Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы



бет9/16
Дата17.01.2024
өлшемі464 Kb.
#489269
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)

Квас деген сөз алғашында жалпы "ашытылған азық-түлік" дегенді білдіріп, кең мағынада қолданылса, қазірде синекдоха тэсілі бойынша мағынасы тарылып, "сусынның арнаулы бір түрін" ғана білдіреді. Орыс тіліндегі "борода"-"сақал" дегенде ғана білдірмейді, сонымен бірге кейде "сақалды адам" деген мағынада да қолданылады. мысалы: - Эй, борода! А как проехатъ отсюда к Плюшкину. (Н. В. Гоголь, "Мертвые души").
Мына бір сөйлемдегі қол, үкі деген сөздердің мағыналары синекдохаға мысал бола алады: Артымыздан келіп цол жетті, Аз жетпеді, мол жетті (Махамбет) деген сөйлемдегі қол сөзі "әскер" деген мағынаны білдірсе (мүнда бүтіннің орнына бөлшек қолданылған), Бүлацдап үкі тагынып, бүралып ән шырцап жүр (М. Ә.) деген сөйлемдегі үкі сөзі "қауырсын, қанат" дегенді білдіреді (мүнда, бүтін бөлшектің орнына қолданылған).
4. Қызмет бірлігі бойынша аталу. Метафора кұбылысында затгардың тұлға (форма), түр-түс ұксастығы негізге алынса, функциональды ауысуда (фукциональный перенос) заттар мен кубылыстардың атқаратын қызметінің бірлігі немесе уксастығы негізге алынады. Бул ретте аталатын заттар тулға, түр-түс т.б. жағынан мүлдем басқа-басқа болуы мүмкін; ең бастысы - олардың қызметінде бірлік немесе уксастык болса болғаны. Мысалы, осы күнгі қаламның қызметін алғашқыда кустың қауырсыны атқарған. Орыс тіліндегі перо - "кауырсын" бул күнде "темір каламуштың" аты болып ауысты. Қазір "темір каламуштың" орыс тілінде перо ("қауырсын") деген сөзбен аталуы бүл екеуінің ("каламуш" пен "қауырысынның") атқаратын қызметінің бірлігінен. Екеуі де жазу кұралы.
Сондай-ақ, мал деген сөз бірсыпыра түркі тілдерінде жылқы мен сиыр, қой мен ешкі, түйе туралы жинақты үғымның жалпы атауы ғана емес, сонымен бірге "мүлік", "байлық", "товар", "пүл" деген мағыналарда да қолданылған. Сауда-кіріс малмен есептелген. Орыс тілінде дворник - "қораны, ауланы тазалаушы" дегенді де, "машинаның алдындағы әйнегін (шынысын) тазалайтын қүрал" дегенді де білдіреді.
Сөз ауыспалы, келтірінді мағынада колданылу арқылы мағыналық жатқан түрленіп, өзгеріп отырады. Ауыспалы, келгірінді мағынада қолданылған сөздерде астарлы бейне, тартымды образ жатады. Сөздерді келтірінді мағынада, бейнелі түрде қолдана білудің көркем шығарма тілінде өте-мөте маңызы зор. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылуға икемділігі оның мәнерлеуші, бейнелеуші қасиетін көрсететін белгі болып саналады. Егер сөздер келтірінді мағынада, бейнелі түрде қолданылуға икемсіз болса, олардың мәнерлеуші, бейнелеуші қасиеті болмаса, онда көркем туындылар жасауға мүмкіндік болмаған болар еді демек, көркем сөз стилі туралы сөз де болмаған болар еді. Көркем әдебиет, соған сай көркем сөз стилі образға, бейнелеп айтуға негізделеді. Көркем туындыларда тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, образды
мағыналары суреттеудің ең үтымды қүралы ретінде
пайдаланылады.
Тацырып бойынша сүрацтар:

  1. Сөз мағынасының өзгеруінің сыртқы себептері қандай?

  2. Сөз мағынасы ауысуының тілішілік себептерін көрсетіңіз.

  3. Сөз мағынасының ауысуындағы метафораның орны қандай?

  4. Метонимиялану арқылы сөз мағынасының өзгеруін көрсетіңіз.

  5. Синекдоханың тілдік табиғатына сипатгама беріңіз.

  6. Қызмет бірлігі бойынша аталудың сөз мағынасының ауысуында

  7. алатын орны қандай?

  8. Көркем әдебиет стилінде сөздің ауыспалы мағынада қолданылу қандай қызмет атқарады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет