78.Шәкәрім университеті білім алушыларының «Ар-ұждан» кодексі туралы баяндаңыз?
Ар ұждан кодексі Шәкәрім университетінің білім алушыларының міндеті, білім алушылар құқығы және білім алушыға қолданылатын жаза түрлері жайлы баяндайды.
Білім алушылар міндетті:
ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға;
бақылау тапсырмаларын (аралық, межелік бақылау) белгіленген
мерзімде орындауға;
басқа білім алушылармен, окытушылармен және әкімшілікпен қарымқатынаста сыпайылық, әдептілік және ықыластылық танытуға;
университет мүлкіне ұқыпты қарауға және оның аумағында вандализм жасамауға;
университет ішінде және одан тыс жерлерде де құқықтық ережелерге қарсы іс- әрекеттерге жол бермеуге;
тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуіне, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауға;
университет мүддесіне қайшы келетін, университет имиджі мен
беделіне нұқсан келтіретін қандай да бір әрекетке бармауға;
эстетикалық талапқа сай киінуге;
оқу корпустарында сабақтарға кедергі келтіретіндей қатты сөйлемеуге және шу көтермеуге;
дәрісхана, асхана, кітапхана т.б.қоғамдық орындарда сырт киіммен жүрмеуге, сағыз шайнамауға, ұялы телефонмен сөйлеспеуге, жеке бас сезімдері мен өзге де құлшыныстарды көпшілік алдында көрсетпеуге;
ынсапты, мейірімді, әділетті, тату болуға.
Білім алушылар құқылы:
оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
жалпы ұйымдастырушылық мәселелер мен оқу процесіне қатысты өз пікірін айтуға, осы Кодекстің ережелерін бұзуға байланысты жағдайларды талдауға қатысуға;
аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз
күшімен түзетуге, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе университет әкімшілігіне хабарлауға;
қызығушылығына байланысты студенттік ұйымдарға тіркелуге;
заңмен шектелмеген жобаларды ұсынуға және жүзеге асыруға.
Достарыңызбен бөлісу: |