Бекітемін
ҰТО директоры
_______________К.C.Абдиев
«______»_____________2015 ж.
«5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған
«Бейорганикалық заттардың химиясы мен технологиясы»
пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестіге «Бейорганикалық заттардың химиясы мен технологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Бейорганикалық заттар технологиясындағы негізгі өндірістік және синтез газдары. Ауаны терең мүздату және басқа тәсілдермен құрамына бөлу. Ауадан азотты, оттегіні және сирек газдарды бөліп алудың басты принциптері мен эффективті технологиясының үлгілерін жасау. Сутекті өндірудің жолдары: отындарды газификациялау; көмісутектердің конверсиясы, өндірістік газдар қоспасынан бөлу, суды электр -термохимиялық жіктеу.
|
1
|
2
|
Азот өндірісінің маңызы. Азот құрамдас заттар мен материалдардың пайдалану аймақтары. Синтетикалық аммиакты өндірудің қазіргі жолдары. Табиғи газды тазалау мен су буы және ауамен конверциялау. Азотсутек қоспасын өндірудің басты технологиялық үлгілері. Аммиакты азот пен сутектен алудың физика-химиялық негізі. Аммиак синтезінің катализаторлары. Процестің оптималды жағдайларын таңдау. Аммиак синтездеудің энерготехнологиялық және ресурсты үнемдеу үлгілерін жасау
|
2
|
3
|
Сұйытылған және концентрлі азот қышқылын өндірудің технологиясы. Процестің оптималды жағдайларын таңдау. Өндірістің қазіргі технологиялық үлгілері
Хлор қышқылының алудың технологиясы, физика-химиялық негіздері.Уландырғыш ерітінділерден хлорсутекті қалыпқа келтіру. Технологиялық үлгілері мен оларды жетілдіру перспективалары.
|
2
|
4
|
Фтор қосылыстары, физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Шикізаты. Фторсутек пен балқытқыш қышқыл: балқытқыш шпаттың және басқа фторсутектер ыдырауы; фторсутектің абсорбциясы мен конденсациясы;. Өндірістік фторқұрамдас газдар және оларды ұстаудың тәсілдері. Қалдық газдардан фторлы тұздарды алу.
|
2
|
5
|
Күкірт қышқылының маңызы және оны өндіру масштабы. Өндірісті орналастыру принципі. Шикізат түрлері: күкірт, колчедан, сульфиттер, күкіртті сутек, сульфаттар, өндірістің күкіртқұрамдас қалдық газдары. Шикізатты күйдірудің физико-химиялық негізі мен кинетикасы. Күкіртті газдарды өндірудің технологиясы. Күйдіру газының жылуын пайдалану. Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері. Күйдіру газын тазалау мен кептіру. Күкірт диоксидін контактты тотықтыру. Тотығудың оптималды режимін және технологиясын таңдау
|
2
|
6
|
Фосфордың оттегі құрамды қышқылдары. Ортофосфор қышқылының физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Фосфор қышқылын алу әдістері. Фосфор қышқылын экстракциялық әдіспен алудың физика-химиялық негіздері.Дигидраттық , гемигидраттық және ангидритті алу тәсілдері. Экстракциялық фосфор қышқылын алудың құрамдандырыдған әдістері. Оларды дамыту перспективалары.
|
2
|
7
|
Кальций фосфаттарынан фосфорды айдаудың теориялық негізі.Фосфаттардан фосфорды электрлі айдау арқылы өндіру; технологиялық көрсеткіштері, шығындық коэффициенттері өндіріс қалдықтары, оларды пайдаға асыру.
|
2
|
8
|
Фосфор қышқылын термиялық жолмен өндіру.Үрдістің физика-химиялық негіздері, технологиялық үлгілері, оларды жетілдіру перспективалары
|
3
|
9
|
Бейорганикалық сілтілер, оларды қолдану. Каустикалық соданы өндіру тәсілдері. Каустикалық соданы
химиялық және электрохимиялық тәсілмен өндіру. Күйдіргіш калий. Физика-химиялық қасиеттері, қолдануы, шикізаттары.Негізгі өндірістік алу тәсілдері, үрдістері мен аппараттары. Сілтілерді алудың басқа тәсілдері.
|
3
|
10
|
Құрамында натрийі бар табиғи тұздар. Натрийлі тұздарды өндіру және өңдеу.Қақталған соданы өндіру тәсілдері.Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу . Өндірістің негізгі сатылары.Өндірісті үдемелеу жолдары.Сода өндірісі қалдықтарын пайдалану. Тағамдық сода технологиясы.Қасиеттері, қолдануы, қоспалардан тазарту.натрий гидрокарбонатын өндірудің негізгі сатылары.
|
3
|
11
|
Натрий фосфаты түрлемдері және түрлері.Қолдануы, құрамы, физика-химиялық қасиеттері.Натрий үшкөпфосфатының технологиясы, өндіру тәсілдері, өндірістің негізгі сатылары, технологиялық үлгілері және оларды жетілдіру перспективалары. Моно-, ди-,үш және натрий пирофосфатының технологиялары ,олардың қолданылуы, өндіру тәсілдері.
Натрий ортофосфаты тұздарын өндірудің негізгі сатылары.Реактивті фосфор тұздары технологиясы.
|
3
|
|
Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары қышқылдар, сілтілер, тұздардың физика-химиялық қасиеттері, алу технологияларын анықтайды.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |