БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Мамандықтың берілген білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде келесілер қолданылды:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27 шілде 2007ж. №319-III «Білім туралы»;
Техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (негізгі ережелер), ҚР Үкіметінің Қаулысы №1080, 23 тамыз 2012ж.;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» №152, 20 сәуір 2011ж.
Осы мамандық студенттерге бөлшектер/түйін асты деңгейінде, электронды құрал-жабдықтар мен құрылғыларды қалай таңдау, орнату, күйіне келтіру, тестілеу, қателерді анықтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу дағдылары мен білімдерін төмендегілерге бағытталып үйретеді:
Қызметші алынған деңгейіне байланысты, осы біліктілігімен, инженерлік командада электронды құрал-жабдыққа қызмет көрсететін техник немесе одан да тым тәжірибелі техниктер не инженерлердің көмекшісі ретінде жұмыс істей алады. Бағдарлама аяқталған соң, 2 жыл және 10 айдан кейін қызметші осы біліктілігімен жаңа өнімді жобалайды, немесе қолданыстағы өнімді тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дамытады. Сондай-ақ, ол IТ жобаларды басқару мен енгізу дағдыларына ие болады.
Ұзақтығы: 2 жыл және 10 ай
1-деңгей: 1 семестр = 648 сағ.
2-деңгей: 2 семестр= 648 сағ.
3-деңгей: 3-4 семестрлер= 1296 сағ.
4-деңгей: 5-6 семестрлер = 936сағ.
1-ден 4-ке дейінгі деңгейлер үшін модульдердің жалпы саны = 40
Достарыңызбен бөлісу: |