Білім беру бағдарламасы аясында оқытушылар біліктілігінің артуы республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы


Великая Хартия Европейских Университетов (Болонья, 18 сентября 1988 г.)



бет15/23
Дата09.06.2016
өлшемі3.75 Mb.
#124201
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

9.Великая Хартия Европейских Университетов (Болонья, 18 сентября 1988 г.).

10. Реализация Европейского пространства высшего образования Коммюнике Конференции министров, отвечающих за высшее образование. Берлин, 19 сентября 2003 года


11. Влияние Темпус на развитие университетов в Казахстане: Обзор проектов – Алматы, 2010 - 58 с.

12. Стратегический план развития Международного Казахско-Турецкого университтета им. А. Ясауи на 2009-2013 гг. Туркестан, 2010 г.

13.Алгазинов Э. К., Сирота А. А. Анализ и компьютерное моделирование информационных процессов и систем. //М.: Диалог-МИФИ, 2009. – 416 с.

14.Ашимов А. А., Бурков В. Н., Джапаров Б. А. Согласованное управление активными производственными системами. - М.:Наука, 1986 С. 248.

15.Ашимов А. А., Новиков Д. А., и др. Макроэкономический анализ и экономическая политика на базе параметрического регулирования. - М.: Физматлит, 2010.

16.Бурков В.Н., Буркова И.В., Губко М.В., Динова Н.И., Еналеев А.К., Кондратьев В.В., Коргин Н.А., Новиков Д.А., Цветков А.В., Чхартишвили А.Г., Щепкин А.В. Механизмы управления (Умное управление) –Электронное издание. 2010. www.mtas.ru

17.Гвоздева В.А., Лаврентьева И.Ю. Основы построения автоматизированных информационных систем. - М.: ИД “Форум”, Инфра – М, 2009. – 320 с. ил

18.Гейн К., Сарсон Т. Системный структурный анализ: средства и методы. - М. 1992.

19.Губко М. В., Мишин С. П. Модели и оптимальные структуры организации. -М.:Синтег, 2007.

20.Дмитриева О.Г. Построение системы стимулирования сотрудников ВУЗа на основе достигнутых результатов. Электронное издание. 2009. www.mtas.ru

21.Икуджиро Нонака, Хиротака Такеучи. Компания – создатель знания. Зарождение и развитие инновации в японских фирмах. www.ais-portal.ru

22.Лейкин М.В. Многокритериальные задачи ранцевого типа: Математические модели и алгоритмы решения: диссертация кандидата физико-математических наук: 05.13.18.- Нижний Новгород, 2004.- 130 с.: ил. РГБ ОД, 61 04-1/1144.

23.Новиков Д.А. Теория управления образовательными системами. // Учебно-методическое пособие. - М.:Народное образование, 2009. 452 с.

24.Новиков Д.А. Теория управления организационными системами.- М.: Физматгиз, 2007. 584 с.

25.Просветов Г.И. Методы оптимизации. //Учебно-практическое пособие. М.:Альфа-Пресс., 2009. -168 с.

26.Сочнев С.В., Хулап Г. С. Технологии и системы информационного корпоративного управления. 2002.

27.Трахтенгерц Э.А. Компьютерные методы реализации экономических и информационных управленческих решений. // В 2-х томах. Том 1. Методы и средства. - М.: СИНТЕГ, 2009, 172 с. Том 2. Реализация решений. - М.: СИНТЕГ, 2009, 224 с. (Серия «Системы и проблемы управления»).

28.Тукубаев З. Б., Умаров А. А. Исследование потоков заявок, поступающих на веб - сервер организации. //Сборник трудов VII Молодежной школы-семинара молодых ученых “Управление большими системами”. г. Пермь. С. 369-373. 27 мая - 29 мая 2010 г.

29.Тукубаев З. Б., Умаров А. А. Мәліметтер қоры саласындағы үлкен мәселелер және ағымдық зерттеулер (орысшадан аударма). // ХҚТУ Хабаршысы, №3, Түркістан. 2008, 7 б.

30.Тукубаев З. Б., Умаров А. А. Модель потоков заявок, поступающих на веб - сервер организации. //Сборник трудов Международной конференции “Кибернетика и высокие технологий XXI века”. г. Воронеж. Умаров А. А.

31.Тукубаев З. Б., Умаров А. А. Оптимизация распределения ресурсов и скорости обработки данных (на примере Международного казахско-турецкого Университета им. А. Ясауи). //Электронный журнал “Вычислительные сети, теория и практика”. Москва. BC/NW 2010, №1, (16).

32.Умаров А. А., Тукубаев З. Б.Системный анализ деятельности МКТУ им. А. Ясауи как объекта управления и ее комплексная автоматизация. //Ежемесячный научный журнал “Актуальные проблемы гуманирных и естественных наук”. Москва. ISSN 2073-0071., С. 31-48. №4 апрель 2010.

33.Умаров А. А. Задача проектирования базы данных методом нормализации. //Статьи про базы данных. М. 2008. www.citforum.ru

34.Умаров А. А. Корпоративная сеть вуза. // Сб. трудов 18-й Международной научно-технической конференции "Информационные средства и технологии", Раздел 9. Вычислительные системы и сети. Москва. 2010 г.

35.Умаров А. А. Проектирование информационной системы управления вузом. //Сборник трудов I Международной научно-практической конференции "Современные тенденции в экономике и управлении: новый взгляд". г. Новосибирск. 21 апреля 2010 г.

36.Умаров А. А. Системный анализ и моделирование бизнес-процессов Международного Казахско-Турецкого Университета им. А. Ясауи

37.Умаров А. А., Андреев А. Н. Задача оптимизации запросов в базах данных. // Вестник ХКТУ, №3, Туркестан. 2008. С.|83-88.

38.Умаров А. А., Кадырбаева Г. П. Методика оценивания студентов в вузе. //Вестник МКТУ им. А. Ясауи. №3. 2010. С.45-50.

39.Умаров А. А., Садыбеков Р. Ш. и др. Разработка веб-узла фирмы “АББА”. // V Всероссийская школа семинар молодых ученых “Управление большими системами”. Липецк. 2008. C. 151-157.

40.Умаров А.А. Проект АСУ управления ВУЗом с применением модели данных OLAP.//Статьи про базы данных. -М. 2011.(находится на стадии рецензирования) www.citforum.ru

41.Чхартишвили А. Г. Теоретико-игровое моделирование информационного управления в активных системах. Человечский фактор в управлении . / Под ред. Н. А. Абрамовой, К. С. Гинсберга, Д. А. Новикова. – М.:КОМкнига, 2006. –С. 439-455.

42.Meyerson R. B. Game Theory: analysis of conflict.- London: Harvard Univ. Press, 1991. 568 p.

43.Jim Grey et al, Data Cube: “A relational Aggregation Operator Generalizing Group By, Cross – Tab and Sub Totals”, Data Mining & Knowledge Discovery J7 Apr 1997.

ТҮЙІНДЕМЕ

Білім сапасын жақсарту мәселесі қарастырылған. Ол мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Осы мәселені шешуде «Болашақ» Президенттік халықаралық оқу бағдарламасының орны үлкен. Жұмыс авторы – осы бағдарламаның түлегі, қойылған есепті ЖОО қызметкерлерді ынталандыру негізінде шешудің бір жолын ұсынады. Жұмыс білім саласын басқару қызметкерлеріне арналады.


SUMMARY

The problem of improvement of quality of formation is considered. It has the state value. In the decision of the given problem the role of the Presidential international educational program of "Bolashak" is very high. The author of work – the graduate of the given program, offers one of ways of the decision of a task in view on a basis stimulation of employees of HIGH SCHOOL. Work is intended for experts in the field of management of formation.



Х.Ж. Қожахмет

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы



Е.Б.Омаров

Астана, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ



СТУДЕНТТЕРДІҢ КҮНДЕЛІКТІ ОҚУ ҮДЕРІС БАРЫСЫНДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІМЕН АЙНАЛЫСЫН ҰШТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің сабағы басқа арнайы пәндерге қарағанда, ерекше әлеуметтік маңызы бар пән ретінде болашақ жас мамандарды еңбек етуге және Отан қорғауға дайындауда қолданылатын басты құралдардың бірі болып саналады. Жалпы алғанда дене тәрбиесі пәні студенттердің денсаулығын нығайтып, олардың дене шынығу қабілеттері мен спорттық дайындығын шыңдай келе, өз беттерінше айналысу барысында икемділікке бейімдейді [1].

Мақаланың мақсаты: студенттердің дене шынықтыру және спортпен өз бетінше айналысу үдерісінде, өмірге деген көз қарастары мен мінездерін қалыптастыруға ықпал ететін басқарудың тәрбиелік мәнін анықтау.

Олар, айналысу барысында нұсқаушылық пен спорттық төрешілік етуге сырттай маманданудағы біліктіліктерін шыңдай жүріп, сол артқылы бүгінгі таңдағы осы саланың жүйелі дамуына үлес қосып және де өздерін болашақ жас маман ретіндегі кәсіби белсенділіктерін басқару артқылы тәрбиелеу мақсатымен, еңбек сүйгіштікке, ынта-ықыласы жоғары, отаншыл болып өсулеріне ықпал етілетіндігін сезінеді.

Қолданылған әдістері:

1. Әдебиет көздеріндегі осы тақырыптың ашылу мазмұндарын айқындау;

2. Педагогикалық бақылау;

3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қалыптасқан тұжырымдарды жүйелеу және студенттерді өз беттерінше айналысу барысына икемділікке бейімдеу мәселелерін жинақтау;

4. Жинақталған ұсыныстар мен мәліметтерді талдау.

Жоғарғы оқу орындарының дене тәрбиесі кафедрасы, спорттық клубы және қоғамдық ұйымдары, әсіресе (жастар ісі жөніндегі комитеті) студенттерді дене шынығу қабілеттері мен спорттық дайындықтары артқылы, өз ден саулықтарын нығайту жолында үлкен жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелейді. Сондықтанда студенттер де жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен соң, өз кәсіби жұмыстары барысында дене тәрбиесі мен спорт пен өздері ғана айналысып қоймай, өз ұжымдарында бұқаралық дене шынықтыру жұмыстарын тиянақты ұйымдастырып, оның жол бастаушылары, әрі тәлімгер ұстазы болуға тиісті.

Студент жастарға күнделікті тұрмыста, от басында, дене шынықтыру шараларын кеңінен насихаттап, қолданып отыру аса қажетті іс. Олар біздің қоғамымыздың ерекше әлеуметтік тобы болып саналады. Студенттер оқуда және қоғамдық істерде белсенді талпыныстар жасауға, бос уақыттарын қызықты, тиімді етіп өткізуге, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға өздері мүдделі болулары керек. Сол артқылы жастардың оқып жүрген кездерінен бастап іскерлік қабілеттері мен белсенділіктері арта түсіп, мінез-құлқы қалыптасып тұрақтана бастайды. Осының өзі студенттердің келешектегі кәсіптеріне мүмкіншіліктері мол екенін және де сол қасиеттерді пайдалана білуге ынта-жігерлерінің барлығын айқындай түседі.

Дене шынықтыру мен спорт студенттердің дене тұлғасының қалыптасуына, сондай-ақ кәсіби ерік қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Сөйтіп ол студенттердің дене сау, шығармашылық қабілеттері мол, шыныққан, алғыр ойлы адам болып өсуіне жағдай жасайды. Бұл жұмыс республикадағы жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі мен спортты жетілдіру жөніндегі бағдарламаға сәйкес жазылған, студенттердің таным белсенділігінің өсуіне оқуда, еңбекте және демалыста өздерін тәрбиелей білуіне көмекші құрал ретінде ұсынылудан тұратын құнды материалдармен қамтамасыз етеді [2, 3, 4].

Дене тәрбиесі мен спорттық тәсілдерін студенттердің оқу сабақтары да және өз бетімен айналысу жүйелерінде нәтижелі қолдану үшін бірқатар әдістік жағдайларды ескере отырып студенттердің қозғалыс жүктемелерінің ой мен жұмыс істеу қабілетінің тиімді алмасуын анықтауды ескерген жөн:

1. Студенттердің ой мен жұмыс қабілетінің мерзімдік өзгеруі, оқу жылындағы түрлі объективті себеп болып табылады да, дене тәрбиесімен жұмысты тиімді жүргізуді ұйымдастыруды есептеп отыру үшін керек.

2. Студенттердің негізгі дене қасиеттерінің дамуын жақсы тиімділікке жеткізуге болатын келесі әдіс ұсынылады, егер де әрбір семестрдің бірінші жартысындағы оқуда және өз бетімен айналысу сабақтарындағы шынығу жылдамдықты жетілдіруге бағыттап, 70-75 пайызға дейін жылдамдықпен күштің қасиеттері мен жылдамдық төзімділігін жүктеме қарқындылығымен алғанда, минутына 120-180 жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) қолданылса, ал семестрдің екінші жартысында күшті жетілдіруді басымырақ бағыттап 70-75 пайызға жеткізсе, сондай-ақ, жалпы және күш төзімділігін баяу қарқынмен қатар жүргізе отырып, минутына жүрек соғу жиілігі 120-150 қағысқа таяулатса, онда алға қойылған мақсаттар дұрыс шешілуі тиіс.

3.Үлкен қарқынды жүктемедегі сабақты минутына жүрек соғу жылдамдығы 160 қағыс моторлық тығыздығымен 65 пайызға дейін оқу кестесінің соңғы сағаттарында жоспарлау ұсынылады, себебі ауыр жүктемеге машықтанбаған студенттердің оймен жұмыс істеу қабілеттері төмендейді, бұндай студенттер үлкен жүктемеден соң 4-5 сағаттан кейін өзіндік дайындыққа кірісе алады.

4. Аптасына 2 реттік сабақта қозғалыс жүктемесінің оймен жұмыс істеу қабілетімен өзара алмасуының заңдылығы барлығы байқалады. Ең жоғары деңгейдегі оймен жұмыс істеу қабілеті, екі сабақты орта қарқында 1, 2, 3 күндік аралықпен алмастырғанда байқалады. Нашар машықтанған студенттер үшін аптасына екі рет сабақ жүргізуді қолдану, қарқындығы үлкен жүктемемен болған демалысының арасы қандай болса да жеткілікті бөлікте оймен жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Үлкен жүктемелі сабақты аптаның басында аз және орта жүктемемен, аптаның екінші жартысында алмастыру тек оқу аптасының соңында ғана жұмыс істеу қабілетіне ынталандырғыш әсер жасайды.

Сынақтық емтихандық сессия кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын ұйымдастыру мен қолданудың өзіндік ерекше айырмашылықтары бар. Ең алдымен олар салауатты өмір тұрмысын ұйымдастырудың негізгі бөліктері болу керек, мысалға алғанда күнделікті гигиеналық гимнастикамен айналысу, таза ауада 1,5 сағаттай болып, ұйқыны, тамақтануды дұрыс ұйымдастырумен қатар оқу еңбегінің қорытындыларын тиімді жасауға себептес болып табылады. Оқу еңбегінен қажыған студенттерге гимнастикалық жаттығуларды өте баяу қарқынмен орындағандығы байқалатын қолайлы әсерлерін ескерген дұрыс (жай жүріс, жүгіру, жүзу, шаңғы, коньки, велосипед тебу және т.б.). Емтихандардан кейін тынығу үдерістерін жеделдету және жүйкенің қозуын азайту мақсаты үшін бөлек жүктемені тер шығаруға (терлегенге) дейін орындаған тиімді.

Дене тәрбиесі мен спорттың тәсілдерін бос уақытта қолдану бағыттары келесідей өрбігені жөн. Студенттердің салауатты өмір салты (CӨC) деп, күнделікті қозғалу істері мен гигиеналық шаралардың кешенін орындау және қозғалыс белсенділігін керекті мөлшерде қамтамасыз етумен қатар оқу жұмысын, қоғамдық міндеттерді қалыпты жағдайда орындау мүмкіншілігін айтады. Күнделікті таңертеңгілік гимнастиканы орындауға 20-30 мин қажет болса, көбірек ауада болатын қимыл белсенділігі ағза жетілуінің қомақты қоры болып табылады. Демалыс, оқу күндегіге қарағанда сауықтыру, шынуғу, спорттық шаралар сияқты жұмыстар мен тығыз толулары керек. Қаланың сыртында серуендеу, бір күндік саяхаттық жорықтар және өз бетімен жекеше немесе ұжыммен бірге таза ауада өтетін шараларды ұйымдастырудың әсерлері өте тиімді.

Дене тәрбиесі мен спорттың шараларын спорттық сауықтыру лагерьлерінде де қолдану, студенттердің денсаулықтарын түзетуге өте қолайлы, себебі, мұндай лагерьлердің табиғат аясында орналасуының өзі дене тәрбиесінің барлық шараларын кешенді қолдану мүмкіншілігі арқасында сауығудың, шынығудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Оқу еңбек әрекеттері кезінде студенттердің екпінді демалыс түрлері болып, қысқа уақыттық дене тәрбиесі жаттығуларын орындауды ұйымдастыруды басқару әдістері саналады. Көптеген авторлардың зерттеулері көрсеткеніндей, 5-10 минуттық дене тәрбиесі үзілістері студенттердің жұмыс істеу қабілеттерін жақсартуға екі еседей ынталандырғыш әсер етеді екен. Ал, екі есе ұзартылған қимылсыз бос өткен дәрменсіз демалыс керісінше әсер етеді. Дене тәрбиесі үзілістерін жақсы желдетілген бөлмелерде өткізу керек. Жаттығулар оқу еңбек әрекеттеріне қатыспаған жүйелердің жұмыс белсенділігін арттыратындай болып қарастырылады. Дене тәрбиесі үзілісінен басқа ой еңбегі кезінде, әсіресе өз бетімен дайындалғанда, арнайы позотоникалық жаттығуларды (ПЗ) орындау мақсатқа сай келеді. Арнайы жаттығулардың(АЖ) көмегімен орында отырған қалыпта ақ, бұлшық еттер жұмысқа қосылады [5]. Бас миының жұмыс істеу қабілетінің күш қуатын көтеру мақсатымен, тыныс алу тәртібін және қан айналуды жақсарту үшін 30-40 мин. сайын ұзақтығы 1-1,5 минуттай, жұмыс орнынында отырып, ылғи да позотоникалық жаттығулардың ықшамдалған мөлшерін орындаған жөн.

Сондай-ақ әрбір екі сағатта бір минуттық динамикалық жаттығуларды орындау ұсынылады, мысалы: жеткілікті және терең тыныс алуды ескере отырып бір орында жүгіру.

Өздігінше тексеруде алынған мәліметтерді өзін-өзі бақылау күнделігіне тіркеп, оқтын-оқтын дәрігер мен осы сала ұстазымен бірге, немесе денсаулық тобының нұсқаушысы кеңесімен талданып қадағаланады. Қажет болған кезде, жаттығу құрамына арнап салыстырмалы өзгерістер енігзіледі. Өзін-өзі бақылау күнделігін белгілі бір үлгі бойынша, не еркін түрде құрастыруға болады, осы күнделікте субьективті және обьективті көрсеткіштер тіркеледі.
Өзін-өзі бақылау күнделігінің үлгісі

Көрсеткіштер

Бақылау жүргізілген

Күндер




6.04.2009ж.

7.04.2009ж

Көңіл күйі

(жақсы, орташа, нашар)



таңертеңгілік жақсы,

жаттығудан кейін жақсы






Ұйқысы /ұзақтығы, тереңдігі, не қаттылығы/

тыныш, 8 сағат




Асқа деген тәбеті (әдеттегідей, көтеріңкі, нашар, жоқ)

жаттығудан кейін жақсы




Жаттығуға ынтасы (жоғары, төмен, жоқ)

жоғары




Жаттығудың ауырлығы (жоғары, орташа, төмен)

жоғары





Дененің жалпы ауырсынуы(қай жерінің, қалай ауыруы)

жоқ




Жұмысқа қабілеті (әдеттегідей, жоғары, орташа, төмен)

әдеттегідей




ЖСЖ

таңертең – 68 соғу/мин.

жаттығудан кейін –

96 соғу/мин.

кешке – 73 соғу/мин.






Дене салмағы

жаттығудың алдында – 65 кг.

жаттығудан кейін – 64 кг.






Терлеуі (әдеттегідей, күшті)

әдеттегідей орташа




Ортостатикалық сынама

жатқанда – 60 соғу/мин.

тұрғанда – 72 соғу/мин.

айырмашылық – 12 рет/мин.





Жаттығу сабығының мазмұны

1,9 шаршы метр жүгіру




Спорттық нәтижелері

12 мин.



Субьективті сезімдер обьективті мәліметтермен толықтырыулары керек. Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) тәңертең ұйқыдан оянысымен, жаттығу алдында және ол аяқталған соң өлшенеді. Егер ағза жаттығудан кейін толық қалыпына келген болса, тәңертең ЖСЖ әдеттегі мөлшерден (минөтіне 60-89 реттен) аспайды. Есте сақтайтын жай: ЖСЖ-ны үнемі бір қалыпта өлшеген жөн, өйткені көлденең қалыпта, ол тік тұрғандағыдан минөтіне 5-18 рет кем болады. ЖСЖ қалыпты мөлшерден ауытқуы жиілеуі-ағзаның толық қанды қалыптаспағандығының белгісі. Жаттығу сабағының үстінде ЖСЖ минөтіне 100-130 ретке көтерілсе, жүктеме қарқынының төмендігі 130-150 рет орташа, 150-170 рет жоғары қарқынды жүктемелерге пара-пар. Сауықтыру дене тәрбиесіне тиімді ЖСЖ әр түрлі: айналысушының жасына, денсаулығына, жұмыс қабілетіне сәйкес белгіленеді [6].

ЖСЖ бойынша алынатын мәліметің пайымдаушылық маңызын арттыру үшін ортостатикалық сынама жүргізуге болады. Күнделікті түнгі ұйқыдан оянысымен өткізілетін ортостатикалық сынамалардағы ЖСЖ айырмашылықтары қалыпты мөлшерден асып (әдетте 5-18 ерт/мин), әр күні әр түрлі сандар алынса, ағзаның алдыңғы жаттығудан соң қалыптаспағандығын көрсетеді. Сонымен қатар, артаериялық қан қысымын, ӨТС (өкпенің тыныс алу сиымдылығы) т.б. көрсеткіштерді, мүмкіншілік болғанша жиі-жиі өлшеп, жалпы ден саулықты салыстырмалы түрде қадағалап отыру, дене шынықтыру және спортпен айналысушыларға үнемі қажет мәлімет ретінде қолдану ұсынылады.

Қортынды: дене шынықтырушының өзін-өзі бақылауын қалыптастыру үдірісі біртіндеп әдетке айналады. Жаттығу барысында, әсіресе өз бетмен жеке жаттыққанда, жүктемелердің ағзаға әсерін айналысушы өздігінше қадағалай білуі дәрігерлік, дәрігерлік-ұстаздық тексерулерде алынған мәліметтерді айтарлықтай толықтырып, жаттығудың сауықтыру әсерін тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Дене шынықтыру мен спорттың қалыптасқан тәсілдерін студенттердің оқу сабақтарында және өз бетімен айналысу үдерістерінде нәтижелі қолданулары үшін, бірқатар жоғарыда келтірілген әдістемелік жағдайларды ескере келіп, ойлау жүктемелерінің жұмысы дене қасиеттері мен тиімді алмасуларын басқаруға тәрбиелеу жетілдіріледі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Брехман Н.И. Валеология-наука о здоровье. - М: Медицина, 1990.

2. Кукушкина Г.И. Система физического воспитания. – М., 1987, С.13-16.

3. Пономорев Н.И. Социальные функции физической культуры и спорт.-М., 1994. - С.9-11.

4. Попенченко В.В. Пути повышения эффективности учебного процесса по физическому воспитанию в вузе. - М., 1979. - С.5-7.

5. Қаражанов Б.К. Дене тәрбиесі мәдениетінің ілімі мен әдісінің терминологиялық сөздігі. - Алматы, 1991.

6. Жұмашева С.К. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. - Алматы, 1991.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада дене шынықтыру мен спорттың қалыптасқан тәсілдерін студенттердің оқу сабақтарында және өз бетімен айналысу үрдістерінде нәтижелі қолдануларының жолдары келтіріледі. Сонымен қатар әдістік ұсыныстарды ескере келіп, ойлау жүктемелерінің жұмысы мен дене қасиеттерінің тиімді алмасуын басқаруға тәрбиелеуді жетілдіру айқындалады.



РЕЗЮМЕ

Статья посвящена изучению воспитательного механизма, обеспечивающего движение процесса физического воспитания, а также данный процесс образует взаимодействие студентов между собой на самостоятельных занятях физической культурой и спортом.

Дополнительно обобщены уровни, формы, педагогические условия, проблемы и потребности двигательной активности в физическом совершенствовании студентов.


Е.Б. Омаров

Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ МЕН ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТЫҚ ІС ШАРАЛАРЫДЫҢ МҮМКІНДІГІН АНЫҚТАУ
Жастардың өзара кәсіби әрекеттестігі мен тұлға аралық қарым-қатынасын оңтайландыру үшін педагогикалық тәжірибеде дене жаттығуларын қолданудың қалыптасқан тәжірибесі бар [1]. Сонымен бірге, бұл тәжірибе ғылыми зерттеулер жиынтықтарының нәтижесіне негізделмей, көбіне эмприкалық сипатқа құрылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты дене шынықтыру және спортпен айналысуда студенттердің тұлға аралық қарым-қатынастары мен ұжымдық өзара әрекеттестігін дағдыландыруды құруда туындайтын шарттар мен мүмкіндіктерді зерттеу ең өзекті мәселе болып табылды.

Алға қойған мақсаттың нәтижесіне жету үшін педагогикалық эксперимент топтамасы жоспарланып және жүргізілген. Соның нәтижесінде келесі ғылыми болжамдар (жорамалдар) тексерілді.

Біріншіден, студенттердің оқу ұжымындағы алғашқы қалыптасу кезеңінде, олардың өзара жеке тұлға аралық байланысын ықпалдастыруда, бастапқы ынтымақтастықтары мен өзара түсіністіктерін нығайтуға мүмкіншілік туғызатын ең тиімді тәсілдер қатарына дене шынықтыру мен спорттық әрекеттер арқылы біріккендігі деп жорамалданды. Бұл осы саладағы қарым-қатынас қозғалыс белсенділігін біріктіретін аса қажетті әрі маңызды фактор болып қана табылмай, эмоция мен ақпарат алмасуға міндетті болып, ұжымдағы психологиялық климат пен студенттердің өзара әрекеттерінің байланысын басқару элементтерін құрайды. Осындай өзара әрекеттестіктің арқасында студенттер арасында ынтымақтастық пен түсіністік пайда болып, дамиды.

Екіншіден, ұйымдастыру барысында студенттердің спорттық және дене дайындық деңгейлері ең басынан бастап салыстырып есепке дұрыстап алынбаған жағыдайда, бірлескен спорттық-ұжымдық және жарыстық қызметтер кей жағдайда студенттердің қарым-қатынастарын жақындастыруын баяулатуы мүмкін. Педагогикалық түзетулер спорттық-көпшілік жұмыстар мен жаттықпа сабақтардың жүргізілу әдістері мен ұымдастырылуына жасалды. Негізгі акцент оқу-тәрбие үрдісіне студенттердің белсенді қатысуларын қамтамасыздандыратын әдістемелік амалдар мен әдістерді қолдануға көңіл бөлінді.

Осыған байланысты тәрбиелеу әсерін басқаруға екі топ тәсілдер ерекшеленді.

Бірінші топ өздерінің жеке дайындығына жауапкершілігін жоғарлатып, өз курстастарының жетістіктеріне қамқор болу тәрбиесін мойнына алып, ұстаздардың мадақтауын жиі алатын жалпы педагогикалық тәсілді игерген.

Екінші топ спорт пен дене шынықтыру қызметтерін біріккенін сипаттайтын педагогикалық жағдай мен әдістемелік амалдан тұрды. Бәрінен бұрын мұнда екінші бір студент ұжымының мүшелерімен жарысқанда топтың бәрі өздерінің бір немесе бірнеше командалас мүшелерінің жетістігіне жанкүйер болғандағы ортақ жарыстардағы жағдайын, өзге студенттермен өзара әрекеттестікте жеңілген сәттерде тұлғаның өз ойының шартына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсілдерді жатқызуға болады.

Қолданылған барлық әдістер мен әдістемелік тәсілдер негізінен сынаққа алынушылардың спорт пен дене шынықтыру қызметтерін сипаттаудан туындайтын белгілі бір функцияларын орындап, тәрбиелеу міндетінің шешімін табуға бағытталған.

Бұл функциялар келесідей көрсетілген.

1.Студенттер қарым-қатынасының нормасы туралы түсінігі мен пайымы, жылжымалы әрекетті тікелей үйренуге байланысты әрі жетілдіре түсу үстіндегі білімі қалыптасты, нақтыланды және бекітілді.

2. Қиындатылған тапсырмалар мен жаттығулардың шешімін табудың алдында жағымды көңіл-күйге икемделу құрылды.

3. Орындағанда тәуекелге бел байланған жаттығулардағы қиындықтарды жеңуге ынталандырылды. Серіктестерінің қолдауы мен өзара көмектесуі құпталды.

4. Спортпен айналысушыларға машықтану жұмысы мен оқудың қажетті шарттарын уақытылы орындауға, тәртіптілікке, жинақылыққа дағдыландырылды.

5. Студенттер әріптестермен бірге ұжым болып жұмыс істеуге қосылып, үлкендерді құрметтеуге, қоғамды сыйлауға және өзара сыйластыққа үйреніп, ұжымның жұмысына белсенді араласуға дағдыланған.

Бұдан, дене шынықтыру шаралары мен тәрбиелеу әдістерінің үйлесімінен педагогикалық бақылаудың келесі формалары анықталды:

1) дене жаттығулары мен тапсырмаларын алдын ала орындауы;

2) жаттығулар мен тапсырмаларды уақытында орындауы;

3) жылжымалы әрекетіне сай қорытынды орындауы.

Барлық осы формалардың бәрінен эмоционалды-ынталандырушы, тәрбиелеу мен білім беру, әрекеттілік пен бақылаушы функциялары пайда болды.

Спорт пен дене дайындығын тәрбиелеудің маңыздылдығын бағалауда спорт пен дене шынықтыру қызметінің өзіне тән кейбір ерекшеліктеріне талдау жасаған дұрыс. Бұл жерде дене шынықтыру түрін анықтау, сонымен қатар, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасу қасиеттеріне спорт түрлерінің әсері мен студент ұжымында тұлға аралық әрекеттестігін жетілдіруі туралы сөз болуда.

Студенттердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасында оқу пәндері, таңғы дене жаттығуы, спортпен шұғылдану сияқты түрлерімен ерекшеленеді.

1-3 курс арасында 422 студентке, 73 спорт пен дене шынықтыру мамандарына, яғни оқу орнының оқытушылары мен спорт жаттықтырушыларына жүргізілген сауалнаманың қорытындысы мен талдау нәтижесінің негізінде студенттер ұжымындағы тұлғаның өзара әрекеттестігі мен студенттің тұлға болып қалыптасуын тәрбиелеуде дене шынықтырудың әр түрі маңызды әсері ететінін анықталды.

Сұрақ жүргізілген студенттердің 55 % дене шынықтыру түрі жетекші рөл ретінде спорт секциялары сабақтарында жақсы көрсеткіштерге жетіп, өзара қарым-қатынаста тұлға аралық әрекеттестік дамуына әсер етеді деп белгіленді. Сұралған студенттердің 40 % дене шынықтырудың негізгі түрінде тәрбиелеудің міндеттерін сәтті шешетін оқу мен айналысуда деп есептейді. Тек сұралған студенттердің 4 % ғана таңғы дене жаттығуына басымдылық танытады.

«Дене шынықтырудың қай түрі тұлға аралық әрекеттестік пен қарым-қатынасты жетілдіруде жеңіл мүмкіндік туғызады?» – деп сұралған сұраққа дене шынықтырудың мамандары спорттық жұмыстарға – 51%, оқу пәндеріне – 34 %, дене шынықтырумен өздігімен айналысатындарға – 6%, таңғы дене жаттығуына – 5% дауыспен жауап берді.

Осыған байланысты спорт пен дене шынықтыру қызметтерін тұлғаны тәрбиелеу амалы ретінде қарастырғанда жеке спорт түрлері мен сайыстық жаттығулардың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін талдап-саралу маңызды болып табылады.

Ұксас жағдайда, [2] пікірінше, ғылымда зерттеліп жатқан объектілерді бір немесе бірнеше ең маңызды белгілері бойынша салыстырып, сонан соң оларды белгілі бір топқа немесе класқа біріктіруге негізделген әдіс қолданылады. Бұлай топтастыру объектердің арасындағы байланысты және олардың даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі, негізделген болжамдар мен практикалық ұсыныстарға жалпы қорытынды жасайтын тұжырнама бола алады.

Джамагаров Т.Т. [2] ұсынысының негізі спорт түрлері мен сайыстық жарыстарды психологиялық саралауда салыстырылып, топтастырылған зерттелуші объектілерден спортшылардың өзара әрекеттестігі таңдалды. Оның негізгі екі түрі анықталды: қарсыласқа қарым-қатынасы – тайталастық (бәсекелестік), серіктеске – өзара әрекеттестік (ынтымақтастық).

Қарсыласқа деген өзара тайталастық, бәсекелестік қарым-қатынасы сияқты, өзара бірге әрекеттесетін серіктестердің ортақ мақсаты бар күштерін спорттық жеңіске жетуге арнайды.

Біз спорт түрлері мен сайыстық жаттығуларды топтастырғанда спортшылардың өзара әрекеттестіктерінің арасындағы ерекшеліктері мен өзгешеліктері төрт түрлі топқа бөлінді.

Спорттық жаттығулар мен спорт түрлерінің бірінші тобына оқу-жаттығу жиыны мен жарыстық әрекеттерде өз-ара бірігіп жұмыс істеуді талап ететін тұлға аралық әрекеттестігі жоғары деңгейдегі қатысушылар кірді. Бұған топтық және жұптық акробатика, конькиде мәнерлеп сырғанау (жұптық сырғанау және мұз айдынындағы би), ескек есу (жалғыз есуден басқа) топтық ізге түсу жарысы (велосипед спорты), желкенді спорты сияқты барлық топтық спорт ойындарының түрлері жатады.

Спорттық жаттығулар мен спорт түрлерінің екінші тобына өзара бірігіп қызмет ететін қатысушардың әрекеттестігі кіріп, орта деңгейде сипатталады. Спорттың бұл түрінде не жаттығу сабақтарында, не жарыс кездерінде спортшылар арасындағы байланысу мүмкіндіктері қарастырылады (мысалы, секірмелі акробатикада, гимнастикада көрсетілетін көмек пен сақтандыру). Бұл топқа әр қатысушымен жеке орындалатын, бірақ берілген тапсырманы орындауды синхронды талап ететін спорт жаттығуларын да қостық (синхрондық жүзу, батутта синхронды секіру т.б.

Үшінші топқа қызмет шарттары анықталған студенттердің тұлға аралық әрекеттесуінің шектелген деңгейдегі спорт түрлері жатқызылды (жеңіл атлетика, жүзу, спорттық болжалдау, шаңғы мен жүгіру, биатлон, ату, велоспорт, ауыр атлетика, ирлік спорт т.б.). Аталған спорт түрлерінде спортшының көбіне жекеше әрекетін немесе біріккен-дара сипаттын көрсетеді.

Төртінші топқа спорттық жекпе-жек кіреді (бокс, күрестің барлық түрі, контакты жекпе-жек, семсерлесу, теннис, бадминтон – жекеленген разряд). Жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың психикалық белсенділігі қарсыласқа деген басқыншылық әрекетімен сипатталады. Оқу-жаттығу сабақтарында топтағы жолдастар жиі сапринг-серіктестік рөліне кіріп, өз араларындағы әрекеттестіктерінің қыр-сырын анықтайды.

Биодинамикалық, биоэнергетикалық және басқа да жарыстық жаттығулар мен спорт түрлерін қамтитын әртүрлі топтағы спортшылардың қызметтерінің ерекшеліктерінің маңыздылығына қарамастан әлеуметтік-психологиялық тұрғыда біріктіретін ортақ қырлары бар. Бұл серіктестер әрекеттестіктерінің ең мәнді параметрі болып дәлелденді.
Ұсынылған мәліметтерді бақылап, талдауда оқу-жаттығу үрдісінде студент-спортышылардың қызметі тұлға аралық әрекеттестік пен қарым-қатынаста шектеу қойылған спорттың дараланған түрі тәрбиелу міндетін атқаруда жағымды мүмкіндіктер туғызбайтынын көрсетті. Спорттық жаттығуда жеке-дараланған машықтандыру ілгерілеуге алып келетіні сөзсіз.

Дегенмен, спорттық тұрғыдан ғана емес, тәрбиелу қырындағы қызметпен қарағанда [3] бұл принципті асыра сілтеп қолдану, жеке-дара айналысу жекешілдіктің пайда болуына әкелетін жағдай екенін, яғни спорт ұжымын ырықсыз дезинтеграцияға әкелуі мүмкін деген пікіріне қосылмауға да болмайды. Тәрбиелеуде шешуші фактор спорттық-техникалық әректтестік емес, спорт түрлерінің әрқилылығына қарамастан топтағы ұжымдық қарым-қатынастың пайда болуы немесе болмауы педагогикалық басқарудың дәрежесіне байланысты деген сенімді зерттеуіне қарамастан, қатысушылар қызметінің үлкен сабақтастығы қарым-қатынастың қарқындап, эмоциялы байланыстың ұлғаюына әкеледі, жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірінше, дұрыс жүргізілген педагогикалық басқару студент ұжымына қажет адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Осыдан жеке және субъективті қарым-қатынастың құрылуының ауысуында, олардың интериоризациясына психологиялық шарттар туындайды. Тұлғаны айқындайтын мінез болып, олар жаңа шарттарға тез әрі сәтті бейімделуге мүмкіндік туғызып, соңында жаңа әлеуметтік ортаға айнала алады. Сонымен қатар, бақылау нәтижесі спортта студенттердің ортамен тіл табысуын қиындататын агрессивті, талаптану уәжінің шектен тыс шығуы сияқты жағымсыз ықпал кездесетін тұстарының бар екенін көрсетеді.

Қорыта келгенде, біздің зерттеуіміздегі студенттер ұжымына жағымды психологиялық атмосфера мен қарым-қатынаста өзара жолдастық көмек туғызуға қосқан үлестің қорытындысы, спорттың әр түрлерінде қатысушылардың спорттық қызметінің сабақтастықтығы жоғары деңгейдегі өкілдерінің көбеюіне соқтырса, ал спорттық жекпе-жек пен жекеленген спорт түрлері өкілдерінің азаюына әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет