Бекітемін қР ҚМ Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары А. М. Байғожина


Ұлттық валютада ақша алушының деректемелеріне өзгеріс енгізуге өтінім



бет5/8
Дата03.07.2016
өлшемі6.44 Mb.
#175865
1   2   3   4   5   6   7   8

9. Ұлттық валютада ақша алушының деректемелеріне өзгеріс енгізуге өтінім


І. Бас бухгалтер жүйеге кіруді жүзеге асырып, толтыру үшін Ұлттық валютада ақша алушының деректемелеріне өзгеріс енгізудің электрондық нысанын таңдайды (өтінімнің нысаны Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 63-қосымшасында берілген).

Бас бухгалтер Өтінімді толтырғаннан кейін ЭЦҚ қол қояды. Бас бухгалтер қол қойғаннан кейін Өтінім Жүйеде сақталады және мемлекеттік мекеменің басшысына қол қою үшін қолжетімді болады.


Назар аударыңыз! Егер Өтінімді ROLE27 ролі бар уәкілетті қызметші (есеп бухгалтері) құрса, мұндай пайдаланушының қол қоюға құқығы жоқ.


Жолы: ПБС: Финансовая роль - Получатель денег в нац.валюте

Ұлттық валюта үшін мынадай іздестіру нысаны ашылады:



«Тип поставщика» алабы үндеместік бойынша «Поставщик».


  • «Поставщик» алабы бойынша «Поиск» (лупа) басқан кезде жеткізушіні белгілі бір критерийлер бойынша іздестіруге болатын жеткізушілер бойынша іздестірудің қосымша нысаны көрсетіледі:


Назар аудаыңыз! Бұл нысан ақша алушыларды (жеткізушілерді) ҚБАЖ деректер базасынан іздестіруді жүзеге асырады.


  • Бұл нысанда Жеткізушінің аты, Жеткізушінің сәйкестендіргіші (нөмірі) немесе СТН (БСН) бойынша іздестіру нысанын таңдауға болады.




  • Іздестірудің критериін енгізгеннен кейін іздестірудің шектеулерін толтыру және одан әрі «Перейти» бастырмасын басу қажет.


Ескерту!

Мәннің/сөздің алдындағы «%» белгісі енгізілген мәнге/сөзге аяқталатынның барлығын іздестіру керектігін білдіреді.

Мәннің/сөздің аяғындағы «%» белгісі енгізілген мәнге/сөзге басталатынның барлығын іздестіру керектігін білдіреді.

Мәннің/сөздің алдындағы және аяғындағы «%» белгісі құрамында енгізілген мән/сөз бардың барлығын іздестіру керектігін білдіреді.



Назар аударыңыз! Егер ақша алушы (жеткізуші) ҚБАЖ деректер базасында бар болып, деректерді жаңарту ғана қажет болса, Өтінімнің іс-қимылдарының тізімінде «Обновить» іс-қимылын таңдаңыз .

Таңдалған шектеу бойынша жеткізушілердің тізімі көрсетіледі.





  • Жеткізушіні таңдау қажет болса, «Экспресс-выбор» бастырмасын басу немесе «Выбр.» бағанында жеткізушіні көрсетіп, «Выбр.» бастырмасын басу керек.




  • Іздестіру нысанында таңдалған жеткізуші көрсетіледі:




  • Одан кейін «Тип операции» алабындағы «Обновить» іс-қимылын таңдап, «Создать заявку» бастырмасын басу керек.




  • Өтінімнің ҚБАЖ-дегі жеткізуші туралы жалпы ақпарат бар нысаны көрсетіледі. Ондағы «Информация для обновления» алабына жаңартуға арналған ақпаратты енгізу қажет.



Назар аударыңыз! «Информация в системе» бағанында ҚБАЖ-дегі жабдықтаушы туралы редакцияланбайтын ақпарат болады.

Назар аударыңыз! «Информация для обновления» бағанында талап етілетін өзгерістер алаптарына деректерді толтыру қажет. Барлық алаптар толтыру үшін міндетті болып табылмайды (өзгертілуі тиіс алаптарды ғана толтыру қажет, қалған алаптар бос қалуы тиіс).


  • «Информация для обновления» алабында алаптарға қажетті мәндерді толтырамыз («Общая информация о поставщике (получателе бюджетных средств)» қойындысы).




  • Экономика секторын (КБЕ) таңдау үшін, егер КБЕ мәні (мысалы: 17) белгілі болса, «Сектор экономики (КБЕ)» алабына енгізу, «Tab» немесе «Поиск» (лупа) басу, іздестіруді мәнмен шектеу, «Перейти» бастырмасын басу және қажетті КБЕ мәнін таңдау керек.




  • Елді таңдау үшін елдің атын жазу немесе «Поиск» (лупа) басу, іздестіруді мәнмен шектеу, «Перейти» бастырмасын басу және қажетті Елдің мәнін таңдау қажет:





  • Банк БСК-ін таңдау үшін «Поиск» (лупа) басу, іздестіруді мәнмен шектеу, «Перейти» бастырмасын басу және қажетті банк БСК-нің мәнін таңдау қажет.




  • Жаңартуға арналған ақпаратты таңдағаннан кейін «Сохранить» бастырмасын басу керек:


Одан әрі Өтінім жемісті жаңартылғаны туралы хабар шығарылады:


(Қажет болған жағдайда) қосымша дәлелдейтін құжаттарды тіркеу және қол қою үшін «Дополнительно» қойындысындағы «Добавить файл» бастырмасына басу керек (Құжаттарды тіркеу және қол қою тетігі «Пайдаланушының нұсқаулығы. Құжаттарға ЭЦҚ қол қою» құжатының 4.1 және 3-бөлімдерінде сәйкесінше сипатталған):




  • Бұдан әрі «Сформировать заявку» пернесін басу қажет







  • Қалыптастырылған файлды таңдаған кезде «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 63-қосымшасына сәйкес PDF форматындағы «Заявка на внесение изменений реквизитов получателя денег» ашылады.





  • Осыдан кейін осы Өтінімге қол қою қажет (құжаттарға қол қою тетігі «Пайдаланушының нұсқаулығы. Құжаттарға ЭЦҚ қол қою» құжатының 3-бөлімінде сипатталған)





  • Бұдан әрі «Отправить» пернесін басу керек


Жүйе құжатқа «На утверждении» мәртебесін тағайындап, келесі бекітушіге тиісті хабарламаны жібереді.


Осылайша, Бас бухгалтер Ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімді ММ Басшысына жібереді.
Ескерту! Өтінімді бекіту немесе бас тарту туралы хабарлама осы Өтінімді жүргізуге қатысушылардың барлығына жіберіледі.
Өтінімді жою қажет болған жағдайда:

  • Егер белгілі бір себептермен Өтінімді құруды немесе жаңартуды жалғастыруға қажеттілік туындамай қалса, «Удалить» пернесіне басу қажет.




  • Жүйе Өтінімді жою жөніндегі ескерту хабарламасын шығарады:

Өтінімді жоюды қуаттау немесе бас тарту үшін ұсынылатын нұсқалардың біреуін таңдау қажет:



ІІ. Мемлекеттік мекеменің басшысы Жүйеге кіріп, қол қою үшін дайындалған Өтінімді таңдайды. Келісімдеген жағдайда басшы ЭЦҚ қойып, Өтінімді АҚБ-ға жібереді. Өтінімге «на обработке ТПК» деген мәртебе тағайындалады. Келіспеген жағдайда бас тартудың себебін көрсете отырып, Өтінімнен бас тартады. Өтінімге «Отклонен» мәртебесі тағайындалады.
Жолы: Рабочий список.


  • Өтінімді бекіту туралы хабарламаны табу және «Тема» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет





  • Бұдан әрі хабарлама нысаны ашылады:



  • Ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімді көру үшін «Ссылка на документ» сілтемесіне басу керек, жөнелтілген Өтінім ашылады.




Өтінімді бекіту қажет болған жағдайдағы іс-қимылдар:

Назар аударыңыз! ММ басшысы құжатқа өзгерістер енгізе алмайды. ММ басшысы тек қана құжатты бекіте немесе бас тарта алады.


  • Ақша алушының деректемелеріне өзгеріс енгізу жөніндегі өтінімге қол қою қажет (құжаттарға қол қою тетігі «Пайдаланушының нұсқаулығы. Құжаттарға ЭЦҚ қол қою» құжатының 3-бөлімінде сипатталған)




Назар аударыңыз! Құжатқа қол қоймас бұрын, ММ басшысы келіп түскен құжаттардың деректерін тексеруі тиіс.
Одан әрі Өтінімді бекіту қажет. Ол үшін көрсетілетін беттегі «сведения об уведомлении» бастырмасын (егер браузер бөлек терезеде ашылса, қол қою терезесінен шығып, хабарлама терезесіне оралу керек) басу керек.




  • Одан әрі хабарлама нысаны көрсетіледі:




  • Одан кейін хабарламада «Утвердить» бастырмасын басыңыз:


Бекіткен кезде құжатта ЭЦҚ қолдың болуына тексеру орындалады.

ЭЦҚ болмаған жағдайда қателік туралы тиісті хабар беріледі.



«Утвердить» бастырмасын басқаннан кейін Жүйе Өтінімге «На обработке ТПК» мәртебесін тағайындайды.


Өтінімнен бас тарту қажет болған жағдайдағы іс-қимылдар:
Бұдан әрі Өтінімнен бас тарту қажет. Ол үшін көрсетілетін беттегі «Сведения об уведомлении» бастырмасын (егер браузер бөлек терезеде ашылса, қол қою терезесінен шығып, хабарлама терезесіне оралу керек) басу керек.




  • Бұдан әрі хабарламаның нысаны көрсетіледі:




  • «Примечание утверждающего» алабында бас тартудың себебін толтыру қажет:




  • Бұдан әрі хабарламадағы «Отклонить» бастырмасын басу керек.


Бас тарту кезінде бас тартудың себебін толтыруға тексеру орындалады. Қателік туралы тиісті хабар шығарылады. Мысалы:


Егер құжаттан бас тартылса, бас тартудың себебі іздестіру нысанындағы тиісті алапта көрсетіледі де, құжат «Отклонен» мәртебесін алады.
Ескерту! Өтінімді бекіту немесе бас тарту туралы хабарлама осы өтінімді жүргізуге қатысушылардың барлығына жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет