Бекторының қазынасы



Дата18.04.2024
өлшемі16.34 Kb.
#499141
7-күн тапсырмасы




7-күн тапсырмасы


Тапсырма. Сыни мақала жазудың қадамдарын басшылыққа алып, Т.Әсемқұловтың “Бекторының қазынасы” әңгімесі бойынша сыни мақала жазыңыздар.
Сыни мақала жазу қадамдары:
Сөз басы
•Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру.
•Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау.
•Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау. Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды?
Негізгі сөз
•Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.
•Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы).
•Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану.
Сөз соңы
•Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады?

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі өткен жылдың құйрықты жұлдызындай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айызын бір қандырып, қапысыз бабамұратты бағзы заманның шежіресіне қанық еткенді. Себебі, әңгіме өрісі кең, қазақтың дегдарлығын паш етеді, кей тұста ел мен жердің аңысын аңдығандай географиялық әужайға қанықтырып қояды деп ойлаймын. Сондықтан да, жазушының жұрнақ пен жалғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күрделі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қайтара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, маған Айгүл Кемелбаева идеяны қиялдан өрмей, тарихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шынайы ұқтырмақ болғандай. Дегенмен, Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілгени мәселенің маңыздылығы қандай?


Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады. Жылқышы ата түрк пен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. Дәлел ретінде осы үзіндіні келтіре аламын:«Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпеннен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді».
Қазаққа өз болмысынан аттау ардан аттаумен бірдей. Арды жоғалту-өліммен тең. Жазушыдағы қазақы кемеңгерлік-көкірегі қазына қариялардың көзімен беріледі. Өйткені, бабамұратты дана дәстүрлер көнекөздермен аттанып кеткендей ме екен?! Алты бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қашырмақ болады. Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға "Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмірдің түк мәні жоқ. Өмір мен өлім деген не тәйірі!»-деп қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді деп ойлаймын. Бірақ, ши екеш ши де тамырынан ажырауға құлықсыз.Ал санасы бодау ұрпақ тамырынан оңай ажырауға неге бейіл?
Қаламгердің әңгімесінің идеялық, көркемдік критерийлері құбажондасып, шұрайлы баянмен оқиға желісін кино түсіргендей бейнелеп, идеялық маңызын әлемдік әдебиеттердің ішін сүзіп шыққандай астарлап өреді. Әр сөзінің құнары мен жұпарын төгіп, қылаудай артық эмоцияға берілмей, аса кең жүрекпен баяндауға көшкенде бауырыңды жаза түсіп, суреткермен бірге қаның қызады. Аспан мен жердің, жан жануар мен тіршіліктің ділін ұққан, қабырғасымен кеңесіп, әр демі мен дірілін аңдап басатын аңғарымпаз қазақтың тыңшылығын, епшілдігін, түздің қарадүрсін майданына бой үйреткен жаугершілігін, жылқы десе жан беретін әуейілігіне сүйсіне түсесің.
Шығармада құлдық қамыт еркіндікте емес, құлдық – санада дегісі келеді. Себебі, бір рет бодан болған сана, еркіндіктікте де бодау, екінші ретте бас шұлғып кете береді деп қазақ баласы үшін қылп еткен жазушының жан айқайын байқайсың.Жазушы шебер шендестірген – еркіндік пен құлдық, сұлулық пен жабайылық ұғымдары салғастырыла көрсетіледі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет