Екі күннен кейін Ана үйрек борсық ініне тағы келді. Борсықты
балаларымен бірге қонаққа шақыратынын айтты.
– Жарайды, – деген Ата борсық, сол күні балаларын ертіп кӛлге келді.
Үйректің айтқан жеріндегі ұясын да тез тапты. Қалың қамыс тоғайының іші
екен. Үйрек байғұс барын салып күтініпті. Су бетіне дастархан етіп қалқыма
түйе жапырақтарды жайып, оның үстін неше түрлі дәм-тұзбен толтырыпты.
Су асты шаяндары мен балдырлары дейсіз бе? Неше түрлі шӛп тамырлары
мен жемістері дейсіз бе, бәрі бар.
– Қош келдіңіздер! – деп Үйрек күтіп алды. Дастарханға шақырып, ӛз
балаларын борсық балаларымен таныстырып, лезде бәрі шұғырласып мәре-
сәре болысты.
– Қане, қонақтар, дастарқандағы дәмге қараңыздар. Сіздердің не сүйіп
жейтіңдеріңізді білмедік. Кемшілік болса, кешіріңіздер, – деп Үйрек ұялған
болып жатыр.
–
Қысылатын ештеңе жоқ! – деді Ата борсық. – Бәрі жақсы. Ал
біз нені сүйіп жейтінімізді мен қазір кӛрсетейін, – деді де су астына сүңгіп
кетіп, лезде бір бума тәтті қамыс борықтарын алып шықты.
– Біздің балалар осыны жақсы кӛреді.
Бұған борсық балалары мәз болып тәтті борыққа таласа жармасты.
Тамақтан соң борсық балалары мен үйрек балапандары қосылып қызықты
ойынға кірісті. Үйрек балапандары бірде қатар түзіп,
бірде су сабалап
бірін-бірі қуысып, су бетінде неше түрлі ӛрнек сызып билейді екен. Борсық
балалары да олардан қалыспай суда жақсы жүзетін болып шықты. Суға
сүңгіп ана тұстан бір, мына тұстан бір шығып олар да мәз. Енді бірде үйрек
балапандары қанаттарымен су сабалап борсық балапандарына су шашып
қаша жӛнеледі, ал борсық балалары су астына шым-шым сүңгіп кетіп,
үйрек балапандарының қарсы алдынан бірақ шығады. Шу-шу еткен үйрек
балапандары борсық балапандарын тағыда суға кӛміп, жалтара кері қашады.
Бұларды сырттай қызықтаған Ата борсық пен Ана үйрек бір кезде:
– Ал, балалар жетер енді. Енді бізге ән салыңдар. Біздің ән тыңдағымыз
келіп отыр, –деді.
–
Ән дейсіз бе? – деді үйрек балапандары. – Біз ән айтқанды сондай
жақсы кӛреміз.
Сӛйтіп қатар тұрып ап, «пип-пип!, пип-пип!» деп сырнайлатып неше
түрлі ғажап бір әуендерге басты деңіз. Оған борсық балалары да қарап
тұрмай әр жерінде «ге-ге!» «гук-гук!» деп ӛз әлдерінше қосылған болады.
Кенет: – Жаса, балапандар!. Жасасын әнші балдырғандар! –
деген
қарлығыңқы дауыс шықты.
Ата борсық жалт қарап еді, мұны айтып тұрған кәрі Ата қаз екен.
Ал айнала болса әнші балапандарды тамашалап, қол соғып тұрған үйрек-
қаздарға толып кетіпті...
–
Жасасын, ӛнерлі жастарымыз!. Су үстінің бейбіт ӛмірі жасасын!,
–деді тағы біреу.
Мұны естіп Ата борсық шыдап тұра алмады.
–
Жасасын, аң -құстардын бірлігі! Балаларымыздың шатты күлкісі
бұзылмасын!. Осындай шуақты күндеріміз кӛп болсын ағайын! – деп айқай
салды.
Сол ақ екен, – Жасасын, ұлы достық! Бейбіт ӛмір! –
деп шуласа
9
жамырасқан тұрғындардың зор дауысы кӛл үстін тербетіп жіберді. Бұған
марқая түскен Ата борсық бір сәт ойланып тұрды да, – Ал, енді біз қайтамыз,
қонақ етіп шақырғаныңа рахмет! – деді Ана үйрекке. – Күн кешкіріп
қалыпты. Тұрағымызға жетіп алайық.
– Иә, амандықпен жүздесейік. Кӛрдіңіздер ғой, келіп тұрыңыздар! –
деді Ана үйрек.
– Жоқ, ендігі кезек сіздердікі, сіздер барыңыздар.
– Жарайды, бұйрық болса барармыз! – деді Ана үйрек. – Сау болыңыз.
–
Иә, сау болыңдар. Қане, кеттік, балалар! – деген Ата борсық Ана
үйректің қолын алып, артына қарай-қарай мекеніне қарап жол тартты.
Достарыңызбен бөлісу: