Білім беру бағдарламасы: 6В01582 -физика мұғалімдерін даярлау Курс: Академиялық кезең



бет1/7
Дата01.05.2024
өлшемі299 Kb.
#500243
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
nmfesha f-22-21 23-24 sil 5 kredit


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА БББ



Бекітемін Академиялық сапа комитетінің төрағасы
___________________Н.А.Ахатаев

« ____»_____________ 2023ж.



СИЛЛАБУС
(оқу жұмыс бағдарламасы)

М6 Модулі: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
NMFEShA 3302 «Негізгі мектепте физика есептерін шығару әдістемесі»



Білім беру бағдарламасы:

6В01582 –Физика мұғалімдерін даярлау

Курс:
Академиялық кезең:

2 курс Ф-22-21
1 академиялық кезең

Оқыту тілі:

Қазақ

Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша):

БеП/ТК

Кредит саны:

5

Жалпы сағат саны:

150




Практика-45
БАОӨЖ-10
БӨЖ-95

Практика сабақты беретін оқытушы:



Қарабала Тоғжан Маратқызы, п.ғ.м.
эл. пошта: togjan_1214@mail.ru,
байланыс тел: 87088711741

Сабақ өтетін дәрісхана:

Қызылорда университетінің №6 оқу ғимаратыть

Офис сағаттар:

Сабақ кестесі бойынша



Қызылорда 2023 ж.

Силлабус Физика және математика БББ мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ «__»___________ 20__ ж.


БББ жетекшісі _____________ Каинбаева Л.С.

Силлабус Жараталыстану бағыты бойынша Академиялық сапа жөніндегі комитет мәжілісінде қаралып, мақұлданған


Хаттама № «__»___________ 20 __ ж.



Пәннің оқу бағдарламасы


1. Пән туралы мәліметтер. Физика есептерін шығару студенттердің оқу материалын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар есептерді шығару оқушылардың өздігінен ойлауын, қиыншылықты жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып табылады.
2. Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент "Жалпы физика курсы", «Физиканы оқытудың әдістемесі», «мектеп экспериментінің техникасы» пәндерін жақсы меңгеруі қажет.
3. Постреквизиттер: Пәнді меңгерген студент осы таңдау пәнінен алған білімдерін болашақта педагогикалық практикада қолдана алады.
4. Пәннің қысқаша мазмұны. Физика есептері туралы жалпы мағұлымат. Есеп шығару үрдісінің негізгі кезеңдері.Физикалық оқу есебінің ерекшелігі. Оның классификациясы. Пәнаралық байланыс және оны физикалық есептерді шығару кезінде қолдануды жүзеге асыру.
Физиканың текстік есептері. Сандық және сапалық текстік есептер. Жаттығу және комбинациялық есептер. Тарихи, техникалық, биофизикалық және басқа мағынадағы есептер. Текстен тыс формадағы есептердің негізгі мәліметтерін беру. Тексті формаларды: график, таблица, диаграмма және т.б. қабылдау кезінде оқушылардың мәлімет хабарды алу әне өңдеу үрдісіндегі ерекшеліктер.
Физикалық есептер оқушы мен студенттің физикалық білімі құрылымының маңызды бір элементі. Физика курсындағы жүйелі-құрылымдық көзқарас, білім элементтерін құрылымдық-компоненттік талдау, жеке элементтердің құрылымы. Физика есебінің күрделілігі мен қиындығы. Аралық, көмекші және ұқсас есептер.
Тестілік (сынау) сипаты бар тапсырмалар, оларға қойылатын талаптар. Оқыту және игеру дәрежесі оқушылардың оларды қалай игеретінін анықтау жолы. Тестілік (сынау) сипаты бар тапсырмалар жүйесі және оларды қолдану әдістемесі.
Мұғалім мен оқушының есеп шығару барысындағы іс-әрекеті. Есептердің әр түрлі типтерінің құрылымдық компоненттік сипаттамасы. Есеп талабының (сұрағының) әуелгі құрамын өзгерту (қайта формалау) үрдісі. Оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістемесі. Есеп шығару үрдісінің құрылымдық талдануы, оның негізгі операциялары, олардың орындалуының реті.
Есеп шығаруға арналған сабақты өткізу әдістемесі. Сабақ үстінде есептерді таңдап алуға қойылатын талаптар.Оқушыларға жеке тапсырма беру. Жекелеген тақырыптар бойынша есеп шығару сабақтарының конспектілерін жасау.
Есептерді шығару тәсілдерін алгоритмдеу. Физика есептерін шығару әдістері мен оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістерінің ішіндегі алгоритмдеудің орны. Есеп шығару үрдісінде ойлап-түсіну әрекеті әдісімен оқушыларды бағдарлап оқыту. Есеп шығарудың дербес (тақырыптық) және жалпы алгоритмдер. Алгоритм әдісінің мүмкіндіктері, ерекшеліктері, кемшіліктері.
Шығармашылық есептер. Олардың түрлері. Оқушылардың техникалық шығармашылығы. Шығармашылық жаттығулардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орны. Шығармашылық есептердің шығару әдістемесі. Есеп шығару үрдісінде шығармашылық ойлауды дамыту жолдары. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. Аналитикалық жолмен есеп шығару кезінде экспериментті қолдану.
Есептеу (санау) есептерін шығару әдістемесі. Есеп шартындағы берілген шамаларды талдау, шартты жазу түрлері, шарттың түсіндірілуі, суреттердің, сызбалардың, схемалардың орындалу ерекшеліктері. Есеп шығару жоспары мен үрдістерін жазудың әр түрлі әдістері, оны оқу және тексеру әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет