«Бекітемін» Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернат директоры



Дата28.11.2019
өлшемі107.58 Kb.
#447590
сырты


«Бекітемін»

Е.Әуелбеков атындағы дарынды

балаларға арналған №4 облыстық

мектеп-интернат директоры:

Б.Абдуллаева___________

«___»________________2019ж
\


«Келісемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары:

А.Саянова___________ «___»________________2019ж

Ә/Б отырысында қаралды:

Хаттама №1

Пән бірлестік жетекшісі:

А. Бегайдаров ________

«___»________________2019ж




КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Пәні: Графика және жобалау

Сыныптары: 10 Ә

Пән мұғалімі: А. Бегайдаров

Оқулықтар: В.Б. Кульбаева, Х.К. Танбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен   бекітілген» Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2013 жылдың 7 қарашасындағы №450 бұйрығына 2-қосымша,7-қосымша, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 тамыздағы №391 бұйрығына 97-қосымша қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 101-қосымша оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның)үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалынған.



2019-2020 оқу жылы













2019-2020 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен   бекітілген» Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2017 жылдың 17 сәуірдегі №213 бұйрығымен бекітілген «Қызылорда облысының білім басқармасының Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі, 1996 жылғы 24 мамыр №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығы «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына   6-қосымша «Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына   2-қосымша «Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлі қызметінің үлгілік қағидалары», «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 88 бұйрығы «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 341 бұйрығы «Мамандандрылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1шілдедегі № 428 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018-жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығына 73-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012-жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 97-қосымша Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018-жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығына 77-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қаршадағы №500 бұйрығына 101-қосымша Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 450 бұйрығына 7-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары, «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен жасалынған.
ТҮСІНІК ХАТ

Қазіргі заманда əлемде ақпарат толассыз ағып жатыр. Ақпараттың ең көп тараған түрлерінің бірі визуалды ақпарат болып табылады. Əртүрлі сипаттағы визуалды графика ауқымды ақпаратты көз алдыңа көрнекі, түсінікті түрде елестетуге мүмкіндік береді. Бағдар алу жəне визуалдау құралдарын қолдана білуі үшін оқушылардың бойында графикалық мəдениет пен функционалдық графикалық сауаттылық қалыптастыру керек.

 

Графикалық мəдениет – бұл графикалық тəсілдер, құралдар, ақпаратты бейнелеу жəне оқу, оны сақтау, жіберу, түрлендіру жəне ғылымда, техникада жəне шығармашылық жұмыстың алуан түрлерінде пайдалану ережелері туралы білімдердің жиынтығы. Графикалық кескіндер байланыс пен ақпарат берудің маңызды құралы болып табылады. Cол себепті жобалық жəне зерттеу шаралары барысында визуалды ақпаратты өндеу жəне кескіндердің, яғни суреттердің синтезін жасау үшін компьютерлік графика құралдары қолданылады, бұл жобалау сапасын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді.



Осыған байланысты, орта білімнің мазмұнын жаңартып, оқушылардың графикалық дайындығын шыңдау үшін жаңа оқу бағдарламасын əзірлеу, яғни «Графика жəне жобалау» пəнін енгізу қажеттігі пайда болды. «Графика жəне жобалау» пəні «Сызу» пəнінің орнын басып, 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы болып табылады. «Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Графика жəне жобалау» қазіргі жаңа талаптарға сай бірнеше оқу пəнінің функцияларын іске асыра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына енеді. Бұл пəн кез келген шығармашылық үдерісте маңызды орын алады, оқушылардың көрнекілік-бейнелік, кеңістік, логикалық, абстрактілі ойлау қабілеті мен эстетикалық талғамын тиімді жəне мақсатты түрде дамытады. Тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытады, политехникалық жəне функционалдық графикалық сауаттылығын арттырады, жобалау-конструкторлық іс-əрекет негіздерімен таныса отырып болашақ кəсібін таңдауда бағыт-бағдар беретін пəннің бірі болып табылады. «Графика жəне жобалау» пəнінің мақсаты, бұл оқушыларды кескіндеу теориясының негізімен, проекциялау əдістері жəне графикалық моделдеу заңдылықтарымен таныстыру, жобалық жəне шығармашылық əрекеттердің дамуына, графикалық мəдениет пен заманауи жəне дəстүрлі графика құралдарын қолдану дағдыларының қалыптасуына игі əсер ету.

Сол себепті пән бойынша оқу бағдарламалары оқушылардың бойында ХХІ ғасырдың жылдам өзгеріп жатқан зияткерлік жəне технологиялық ортасында өмір сүру үшін қажетті дағдыларды игеруіне бағытталған. Яғни оқушылардың көптеген сұрақтарды зерделеуге жəне сын тұрғысынан ойлау, бірлескен жұмыс, ақпаратты өңдеу, проблемалар мен мəселелерді шешу сияқты жоғары деңгейлі дағдыларды өздігінен үйренуіне көмектеседі. Графика жəне жобалау бойынша оқу бағдарламаларында да осы дағдыларды үйренумен қатар, проблема шешуге, бірлескен оқуға жəне зерттеу дағдыларына, сондай-ақ əлемді тану дағдыларына баса назар аударылады. Оқыту тəжірибеге бағдарланып, оқушылардың бұрыннан білетінімен қоса тағы жаңа не жасай алатындағына шоғырланады. Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша оқыту барысында оқушыларда оқу дағдыларымен қатар, ХХІ ғасырда көпмəдениетті қоғамда өмір сүру үшін қажетті қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

«Графика жəне жобалау» пәні бойынша оқу бағдарламалары оқушыларға:

-  зерттеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беруді;

-  ақпаратты сын тұрғысынан, диалог барысында талқылай отырып қабылдауға жетелеуді;

-  өзіндік рефлексия жəне өз бетінше ойлануға ынталандыруды;

-  қазіргі уақытта жəне болашақта оқушылардың алдынан шығуы мүмкін кейбір жаһандық мəселелерді түсінуге жəне зерттеуге ынталандыру арқылы дамытуды көздейді.

Сондай-ақ, жалпы орта білім деңгейінде «Графика жəне жобалау» пəні бойынша оқу мақсаттары сегіз бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Оқу мақсаты əр бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап жəне алдағы уақытта олардың қандай шара қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады.

«Графика жəне жобалау» пəнін оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды проекциялау əдістері, графикалық моделдеу заңдылықтары жəне кескіндеу теориясының негізімен таныстыру, жобалық жəне шығармашылық іс-əрекеттердің дамуына, бұйымды жасау және жобалау кезеңдерін; көрнекі  ақпаратты қол және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу әдістері мен тәсілдерін білe маңызды болып табылады. Сол себепті «Графика жəне жобалау» пəнін ойдағыдай оқыту тікелей мұғалімнің кəсіби тəжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нəтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.

"Графика және жобалау" пәні графикалық бейнелеу және геометриялық-графикалық модельдеу теориясы негіздерін оқытуға, білім алушылардың жобалау бойынша шығармашылықтарын дамытуға, олардың графикалық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған;оқыту пәнінің мазмұнының жиынтығы мынадай бес білім беру түзуімен анықталады: "Ақпараттық жүйелер, әдістер мен тәсілдер және визуализациялау құралдары", "Кескіндер. Графикалық бейнелеудің типтері мен түрлері. Кескіндерді түрлендіру", "Графикалық модельдеу. Түр қалыптастыру. Құрылым жасау. Құрастыру", "Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы", "Компьютерлік (машиналық) графика. Жобалаудың автоматтандырылған жүйесі (ЖАЖС)". «Графика және жобалау» оқу пәні жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандартты деңгейдегі пәндерге жатады және білім алушылардың графикалық және жобалық қызметін қалыптастыруға, олардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Графика және жобалау» оқу пәнінің жалпы білім беру және дамыту функциялары материалдық, жазықтықтағы (қағаздағы) көрінетін объектілер, ал графикалық визуализацияға зияткерлік қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуда, өз қызметінің ұсынылатын (қиялданатын) нәтижелерінің кеңістіктік көрінісі.

Бұл айырмашылық оқушылардың өзіндік құрал, ойлау, таным, іздеу құралы ретінде графикалық бейнелерді құрастырудың әртүрлі тәсілдерін еркін меңгеруі болып табылады, содан кейін ғана ойды (ақпаратты) бекіту және беру құралы ретінде әрекет етеді.

Жобалау қызметінде кестені пайдалану жалпы графикалық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жобалық және графикалық қызметте шығармашылық ойлаудың көптеген негізгі компоненттері қалыптасады: мәселені визуализациялау қабілеті, эвристикалық іздеу тәсілдерін меңгеру, геометриялық-графикалық модельдеу, әртүрлі салалардағы графикалық бейнені түрлендіру.

Білім алушылардың графикалық және жобалық мәдениеті – бұл өз жобалау-зерттеу қызметінде қол (аспаптық) және компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін пайдалану білімі, біліктілігі және дайындығы.

«Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың білім беру мақсаттары жаңа білім беру стандартында күтілетін нәтижелер жүйесі түрінде берілген.

Олар «Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаттарында жалпыланған - графикалық кескіндер теориясының негіздерін оқу және геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру, білім алушылардың жобалау шығармашылық қызметін, олардың графикалық мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

Олар сондай-ақ «Графика және жобалау» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу негізіне алынды.



Оқу бағдарламасын құрастыру кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудың логикасын анықтайтын графикалық іс-әрекеттің негізгі тәсілдері көрсетілген. Олар:

  • бейнелерді репродукциялау (сурет масштабынөзгерту);

  • бейнелерді қайта құру (ішінара бейнелер бойынша объектінің бейнесін қалпынакелтіру);

  • суреттерді түрлендіру (проекциялау әдістерінөзгертумен);

  • бейнелердің түрі мен құрамын өзгерту (бейнелердіауыстыру);

  • заттарды бейнелер бойынша түрлендіру (пішіні мен кеңістіктік орналасуынөзгерту);

  • графикалық модельдеу (графикалық құрастыру,жобалау).





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет