жұмыс принципі
18. «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ қызметтерді тұтынушыға қатысты сыпайылық, толыққанды ақпарат, сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының уақытында алмаған құжаттарын сақтау туралы ақпаратты қорғау және құпиялылық принциптерін басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапалық пен қол жетерліктің келесі көрсеткіштерімен өлшенеді:
Сапалық пен қол жетерлік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Келесі жылдардағы көрсеткіштің мақсатты мәні
|
Есеп беру жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1. Уақыттылық
|
1.1. Құжат тапсырған уақыттан бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайы % (үлес)
|
100
|
|
|
1.2. Кезекте 40 минуттан көп емес қызмет алуды күткен тұтынушылар % (үлес)
|
100
|
|
|
2. Сапа
|
2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлес)
|
100
|
|
|
Лауазымды тұлғаның дұрыс рәсімдеген құжаттарының % (үлес) жағдайы
|
100
|
|
|
3. Қол жетерлік
|
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат пен сапаға қанағаттанған тұтынушылар % (үлес)
|
90
|
|
|
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші жолы тапсырылған құжаттардың % (үлесі)
|
80
|
|
|
3.3. Интернет арқылы қол жетерлік ақпарат қызметі % (үлес)
|
50
|
|
|
4. Шағымдану процесі
|
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлес)
|
0,1
|
|
|
4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған, негізделген шағымдардың % (үлес)
|
0,1
|
|
|
4.3. Шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлес)
|
95
|
|
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлес)
|
95
|
|
|
5. Сыпайылылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлес)
|
95
|
|
|
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетерлік көрсеткіштерінің мақсатты мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды қ., Мичурин көшесі, 1/3, №1 каб. «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ, тел: 41-50-79, kazdoz oo @ kazdoz oo.kz.
Келушілерді қабылдау: сенбі мен жексенбіден басқа күндері, күн сайын 9.00-ден 18.00 дейін, 13.00-ден 14.00 дейін үзіліс.
Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13, каб. №1. Облыстық білім департаменті. Тел. 421319. Келушілерді қабылдау: сенбі мен жексенбіден басқа күндері, күн сайын 9.00-ден 18.00 дейін, 13.00-ден 14.00 дейін үзіліс.
Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 16. Қарағанды қ. әкімдігі.
Шағымдану тәртібін «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ, №12 каб., тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Нұртаева Баян Сейітбековна түсіндіреді. Телефон 425082.
22. Шағымды «Қарағанды қ. Білім бөлімі» ММ, №1 каб., бастығы Ж.О. Жылбаевтың атына жазылады.
23. Шағымды қабылдағандығын растайтын құжат журналға тіркеу болып табылады. Шағымдар 2007 ж. 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында ескерілген мерзімде қаралады. Шағымның қаралу барысы туралы шағымды қабылдаған мемлекеттік органның телефонынан білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. Қарағанды қ., Мичурин көшесі, 1/3 1 кабинет, «Қарағанды қ. Білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, тел. 415079, электронды почтаның мекен-жайы: kazdoz oo @ kazdoz oo.kz. Келушілерді қабылдау: сейсенбі 16.00-18.00.
Білім бөлімінің басшысы – Жылбаев Жанбол Октябрұлы. мемлекеттік мекемесі ұсынаіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |