Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып



бет1/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.






М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Белгибекова Асем Болатовна
Сыншыл және шығармашылық ойлау
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС КУРСЫ
Білім беру бағдарламасы: барлық ББ бағытына

Петропавл қ.


2021ж.



Тақырып 1.1. Интеллект табиғаты.
Интеллект анықтамасы.
Интеллектуалдық жүріс-тұрыстың түрлері.
Интеллект құрылымының ұғымы.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары: оқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект,
ересектер зияты,
нақты интеллект,
кристалданғая интеллект,
қарапайым интеллект,
жануарлардың зияты,
жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі
Тұлғаның интеллекттік деңгейі әлеуметтік жарамдылықты ғана емес, сондай –ақ, жекелік ерекшеліктерді де анықтайды. Интеллект табиғаты арқылы тұлға қоршаған болмысты динамикалық тұрғыда өзгерте отырып, қоршаған ортаға қарай емес, керісінше, қоршаған ортаны өз ісіне қарай қайта құрады. Тұлға өзі туралы пікірді айналасындағы адамдар пікірімен салыстыра отырып, өзіндік бағалауын қалыптастырады. Белгілі бір іс-әрекет процесіне бейімделе отырып, тұлға ең алдымен, өзгелерді бағалап барып, өзін бағалайтыны зерттеулерде көрсетілген [2].
Өзіндік бағалау жоғары болса, тұлға өз принциптерін басшылыққа ала бастайды. Өзіндік бағалау мен талаптану деңгейі тұлғаның жан дүниесін айқындай және өз дамуында қиындықтарға кездесе отырып, өзгеріске оңай беріле қоймайды. Бірақ, тұлғаның өзіндік бағалауы жаңа әрекет барысында ғана радикалды қозғалысқа келуі мүмкін. Осы жерде айта кететін жайт, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына қозғалмалылық тән.
Кез-келген жаңалық ашу, ортаға адаптациялану интеллекттік дамуға және өзіндік бағалауға алып келеді. Өзіндік бағалау өз формасына байланысты тұлғаның интеллекттік белсенділігін төмендетуі немесе стимулдауы мүмкін.
Өзіндік бағалау дамуының маңызды қайнары тұлғаның әрекет-қылығы мен әрекетінің нәтижесін, сондай-ақ, тұлғаның тікелей қасиеттерін айналадағы адамдардың бағалауы болып табылады. Тұлғаның өмірлік әрекетіне өзара байланысты үш кеңістік енгізіледі- тұлға, іс-әрекет және қарым-қатынас. Осы үш кеңістік бірін-бірі қайталамайды- олар күрделі динамикалық қатынасқа түседі, бұл жағдайда онтогенездің түрлі кезеңдерінде бірде даму шарты, бірде даму амалы, бірде даму нәтижесі болады. Осы орайда, қоғамда болып жатқан өзгерістер творчестволық, өз ресурстарын бере алатын, белсенді тұлға дамуын талап етіп отыр.
Тұлға мәдени- табиғи тіршілік иесі ретінде дамып, қалыптасады және де өз өмірінде материалдық, рухани құндылықтарды игереді. Осы құндылықтарды игеру үшін тұлғаның интеллекттік әлеуеті жоғары болуы тиіс. Өйткені, тұлғаның интеллекттік мәдениеті оның даму деңгейіне әсер етеді. Ақыл-ой парасаттылықтың негізі- интеллект болып табылады. Интеллект денсаулық сияқты, ол бар жерде және қалыпты жұмыс істеп тұрса ол туралы ойламайсың, оны байқамайсың, ал, егер, жеткіліксіз болса, онда, бірқалыпты өмір тіршілігі бұзылады. Интеллекттік даму- бұл денсаулықты шынықтырумен тең.
Интеллект болмысқа қатысты идеалды- заттық қатынастардың негізгі тәсілінде жүзеге асырылатын және ойлаудың, іс-әрекеттің практикалық формаларын жүзеге асыру мен түсіну мүмкіндіктерін анықтайтын ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы. Ал, ойлау интеллектіні тасушы адамның жасайтын нақты процесс ретінде түсініледі.
Интеллект ақыл-ой әлеуетінің жиынтығы, ойлау процесі мен практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асатын адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің интегративті палитрасын құрайды. Интеллект құрылымы көп деңгейлі, оның тұтастай бірлігі ақыл-ой қабілеттерінің күрделі өзара әрекетімен анықталады, оның ішінде ең негізгі орынды адам ақылының жоғары деңгейі- творчестволық қабілет әлеуеті алады.
Сонымен қатар, Я.А. Пономорев еңбектерінде интеллект уақыт пен кеңістікте тірі жүйелердің бағдарлануы үшін берілген арнайы аппарат деп түсіндіреді [3]. Адаптация актісі, яғни, интеллект арқылы өмірлік міндеттерді шешу актісі, «ақыл-ойдағы әрекет» объектінің ойша ментальді әрекеті арқылы жүзеге асады.
Ұзақ уақыт бойы ересектермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі мен интеллекттік дамуы арасында тығыз байланыс бар (ересектермен қарым-қатынас аз болған сайын, солғұрлым интеллекттік даму баяу жүреді). Отбасының әлеуметтік жағдайы да әсер етеді. Жақсы жағдай жасалған отбасында бала дамуын, оның қабілеттерінің дамуына, бала интеллектісінің даму деңгейінің жоғарлауына кең мүмкіндіктер бар. Осы орайда, интеллекттік әлеуеті жоғары ұрпақ дамытуда отбасының рөлі ерекше болып табылады.
Тұлғаның таным әрекетіндегі басты жетістіктері интеллекттік даму болып табылады. Ал жетістікке жету тұлғаның өзіндік бағалауын қалыптастырудың басты шарттарының бірі.
Психология ғылымында М.А. Холодная [4] өз еңбектерінде интеллект ұғымының табиғатын түсіндіретін төмендегі топтаманы ұсынды:
1. Интеллект сана мазмұнының ерекше формасы ретінде феномендік
тұрғыда түсіндіріледі;
2. Интеллект қоршаған орта талаптарымен, табиғи жағдайлармен өзара
әрекетке түсетін бейімделу ретінде генетикалық тұрғыда түсіндіріледі;
3. Интеллект әлеуметтену процесі, сондай-ақ, тұтастай мәдениеттің әсері
ретінде әлеуметтік –мәдени тұрғыда түсіндіріледі;
4. Интеллект тұлға іс-әрекетінің ерекше формасы ретінде процесстік-
әрекеттік тұрғыда түсіндіріледі;
5. Интеллект мақсатқа бағытталған оқыту продуктісі ретінде білім беру
тұрғысында түсіндіріледі;
6. Интеллект ақпараттарды өңдеудің қарапайым процесстерінің жиынтығы
ретінде ақпараттық тұрғыда түсіндіріледі;
7. Интеллект түрлі деңгейдегі таным процестерінің жүйесі ретінде
функциялық деңгейлік тұрғыда түсіндіріледі;
8. Интеллект психикалық белсенділікті өзіндік реттеу факторы ретінде
түсіндіріледі.
Осы көрсетілген топтамадағы интеллектіні психикалық белсенділіктің өзіндік реттеу факторы ретінде түсіну, яғни интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын психологиялық тұрғыда зерттеуді талап етеді.
Интеллект табиғатында тұлға теориясымен терең бірлікте болып келеді. Бір жағынан қызығушылық, қажеттілік, ыңғайлану және басқа да жекелік қасиеттер интеллект белсенділігін анықтайды деп есептеген. Екінші жағынан, тұлғаның мінез-құлықтық қасиеттері және мотивтер құрылымы оның шындыққа объективті қатынасы дәрежесіне, болмысты тану тәжірибесіне және интеллектінің жалпы дамуына тәуелді болып келеді.
Тұлғаның өзіндік бағалауы және интеллекттік дамуы ішкі сезімдерден туындайды. Кез-келген іс-әрекет барысында өзінің таным әрекетіне қанағаттануына, талапқа сай тапсырманы орындауына орай тұлғада жағымды эмоциялар көрінеді. Осы орайда, интеллекттік сезімдер- бұл тұлғаның танымдық әрекеті процесінде туындайтын әсерленулерді атайды. Интеллекттік сезімдерді туындататын проблемалық жағдаяттар болып табылады. Жетістік немесе сәтсіздік интеллекттік әрекеттерді жеңілдете немесе қиындата отырып, тұлғада түрлі әсерленулер ретінде көрінеді. Интеллекттік сезімдер таным әрекетімен қатар жүреді және ойлаудың жылдамдығы мен продуктивтілігін күшейтеді.
Интеллекттік сезімдердің пайда болуы таң қалуда, білуге құштарлықта, тапқан шешімі үшін қуанышта, өзіне сенімділігінде көрінеді. Интеллекттік сезімдерге жаңаны жалпылау сезімі жатады. Ол әрқашан жаңаны іздеу болып табылады. Белгілі зерттеуші В.И. Додонов [5] өз еңбектерінде бұл сезімдерді жаңа ақпараттарды алуға деген қажеттілік ғана емес, сондай-ақ, «когнитивті үйлесімділік» қажеттіліктерімен де байланыстырады. Мұнда жаңа, белгісіздік ішінен таныс, әдеттегіні іздеп табу түсініледі.
Жалпы даму процесінде тұлғаның бойында әрекет-қылықтың жетекші мотивтері пайда болады. Уақыт өте келе бұл жетекші мотивтер тұлға ерекшеліктеріне айналады. Осындай тұлғалық өзіндік бағалауды қалыптастырушы қасиеттердің бірі Мен-бейнесі. Мен- бейнесі үш категорияға бөлінеді. Олар: «Мен»- индивидтің өзін дәл сол сәтте ұғынуы; «Мен»- оны өзгелердің, қоршаған ортаның қабылдауы; идеалды «Мен»- индивидтің аңсаған, армандаған «Мені». Мен-бейнесінің адекваттылық дәрежесі өзіндік бағалауға байланысты келеді. Өзіндік бағалау тұлғаның өзін, өзінің мүмкіншіліктерін, басқалар ортасында қасиеті мен орнын білуі болып табылады.
Мен-бейнесінің жиынтығы психологиялық зерттеулерде Мен- тұжырымдамасы арқылы түсіндіріледі. Мен- тұжырымдамасы- әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің тұлға екендігін білдіретін ұғым. «Мен» қасиет іс-әрекет пен адамның айналамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады. Адамның өз «менін» айыра алуы- тұлғалық қасиеттердің өзекті белгісі. Мен-тұжырымдамасы - адамның өзі туралы түсініктердің жүйесі; ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне-өзі сол тұрғыда қарайды [6].
Мен- тұжырымдамасы қалыптасуы мен дамуының негіздері төмендегіше:
· өз дене бітімі туралы түсінік;
· өзгелер мен өзі туралы түсінігінің қалыптасуы;
· мағынаны, өзгелердің пікірін субъективті интерпретациялау;
· жыныстық рөлмен және стереотиптік рөлмен идентификациялану;
· баланың отбасында болу нәтижесі.
Мен – тұжырымдамасы мінез-құлықты басқару үшін мынадай қызмет атқарады:
· әр әлеуметтік жағдаят Мен-бейнесі компоненттеріне сәйкес қабылданады, бағаланады, әрі осы жағдаятқа сәйкес өзгеріске ұшырап отырады;
· өзіндік анықталу, өзіндік реттелу қалыптасады;
· өз «Менін» қорғаудағы базалық қажеттілік негізінде жағымды өзіндік бағалауды қажетсінуі туындайды;
· интеллекттік интуиция пайда болады.
Тұлғаның Мен- бейнесі, Мен – бағдарламалары мен өзіндік бағалауы жинақталып Мен- тұжырымдамасы құралады. Өзіндік бағалау арқылы тұлға өз мінез-құлығын реттейді. Тұлғаның өзіндік бағалауы бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасады. Тұлға танымдық іс-әрекетке араласа отырып, қарым-қатынаста бағдарланады және қоршағандардың күтулерімен салыстырады [7]
Сонымен, интеллект және өзіндік бағалау қоршаған ортаға адаптациялану ретінде тұжырымдалады. Қоғамда өз әлеуетін толық пайдалана алатын, ойдың орамды, танымдық, интеллекттік белсенді, өзгерістерге икемді тұлға ғана бәсекеге қабілетті бола алатындығы анық. Интеллекттік даму тұлғаның когнитивтік көрсеткішетерінің бірі болса, өзіндік бағалау өзіндік таным негізі болып табылады. Осы орайда, тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауы өзара тығыз байланысты келеді және бұл тұжырым біздің эксперименттік бөлімімізде математикалық тұрғыда дәлелденді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет