Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар:
БӨЖ-на арналған тапсырмалар:
БӨЖ № 1
Тақырыбы: Молекулалық биология пәні. Молекулалық биологияның даму тарихы. Нуклеин қышқылдарының сипаттамасы
Мақсаты: Нуклеин қышқылдарының құрамдас бөліктерімен танысу. ДНҚ-ның кеңістік құрылымы мен Уотсон Крик моделімен танысу. Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлімен танысу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Молекулалық биология организмдердің негізгі қасиеттерін және көріністерін молекулалық деңгейде зерттейді. Молекулалық биологияның пайда болуын 1953 жылы ДЖ.Уотсон және Ф.Криктің ДНҚ молекуласының кеңістік структурасын (қос тізбекті) ашуымен байланыстырады
СОӨЖ № 2
Тақырыбы: Генетикалық кодтың сипаттамасы. Микроорганизмдегі нуклеин қышқылдарының алмасуының молекулалық механизмі. Ақуыз биосинтезі.
Мақсаты: Генетикалық ақпараттың тасымалдануы және осыған қатысатын ферменттердің қызметімен танысу. Ақуыздың биосинтезі
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Әрбір амин қышқылы үшін арнайы тасымалдаушы т-РНҚ молекулалары болады. Тасымалдаушы РНҚ мм РНҚ-ның амин қышқылының арасында транспорттық молекула қызметін атқарыды.
СОӨЖ № 3
Тақырыбы: Геннің құрылымы туралы қазіргі көзқарастардың реттелуі. Митохондрия және хлоропласт геномдары. Нуклеин қышқылдарының мутациялық өзгергіштігі.
Мақсаты: Қазіргі кезде қалыптасқан геннің құрылымы туралы мәліметтермен танысу. Т-2 бактериофагы – локус 2 мысалында геннің құрылысымен танысу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: геннің молекуласы биохимимялық, биофизикалық, физико-химиялық тұрғыдан қарағандағы табиғаты, тұқым қуалаушылықтың өлшем бірлігі екендігі т.б. қасиеттеріне ауызша сипаттама беру
СОӨЖ № 4
Тақырыбы: Прокариоттардағы нәруыз синтезінің ингибиторлары. Митохондрия мен хлоропластардың геномы. Рестриктаза ферментінің түрлері, қасиеті және ДНҚ-ға әсер ету ерекшеліктері. Ген инженериясы және оның қазіргі кездегі бағыттары
Мақсаты: ДНҚ – матрицалық синтезі мен танысып сызба нұсқасын салу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Прокариоттар мен жоғары сатыдағы организмдер клеткасында транскрипцияның реттелуі және матрицалық РНҚ-ның түзілуі
СОӨЖ № 5
Тақырыбы: Тотығу кезіндегі ферментативті ыдырау реакция қуатының АТФ қуатына айналуы. СӨЖ тақырыбы Гликолиз кезіндегі энергия. Тотығу реакциясында босап шыққан қуаттың АТФ қуатына айналуы. Тыныс алу тізбегінің электрон тасымалдауы.Тыныс алу тізбегіндегі электрон энергиясының игерілуі.
Мақсаты: Глюкоза молекуласының анаэробты және аэробты ыдырау кезіндегі негізгі процесстерді қарастырып ерекшеліктерімен танысу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Глюкозаны ыдырататын реакциялар тізбегі – гликолиз катаболизміндегі 2 кезеңнің ең негізгі этапы болып саналады. Гликолиз реакцияларындағы глюкозадан аноэробты жолмен АТФ-тің түзілуі энергетикалық тиімді болмайды. Ферменттердің қатысуымен жасушадағы қоректік заттар тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия алдымен АТФ-та жиналады. АТФ гидролизі кезінде бөлінетін энергияның есебінен, осы процеске қатысты басқада көптеген реакциялар жүре алады
СОӨЖ № 6
Тақырыбы: Н-АТФ фазаның функциясы. Тотыға фосфорлану кезіндегі электрохимиялық градиенттің түзілуі және оның атқаратын ролі.
Мақсаты: Глюкоза молекуласының анаэробты және аэробты ыдырау кезіндегі негізгі процесстерді қарастырып ерекшеліктерімен танысу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Глюкозаны ыдырататын реакциялар тізбегі – гликолиз катаболизміндегі 2 кезеңнің ең негізгі этапы болып саналады. Гликолиз реакцияларындағы глюкозадан аноэробты жолмен АТФ-тің түзілуі энергетикалық тиімді болмайды
СОӨЖ № 7
Тақырыбы: Жасушадағы АТФ-тің жасуша реттілігін қалыптастырудағы ролі. Жасушадағы АТФ-тің жасуша реттілігін қалыптастырудағы ролі
Мақсаты: АТФ гидролизінің негізінде жүретін реакциялармен танысу. Қоректік заттардың ыдырауы
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Ферменттердің қатысуымен жасушадағы қоректік заттар тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия алдымен АТФ-та жиналады. АТФ гидролизі кезінде бөлінетін энергияның есебінен, осы процеске қатысты басқада көптеген реакциялар жүре алады
Достарыңызбен бөлісу: |