Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ‑ның NIS‑Programme білім беру бағдарла-



Pdf көрінісі
бет4/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ‑ның NIS‑Programme білім беру бағдарла-
масы – жаратылыстану және математика ғылымдары бағытында оқу үдерісін ұйымдастыруға 
бағытталған Зияткерлік мектептерде оқу үдерісін ұйымдастыруға және білім беру мазмұнына 
қатысты жалпы тәсілдемелерді айқындайтын тұжырымдамалық сипаттағы нормативтік-құқықтық 
құжат. Аталмыш құжат нәтижеге бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағи-
даттарын, ережелері мен шарттарын анықтайды.
Білім беру үдерісіне қатысушылардың әл‑ауқаты дегеніміз – тұрақты өмірлік ұстаным, 
оған жағымды эмоциялар, оң көзқарас, икемді ойлау, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерге атсалысу, 
жоғары жетістіктер мен асыл мақсаттарға ұмтылыс, эмоциялық құзыреттілік пен проблемаларды 
шешу дағдылары жатады.
Үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің, сондай-ақ оқушылардың өзге де оқу түрлерінің 
тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбек жүктемесі) реттейтін нормативтік құжат. Ол Қазақстан 
Республикасы ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бастауыш, негізгі 
орта және жалпы орта), сондай-ақ Білім беру бағдарламасына сәйкес әзірленеді және мектептің 
оқу жоспарының негізі болып табылады.
Қолданыстағы оқу жоспары – үлгілік оқу жоспары негізінде Зияткерлік мектептер әзірлеген 
нормативтік құжат, ол Зияткерлік мектеп оқушылары меңгеретін пәндерді, сондай-ақ өзге де оқу 
түрлерін, оқу үдерісінің мазмұнын, көлемін, құрылымын айқындайды.
Зияткерлік мектептердің пәндік оқу бағдарламалары – белгілі бір пән бойынша оқу 
үдерісін ұйымдастыруға арналған оқу-нормативтік құжат. Онда оқу мақсаттары, міндеттері және 
оқытудан күтілетін нәтижелер; білім беру мазмұны мен құрылымы, оқу жүктемесінің көлемі; оқу 
және оқыту тәсілдері, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістері белгіленген.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар – белгілі бір пәннің оқу жоспары, ол оқу 
жылында және бір тоқсан ішінде пән бойынша оқу үдерісін қалай ұйымдастыру керектігін көр-
сетеді, сондай-ақ онда оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелер, бөлімдер мазмұны мен бағдарлама 
тақырыптары нақтыланған; сонымен бірге оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік 
ресурстардың тізбесі берілген.


| 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет