Бесінші шақырылымдағы Ақсу аудандық Мәслихаттың
2012 жылғы атқарған жұмыстары туралы есепті
ХАБАРЛАМАСЫ
2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтіп, аудандық Мәслихатқа белгіленген округтерден баламалы түрде көпшілік дауыстарға ие болған 13 депутат сайланды (1-уі әйел адам).
2012 жылдың 23 қаңтарында аудандық Мәслихаттың бірінші сессиясы өтіп, ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сессияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бап 1 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат хатшысы болып депутат Серікбек Серпербаев сайланды. Сессияның шешімімен аудандық Мәслихаттың 2 тұрақты комиссияларының құрамы бекітілді.
Аудандық Мәслихаттың сессиялары
Аудандық Мәслихат Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілері, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қадағалайды.
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны – сессиясы болып табылады, онда Мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер қаралады. Сессияларда ауданның, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған әр тақырыптағы мәселелер талқыланып, олар бойынша шешімдер қабылданады, орындалуы бақылауға алынып тұрады. Жоспарланған мәселелерді толыққанды дайындау мақсатында депутаттық жұмысшы топтар құрылып, елді мекендерге, тиісті мекемелерге арнайы барып іс жағдайына талдау жасалады, анықтамалық құжаттар дайындалады. Тұрғындармен жиын кездесулер, сауалнамалар өткізу тәжірибесі де пайдаланылады. Аудандық газетте «Мәслихат сессия қарсаңында» атты айдармен мақалалар, ұсыныс пікірлер ұйымдастырылады. Сессиялар мен комиссиялар отырыстарына тиісті мекеме басшылары, тұрғындар және қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылып отырылады.
Осы есеп беріп отырған биылғы жылы 10 сессия өтіп, онда 83 мәселе қаралды.. Жоспарлы түрде талқыланған мәселелер: «Аудан аумағында ҚР «Мәдениет туралы» Заңы талаптарына сай халық көркем шығармашылығын дамыту жұмыстарының жағдайы туралы,» «Ақсу ауданының 2011 жылға арналған бюджетінңің орындалуы туралы»; «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөнінде аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі». «Оқушыларға білім беру сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатындағы Арасан және Н.Есеболатов ауылдарындағы мектептер ұжымдары мен ата – аналардың бірлесе атқарған жұмыстарының жағдайы туралы», «Ақсу ауданының 2012-13 жылдарға арналған бюджеті туралы» және т.б..
Мәслихат сессияларында жоспардағы мәселелерден басқа аудандық комиссиялар мен үйлестіру кеңестерінің құрамын бекіту, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру туралы, т.б заңдастыратын мәселелер қаралады. Мәслихат құзырына сай сессиялар мен комиссилар отырыстарында жылына бір рет аудан әкімінің, әр мазмұндағы мәселелер бойынша ауыл әкімдерінің, мекемелер басшыларының есептері тыңдалады.
Сессияларда жүйелі түрде қаралып, бекітілетін мәселе – аудандық бюджет туралы. Аудан бюджетін қалыптастыру жұмыстары ҚР Бюджет Кодексі талаптарына сай жүргізіліп, оны бекіту, толықтырулар мен өзгерістер жасау мәселелері 7 сессияда қаралды. Бюджеттік әкімшілердің сұраныстары мен сайлаушылар тілектері, депутаттардың бюджетті бөлудегі ұсыныстары, сауалдары жинақталып, аудан әкімдігіне және мәслихат сессиясына ұсынылып отырылды. Биылғы жыл қортындысы бойынша Бюджеттің кіріс бөлігіндегі болжамдық салықтар түсімдер де, шығыс бөлігіндегі белгіленген қаржылардың игерілуі де толық көлемде, 100 пайыз орындалды. Соның арқасында аудандық бағдарламаларда белгіленген және көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар өзекті шаруалардың шешілуіне негіздер қаланады.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында
Мәслихат қызметінде аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға байланысты мәселелерге басты көңіл бөлінеді. Сессияларда Заңдылық негізде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту, мүгедектерді оңалтудың Бағдарламалары бекітіліп отырылады. Оларда Үкімет заңдылықтарына сай бөлінетін міндетті әлеуметтік көмектер ауқымы анықталуымен бірге, аз қамтылған отбасыларын қосымша қолдау мақсатында тұрғын үй жәрдемақысын беруге, ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау және басқа да бюджет саласы мамандарына отын сатып алуға, (биыл оларға ауылдағы ветеринарлар мамандары да енгізілді), студенттерді Әкім грантымен оқытуға жұмсалатын қаржыларды бөлу тәртібі мен көлемі бекітіліп отырды. Осы бағытта, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейін төмендетуді мақсат еткен елдік деңгейдегі мәнге ие мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданып, ол бойынша аудан көлемінде қомақты шаралар атқарылуда.
Аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес 5 -ші сайланған аудандық Мәслихатының 1-ші сессиясының шешімімен әрқайсысының құрамында 5 депутаты бар 2 тұрақты комиссия құрылды.
1. Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет жөніндегі – төрағасы Ғ.Мұсабаланов.
2. Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық, және құқық қорғау мәселелері жөніндегі - төрағасы Б.Боранбаев.
Тұрақты комиссиялар өз жоспары бойынша отырыстарын өткізіп, қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдап отырады. Осы мерзім аралығында 1-ші комиссия 3 отырыс өткізіп, 4 мәселе талқылады. «Ақсу ауданының 2012 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы», «Ауданның ауылшаруашылығы саласының механизаторлар кадрларымен қамтамасыз етілуі және оларды даярлау жағдайы туралы», «Аудандағы аптекалар жүйесінің халықты қажетті дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету жағдайы туралы», «Ақсу ауданының 2013 жылға арналған аудандық бюджеті туралы».
2-ші комиссияда 4 отырысын өткізді. Оларда «Ақсу ауданының 2012 жылға арналған аудандық бюджетінңің орындалуы туралы», «Ақсу аудандық мәслихаты депутаттарының жас көмекшілері институтын құру туралы», «Б.Сырттанов және Ойтоған ауылдық округтеріндегі оралмандарға шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарын құру және дамытуға қолдау көрсетуде атқарылған жұмыстары» туралы, «Ақсу ауданының 2013 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәселелер қаралды.
Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі жұмыстары туралы
Мәслихат қызметінің пәрменділігі оның әр депутатының беделі мен белсенділігіне, қоғамдық міндеттеріне деген жауапкершіліктеріне тікелей байланысты. Аудандық мәслихаттың депутаттары тұрақты түрде өз сайлау округіндегі ауыл әкімдіктері, мектептер, қоғамдық ұйымдар және ақсақалдар алқасымен тікелей байланыста болады, сайлаушыларымен кездесулер өткізеді. Сонымен бірге, әр жылы ауыл әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарында, күн тәртібіндегі 2-ші мәселе ретінде өздерінің және аудандық мәслихаттың атқарған қызметі жөнінде хабарламалар береді.
Депутаттарымыз аудан әкімдігі жанындағы насихатшылар топтары құрамында көпшілік арасында Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Жолдаулары мен Үкіметтің маңызды шешімдерін, облыс, аудан әкімдерінің осы мәселелерге байланысты қабылдаған іс-шараларын халыққа таныстырып отырады, басқа да саяси - әлеуметтік маңызды құжаттарды түсіндіру жұмыстарына белсене араласады.
Биылғы жылы сайланған депутаттар өздерінің сайлауалды үгіт науқанында көтерілген және өз өкілеттілік мерзімдерінде аудандағы онды шешімі табылуы тиіс деп саналатын және аудандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жүзеге асырылуына бағытталатын кешенді және мақсатты Бағдарламалармен, бюджетпен сәйкестелінген 46 пункттан тұратын проблемалық мәселелердің тізбегін 3-ші сессиясында бекітіп алды. Ол аудандық газетте жарияланды. Осы жұмыстар ауқымында «Аудан депутаттары - шағын елді мекендерде» атты акция өткізіліп, өз сайлау округтарында орналасқан шағын елді мекендердегі тұрғындармен кездесті. Нәтижесінде, сол елді мекендердің әлеуметтік– экономикалық үрдісін жақсартатын, едәуір үкіметтік қаражатты қажет ететін және жоспарлы түрде атқарылатын қосымша күрделі проблемалық мәселелер тізбегін анықтады. Олардың орындалу барысы мәслихат комиссиялары тарапынан тұрақты бақылауда болды. Сонғы талдау солардың бір жыл ішінде 12–нің немесе 26 пайызының орындалғанын көрсетіп отыр. 9 мәселе 2013 жылғы бюджет тарапынан қаржыландыратын бағдарламаларға еніп отыр.
Депутаттарымыз аудандық комиссиялар құрамында тұрғындардың күнделікті пайдаланатын азық–түлік және басқа да қажетті заттардың бағаларын тұрақтандыру шараларына, әр мазмұндағы тексерулерге қатысып отырды. Ауданның санитарлық тазалау, абаттандыру қамтамасыз ету жұмыстарының тұрақты бақылауда болуына депутаттар тарапынан да ұдайы көмек көрсетіліп келеді. Биылғы жылы депутаттардан арнайы жұмысшы тобы құрылып, аудан орталығы - Жансүгіров поселкесі көшелеріндегі электр жарықтарының толыққанды жануын қамтамасыз ету жағдайын тексеру рейдтері өткізіліп, қорытындысы аудан әкіміне тапсырылды.
Аудандық мәслихат қызметіндегі бір тың жаңалық - өткен жылдан мәслихат депутаттарының ауылдардағы тұрақты көмекшілері институтын қалыптастыруды қолға алынуы ( Барлығы 23 адам). Оны республика көлеміндегі де жаңа тәжрибе деуге болады. Оның арнайы Ережесі сессияда бекітіліп, басты мақсаты –депутаттардың өз сайлаушыларымен жиі мүмкіншілігі бола бермейтін өзара байланысын жақсарту екені көрсетілді. Ауыл округі әкімшілігі немесе мектептер ғимаратынан арнаулы орын белгіленіп, «Депутаттардың қабылдау бөлмесі» ұйымдастырылды. Ол жерде көмекшілер арқылы депутаттардың өз сайлаушылары және ауыл тұрғындарын қабылдаулары ұйымдастырылады, олардың депутатқа, аудандық мәслихатқа хаттары, арыз–шағымдары жинақталады. Депутаттың өзінің және аудандық мәслихаттың атқарылудағы қызметі жөнінде анықтамалық құжаттар және сайлаушылардың арыз-өтініштері жинақталатын қабылдау жәшікшелері бар «Депутат бұрышы» стендтері жабдықталды. Ал, биылғы жылы осы шара ауқымында белсенді ауыл жастары арасынан «Депутаттардың жас көмекшілері де» анықталып, олардың құрамы да сессияда арнайы бекітілді (барлығы 34 адам), олармен кездесулер өткізілді. Депутаттар көмекшілері мәслихат сессияларына және басқа да қоғамдық шараларға тартылып отырады.
Депутаттармыз аудан аумағында өтетін демеушілік–қайырылымдық қолдау шараларына белсене араласып отырады. Жыл барысында өз округтері бойынша тұрмысы төмен отбасыларына көмек, еліміз бойынша қолға алынған «Мектепке жол» қозғалысына, жаңажылдық балалар шыршасына, т.б. шараларға де белсене араласып отырды. Пайдаланылуға берілген аудандық мешіттің құрылысына байланысты ұйымдастырылған қорында депутаттарымыздың да үлестері бар.
Аудандық Мәслихаттың саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, баспасөз органдарымен қарым-қатынасы
Аудандық Мәслихат аудан аймақтардағы саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, баспасөз органдарымен тұрақты байланыста болады. Аудандық Мәслихаттың барлық 13 депутаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелері. Аудандық Мәслихат аудандық «Ақсу өңірі» газетімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мәслихат қызметіне байланысты ресми құжаттар жарияланып, депутаттық жұмыстар туралы мақалалар жарияланып отырады. Газет редакторы Д.Мұхамедшарұлы – аудандық Мәслихаттың депутаты. Мәслихат тарапынан өтетін шараларға газеттің өкілдері тұрақты қатысады.
Қазақстан Республикасында сайлауларды әзірлеу және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары - сайлау комиссиялары. Аудан бойынша «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес саяси партиялардың ұсыныстары негізінде 301 мүшесі бар 43 учаскелік сайлау комиссиялары сайланған. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіліп отырылады.
Аудандық Мәслихат аппараты туралы
Аудандық Мәслихат аппарат қызметкерлерінің саны 5 адам. Барлығы білімді, тәжірибесі бар мамандар. Аппарат жұмысы аудандық Мәслихаттың регламентіне сәйкес атқарылады. Аудандық Мәслихатқа түскен арыз–шағымдар уақытында қаралып тұрады. Мәслихат хатшысы тұрғындарды апта бойы қабылдайды.
Бесінші сайланған Ақсу аудандық Мәслихатының
сессияларында қаралған негізгі мәселелер
2012 жыл
23 қаңтар 1- ші ұйымдастыру сессиясы
1. №1-3 «Аудандық мәслихаттың хатшысы туралы»
2. №1-4 «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы»
3. №1-5 « Аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы»
4. №1-6 «Ақсу аудандық мәслихат жанындағы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мүшелерінің фракциясының құрамын тіркеу туралы»
17 ақпан 2- ші сессия
1. 2-8 шешім Ақсу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 54-319 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2. 2-9 шешім Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы.
19 наурыз кезекті 3 – ші сессия
1. 3-18 шешім. Аудан аумағында ҚР «Мәдениет туралы» Заңы талаптарына сай халық көркем шығармашылығын дамыту жұмыстарының жайы туралы.
2.3-19 шешім. Бесінші сайланған Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімінде өз бақылауларына алатын аудандағы шешімі табылуы тиіс проблемалық мәселелер тізбегі туралы.
3.3-20 шешім. Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының тұрақты көмекшілерінің тізімін бекіту туралы
13 сәуір 4 –ші сессия
1. 4-29 шешім. Ақсу ауданының 2011 жылға арналған аудандық бюджетінің
орындалуы туралы
2. 4-31 шешім. 2011 жылғы аудан бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша облыстық тексеру комиссиясының хабарламасы.
8 маусым 5 - ші сессия
1. 5-47 шешім Ақсу ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы.
23 шілде кезекті 6 – шы сессия
1. 6 - 51 шешім «Ақсу ауданының әкімі Ә.Т.Дүйсембаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы»
2. 6-53 шешім Аудандық мәслихат депутаттарының жас көмекшілернің тізімін бекіту туралы.
3. 6-58 шешім Ақсу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы «Ақсу ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы» 39-242 нөмірлі шешімінің күшін жою туралы.
4. 6-59 шешім Ақсу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 тамыздағы «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесін бекіту туралы 36-225 нөмірлі шешімінің күшін жою туралы
6 қыркүйек 7- ші сессия
1. 7-61 шешім. Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 54 - 319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. 7- 62 шешім. Ақсу ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы.
5 қараша 8-ші сессия
1. 8-65 шешім. «Оқушыларға білім беру сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатындағы Арасан және Н.Есеболатов ауылодарындағы мектептер ұжымдары мен ата – аналардың бірлесе атқарған жұмыстарының жағдайы туралы».
2. 8-66 шешім. Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 54 - 319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5 желтоқсан 9-шы сессия
1. 9-70 шешім. Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 54 - 319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
21 желтоқсан 10-шы сессия
1. 10-74 шешім. «Ақсу ауданының 2013 – 2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы».
2. 10-75 шешім. «Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме тарифтік ставкалар белгілеу туралы».
3. 10-76 шешім. «Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы»
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралған мәселелер тізімі
2012 жыл
-
Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық – экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі комиссия.
р/с
|
Мерзімі
|
Қаралған мәселелер
|
1.
|
1 наурыз
|
«Ауданның ауылшаруашылығы саласының механизаторлар кадрларымен қамтамасыз етілуі және оларды даярлау жағдайы туралы»
|
2.
|
4 сәуір
|
«Ақсу ауданының 2011 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы»
|
3.
|
28 маусым
|
«Аудандағы дәріханалар жүйесінің халықты қажетті дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету жағдайы туралы»
|
4.
|
желтоқсан
|
«Ақсу ауданының 2013 – 2015 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы туралы»
|
5.
|
20 желтоқсан
|
«Аудан көлеміндегі білім және денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылу жүйесінің жағдайы туралы»
|
2. Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі комиссия.
р/с
|
Мерзімі
|
Қаралған мәселелер
|
1.
|
20 ақпан
|
«Аудан депутаттары - шағын елді мекендерде» атты акция өткізу туралы
|
2.
|
4 сәуір
|
«Ақсу ауданының 2011 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы»
|
3.
|
25 маусым
|
«Б.Сырттанов және Ойтоған ауылдық округтеріндегі оралмандарға шаруа және қосалқы шаруашылықтарын құру және дамытуға қолдау көрсетуге атқарылған жұмыстар туралы»
|
4.
|
16 шілде
|
«Жансүгіров поселкесі көшелеріндегі электр жарықтарының толыққанды жануын қамтамасыз ету жағдайын тексеру» туралы
|
5.
|
желтоқсан
|
«Ақсу ауданының 2013 – 2015 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы туралы»
|
Ақсу аудандық Мәслихаты бойынша 2012 жылы тіркеуден өткен
нормативтік – құқықтық актілер
№
|
Шешімнің тақырыбы
|
Шешімнің нөмірі, қабылдаған мерзімі
|
1.
|
Ақсу ауданының 2012 – 2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
|
54-319
20 желтоқсан
2011 жыл
|
2.
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
2-8
17 ақпан 2012 жыл
|
3.
|
Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы
|
2-9
17 ақпан 2012 жыл
|
4.
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 – 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
4-30
13 сәуір 2012 жыл
|
5.
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 – 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
5-46
8 маусым 2012 жыл
|
6.
|
Ақсу ауданының елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақаның базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
|
5-47
8 маусым 2012 жыл
|
7.
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
7-61
6 қыркүйек 2012 жыл
|
8.
|
«Ақсу ауданындағы отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
|
7-62
6 қыркүйек 2012 жыл
|
9
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 – 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
8-66
5 қараша 2012 жыл
|
10.
|
Ақсу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық
бюджеті туралы» 54 - 319 нөмірлі шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
9-70
5 желтоқсан
2012 жыл
|
11.
|
Ақсу ауданының 2013 – 2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
|
10-74
21 желтоқсан
2012 жыл
|
12.
|
Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, және ветеринария мамандарына жиырма бес пайыз жоғарғы айлық ақымен тарифтік ставкалар белгілеу туралы.
|
10-75
21 желтоқсан
2012 жыл
|
13.
|
Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы.
|
10-76
21 желтоқсан
2012 жыл
|
Ақсу аудандық мәслихаты тарапынан дайындалған және шығарылған методикалық құжаттар, кітаптар, стендтар.
Әдістемелік кітапша Жылнама (1994 – 2008 жылдар)
«Алтын ұям - Ақсуым» «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу»
Достарыңызбен бөлісу: |