Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Технологиялық үрдістерді



бет4/6
Дата19.06.2016
өлшемі276 Kb.
#147586
1   2   3   4   5   6

2-параграф. Технологиялық үрдістерді

130. Бериллий өндірісіндегі технологиялық және барлық қосымша жұмыстар технологиялық нұсқаудың, қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі нұсқаудың және әрбір мамандық үшін жұмыстық нұсқаудың, жабдықтарды жөндеу және тазалау жөніндегі нұсқаудың, карталар немесе техникалық регламенттің негізінде жүргізіледі.

131. Технологиялық үрдістердің апаратттық сұлбалары барлық операцияларда барынша тығыздалып жабылады. Ерітінді ағатын, газ және шаң бөлінетін жабдықтарды пайдалануға рұқсаттама берілмейді.

132. Шаң және тозаң бөле жүретін өндірістік операциялар барынша механикаландырылады.

133. Үрдісті механикаландыруға мүмкіндік болмаған жағдайда қолмен орындалатын шаңданатын ашық өнімдермен жүргізілетін операцияларды қолғаптық боксте немесе бөлек бөлмеде, тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын пайдаланып, арнайы камераларда немесе жабық бөлмелерде орындауға рұқсаттама беріледі; камералар, жабық бөлмелер және бокстар сиректетілген қысымда (разрежение) болады.

134. Әрбір камера, жабық бөлме немесе бокс үшін, пневмокостюмдерге, скафандрларға, тыныс алу органдарының шлангтық құралдарына таза ауа беру жолдары қарастырылады. Бұл камераларға, жеке бөлмелерге, бокстарға жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету үшін, тек қана көрсетілген жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) немесе жабдықтарды және бөлмені алдын ала тазартқан соң, әдеттегі ЖҚҚ-мен кіруге рұқсаттама беріледі.

135. Технологиялық үрдіс және аппараттық тізбек қызметшілердің санын және олардың жабдық орналасқан аумақта болу уақытын азайтады. Көрсетілген талапты орындау үшін тиісті автоматтандыру және үрдістер мен апараттарды орталықтандырылған басқару жүйелері қарастырылады.

136. Буландыру және түйіршіктендіру үрдістері үшін, технологиялық көрсеткіштерін автоматты бақылау және реттеумен тұйықталған кезеңде, бірге жұмыс істейтін, біріктірілген буландыру - түйіршіктендіру қондырғысын пайдаланады.

137. Түйіршіктерді сусыздандыру және кептіру үшін автоматтандырылған центрифугалар, дірілді кептіргіштер немесе өнімді тиеп - түсіруі автоматтандырылған басқа аппараттарды пайдаланады.

138. Ыдырату және тотықсыздандыра балқыту пештеріне тиеу және одан түсіру үрдістері барынша механикаландырылады. Технологиялық үрдісті басқару, пульттік және операторлық бөлмелерден жүргізіледі.

139. Тазалау, қайта балқыту және лигатура алуға тағайындалған вакуумдық пештерге тиеп - түсіру үрдістері механикаландырылады.

140. Вакуумдық пештерді пайдаланған кезде оның ішкі қабырғаларында ұсақ түйіршікті, өздігінен тотығуға бейім ұшырындылардың түзілетіні есепке алынады. Тұтану және жарылыстың алдын алу мақсатында бұл пештерді ашу, оны алдын ала суытып, желдеткеннен кейін жүргізіледі. Ұшырындыларды тазалауды ұшқын қауіпсіз құрал-саймандармен ғана жүргізеді.

141. Бериллийді ұсату және оның ұнтақтарын алуды шарлы майдалағыштарда, дискілі қажалағыштарда, соққылы-құйындатқыш және тағы басқаларда жүргізіледі. Майдалайтын жабдықтар тығыздалып жабылуы және қоршаған ортаға шаң болмауы тиіс, мүмкін болмаған жағдайда жекежабық бөлмелерде, бокстарда орналастырылады.

142. Прессформаларға ұнтақ тиеу және олардан бұйымдарды түсіру бөлек жайларда, жабық бөлмелерде, бокстерда жүргізіледі.

143. Бериллийді, оның қосындыларын механикалық өңдеудің барлық түрлері, арнайы жабындылары немесе тозаңдардың өндірістік жайларға шығарылуына мүмкіндік бермейтін, жұмыс жабдығынан жылдамдықпен сору құрылғысы бар жабдықтарда жүргізіледі.

144. Жоңқаларды жинау пневмовакуумдық көліктің көмегімен жүргізіледі.

145. Құрамында бериллийі бар өнімдерді тасымалдайтын құбырлар мүмкіндігінше дәнекерленіп, пісірілген, қапталдық қосылыстары аз болуы тиіс. Құбырлардың қапталдық қосылыстары жүйелі түрде тексеріледі және ерітінді ағатын жерлері дереу жөнделеді.

146. Қажетті технологиялық көрсеткіштерді бақылау мүмкіндігінше автоматтандырылуы және оқшауланған бөлмеде орналасқан басқару пультінен жүзеге асырылады.

147. Бақылауды ұйымдастырғанда, технологиялық параметрлердің сақталуын жабдықтардың нормалық жүктемелеріне аса көңіл аударылады.

148. Бериллийден жасалатын бұйымдардың, оның қорытпаларының және бериллий тотығының негізіндегі күйежентектелген бұйымдарының геометриялық өлшемдерін тексеру әдеттегі бөлмелерде, әдеттегі жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіле алады. Сонымен қатар бақылаудың басқа түрлерінде қолдануға болады, егер олардың жүргізілуі бұйымдарды жоғары температураға дейін қыздырғанның салдарынан немесе механикалық өңдеудің салдарынан қатты және сұйық заттардың бөлінуімен байланысты болмаса.

149. Бериллиден, оның қорытпаларының және бериллий тотығының негізіндегі күйежентектеліп жасалған бөлшектер кіретін тораптарды жинау, кіру-сору желдеткішімен жабдықталған кәдімгі бөлме-жайларда жүргізе алады.

150. Өндірістік және зертханалық жайларда құрамында бериллийі бар шаңданатын материалдарды өлшеп орау шкафтарда немесе камералық қолғаптар тығыздалып бекітілген бокстарда жүргізіледі.

151. Желдету жүйесі немесе тазалау құрылғысы (апаттық желдеткіш болмаған жағдайда) істен шыққан жағдайда учаскіде уытты заттар бөлетін жұмыстар дереу тоқтатылады.

152. Жұмыс орындары үнемі тазалықта және жинақы күйде ұсталынады. Өндірістік өнімдердің барлық шашырындылары мен төгінділері ылғалды немесе вакуумдық жинастыру жолымен дереу жиналып алынады.




3-параграф. Бастапқы материалдар

153. Бериллий өндірісінде қолданылатын материалдар бекітілген талаптарға сәйкес келеді және олардың сапасы туралы куәлігі болады.

154. Ыдыста (қап, темір жол цистерналары, бөшкелерде) жеткізілетін материалдардың заттың, материалдың атауын және өндіріс технологиясына байланысты сақталу шартын көрсететін таңбасы болады.

155. Бастапқы материалдарды, дайындамаларды және жартылай өнімдерді сақтау және тасымалдау төмендегідей жүргізіледі:

1) тиеп-түсіру жұмыстарын және тасымалдау операцияларын жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауға сәйкес;

2) қауіпті және зиянды өндірістік факторларды тудырмайтын сақтау тәртібін орындау.

156. Бериллий өндірісінің барлық жартылай өнімдері және даярламалары шаңдануды тудырмайтын арнайы ыдыстарда сақталады.

157. Бериллиймен ластанған корпустардан бөлек сақталатын қышқылдармен, сілтілермен орындалатын барлық жұмыстар қышқылға тұрақты костюмде, көзілдірікте, «Лепесток В» түріндегі тұмылдырықта жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет