Білім беру бағдарламасы Клиникалық зертханалық диагностика kzd 3303 «Жалпы медицина»



бет1/7
Дата21.12.2023
өлшемі388.87 Kb.
#487420
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
3 курс КАЗ тит




  1. Пәннің сипаттамасы




Пән атауы

Коды

Білім беру бағдарламасы

Клиникалық зертханалық диагностика

KZD 3303

«Жалпы медицина»



Оқытушылар

Құрылымдық бөлімше

PhD Батырова Гульнара Арыстангалиевна,
Шильманова Акманат Бабаомаровна,
Талдыбаева Айгуль Жанузаковна

Актобе қ., Жаңақоныс 8, Марат Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығы.
Оңтүстік-Батыс – 1, Промзона – 475, «АБҚО»

Оқу деңгейі

Пән циклі

Модуль

Бакалавриат

КП



Ішкі аурулар диагностикасы

Міндетті пререквизиттер:

Қосымша пререквизиттер:

Биологиялық химия, физиология


Пәннің мақсаты

білікті дәрігерді даярлау үшін клиникалық зертханалық диагностика бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.



Пәннің қысқаша мазмұны

Материал жинау, науқасты зерттеуге дайындау, негізгі зертханалық зерттеу әдістерін жүргізу әдістері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Студент қалыпты және патологиялық жағдайларда негізгі зертханалық көрсеткіштерді меңгереді

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету саясаты

Академиялық адалдық оқу үдерісіен ұйымдастырудың негізі болып табылады және университеттің Академиялық саясатымен және осы силлабуспен анықталған нақты, әділ және объективті стандарттармен қамтамасыз етіледі. Академиялық адалдықты алға жылжыту және қорғау - білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Пән бойынша барлық жазбаша жұмыстар, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, плагиатқа тексерудің автоматтандырылған жүйелері арқылы түпнұсқалығына тексерілетін болады. Плагиат анықталған, университетте қабылданған басқалардың және өз жұмыстарына сілтеме жасау ережелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатында көзделген академиялық адалдықтың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады. Сіз академиялық адалдықты сақтауға жауаптысыз.
Академиялық саясатпен және Академиялық адалдық саясатымен университет сайтында www.zkmu.edu.kz танысуға болады.

Пән саясаты

Кафедраның білім алушыларға қойылатын негізгі талаптары:
- Тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті болып саналады.
- Киім үлгісі: медициналық халат, қалпақ, маска, ауыстыратын аяқ киім.
- Санитарлық кітапшаның болуы.
- Еңбек тәртібінің сақталуы: сабаққа кешікпеу, сабақ кезінде сөйлемеу және алаңдамау.
- Курста білім алатын студенттер оқу барысында әріптестерімен, оқытушылармен, науқас балалармен және олардың ата -аналарымен қарым -қатынаста жоғарыда көрсетілген нормаларды
қатаң сақтауға, сондай-ақ деонтология мен этика ережелерін сақтауға міндетті; сонымен қатар ЖОО-ның оқу пәнінің талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
Тәжірибелік сабақтарға дәлелді және құрметсіз себеппен келмеу кафедрада қабылданған нысан бойынша, бар болғаны 1 рет, тәулігіне бір жұмыстан аспайды. Егер «қанағаттанарлықсыз» баға алынса да, ол журналға тіркеледі.
Қанағаттанарлықсыз бағалар кері өтілмейді.
Студент ағымдағы аралық бақылау басталғанға дейін жіберілген сабақтарды тапсыруы тиіс. Аралық бақылау өткеннен кейін жұмыстар қабылданбайды.
2 сабақтан артық қалдырған студенттер үшін кафедра уақытылы деканатқа қызметтік хат жіберіледі. Бұл жағдайда студент деканаттың рұқсатымен ғана жіберген сабақтарды кері өтеуге рұқсат етіледі.
Тек кейбір жағдайларда (ғылыми конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, қоғамдық -саяси шараларға қатысу), деканаттың тапсырысы, ректордың бұйрығы негізінде, білім алушы ағымдағы бақылаудың орташа бағасын сақтай отырып, сабақтан босатылады (кері өтілмейді).
Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, білім алушының Ар-намыс кодексіне, Академиялық шындық саясатына, Университет жарғысына қатаң сәйкес келуі керек.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет