Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата09.06.2016
өлшемі60.53 Kb.
#124509
Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылда

атқарған жұмыстары туралы есебі
Бестамақ ауылдық округінің жалпы жер көлемі 37233 га. Округ аумағына Бестамақ, Бесқоспа және 42 разъезд елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны 3913 адам. Соның ішінде Бестамақ ауылында 3560, Бесқоспа ауылында 353 адам тұрады. Округ аумағында 582 жеке тұрғын үйлер мен екі қатарлы 18 үйде 263 пәтер бар, бұрын бөлінген жер телімдеріне жеке тұрғын үйлер салынып, аула саны көбеюде.

Бестамақ ауылында дәрігерлік амбулатория, почта бөлімшесі, Бесқоспа ауылында медпункт жұмыс жасап тұр.

2014 жылда ауылдық округі әкімдігіне жеке тұлғалардан 205 жазбаша арыз-өтініштер келіп түсті. Арыз-өтініштерге Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заң талаптарына сәйкес қаралып, белгіленген мерзімінде жауаптары берілді. Есепті кезеңде селолық округі әкімдігі тарапынан 60 шешім, 98 өкім қабылданды.

Халықты әлеуметтік қорғау. 2014 жылда 19 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 53 отбасына жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ селолық округі бойынша 3 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері, 6 ауған соғысының ардагерлері мен 3 Семей ядролық полигон аумағында қызмет жасаған азаматтар және 24 тылда еңбек еткен ардагерлер Республика Үкіметі мен облыс әкімдігі тарапынан белгіленген жеңілдіктерден пайдаланады. Есепті кезең ішінде «Есет батыр қоры» тарапынан туберкулез ауруымен ауыратындарға және отбасы жағдайы төмен азаматтарға жалпы сомасы 137 000 тенгені құрайтын қой еті таратылды. Сондай-ақ Бестамақ мал шаруашылығы комплексі және жеке кәсіпкерлердің қайырымдылық көмегі есебінен селолық округі аумағында өткізіліп жатқан мереке күндеріне арналған мәдени-көпшілік шараларға және аз қамтылған отбасыларға материалдық жәрдем беруге 74 000 тенге жұмсалды.

18 жалғызбасты қарияларға және5 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастырылған. Оларға 4 әлеуметтік қызметші бекітілген.

І топ мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен еңбек келісім шартымен 1 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ағымдағы жылы І топ мүгедектері Айназар Данағұлға бөлмелік серуендеу 2 коляска, Козлов Игор серуендеу және Адилова Динаға бөлмелік серуендеу 2 коляскалары, Колганатов Сейтжанға бөлмелік және серуендеу 2 коляскалары алып берілді. І топ мүгедектерінің барлығы гигиеналық құралдардың жылдық қорымен толық қамтамасыз етілді.

Білім беру және мектепке дейінгі мекемелер. Бестамақ ауылдық округіндегі екі орта мектепте 650 оқушылар білім алуда, мектепалды даярлық тобында 88, шағын орталықта 49 бүлдіршін тәрбиеленуде. «Болашақ» балалар бақшасында 6 топта 165 бүлдіршіндер тәлім-тәрбие алуда. Бесқоспа орта мектебінде 66 оқушы білім алып, 25 педагог жұмыс жасайды.

Сонымен қатар мектепте қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы қорытындыланды. Акция кезінде Бестамақ ауылындағы «Парижская Коммуна ХХІ» ЖШС-і демеушілік көрсетіп, 124 000 теңге тұратын мектеп құралдарын аз қамтылған отбасы оқушыларына табыстады.

Мектептің де материалдық-техникалық базасын нығайту жүйеленіп келеді. 2014 жылы Бестамақ орта мектебінің 56 639 800 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де 40 парта , 5 тақта, 15 шаңғы, 8 компьютер, асханаға электрлік плита, қысқа толқынды пеш алынды. Бесқоспа ауылында 165 миллион тенге қаражатқа 60 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүріп жатыр, ғимаратты 2015 жылға тапсыру жоспарланып отыр.

Бестамақ ауылында Ақтөбе облысы «Ақтөбе медресесі» діни бірлестігі жұмыс жасайды. Онда Қазақстанның Оңтүстік, Батыс аймағынан 50 бала дәріс алуда. Қазіргі күні медресенің жанынан 250 орынға арналған асхана салынып, ағымдағы жылдың желтоқсан айына ашу жоспарланып отыр, келешекте ауыл тұрғындарының мерекелерін өткізуге де жоспарланған.

Кәсіпкерлік. Бестамақ ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 98 бірлікті құрайды, соның ішінде 5 кафе, 15 дүкен мен 1 тойхана, 3 жеке шаштараз, 6 монша, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы жұмыс жасайды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Бестамақ ауылында шағын наубайхана салынып, ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер Бабашева Жанар, Бахитова Жупар «Жұмыспен қамту 2020 –жол картасы» бағдарламасы бойынша ашылған жеке істерін дамыту үшін 3000000 теңгеден микрокредит алып мақсатты пайдалануда.



Байланыс. Бүгінгі күнге «Қазақтелекомның» сымсыз байланыс желісі іске қосылды және «Мегалайн» интернет торабы өткізілді, қазіргі таңда 254 телефон нөмері жұмыс жасайды, 2015 жылға қосымша 200 нөмер қосуды жоспарлап отыр. «СВИМ» ЖШС-і жалпы 330 телефон нөмерін орнатты. Соның ішінде 61 номер Бесқоспа ауылына қондырылды. Ауылдық округіндегі Бестамақ және Бесқоспа ауылы дерлік толығымен телефон байланысымен қамтылған. Сондай-ақ Бестамақ ауылы аймағына «Beeline» (Билайн), «Kcell» (Кейсел), «Tele2» (Теле2) ұялы байланыстарының тірек антенналары орнатылған. Қазпоштаның ауылдық бөлімшесінде халыққа мезгілімен газет-журналдар тарату, зейнетақы мен жәрдемақылар беру жұмыстары жүзеге асырылады.

Салық. 2014 жылда 225146 тенге мүлік салығы, 206729 тенге жер салығы, 1245095 тенге транспорт салығы, жалпы 1 676 970 тенге жиналды, яғни 100 пайызға орындалды.

Қоғамдық жұмыстар. Есепті кезең ішінде ауылдық округі әкімдігі Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын басшылыққа алып,мемлекеттік мекеме қызметкерлері халықпен өткізілген кездесулер мен жиындарда Республика Үкіметі тарапынан білім беру сапасын, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін жоғарылату және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарын жаңғырту бойынша қабылдаған шаралар және оны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толық ақпарат беріп барды.

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша арнаулы орта оқу орындарын бітірген 2 жас маман, қоғамдық ақылы жұмысқа 8 адам тартылды.

«Термомодернизация-2020» бағдарламасына сәйкес Бестамақ ауылының Бөкенбай батыр № 62 және Есет батыр № 74 екі қатарлы үйлерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша құжаттары тапсырылды, 2015 жылға аталған бағдарламаға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы сәйкес Бесқоспа ауылының көшелеріне жарықтандыру жүргізіліп, Бестамақ балалар бақшасының алдынғы бөлігінің терезелері пластик терезелерге ауыстырылды.Жалпы аталған жұмыстарға 3000000 тг. жұмсалды. 2014 жылы Бесқоспа ауылының тұрғындарының көптен күтіп,көкейінде жүрген мәселе шешімін тауып, ауылға көгілдір отын келді. Ауыл тұрғындарының қазіргі таңда 67 үйінің 58 көгілдір отынды пайдаланып рахатын көруде.

2015 жылға Бестамақ ауылының Бөкенбай батыр көшесінің ұзындығы 1200 м. бөлігіне асфальт төсеп жөндеу жұмыстарына, Әкімшілік ғимаратын салуға , ауылдық орталық кәріз-құбырларын қайта жаңартып жүргізуге, Бесқоспа ауылының орталық су құбырын тарту үшін жобалық смета құжаттарын дайындалып қаражат көзін күтуде.



Ауыл шаруашылық. Ауылдық округте ауыл шаруашылығымен 36 шаруа қожалық, бір ЖШС жұмыс жасайды. Егін шаруашылығымен бір шағын шаруа қожалық айналысады.Осы «Табантал» шаруа қожалығы биылғы 2014 жылы 150 га бидай, 30 га арпа екті.Жинаған өнімі 34 тонна астық болды.

Көкөніс өнімдерін өсірумен екі шаруа қожалық айналысады. Олар «Алик» шаруа қожалығы, «Мансур» шаруа қожалқтары биыл 48 гектар жерге әр түллі көкөністер егіп, 842 тонна өнім алды. Алынған өнімдердің басым көпшілігін Ақтөбе, Алға қалаларында тұрақты өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрменкесіне сатуға шығарып тұрды. Ауыл тұрғындары да өздерінің саяжайлары мен жер учаскелеріне жалпы көлемі 19 гектар құрайтын жерге көкөніс егіп өнімдерін алды.



Мал шаруашылығы. Ауылдық округі тұрғындарының жеке қожалықтарындағы және шаруа қожалықтарындағы ірі қара және ұсақ малдарды сырғалау жұмыстары жүргізіліп, 877 бас ірі қара малдарға және 2269 бас қой-ешкілерге, 69 бас жылқыға және 69348 бас шошқаға сырға салынды. Барлығы да малдарды бірдейлендіру (идентификация) бағдарламасы бойынша компьютерге енгізілді. Сонымен қатар малдардан жоспар бойынша қан алынды. 42 бас ірі қара малдан және 238 бас қойлардан бруцеллез ауруы шығып, ауруға шалдыққан малдар дер кезінде жойылды. Сонымен қатар ветеринарлық іс-шара жоспарына сәйкес малдардың барлық түрлеріне сарыпқа, жұқпалы аруларға қарсы екпе (вакцинация) жүргізілді.

Қоғамдық қауіпсіздік. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша учаскелік полиция қызметкері жасайды. Оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тұрғын үй берілді. Олармен байланыс телефондары ауылдық округі әкімдігінде бар, керегінде байланыс дер кезегінде жасалады.

Есепті кезеңде атқарылған жұмыстармен бірге шешімін табуды қажет етіп тұрған түйінді мәселелерді айтсақ:

- Бесқоспа ауылына ауыз су жүейсін өткізуге бюджеттен қаржы бөлінуі;

- «Табантал» өзеніне Бесқоспа ауылына баруға су өткелін (көпір) салдыру.



Алдағы жылда аталған мәселелерді шешумен ағымдағы жұмыстардың орындалуын ұйымдастырып, халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды атқару Бестамақ ауылдық округі әкімдігінің басты міндеті болып қала береді деп сенім білдіремін.


Т. Исенов

Бестамақ ауылдық округінің

әкімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет