Алдыңғы қатарлы елдерде ақшалай құжат, не қаржы инструменті, айналым инструменті, классиктік бағалы қағаз нысанын құрайтын чек, вексель, аккредитив Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасындағы бағалы қағаз ретінде есептелінеді. Бағалы қағаздар қатарындағы шетелдік вексель ұрлықтың, алаяқтықтың, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің, тонау мен қарақшылықтың заты бола алады.
М.М.Ветошкинаның пікірінше, бұл вексельді жасырын ұрлау кінәлі вексельдегі соманың толық немесе бір бөлігін борышқорға ұсынған, не белгілі бір тауарды, жұмысты немесе қызметті қабылдаған, қылмыскердің ұрлаған векселін үшінші бір тұлғаға өзара жасалынған азаматтық құқықтық мәміле арқылы индоссамент берген, не ұрлықшының ақша қаражаттарын банктегі есеп шоттан вексель бұйрығы арқылы алған кезден бастап қылмыстық әрекеттер аяқталынған болып есептелінеді. Жасырын ұрланған атаулы және ордерлі вексельді қылмыскердің атына бағалы қағаз бланкісінде жалған индоссаментті қосымша жасау арқылы ғана билеуге болады. Мұндай жалған құжат жасау әрекетін жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудан ажыратқан жөн. Бұл әрекет ұрланған вексель куәландыратын құқықтардың іске асырылуын жеңілдету үшін, яғни айналыста еркін жүре алу үшін жасалынады. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау ретінде саралау үшін вексельді толық немесе реквезиттерді қосу, толықтыру жолымен жартылай қолдан жасау керек.
Алайда біздің ойымызша, бағалы қағаздардың кез келген атаулы, ордерлі, ұсынбалы түрлері бағалы қағаздар иесінің (меншік иесі, өкілетті тұлға) иелігінен шығып, қылмыскерге (иелігіне) өткен кезден бастап қылмыс аяқталуы тиіс. Қылмыстың аяқталуы үшін шетел векселіндегі соманың қылмыскерге, не үшінші тұлғаға өтуі (есебіне аударылуы) шарт емес. Ал ордерлі бағалы қағаздың индосаментін, жалпы бағалы қағазды түзеу, толық, не жартылай өзгерту жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау (ҚР ҚК 206-бабымен) әрекеті деп сараланады.
Ал, шынайы бағалы қағаздарға ұқсатпай, өрескел даярлаған бағалы қағазды айналымға жіберу әрекеті алаяқтық деп сараланады.
Шетелдік вексельдің кез келген түрі алаяқтықтың заты бола алады. Оның негізгі әдісі – қылмыскерге ерікті түрде контрагенттің азаматтық құқықтық мәміле арқылы беру. Бұл қылмыстық әрекеттің аяқталу моменті вексельде көрсетілген ақшаны, не тауарды алған, не жұмыс-қызметті қабылдаған кез болып табылады (индассаменет көмегімен үшінші тұлға өткен жағдайда да).
Қазіргі кездегі қылмыстардың арасында бағалы қағаздар айналымы шеңберіндегі жасалатын қылмыстар арасында вексельдік қолданумен байланысты қылмыстар орын алды. Олар экономикалық мүдделерге, сонымен бірге мемлекетке үлкен зардап тигізіп отыр.
Вексельді қолданудағы алаяқтық әдістер. Вексельдік айналымдағы қылмыстардың әдеттегі әдістерін қарап шығайық.
Вексель берушінің қарапайым вексельдермен жасайтын қылмыстары.
1) Вексельді біле тұра дұрыс емес жасау. Вексельге селқос сияқты құрам тиесілі. Бұл заңнамамен көрсетілген вексель түрінің талаптарына сәйкес емес кепілхат құжаттарын танымауды білдіреді. Көптеген вексель алушылар хабарсыздығы жағдайында, арам ниетті вексель берушілер біле тұра ақауы бар вексельді жасай алады, бұнымен олар құжатты кепілхат күшінен айырады немесе вексель алушыға жарамсыз салдар туғыздырады.
Мысалы, төлемнің дұрыс емес мерзімі көрсетілмеуі мүмкін, құжат келісімдік міндетті қамтуы мүмкін, қолдың жалғандығы болуы мүмкін, қолды жалған жасау үшін орынбасарларының біреуі вексельге сенімхат негізінде қол қоюға өкілеттілік алады. Кейіннен сенімхат жойылады. Өкілетті емес тұлғамен қойылған қол ешнәрсеге міндеттемейді. Қол қойған азамат кепілхат беруші болып табылады.
Мұндай теріс қылықтың басқа мысалы, заңды тұлға болып табылмайтын мекеменің құрылымдық бөлімшесінің атынан вексель шығару болып табылады.
Сапасыз вексель алған азаматтар үшін мүдделерді азаматтық-құқықтық қорғау мүмкіндігі жоқ. Қаржыларды қайтарудың бір ғана кепілдемесі қылмыстық қудалау болып табылады. Бұл әрекеттер алаяқтық ретінде сараланады.
2) Вексельді төлемеу. Вексельді төлемегені үшін, яғни несиелік қарызды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін тұлға қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
3) Біле тұра вексельді құрту. Бұл әрекеттің екі түрі бар:
- вексель берушіге белгілі, құрту (вексельді жырту, вексельдегі жазуларды сызу және тағы басқалары). Бұл жерде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру орын алады;
- вексель беруші құжатқа өзгертулердің енгізілгенін білмейді. Бұл әрекет алаяқтық болып табылады, өйткені бұл іс-әрекеттер вексельді берушіні алдау жолымен жасалған.
4) Бірінші вексель берушімен жасалған қылмыстар. Бұл жердегі алаяқтық салдары – индоссоментпен құрастырылған вексельді беру орын алады.
5) Кез келген вексель ұстаушылармен жасалған қылмыстар. Дайындауға берген міндеттерді вексель алушының орындамауы. Көптеген авторлардың пікірі бойынша, бұл әрекетсіздік алаяқтықтың құрамы. Мысал ретінде, вексельді қолдану арқылы әр түрлі деңгейдегі бюджеттермен есептесу кезінде, оларды арнайы құрылған құрылыстар арқылы қаржыландырып жасалған теріс қылықтарды айтуға болады. Вексельді иеленіп алу және мекемеге зардап тигіздіру сияқты алаяқтық іс-әрекеттер де көп. Мұндай алаяқтық әрекеттер келесіден көрініс алады. Жалған тұлға ретінде тіркелген қылмыскерлер мекеме әкімшілігімен зауыттың несиелік қарызы бойынша жергілікті бюджетке төлемдерді енгізу жөнінде келісім жасайды, ал мекеме басшылығы оларға кепілхат береді. Бағалы қағаз қылмыскерлердің қолына түскеннен кейін қаржының аз мөлшері тағайындалуы бойынша кетеді, ал қалған бөлігіне фирманың басшылары иеленеді. Бұған ұқсас жүйе, кепілхаттың орнына отынды, шаруашылық өнімдерді және басқа да құндылықтарды жеткізіп тұруға байланысты келісім-шартты жасау кезінде қолданылуы мүмкін.
Негізсіз вексельдерді өндіріп алуын ұсыну. Мұндай вексель алушының жағынан жасалған іс-әрекеттер жағдайында вексель беруші вексель міндеттемелері негізінің жарамсыз немесе жоқтығына қатысты қарсылығын білдіруге құқығы бар.
Жария сенімхаттың қағидасы вексель берушімен бастапқы вексель алушының қарым қатынасында әрекет етпейді. Бірақ сот тәжірибесі көптеген жағдайларда, негізсіз вексель бойынша өндіріп алу жөніндегі талапты, кейіннен вексель берушінің қарсы арызын қарау үшін қанағаттандыру жолында. Көптеген жағдайларда вексель беруші вексель алушының арам ниетті екені жөнінде дәлелдемелерді қамтымайды. Бұл жағдайларда, бірінші вексель алушымен жасалған негізсіз вексельді төлеуге ұсыну, вексель берушінің мүлкін құқыққа қарсы иеленуіне алып келуі мүмкін. Егер вексель беруші өзінің заңды білмеушілігінің әсерінен немесе вексельдің ішінен жалған құқықтары мен міндеттері жайлы вексель берушіні шатастыру жолына апару арқылы тұлғаның талаптарымен келіссе және талап етілген төлемді төлесе, онда бірінші вексель алушының әрекеті алаяқтық деп саралануы мүмкін.
Индоссаментті дұрыс дайындамау. Индоссаментті бұрыс дайындау болып, вексель алушы вексельді иесіздендіре отырып болашақта оны жауаптылықтан босата алатын немесе вексельді кері талап ете алатын, осындай индоссаментті қасақана дайындайды. Көбінесе, индоссанттар индоссаментті жасау күні мен қолды жалған жасауға барады. Индоссанттар, сонымен бірге алушылардың заңды білмеушілігін қолдана отырып, индоссаментке оларға тиімсіз тұжырымдар қосады. Көбінесе, мұндай мақсаттарда өңделмеген және ескертулермен жасалған индоссаменттер және жарамсыз шартты және жеке индоссаменттер қолданылады. Бұл ескертулер заңды болып табылады. Бұл ескертулердің заңды мағынасы жөнінде дұрыс емес хабарланған немесе хабары жоқ жағдайында индоссаменттердің осы ескертулермен қамтулары заңсыз болып табылады.
Индоссаменттердің жоқ кезіндегі шын вексельді тұлғаға беру. Бұл жағдайда вексель беріліп жатқан тұлға заңды вексель алушы болып табыла алмайды және вексель бойынша құқықты жүзеге асыра алмайды.
Өкіл жағынан болатын теріс қылықтар. Кепілхаттың иесі және оның ұстаушысы болып табылатын тұлға, осы вексельге құқықты жүзеге асыруға кез келгенді өкіл ете алады, яғни өкілеттік бере алады. Мұндай өкілеттік қарапайым сенімхат негізінде жасалына алады, бірақ қайта сеніп тапсырылған индоссамент арқылы жүргізіледі. Сеніп тапсырылған индоссамент, онымен заңдалған тұлғаға төлеуге вексельді ұсыну, төлемді алуға, төленбеген жағдайда – арыздануға құқық беріледі, сонымен бірге оған вексельге құқықты жүзеге асыру кезінде алынғандарды табыс ету міндеті жүктеледі. Қазіргі кезде терісқылықтың бұл түрі, проблемалық вексельдер бойынша қарыздарды талап ету бойынша қызметті орындаумен көрініс алып отыр.
Нақты мекемелердің нақты вексельдерін проблемалық деп айтсақ болады, олардың басшылары жеткілікті айналым капиталын қамтымайтын және осы себеппен өздеріне байланыссыз әр түрлі жағдайларды дәлелдей отырып өздерінің кепілхаттарын өтеуден жалтарады. Мұндай кепілхаттардың ұстаушылары, кепілхат берушілерге өтеттіре алатын тұлғаларды жалдайды. Бұл жерде әр түрлі әдістер болуы мүмкін – мұндай мекемелердің жеке басқарушыларыныың жеке қызығушылығы күштік әсерге дейін.
6) Вексель беруші мен вексель алушының біреуінің алдын ала келісімі негізінде жасалатын қылмыстар.
Достық немесе үстеме вексельді беру достық вексельдер төлей алатын мекемелерде беріледі, «достық көмек» ретінде басқа, яғни қаржылық қиындықты шеккен және несиені қажет ететін мекемеге вексель алушы өзінің несиесін өтеу үшін немесе банкте есепке алу үшін беріледі. Достық вексельдерді қолданудың криминалдық аспектісі – ол, соңғысы вексель берушінің шамасы жоқ деп тану негізінде, оның қарыз мөлшерін жасанды түрде үлкейту үшін қолданылуы мүмкін. Достық вексельдерді контрагентке сенімнің болуы жағдайында жазылады. Бірақ, вексель беруші достық вексельді төлей алмаған жағдайдағы зардаптан кепіл ретінде кепіл алушы өзінің контрагентіне сол қаржыға вексель – үстеме вексель береді. Үстеме вексельді қолдану екі фирмалардың қаражатсыз вексельмен айырбасқан жағдайда да көруіміз болады. Қарапайым достық немесе үстеме кепілхатты беру кезінде жақтар біреудің мүлкін ұрлауға ұмтылады (талан-таржыға салуға). Олардың мақсаты – қайтарылуы тиіс қамтамасыз етілмеген несие алу болып табылады.
Егер талан-таражға салу ниеті болған жағдайда да, достық немесе үстеме кепілхат сатылуы немесе кепілге салынған болуы тиіс.
Барлық талаптарға сәйкес, бірақ әдейі қамтамасыз етілмеген вексельдерді шығару және беру. Оның құраушылары мен вексель берушіге, оның төленбейтіні белгілі болады, өйткені төлеушіде қажетті активтері жоқ және олардың болуы байқалмайды. Қауіптісі болып, қылмыстық топтармен жасалатын қамтамысыз етілмеген вексельдерді қолдану арқылы жасалатын қылмыстық операциялар табылады.
Қола вексельдерді шығару. Қола немесе үрленген вексельдер – бұл, жасанды фирма атынан шығарылатын және қамтамасыз етілмейтін вексель болып табылады. Заңды бизнесте, олар банктен қаржы алу мақсатында немесе мәміле бойынша төлемдерді төлеу үшін қолданылады.
Оларды қылмыстық қолдау, бұл – алаяқтық жолмен алынған мүлікті арам ниетті алушыға индоссамент арқылы беру болып табылады. Нәтижесінде вексель алушылар немесе басқа міндетті тұлғалар зардап шегеді.
Вексельді өтіп кеткен күнмен белгілеу. Мұндай қылмыстың келесі түрлері орын алады:
Бірінші жағдайда, вексель жасау күнін өзгерту бірінші иеленушінсіз жүзеге асырылады. Мысалы, вексель беруші вексель жасау мерзімін өзінің әрекетсіздік немесе өкілеттігі жоқ кезеңге ауыстырғысы келеді. Бұл әдейі, дұрыс емес жасалған вексель алаяқтық болып табылады.
Екінші жағдайда, күнін белгілеу вексель иеленушінің құзыреті бойынша жүзеге асырылады. Мұндай іс-әрекеттердің мақсаты – несие берушілердің талабынан мүлікті, қарыз мөлшерін жасыру болып табылады.
Вексельдерді артқы күнмен белгілеу, олардың бұрында берілгенін, яғни мекеме жағдайының жақсы кезеңіндегі көрінісін тудырады.
Вексельдерді артқы күндермен белгілеу, мекеменің салықты төлеуден жалтару мақсатында жалған банкроттықты жасау үшін де жасалынады.
Айналымдағы вексельді төлегеннен кейін тоқтату. Бұл қылмыстың жүйесі келесі түрмен көрініс алады. Вексель алушы төлемді алғаннан кейін, осы төлемді жүзеге асырған вексель алушымен соңғысы одан вексельді алмауы туралы келіседі.
Келісімге сәйкес вексель алушы индоссанттар мен авалистерге вексель бойынша төлемеуі жөнінде регрестік арызды ұсынады. Бұл үшін, ол вексельге наразылық білдіреді, және қарсылық білдірген вексельге, және наразылық туралы актісіне ие бола отырып, кепілхаттың толық төлемін беру немесе бірнеше қарызгерлерге регрестік тәртіпте тағы бір рет өндіріп ала алады. Бұндай өндіріп алу алаяқтық болып табылады.
7) Вексельді потенциалды иеленушілермен жасалатын қылмыстар
Бұл қылмыс алаяқтық жолмен вексельді талан-таржыға салумен байланысты. Бұндай алаяқтың әр түрлі түрлері бар.
Соңғысының еріксіз және негізсіз вексельді, оның жасаушысынан алу. Қарапайым жасалатын қылмыстардың бірі. Кепілхат берушінің өз еркі бойынша вексельді құруы мүмкін, бірақ айналымда оның еркіне қарсы немесе оны жасау да кепіл берушінің еркіне қарсы жасалуы мүмкін.
Депозитариядан вексельдерді ұрлау. Бағалы қағаздардың көп бөлігін, сонымен бірге вексельдерді да иеленушілер өздерін тәуекелге апармай әр түрлі коммерциялық банктердің депозитарияларында (арнайы сақтау орны) сақтайды. Депозитке вексельді салу тәртібі бұзылған жағдайда, осы вексельді алдыңғы ұстаушымен бірге депозитке вексельді салуды жүзеге асырылғанда талан-таржыға салуға мүмкіндік туады. Сонымен бірге, соңғысы құпия болып табылатын ақпаратқа кіре алады (көлемі, номиналдары, вексель нөмері, заңды тұлғалардың реквизиттері, мекеме мөрлерінің іздерімен және қызметтік тұлғалардың қолдары мен құжаттарды көшірмелері).
Осы көрсетілген мәліметтерді қылмыскер пайдалана отырып депозитаридағы вексельді иелену үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Ұрланған вексельдер төмен бағамен сатылады, ал қылмысты орындаушылар және ұйымдастырушылар жасырынады.
Жоғарыда орын алған алаяқтықтың негізгі мінездемесіне мыналар кіреді:
-
келісімді тез арада құру және оған қол қою;
-
екінші жақты тексермеу, яғни оның тұрғылықты жерін, тіркелген жерін;
-
вексельді сататын жаққа экономикалық пайданың үлкен болуы, делдалдарға және мәміле жасаушыларға үлкен сыйақыларын беру туралы уәде беруі;
-
келісімді жасау және қол қою барысында ешқандай қатысы жоқ, және бағалы қағаздарды есепке алу, және сақтау ерекшеліктерін, құжаттардың айналым жүйесін білу мақсатында қылмыскерлердің негізсіз қатысу әрекеттері.
8) Қаражаттарды ұрлау үшін вексель – бланкісін қолдану.
9) Вексельдің құқықтық қарым-қатынасының басқа қатысушыларымен жасалатын қылмыстар. Бұл қылмыс әртүрлі субъектілердің вексельдегі дұрыс емес жазуларды орындауға делдал болу, акцепт, овал арқылы жасалады.
Алаяқтар қаржы саласында күн сайын алдаудың жаңа әдістерін ойлап табады. Бүкіл әлемнің қаржы-инвестициялық ресурстарын қайта бөлу мәселесі алаяқтарды қызықтыруда. Олардың басты мақсаты бағалы қағаздармен түрлі махинацияларды жасау арқылы үлкен мөлшерді материалдық пайда табуды көздейді. Бұл нарыққа алаяқтардың көз тігуінің бір себебі, бұл саланың тиісті органдармен толық реттелмеуімен де байланысты.
Қылмыстық заңда «Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу»,- деп көрсетілген (ҚР КК-нің 177-бабы).
Алаяқтық бөтен мүлікті немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілген екі тәсіл арқылы, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады.
Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп керсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, мысалы, осындай әдіспен біреудің бағалы қағазда көрсетілген мүліктік құқықын иемдену болып табылады. Мұндай реттерде жасаған құжаттарды пайдалану алдаудың бір тәсілі болып табылғандықтан кінәлінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 325-бабымен қосымша саралануға жатпайды. Кінәлі адам осы құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтықпен алдауда бағалы қағазға жалған мәліметтер енгізеді. Мұндай реттерде жалған құжаттарды кінәлінің өзі жасаса, онда оның әрекеті қосымша Қылмыстық кодекстің 325-бабымен саралануға жатады.
Алаяқтықтың екінші бір тәсілі – сенімге қиянат жасау болып табылады. Сенімге қиянат жасау деп кінәлі адамның меншік иесімен немесе мүліктің, өзге де заңды иеленушісімен пайда болған әр түрлі сенімге негіз боларлық қатынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкін заңсыз иеленуі немесе иеленуге құқық алуы болып табылады. Мысалы, кінәлі адамның әр түрлі азаматтық-құқықтық келісімдерді пайдалануы: сату-сатып алу, сауда-саттыққа қарыз беру, т.б. міндеттемелік шарттар болып табылады. Осындай сенімге ие болу арқылы олар жәбірленушіге қарсы алаяқтық әрекеттер істейді.
Осы салада қаржылық пирамидалардың қатысуымен алаяқтық әрекеттер жасалынады.
Қылмыстардың көп таралған әдістері:
-
жалған куәлік, сенімхаттарды қолдану арқылы бағалы қағаздарды алаяқтық әдіспен алу;
-
басқа ұйымдарға тиесілі кепілхаттарды алу, оларды басқа мекемелерге ұсыну немесе банктен тез арада өтелуін талап ету;
-
эмитент қаржысымен қамтылмаған кепілхаттарды шығару, тіркелмеген акциялардың эмиссиясы.
Ресей нарығындағы қылмыстан мысал келтірейік. 2004 жылдың 6 шілдесінде ТОО «П»-нің бас директорының орынбасары Давиденко «О» коммерциялық банкпен «Нефтяной дом» бөлімшесі негізінде банктегі сейфтік ұясын жалға алуға келісім шарт құрады. Сейф ұяшығына 12,5 миллион рубль мөлшерінде 15 кепілхат салынады, бұл ТОО «П»-ға мұнай өнімдерін әкеліп бергені үшін кепілдеме ретінде еді. 2004 жылдың 8 шілдесінде «О» – «Нефтяной дом» банкісінің бөлімшесінде, ТОО «П» қаржы директоры А.Н.Егоров ретінде келген белгісіз тұлға А.А.Давиденконың А.Н.Егоровқа сейфтік ұяшыққа кіруге құқығы жөніндегі жалған сенімхатын қолдана отырып, алдау арқылы 15 кепілхатқа иеленеді.
2004 жылдың шілдесінің басында А.Н.Егоровтың атынан әрекет еткен белгісіз тұлға көрсетілген кепілхаттарды П.Е.Кулешов деген азаматқа сатқан, ал ол азамат оны жүзеге асырады.
Қылмыстылықтың көп таралған түрі депозитариядағы корпоративтік акцияларды ұрлау әрекеттері жалған сенімхаттары, жалған мөрлер мен қолдарды қолдану жолымен жасалынады. Бұл алаяқтық әрекет акцияны ұстаушыларға, заңды және жеке тұлғаларға үлкен зардап әкеледі.
С.Б.Гунин ретінде әрекет еткен белгісіз тұлға ААҚ «Газпром» акционерлеріне қатысты жалған сенімхат негізінде және жалған куәлік негізінде оларға тиесілі акцияларды ұрлау сияқты әрекеттер жасады. Ол КБ «Газпром» депозитарисінде ААҚ «Газпром» акция иелерінің атынан көрсетілген азаматтық акцияларымен, заңмен рұқсат етілген жалған сенімхатты көрсеткен, нәтижесінде көрсетілген азаматтың депозиттік шоттарына иелену ретінде тіркеді, одан кейін ОАО Қаржы компаниясы «Акцепт РК» және лицензиясы бар ААҚ «МФО Акцепт» компаниясымен бағалы қағаздарды сатып алу-сату келісім шарттарын құрды, 1 акцияның құнын 5 рубль деп белгілеп, жалпы мөлшері 2 351 970 рубль болды.
Келесі мысал кооперативтік акцияларды талан-таражға салумен байланысты. М.М.Копакова ААҚ «Газпром»-ның Дагестан Республикасында тұратын заңды иелерінің акцияларын ұрлауды көздеп, 2001 жылдың қаңтарында факс көмегімен, оның қылмыстық көмегі жайлы хабарсыз азамат Ю – бағалы қағаздар бойынша комиссияның және Дагестан Республикасы өкіметінің қаржылық нарығының кеңесшісімен ААҚ «Газпром» 52 акционерлерінің, олардың куәлігі жөніндегі мәліметті, мекен-жайы туралы және және чектердің көлемі жайлы, ААҚ «Газпром»-дағы қанша акционерлер бар екендігі жөнінде мәліметтерді хабарлама арқылы алған М.М.Копакова 2002 жылдың қаңтарында, оның қылмыстық қызметі жөнінде хабарсыз болған «Машинописные работы» фирмасының жазушысы (машинистка) – «З» азаматшасының көмегімен ОАО «Газпром» акционерлері Е.А.Анотпановқа, оларға тиесілі акцияларға жалған сенімхаттардың бланкілерін жасайды. М.М.Копакова көрсетілген сенімхаттарды жасауды нотариус «М» азаматшасының көмегімен бітіреді. Ол азаматша «Нотариус туралы» заңын бұза отырып сенімхатта ААҚ «Газпром» акция иелерінсіз куәландыратын қолдарды, сонымен бірге өзінің мөрін қойып, көрсетілген сенімхаттарда тізімдік нөмерді және нотариалдық қызметтерді тіркеу үшін тізімдерді қойып шығады. Екі жылдың ішінде-ақ «М» азаматшасымен әрекет еткен М.М.Копакова 47 жалған сенімхаттарды жасаған. Жалған кепілхаттар жасау кезінде қылмыскерлер үлгі ретінде шын бланкілерді қолданады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің заты шетелдік вексель бола алады. Бұл қылмыстың субъектісі заңды жолмен вексель ұстаушының атынан жарлық, ереже, не басқа да құрылтай құжаты лауазымды міндеті, келісім-шарт арнайы тапсырма негізінде кәсіпорын, мекеме, ұжым мүлкі сеніп тапсырылған, заңды иелігіне берілген тұлға болып табылады. Қылмыскер вексельде көрсетілген ақша, не басқа да құндылықтарды алу үшін ұсынған, не үшінші тұлғаға индоссамент берген, банкте есепке алынған кезден бастап қылмыстық әрекет аяқталған болып есептелінеді.
Шетел векселіне қарақшылық әрекеті вексельді иемдену үшін шабуыл жасаған кезден бастап аяқталады.
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап). Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлау белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық 182-бапта арнайы көрсетілген.
Қылмыс істелу тәсіліне қарай алаяқтық құрамына көп ұқсас, бірақ алаяқтықта кінәлі адам бөтеннің меншігін заңсыз, тегін өзінің не басқаның иелігіне аударса, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлі адам бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды. Кінәлі – меншік иесіне төленуге, өтелуге тиісті нәрселерді істемеу арқылы, өзі пайда тауып меншік иесіне залал келтіреді. Мысалы, заң немесе нормативтік актілерге сәйкес мемлекет пайдасына түсетін әртүрлі төлемдерді төлемеу (газды, жылуды, электр энергиясын, тұрғын үйді пайдаланғаны немесе тұрмыстық қызмет көрсетулер үшін, жолаушыларды билетсіз мемлекеттік көлікте тасымалдау арқылы заңды ұйымдардың немесе басқа меншік иелерінің көлік құралдарын тегін, ақысыз пайдалану).
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 205-бабы) ретінде сараланатын қылмыстық әрекет алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚР ҚК 182-бабы) түріндегі қылмыстық әрекетке ұқсас.
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрінісін жасауға және (немесе) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәміле жасауға бағытталған іс-әрекеттерін, яғни бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасауы мүмкін. Ал, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының «Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау» 56-бабына сәйкес, бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады. Мысалы, кәсіби қатысушы (брокер – клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы) бағалы қағаздар нарығында меншік иесіне тиімсіз түрлі азаматтық мәмілелерді (бағалы қағаздарды басқару, депозиторий қызметін жүргізу, сауда-саттықты ұйымдастыру, депозитарийлік қызмет, инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқару) жүзеге асырып, ірі залалдар келтіреді.
ҚР ҚК 182-бапта көрсетілген қылмыс құрамы меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне мүліктік залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне онша елеулі емес зиян келтірген жағдай, іс-әрекеттер теріс қылық деп саналып, қылмыс болып табылмайды (ҚК-тің 9-бабының 2-тармағы). Осындай іс-әрекеттерді мемлекеттік органдардың немесе коммерциялық және басқадай ұйымдардың лауазым адамдары істеген жағдайда олардың қылмысы Қылмыстық кодекстің 228 және 307-баптары бойынша сараланады.
Тақырыпша бойынша сұрақтар:
-
Қылмыстық заңда ұрлаудың неше нысанын көрсеткен?
-
Бағалы қағаздар нарығындағы ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, тонау, қарақшылық, алаяқтық қылмыстарының сипаты қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |