Білім беру бағдарламасы бакалавриат 5В050507- «Менеджмент»



Дата14.01.2020
өлшемі59.16 Kb.
#447816
түріБілім беру бағдарламасы
Инновациялық менеджмент силлабус

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК»КАФЕДРАСЫ



Оқу-әдістемелік Кеңесшешіміменбекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___



Білім беру бағдарламасыбакалавриат

5В050507– «Менеджмент» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі


СИЛЛАБУС



«Инновациялық менеджмент»пәні бойынша

Курс: 3


Семестр: 6

Кредиттер саны: 3

Оқытушы:э.ғ.к., доцент, Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы
Телефон: 87013103613, №117, 241 бөлме

Алматы, 2014

Құрастырған: э.ғ.к., доцент _______________________ Қарғабаева С.Т.


Силлабус «Инновациялық менеджмент» курсынын жұмыс бағдарламасы бойынша5В050507«Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған «Инновациялық менеджмент» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Силлабус «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедра отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент __________________ О.Залученова
Кіріспе

Қазіргі таңда ҚР-сы экономикасының тиімділігі негізін табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық потенциал қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетістіктері инновациялық кәсіпкерлік арқылы өндіріске енгізіліп нарыққа бәсекегеқабілетті жаңа өнімдер шығарылады. Инновация дегеніміз – нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдістердің соңғы тиімді нәтижесі. Осы аталған соңғы нәтиже міндетті түрде белгілі бір «пайдалы инновациялық тиімділікпен», яғни экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділікпен сипатталуы тиіс.


Инновациялық-инвестициялық жобалар бойынша тиімді шешім қабылдау Қазақстанның болашағына зор әсер етеді. Ғылыми-техникалық потенциал – кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамудың негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың құлдырауына төтеп береді, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларда басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.

Берілген пәнді оқытудың әдістемесі ендігілерді қарастырады:



  • дәріс (лекция) оқу;

  • тәжірибелік сабақтарды өткізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

Пәнді оқытудың мақсаты: классикалық және жаңа әдістемелік әдебиеттер, монографиялар, оқулықтар және құқықтық актілер негізінде инновациялық технологияларды, жаңалықтарды басқарудың теориялық және тәжірибе жүзіндегі тәжірибесі концепциясының мәнін ашып көрсету. Студенттердің макро және микро деңгейдегі инновациялық салада стратегиялық және тактикалық шешім қабылдау жолдарымен және инновациялық технологияларды енгізу үрдісін басқарудың түрлі әдістерімен таныстыру, үйрету.

Пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:



  • инновациялық менеджмент пәнінің мазмұнын толық ашу, инновациялық кәсіпкерліктің ерекшеліктерін көрсету.

  • инноватика теориясының негізге терминдеріне анықтама беру және цивилизация дамуына сәйкес технологиялық кезеңдердің ауысуына толық түсінік беру.

  • жаңа технологиялар мен инновацияларды өндіріске еңгізу мақсатында инвестицияларды тартудың жаңа әдістерін игеру үшін жоғарғы технология ұғымының бар құндылығын кеңейту.

  • инновациялық стратегия маңыздылығы мен ерекшеліктерін тану, сонымен қатар игерілген жаңа инновациялық технологияның тиімділігін есептеу, бағалау, болжау әдістерін үйрету.

  • ғылым жаңалықтары мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу процесінің сатылары туралы ілімді әрі қарай жетілдіру, әр сатыны қаржыландыру ерекшеліктерін көрсету.

Алдыңғы деректемелер:Студенттер осы пәнді оқып меңгеру үшін ең алдымен «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздерін», «Маркетинг», «Бизнесті ұйымдастыру» білу қажет.

Соңғы деректемелер:Инновациялық менеджмент» пәнін толық менгерген студент келешекте «Өндірістік менеджмент», «Персоналды басқару», «Менеджмент өнімділігі» экономикалық пәндерді меңгеруге қабілетті.



Жалпы біліктілік:

  • білу:ұйымда жүретін әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуі;

  • оларды жүейлеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;

  • істей алу: инновациялық басқару жүйесінің түсініктерін еркін қолдану, ойларын тиянақты жеткізу және сын-пікірге, талдауға қатыса алу;

дағдыны меңгеру: алған білімдерін экономикалық талдау әдістерінде қолданып, тәжірибеде ұштастыруға;

  • экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруге машықтанулары тиіс,

Пәндік мамандандырылған:

  • білу керек: Қазақстанның және шетелдердің инновациялық даму жағдайы туралы сұрақтарда құзыретті болуы, сонымен қатар инновациялық даму перспективаларын анықтау үшін компанияның инновациялық қызметін талдай білу;

  • істей алу: нақты экономикалық әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды аша білу;

  • ұйымның экономикалық саясатын анықтай алу және талдауды.

  • дағдыны менгеру: алынған талдаудың нәтижелері негізінде болжау жасауы тиіс;

  • заманауи экономика талаптарына сай инновациялық менеджменттің теориялық білімдері және тәжірибелік дағдыларына ие болу;

  • инновациялық менеджменттің негізгі қызметтерін білу;

  • инновациялық кәсіпорын қызметін ұйымдастыру механизмдерін білу.


Тақырыптық-күнтүзбелік жоспар

Инновациялық менеджмент



Тақырыптың атауы

Апталар бойынша бөлу

Дәрістер

Практикалық сабақтар

СӨЖ

ОБСӨЖ/О

1

2

3

4

5

6

1

Инновацияның мәні және инновациялық қызметтің негізгі қасиеттері

1

1

1

1

2

Инновациялық үрдіс және экономикалық даму

2

2

2

2

3

Инноваициялық қызмет және инновациялық жобалардың өмірлік циклы

3

3

3

3

4

Ұйымның инновациялық потенциалын анықтау

4

4

4

4

5

Инновациялық жобалардың тиімділігі деңгейін бағалау

5

5

5

5

6

Инновациялық қызметтегі тәуекел

6

6

6

6

7

Инновациялық қызметті басқару және инновациялық өнім қалыптастыру әдістері

7

7

7

7

1аралық бақылау (7 апта)




8

Инновациялық менеджмент және стратегиялық басқару

8

8

8

8

9

Инновациялық ұйымның мәдениеті және оның персоналын басқару

9

9

9

9

10

Венчурлық бизнесті ұйымдастыру

10

10

10

10

11

Инновацияларды инттелектуалды меншік объектісі ретінде басқару

11

11

11

11

12

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

12

12

12

12

13

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негіздері

13

13

13

13

14

Инновациялық инфрақұрылым институттары және олардың өзара байланысы

14

14

14

14

15

Қазақстандағы ғылыми және инновациялық қызметті мемлекетті қолдау механизмі

15

15

15

15

2 аралық бақылау (15 апта)

Емтихан сессиясы (16, 17, 18 апталар)


Практикасабақтардың мазмұны, бақылау түрі, бағалау

Тақырыптың №

Практикалықсабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер

Бақылау түру

Жоғары балл

1

2

3

4

5

1

1. Жалпы инновация түсінігі.

2. Инновациялардың жіктелеуі.

3. Инновациялық қызметтің ерекшеліктері.


Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

Ауызша сұрақ


100

2

1. Инновациялық менеджмент басқару процесі ретінде.

2. Инновациялық менеджмент: пайда болуы, қалыптасуы және мазмұны.

3. Инновациялық үрдістің түсініг және мазмұны.

4. Инновациялық үрдістің негізгі кезеңдері.



Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



Жазбаша сұрақ


100

3

1. Инновациялық қызметтің өмір циклының кезеңдері.

2. Жобаларды басқарудың негізгі түсініктері және концепциясы.

3. «Инновациялық жоба» түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу.

4. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері.



Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



Тестілеу

100

4

1. Ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру.

2. Ұйымның инновациялық потенциал деңгейін зерттеу және анықтау.

3. Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.


Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



Ауызша сұрақ


100

5

1. Инновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі.

2. Инновация мен инвестицияның экономикалық тиімділігі.



Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



Жазбаша сұрақ


100

6

1. Тәуекел түсінігі және оның түрлері.

2. Инновациялық қызметтегі тәуекел ерекшеліктері.

3. Инновациялық тәуекелді басқару үрдісі.

4. Инновациялық тәуекелді анықтау әдістері.



Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



Тестілеу

100

7

1. Функционалдық-құндық талдау.

2. Функционалдық-құндық талдау әдісінің қағидалары мен кезеңдері.

3. Бенчмаркинг әдісі – ең жақсы жұмыс тәжірибесін пайдалану.

4. Бенчмаркингтің түрлері және деңгейлері.

5. QFD әдісі (сапа қызметін жариялау) – тұтынушылардың талғамын жаңа өнімге енгізу әдісі.


Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



Ауызша сұрақ


100

8

1. Инновацияларды басқару стратегиясының ұйымның жалпы даму стратегиясындағы орны мен маңыздылығы.

2. Инновациялық стратегия түрлері.

3. Ұйымның инновациялық саясаты.


Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



Жазбаша сұрақ


100

9

1. Инновациялық ұйымның кадрлық саясатының ерекшеліктері.

2. Apple, Sony, Nokia сияқты табысты инновациялық компаниялардың персоналды басқару тәжірибесі.



Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



Тестілеу

100

10

1. Венчурлық бизнестің түсінігі мен ерекшеліктері.

2. Венчурлық қаржыландыруға арнап инновациялық жобаларды іздеу және іріктеу.

3. Венчурлық қаржыландырудың механизмдері мен қағидалары.

4. Жоғары технологиялық шағын венчурлық компанияның өмірлік циклы.



Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



Ауызша сұрақ


100

11

1. Интеллектуалды меншік түсінігі.

2. Интеллектуалды меншіктің құқық ретіндегі мазмұны және оның инновациялық қызметтегі орны.

3. Интеллектуалды меншік құқығының объектілері.

4. Дүниежүзілік интеллектуалды меншік ұйымының қызметі және қағидалары.



Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


Жазбаша сұрақ


100

12

1. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу қажеттілігі.

2. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің факторлары мен шарттары.

3. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі мен негізгі құралдары.


Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



Тестілеу

100

13

1. Жаһандану тұсында, инновациялық саланың дамуында ұлттық ерекшеліктердің басымдылығының артуы.

2. Ұлттық инновациялық жүйелер теориясының қалыптасуы.

3. Ұлттық инновациялық жүйелері дамыған мемлекеттерді басқару.


Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


Ауызша сұрақ


100

14

1. Инновациялық инфрақұрылым қызметтері мен маңыздылығы.

2. Инновациялық инфрақұрылымның объектілері мен субъектілері.

3. Инновациялық инфрақұрылым қаржыландыру қайнар көздері.


Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



Жазбаша сұрақ


100

15

1. Қазақстан Республикасының инновациялық даму жолы.

2. Қазақстан Республикасындағы ҒТП-ті басқарудың негіздері.

3. Қазіргі күнгі Қазақстандағы ғылыми-техникалық және инновациялық саланың жағдайы.


Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



Тестілеу

100


СОӨЖ өткізу кестесі*


Тақырыптың №

СӨЖ тапсырмасы

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

(апта)


Жоғары балл

1

2

3

4

5

6

1

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары. Инновациялық қызметтің объектілері мен субъекті.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Ғылыми-техникалық әлеуетті басқарудағы шығармашылықтың рөлі. Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқыны.



Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




СӨЖ қорғау

1

100

2

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Инновациялық үрдістің қазіргі кездегі құрылымының моделдері. Инновацилық үрдістерді ұйымдастырудың заманауи әдістері.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер және ынталандырушы факторлар. Инновацияның дамуының ішкі және сыртқы факторлары.



Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



СӨЖ қорғау

2

100

3

1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Инновациялық жобалардың өмірлік циклы. Инновациялық жобаны құрастыру және жүзеге асыру.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау: Инновациялық жобаның бизнес-жоспары. Инновациялық жобаларды іріктеу және бағалау критерилері.



Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



СӨЖ қорғау

3

100

4

1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Инновациялық климат. «Инновациялық белсенділік» категориясының мазмұны.

2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Инновациялық белсенділік ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы ретінде. Ұйымның инновациялық белсенділігін жоғарылату мәселелері.



Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



СӨЖ қорғау

4

100

5

Келесі тақырыптарға презентация жасау: Инновациялық қызметтің тартымдылық критерилері (өзіндік капитал құны, тартылған капитал құны, капитал құны). Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



СӨЖ қорғау

5

100

6

1. Келесі тақырыптарға реферат жазу:Тәуекелді анықтаудың сандық және сапалық әдістері. Инновациялық қызметтегі тәуекелді басқару.

2. Келесі тақырыпқа презентация дайындау:Инновациялық тәуекелді төмендету әдістері. Тәуекелді тарату әдісі. Әртараптандыру әдісі. Сақтандыру әдісі.



Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



СӨЖ қорғау

6

100

7

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: FMEA әдісі – ақауларды талдау және оларды қайта жобалау кезінде тіркеу. 6 сигма концепциясы. Кайдзен – өнімді сатылы түрде жақсарту.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Инновациялар инжинирингі. Инновациялық қызметтегі реинжиниринг әдісі. Бренд-стратегия әдісі.



Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



СӨЖ қорғау

7

100

8

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Жаппай өндіріс саласындағы стратегиялар – виоленттер стратегиясы. Өнім дифференциясы және нарықты сегменттеу стратегиялар – патиенттік фирмалар стратегиясы.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу:Инновациялық және зерттеу жұмыстарын жүргізуші кәсіпорындар стратегиясы – эксплерент стратегиясы. Маманданбаған бизнес саласындағы – коммутант фирмалардың стратегиясы.



Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



СӨЖ қорғау

8

100

9

1. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелері. Инновациялық ұйымның мәдениеті мен даму философиялары.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау:Инновациялық ұйымның дамуындағы корпоративтік мәдениеттің орны. Инновацияларға қарсылық көрсету. Өзерістерді басқару.



Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



СӨЖ қорғау

9

100

10

1. Келесі тақарыптарға презентация жасау:Венчурлық компанияның қалыптасу кезеңдері: стартқа дейінгі кезең: Seed – «өсіруге арналған компания»; старттық кезеңі: Start-up –«жаңа ғана пайда болған компания»; алғашқы өсу кезеңі: Early Stag –«дамудың алғашқы қадамдары»; тұрақты өсу кезеңі: Expansion –«кеңею»; компаниялардың тиімділігін қамтамасыз ету кезеңі.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу:Венчурлық капиталдың қайнар көздері. Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы.



Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



СӨЖ қорғау

10

100

11

1. Келесі тақарыптарға презентация жасау: Интеллектуалды меншік объектілерін тарату түрлері. Технология трансферті. Лизинг түрлері. Франчайзинг. Форфейтинг.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Ноу-хау, патент, лицензия. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды меншікті қорғау ерекшеліктері.



Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


СӨЖ қорғау

11

100

12

1. Келесі тақырыпқа презентация жасау: Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдаудың шетелдік тәжірибесі. Инновациялық ұйымдарға берілетін несие және салық жеңілдіктері.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Мемлекеттің инновациялық саясаты. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу.



Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



СӨЖ қорғау

12

100

13

1. Келесі тақырыпқа баяндама дайындау: Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Ұлттық инновациялық жүйенің даму институттары.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау:Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері. Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру.



Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


СӨЖ қорғау

13

100

14

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Ақпараттық инфрақұрылым. Технопарктік құрылымдардың түрлері және қызметтері.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Бизнес инкубатордың ерекшеліктері мен негізгі сипаттары. Қазақстан Республикасының технопарктерінің қызметі.



Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



СӨЖ қорғау

14

100

15

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Өндірістің материалдық-техникалық базасын жаңарту, инновациялық технологияларды енгізу, модернизация мәселелері. Қазақстанда инновациялық үрдістерді құқықпен қамту мәселелері. Мемлекеттің инновациялық белсенділік мәселелері және оны шешу жолдары.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Қазақстан экономикасын модернизациялау және диверсификациялау – инновациялық экономиканы қалыптастырудың негізгі шарты. Кәсіби инновациялық менеджменттің қалыптасуы.



Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



СӨЖ қорғау

15

100

Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттре тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Купешова С.Т. «Инновациялық менеджмент» қысқаша дәрістер жиынтығы. КазНУ им.аль-Фараби, Алматы, ФЭиБ, - 2007. 75 с.

2. Тургинбаева А.Н. Инновации и риски. Учебное пособие. Алматы «Қазақ университеті», 2008 г.

3. Мустафин М.А. Раимов С.Р. Инновационный менеджмент и маркетинг. Учебное практическое пособие. – Алматы, 2009, 136 с.

4. Мустафин М.А. Инновационный проект: концепции, алгоритмы, маркетинг, управление. Монография.- Алматы, 2008, 225 с.

5. Ильенкова С.Д. Инновационный менеджмент. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ – 2008. 237 с.



Қосымша әдебиеттер:

1. Инновационный менеджмент. Учебник. Под ред.В.А.Швандра, В.Я.Горфинкеля. М., 2005.

2. Трифилова А.А. Оценка эффективности инновационного развития предприятия. М., 2005.

3. Ивина Л.В. Терминология венчурного финансирования. Учебное пособие. – М.: Академический проект, 2005. – 256 с.

4. Инновационный менеджмент. Учебное пособие. Под ред.д.э.н. А.В.Барышевой – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2007. 384 с.

5. Управление инновациями в организации: учебное пособие по специальности «Менеджмент организации». А.А.Бовин, Л.Е.Чередникова, В.А.Якимович. 2-ое издание, М.: Издательство «Омега-Л», 2008, 415 с.


БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Инновациялық менеджмент пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:

Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).



1 аралық бақылауда (АБ) бұл студент 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ): 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады.

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 15 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 20 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.




Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


КУРС САЯСАТЫ
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Инновациялық менеджмент пәнін игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс(лекция) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау(РК) өткен материалдарды сұрау, тест өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады.

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберип алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады.График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс.Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика (семинар) сабақтарында белсенділік. Студенттер практика (семинар) сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.





Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет