1.1 Адамзаттың жаһандық мәселелері және оны шешу жолдары
Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер. Адамзаттың жалпы ғаламшарлық бірлігі. Дағдарыстың түрлері (жеке тұлғалық, қоғамдық, экологиялық). Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешу жолдары.
Жаһандық дағдарыстан шығу ізденісі. «Рим клубының» зерттеулері. «Рим клубы» дағдарысының пайда болу себептері мен дағдарыстан шығу жолдары туралы қорытындылары.
1.2 Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдылығы
Адамзаттың жаһандық дағдарыстарының рухани-адамгершілік сипаты. Тұтынушылық идеологиясының кең таралуы. Қазіргі уақыттағы адамзаттың кең таралып жатқан материалдық тұтынушылық құндылықтары идеологиясынан рухани өзін-өзі жетілдіруіне қарай қайта бағытталу қажеттілігі. Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде білім берудің рөлі
1.3 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи-философиялық негіздері
Сократ, Платон, Конфуций, Лао-цзы, Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Монтень, И.Кант, Я.А. Коменский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский және т.б. өмірі мен шығармашылықтары туралы әңгімелеу. Адамзаттың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын біріктіретін құбылыстарды зерттеу: ой, сөз, істің бірлігі; бүкіл әлемнің және әр адамның бойындағы жоғары рухани бастауды мойындау; адамзаттың тұтастығыРухта екенін жете түсіну; өзінің мінезін кемелдендіру және адамзатқа риясыз қызмет ету.
Достарыңызбен бөлісу: |