Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2013 ж



Дата26.06.2016
өлшемі77.97 Kb.
#159403
Бекітемін

ҰТО директоры

________________ Қ.C.Әбдиев

2013 ж. «_____»___________

«Аналитикалық химия» пәні бойынша

«5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

«5В072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандықтарына арналған

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестке «Аналитикалық химия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Сандық талдау

Сандық анализдеу әдістері және классификациясы. Аналитикалық химияның міндеттері және әдістері. Химиялық, физикалық және физика-химиялық талдау әдістері туралы түсінік. Сандық талдаудың принциптері. Сандық талдаудың маңызы және оның даму келешегі. Сандық талдаудың жіктелуі, әдістері: химиялық, физикалық, физика-химиялық.

Өлшеу арқылы алынған сандарды математикалық өндеу. Алынған сандардың туралығы және қайтфмдылығы. Рационалды есептеу ережесі және таза, қолданбалы химия халықаралық одағы бекіткен ереже бойынша эксперимент арқылы алынған сандарды статистика әдісі бойынша өндеу.


2

2

Химиялық талдау әдістері

Гравиметриялық (өлшеу) талдау. Өлшеу талдауының қағидасы. Талдау әдістерінің жіктелуі. Аз еритін қосылыстардың тұнбалы теориясының негіздері. Ерігіштік көбейтіндісінің ережесі және оны химиялық талдауда қолдану, тұнбаның ерігіштігіне әсер ететін факторлар: тұздардың әсері, біраттас иондардың болуы, тотығу-тотықсыздану процестері, комплекстүзгіштік. Тұнбалық және өлшемдік пішіні, оларға қойылатын талаптар.Кристалды және аморфты тұнбалар, тұнбаға түсу жағдайлары. Тұнба алынған кезде жүретін коагуляциялық және пептизациялық процестер. Аналитикалық химиядағы коллоидты ерітінділер түзілудің жағымды және жағымсыз жақтары. Тұнбаларды ластануға әкелетін процесстер. Өлшемді талдауда органикалық тұнба түсіргіш заттарды қолдану. Өлшемді талдаудың ерекшеліктері және кемшіліктері. Гравиметриялық талдаудың жұмыс техникасы және есептеулері. Қателіктің көздері және одан құтылудың жолдары.



4

3

Титриметриялық талдау әдісі

Титриметриялық талдаудың негізі. Титриметриялық талдауда қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар. Титрлеудің тәсілдері: тура, керсінше, орын басу. Көлемді талдау тәсілдерінің түрлері. Титриметриялық талдаудың әдістері. Көлемді талдауды жүргізу үшін керекті жағдайлар. Көлемді талдаудағы ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын анықтау әдістері. Титриметриялық талдаудағы есептеулер.

Қышқылды-негізді көлемді талдау.

Қышқылдар, сілтілер, рН есептеу күштері. Буферлі ерітінділер, олардың химиялық талдауда алатын орыны, рН есептеу, Тұздардың гидролизі, рН есептеу. Аналитикалық химияда гидролиз құбылысын қолдану.

Қышқылды-негізді титрлеу әдісінің сипаттамасы. Жұмысшы ерітінді және анықтайтын заттар. Эквивалентті нүктені анықтау. Қышқылды-негізді индикаторлар. Индикатордың көрсеткіші, бояудың ауысу аралығы. Араласқан және универсалды индикаторлар. Күшті және әлсіз бірнегізді қышқылдармен сілтілердің титрлеу диаграммалары, оларды индикаторды таңдағанда қолдану. Индикатор жіберетін қателіктер, оларды есептеу. Көпнегізді қышқылдар мен сілтілерді, қышқыл тұздарды, әлсіз қышқылдар мен сілтілердің тұздарын титрлеу. Теориялық және эксперименталды түрде алынған рН, сулы емес ерітінділерді титрлеу. Электролит ерітінділері мен электролит емес ерітінділерге массалар әрекеттесу заңын қолдану. Қышқылды-негізді титрлеуді тамақ өндірісінің технологиялық процестерін бақылау үшін қолдану.

Тұнбаға түсіру әдісімен титрлеу

Көлемді талдаудың тұнба түсіру тәсілі. Тұнба түсіру тәсілдерінің сипаттамасы: аргенто-, меркуро-, роданометрия. Титрлеу диаграммасының түріне әсер ететін факторлар. Эквивалент нүктесін анықтау. Титрантпен түсті тұнба, түсті комплекс түзетін индикаторлар. Адсорбциялық индикаторлар, олардың әсер ету механизмі.

Комплексометрлік титрлеу. Әдістің негізі.

Комплексонометриядағы титрлейтін реагенттер. Комплексондардың метал иондармен комплексі – құрамы, құрылысы. Металл-индикаторлар, олардың әсер ету принципі. Катиондар мен аниондарды комплексонометрия әдісімен анықтау және оны басқа әдістермен салыстыру.

Тотығу-тотықсыздануды титрлеу

Редоксиметрияның принципі. Редоксиметрия әдістерінің түрлері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына (ТТР) әртүрлі факторлардың әсері. Тотығу-тотықсыздану потенциалы және оның әртүрлі факторларға байланыстылығы. ТТР-дың бағыты, ТТР-дың жылдамдығы және олардың заттың концентрациясына, температураға, орта рН-на, катализаторға байланыстылығы. Күрделі және индукциялық реакциялар.

Тотығу-тотықсыздану тәсілі бойынша титрленген диаграммалар. Тотығу-тотықсыздану индикаторлары және теориялық негізі.

Тотықтырғыштарды, тотықсыздандырғыштарды және оларға жатпайтын заттарды анықтау.

Перманганатометрия және йодометрия – отоығу-тотықсыздану тәсілдері. Металдардың сипаттамасы. Перманганатты, йодты, тиосульфатты ерітінділерді әзірлеу және сақтау. Осы әдістерді қолданатын белгілі заттар және оларға қойылатын талаптар.

Крахмал-индикатор және оның әсер ету механизмі. Йодометриялық анықтаға ерітінді рН-ның әсері. Перманганатометрия және йодометрия әдістерімен заттарды анықтау.


5




4

Физика-химиялық талдау әдісі

Физика-химиялық талдау әдістерінің ерекшеліктері.

Аналитикалық сигналды өлщеудің тура және жанама жолдары. Заттардың мөлшерін анықтайтын әртүрлі әдістер: диаграммалық тәсілдер, молекулярлық қасиеттері, қоспалар.

Физика-химиялық талдау әдістерінің түрлері. Спектралды тәсілдер туралы түсінік. Эмиссиялық, рентген, ИК-спектроскопия, спектрофотометрия, фотометрия, люминесценті талдау.

Физика-химиялық әдістің химиялық әдіспен салыстырғандағы ерекшеліктер мен кемшіліктері.


2

5

Оптикалық (спектрлік) талдау әдістері

Адсорбциялық спектроскопия. Әдістің теориялық негізі. Сіңіру спектрлері. Жарық сәулесін сіңіру заңдары және оларды абсорбция спектроскопиясында қолдану. Ерітінділердің оптикалық тығыздылығы. Бугер-Ламберт-Бер заңы. Жарық сіңіру заңынан ауытқу. Спектрдің көрінетін және ультрафиолет жағы абсорбцитялық талдаудың сапалық және сандық негізі.

Нефелометрия және турбидиметрия. Тәсілдің теориялық негіздері. Оларды сапалық анықтау мақсаттарына қолдану.

Рефрактометриялық тәсіл теориясы. Заттың сыну көрсеткіші және олардың әртүрлі факторларға байланыстылығы. Рефрактометриялық талдаудың тәжірбиесі.

Поляриметриялық талдау. Әдістің теориялық негіздері. Заттың оптикалық активтілігі. Поляриметриялық зерттеу схемасы. Қатты заттардың поляриметриялық талдау практикасы.


4

6

Электрохимиялық талдау әдістері. Потенциометрия.

Әдістің теориялық негіздері. Потенциометриялық титрлеу.

Индикатор электродтары, салыстырмалы электродтар.

Протолиттерді потенциометриялық титрлеу, тұнба түсіру арқылы титрлеу, рН-ты потенциометриялық әдіспен анықтау. Потенциометриялық титрлеу диаграммасын есептеу үшін ЭЕМ қолдану.

Электроталдау. Тәсілдің теориялық негіздері. Фарадей заңы. Бөлшектену кернеуі. Кернеудің ұлғаюы.

Электродтың электрохимиялық, химиялық, конценртациялық поляризациясы. Поляризациялық қисықтар.

Ток бойынша шығыс. Электроанализдің түрлері - электрогравиметрия, кулонометрия.

Полярография. Тәсілдің теориялық негіздері. Илькович теңдеуі. Полярографиядағы электродтар. Волтампер талдауының қисығы. Амперометриялық титрлеу. Титрлеудің соңын анықтау. Амперометриялық титрлеудің қондырғылары.

Кондуктометрия. Тәсілдің теориялық негіздері. Кондуктометриялық титрлеу. Электроөткізгіштікке әртүрлі факторлардың әсері. Кондуктометриялық титрлеудің қисықтары. Кондуктометриялық титрлеуде қолданылатын әртүрлі реакциялардың түрлері.


6

7

Хроматографиялық талдау әдістері

Тәсілдің теориялық негізі. а) агрегаттық жағдайы, б) бөліну механизмі және в) процесті жүргізу формасы бойынша жіктеліуі. Хроматография тәсілдерін қолдану. Әртүрлі хроматографияда қолданылатын сорбенттер, алып жүруші еріткіштер, анықтағыштар. Газды хроматография. (газсұйықтық және газадсорбционды). Газды хроматографиядағы адсорбенттер, алып жүргіштер, сұйық фазалар. Хроматографиядағы сапалық және сандық талдау. Газды хроматография және талдауды орындау техникасы.



2




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25




  1. Тапсырма мазмұнының сипатамасы:

Тест тапсырмалары тамақ жүйелерін талдаудың химиялық және физикалық-химиялық әдістерінің негіздері туралы студенттердің білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет