Дәріс 4. Ғылыми–зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерін рәсімдеу
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау.
2. Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау әдістемесі.
3. Ғылыми ақпараттың негізгі көздері.
4. Анықтамалық-ақпараттық басылымдар.
5. Ғылыми ақпарат көздерін зерттеу
6.Ғылыми нәтижелер және оларды жариялау.
7.Мақала бойынша жұмыс жасау.
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау және рәсімдеу.
Дәріс тезисі: Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытқа немесе ғылыми мәселеге қатысты болады. Ғылыми бағытқа сол зерттеу жұмысы жүргізілетін ғылым, ғылым кешені немесе ғылыми мәселелер жатады. Ғылыми мәселе (проблема) – бұл күрделі теориялық және (немесе) практикалық міндеттердің жиынтығы; ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыптарының жиынтығы. Мәселе салалық, салааралық, жаһандық болуы мүмкін.
Ғылыми тақырып – бұл күрделі, шешуді талап ететін міндет. Тақырыптар теориялық, практикалық және аралас болуы мүмкін. Теориялық тақырыптар әдеби көздерді қолдану арқылы әзірленеді. Аралас тақырыптар зерттеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы, өз кезегінде, кейбір мәселелерді қамтуы да мүмкін. Ғылыми сұрақ деп белгілі бір тақырыпқа қатысты міндеттерді айтады. Жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдау оның табысты орындалуын қамтамасыз етеді деп саналады. Тақырыптардың өзектілігіне, жаңалығына, тәжірибелік және теориялық маңыздылығына қол жеткізу қажет.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау оны ұтымды ұйымдастыру үшін маңызды. Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен білім беру мекемелері зерттеуге тапсырыс берушілер ұсынған өтінімдер негізінде мақсатты кешенді бағдарламалар, ұзақ мерзімді ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бір жылға арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Жұмыс бағдарламасы– зерттеудің жалпы тұжырымдамасын оның мақсаттары мен гипотезаларына сәйкес баяндау. Ол әдетте екі бөлімнен тұрады: әдістемелік және процедуралық.
Мәселені (тақырыпты) тұжырымдау – бұл шешімді талап ететін міндетті анықтау. Мәселелер технологиялық және ғылыми болып бөлінеді. Технологиялық проблема – бұл нақты өндірістің қажеттілігі мен кәсіпорындағы қазіргі технологиялық деңгей арасындағы қарама-қайшылық. Зерттеу объектісі мен мәнін анықтау. Зерттеу объектісі – бұл қарама қайшылықты қамтитын және проблемалық жағдайды тудыратын құбылыс (немесе процесс).
Зерттеу пәні– бұл тәжірибе мен теория тұрғысынан маңызды қасиеттері бар объектінің ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеудің мақсаты – оның соңғы нәтижеге бағытталған жалпы бағыты. Зерттеудің міндеттері – зерттеу процесінде шешуді талап ететін мәселе; жауап алынуы тиіс сұрақтар. Негізгі ұғымдарды түсіндіру– бұл ұғындыру, яғни негізгі ұғымдардың мәнін түсіндіру. Түсініктердің теориялық және эмпирикалық түрлері бар. Жұмыс гипотезаларын құрастыру. Гипотеза қандай да бір фактілерді, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін ұсынылатын ғылыми болжам ретінде зерттеу есептерін табысты шешудің маңызды құралы болып табылады. Зерттеу бағдарламасы бір немесе бірнеше гипотезаға бағытталуы мүмкін.
Ғылыми нәтижелерді екі түрге бөлуге болады: 1. теориялық-әдіснамалық (теориялық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тұжырымдама, гипотеза, жіктеу, заң, әдіс; 2. аспаптық (қолданбалы және эмпирикалық зерттеулер үшін), атап айтқанда: тәсіл, технология, әдістеме, алгоритм, зат пен оның әсері, құбылыс. Теріс нәтиже ғылыми қоғамдастық үшін әрдайым ерекше құнды болып келеді, өйткені ол басқа зерттеушілердің күш-жігерін "үнемдейді". Сондықтан теріс нәтиженің шынайылығын мұқият тексеру керек.
Жарияланымдар. Жарияланымдар ғылыми қауымдастық ішінде және көпшілік арасында ғылыми нәтижелерді таратудың маңызды тәсілі болып табылады. Осы әдіс арқылы авторлар ғылыми растығы үшін жауапты болатын өз еңбектерінің нәтижелерін жариялайды. Жаңа ғылыми нәтижелер туралы шығатын жарияланымдар зерттеу жұмысының нәтижелері мен пайдаланылған әдістерінің толық сипаттамасын беруге тиіс.
Мақаланы жазуды бастамас бұрын алдын ала бірнеше негізгі сұрақтарға жауап алу керек. 1. Жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Бұл сұраққа жауап мақаланың мазмұнын және түрін анықтауға көмектеседі: - мақала зерттеудің жаңа және маңызды нәтижелерін сипаттайды ма (эксперименттік (тәжірибелік) мақала - неғұрлым кең таралған үлгі); - мақала бұрын жарияланған нәтижелерге жаңа түсінік бере ме (жиынтық талдамалық мақала; ірі гипотезаны ұсыну және негіздеу үшін пайдаланылады); - мақала әдебиетке немесе ірі тақырыпқа шолу болып табылады ма?
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (30-31 +қосымша әдебиет 1-8)
Достарыңызбен бөлісу: |