Ақпан
|
Дене шынықтыру
|
- дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
- негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру;
- мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
- қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;
- құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарымқатынас жасауға баулу;
- спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Кеудеге арналған жаттығулар:
- допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;
- солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);
- аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);
- аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жанжаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).
Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.
Жүзу және гидроаэробика элементтері. Суға түсу, жүгіру, ойнау, суда билеу. Жүзуді үйрету (тиісті жағдайлар болған кезде).
|