3.Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі.
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді.
«Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты Манаш Қозыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін сырлы құбылыс деп бағаласа, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетеді. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалайды.
Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романының бірінші кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне баға берді. Алматыда ұлтшыл элементтер араңдатып салған оқушылар жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешіміне наразылық білдіргенін айтады. «Желтоқсан оқиғаларындағы» маңызды мәселелерді есте сақтау қажет дейді. «Ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді. Демонстранттар жақсы ұйымдасқан еді және өз жетекшілері ұсталғаннан кейін де орындарында қала беруі бағаланды» — деп сипаттайды.
Желтоқсан құбылысын зерттеуге ат салысып келе жатқан көрнекті журналист Т.Данияров: «Желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызбен үндеседі», — деп санайды. «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т.Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс» деп таныды. 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс болып табылады. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жоқ деп есептейді.
Билет 7
1917 жылғы саяси партиялар: Шуро-Ислам Одағы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы және т.б.
Кеңестік дәуірде республика өңіріндегі ядролық сынақтардың зардаптары.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және қазақ тілінің мәртебесі.
Достарыңызбен бөлісу: |