Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Өндірістік жабдықтар, құрал-саймандар, электр аспаптары, БӨҚжА аспаптары және жүк көтеретін механизмдер



бет5/6
Дата19.06.2016
өлшемі276 Kb.
#147586
1   2   3   4   5   6

4-параграф. Өндірістік жабдықтар, құрал-саймандар, электр аспаптары, БӨҚжА аспаптары және жүк көтеретін механизмдер




158. Жабдықтардың конструкцияны тазарту үшін жетуге қиын жерлері болдырмауын есепке алып орындалады.

159. Жабдықтардың бояулары ластанудан жеңіл тазартылуын есепке алып орындалады.

160. Жабдықтар (аппараттар, ыдыстар және тағы басқа) жөндеу алдында босатылып, ондағы өндірістік өнімдерден тазартылады және сумен жуылады.


161. Жабдықтар, дәнекерлеп, пісіру және газбен кесу жұмыстарын жүргізер алдында, жуғыш заттарды және ыстық суды пайдалану арқылы тазаланылады.

162. Жабдықтарды өндірістік жайлардан шығару, алдын ала тазалау және бетінің тазалығын тексеруден өткеннен соң ғана жүзеге асырылуы тиіс; өңдеу тазалығы зертхананың құжатымен расталады.

163. Құрал-жабдықтарды, саймандарды, аспаптарды басқа жабдықтарды және құбырларды, станоктарды, апараттардың сыртқы бетін және тағы сол сияқтыларды тазалайды.

164. Зиянды тозаңдар, шаң, жоғары жиіліктегі электр магнит өрісі, жылу сәулелендіргіш, шу және діріл көздері болып табылатын өндірістік жабдықтар, қызметшілерді, көрсетілген факторлардың зиянды әсерінен сақтайтын қорғаныс қондырғыларымен қамтамасыз етеді.

165. Қорғаныс құрылғылары үнемі жарамды күйде болып, олардың қорғаныстық тиімділігі жүйелі түрде тексеріледі.

166. Жергілікті желдету сорғыларымен келесілер жабдықталады:

1) жұмыс істегенде зиянды булар, газдар және бериллий тозаңы бөлінуі мүмкін технологиялық жабдықтар;

2) майдалау учаскесіндегі құрғақ және сумен майдалау майдалағыштарының тиеп-түсіретін қондырғысы, шанаптар, жіктегіштер;

3) бериллий концентратын балқытуға арналған электрдоғалық пеші, шанаптар және өзектер;

4) ыдырату, тазалау және қайта балқыту пештері.

167. Қауіпті жабдықтардың жабындыларының ашық ойықтарындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 1,5 м/с кем болмайды.

168. Сүзгіш жабдық, өндірістік жайларға құрамында бериллийі бар булардың бөлінуін болдырмайтын тиімді сорғыштармен қамтамасыз етіледі.

169. Бериллийді ыстықтай пресстеу пеші, пешке тиеп - түсіру кезінде қосылатын, оны айналдыра орнатылған сорғышпен, ал дистилляция пеші-оған орнатылған, ашық ойықтың төменгі бөлігінде 2 м/с кем емес жылдамдықты қамтамасыз ететін жергілікті сорғыштармен жабдықталады.

170. Ішінде инерттік газдың артық қысымы ұсталатын, майдалау үрдісі жүргізілетін дірілді майдалағыштар жергілікті сорғыштармен жабдықталған металл кабиналарда орнатылады. Кабиналардан шығарылатын ауаның мөлшері кабинаның есіктерін ашқандағы ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты анықталады және 1,5 м/с кем емес мәнде қабылданады.

171. Жебір, жарылысқауіпті немесе жанғыш заттардың әсеріне ұшырайтын аппараттар, осы ортаға тұрақты материалдармен сенімді қорғалады.

172. Химиялық өңдеу учаскелерінде пайдаланылатын барлық жабдықтар қарап-тексеру есіктері аз, жабық түрде болады. Ыдыстық жабдықтар, ішіндегі заттарға байланысты, қойыртпақтар мен ерітінділердің төгілімін болдырмайтын, асып-құйылу құбырларымен жабдықталады.

173. Сақтандыру клапандары іске қосылған кездегі, уытты газдардың, булардың және тозаңдардың тастандылары ауа және су бассейндерін ластауға мүмкіндік бермейтін, арнайы қабылдағыштарға немесе тазалау қондырғыларына бағытталады.

174. Апараттарды апаттық босатқан жағдайда, ішіндегі заттар апаттық немесе қосымша ыдыстарға жіберіледі немесе айдалады.

175. Сыртқы температурасы 450С және одан жоғары аппараттар және құбырлар термиялық күюлерді болдырмау үшін оқшауланады. Оқшаулайтын материал, оның сумен тазалануына мүмкіндік беріледі.

176. Өндірістік жайларда орналасқан қалқаншалар, пульттер және шкафтар, олар мен қабырға арасында саңылау қалмайтындай етіп бекітіледі.

177. Өндірістік жайларда және тікелей технологиялық аппараттардың қасында орнатылатын пульттер, басқару тетіктері және басқа жабдықтардың, шаң және ылғал түсуден қорғаныс дәрежесі болады.

178. Тарату торабы және электр қабылдағыштарды басқару аппараттары электрлік қалқанша жайының бөлек бөлмелерінде орналастырылады.

179. Өндірістік цехтарды электрмен қамтамасыз ету, пайдалану қауіпсіздігі, ыңғайлылығы, үнемділігіне және тоқ берудің сенімділігіне қойылатын талаптарды қанағаттандырады. Электрлік, жоғары температуралық вакуумдық пештер электр энергиясын алудың сенімділігі жоғары электр қабылдағыштарына жатуы тиіс және оларға қызмет көрсететін қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз электр көзімен қамтамасыз етіледі.

180. Кенеттен тоқтауы апатқа әкелуі мүмкін жабдықтар үшін, тәуелсіз тоқ көзінен қосымша көздің автоматты түрде қосылуы арқылы тоқпен қосарлап қамтамасыз ету қарастырылады.

181. І-ші категориялы электр қабылдағыштарды электрмен қамтамасыз ету әртүрлі фидерлерден жүргізіледі.

182. Өндірістік цехтарда электржабдықтарын және электр аппараттарын жөндеу және іске қосу үшін шеберханалар қарастырылады.

183. Аспаптар орналасқан қалқанша бөлмесінің жанында БӨҚжА-ны профилактикалық жөндеу және оларды тексеру жұмыстарын жүргізу үшін шеберхана және айналымдағы және қордағы аспаптарды сақтау үшін бөлме орналастыру ұсынылады.

184. Аспаптардың шеберханасы сору желдеткішімен жабдықталады.

185. Аспаптардың, қалқанша бөлмесінің есікшелерінде бекіткіш құрылғылармен жабылып, ішіне газ, шаң және тағы басқа кірмес үшін есіктер тығыздалып орнатылады.

186. Аспаптың немесе қалқаншаның қораптарындағы өткізгіш сымдарды өткізуге арналған саңылауларда тығыздағыштар құрылады.

187. Барлық аспаптар және реттегіштер орталық қалқанша бөлмесінде немесе жергілікті басқару жүйесінде орындалады.

188. Қалқанша бөлмесінде құрғақ, таза және жарық, кіру және сору желдеткіштері болады.

189. Жеке жағдайларда аспаптар мен реттегіштерді тікелей өндірістік учаскілерде, шкаф түріндегі қалқаншада орналастыруға рұқсаттама беріледі. Бұл жағдайда шкаф түріндегі қалқаншаның есікшелері бекіткіш құрылғымен және тығыздағышпен орындалады.

190. Қалқанша бөлмесінде және оның үстіне технологиялық жабдықты және коммуникацияны орналастыруға рұқсаттама берілмейді, олар бөлмеге технологиялық өнімнің түсуінің себепкері болуы мүмкін.

191. Барлық аспаптардың жөндеу жұмыстары жүргізілгені және тексерілген күні туралы белгі қойылатын техникалық төл құжаттары болады.

192. Аспапқа импульстік желіні енгізу және одан шығару тығыздағыш арқылы орындалады.

193. Қабырғалар арқылы импульстік желілерді енгізу, металл келте құбыр арқылы жүзеге асырылады, келте құбыр және импульстік желі салынатын қорғаныс құбырларының арасындағы саңылау бітеліп тығыздалады.

194. Цех ішіндегі телефондық байланыс сымдары жасырын (құбырда, қабырғадағы үңгімеде және тағы басқа) орындалады.

195. Өндірістік жайларда орнатылатын байланыс аспаптары шаңнан қорғалған түрде орындалады.

196. Барлық ашық қозғалмалы жабдықтың бөліктері еден денгейінен екі жарым метрге дейін орналасу керек кездейсоқ қолайлы жұмыс алаңдарынан тиіп кетуден қоршау қажет, қоршаулары функционалдық міндетке сай емес басқа бөліктер. Қоршаулар тұтас немесе торлы тор көздерінің мөлшері 20×20 мм болады.

197. Жүкке балама, тартылған арқандар, шығыршықтар және жабдықтардың немесе механизмдердің осылар сияқты бөлшектері берік қоршаумен жабылады.

198. Беретін біліктер, шығыршықтар және осылар сияқты құрылғылар киімді және жұмыс істеушілердің саусақтарын іліп кетуіне бөгет жасайтын сақтандыру құралдарымен жабдықталады.

199. Станоктар, аралар және осы сияқты жабдықтар, ұшқан жоңқалардан және құрал - сайман сынған жағдайда, сынықтардан жұмысшыларды сенімді қорғайтын қалқаншалармен (қоршаулармен) қамтамасыз етіледі.

200. Қозғалыстағы жабдықтың элементтеріне жақындауға мүмкіндік бермейтін алынбалы қоршауларда және қоршауларға орнатылған есіктерде, оларды жабдықтарды жұмысқа қосу қондырғыларымен автоматты түрде байланыстыратын тұйықтағышы болады, олар, қоршаулар қорғаныс күйінде болған шартта ғана жабдықтың іске қосылуын қамтамасыз етеді.

Бұл тұйықтағыштар жобамен қарастырылады.

201. Қоршаулар берілген жабдықтың құрама бөлігі болып табылады және жобаға сай келеді. Ақаулы қоршаумен немесе қоршаусыз жабдықтармен және механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

202. Биіктікте орналасқан алаңдар, өту жолдары, монтаждық ойықтар, есікшелер және осы сияқты құрылғылардың төменгі бөлігінде, заттар құламас үшін, бүкіл периметрі бойынша 15 см кем емес қоршаулары болады.

203. Жебір және уытты заттардың, ыстық судың және бу құбырларының қапталдарында қапталдық қосылған жерлерінде ерітінді төгілімі пайда болған сәтте қызметшілерге осы заттар тимеуі үшін, алынбалы қоршаулары (қаптамалар) болады.

204. Жылу, канализация және осы сияқты желілердің құдықтары үнемі стандарттық қақпақтармен жабылып тұрады.

205. Биіктікте орналасқан жабдықтарға, БӨҚжА аспаптарына қауіпсіз және ыңғайлы қызмет көрсету үшін, сүйеніші бар арнайы алаңдар және ұстағышы бар жолдар немесе ұстағышы бар тұрақты баспалдақтар қарастырылады.



5-параграф. Бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай дайын өнімдерді және дайын өнімдердің тасымалдануы және сақталуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет