«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


– орыс тілінде оқитын  мектептерден тек тілі жағынан ғана емес, ең бастысы білім мазмұны, оқыту  сипаты жағынан ерекшеленуі тиіс» -



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
бастауыш1


орыс тілінде оқитын 
мектептерден тек тілі жағынан ғана емес, ең бастысы білім мазмұны, оқыту 
сипаты жағынан ерекшеленуі тиіс» - деген педагогикалық ой-тұжырым 
құндылығын жоймағаны анық [148]. Білім беру мақсатын ұлттық 
дүниетанымға негіздей отырып жоспарлы түрде іске асыру оқушының 


74 
болашақта жеке тұлға болып қалыптасып, дамуының өзегі бола алады деген 
ойға алып келеді.
Қазақстанда жадидтік оқу жүйесіне негізделген реформа жүргізудің 
басы қазақтың төлтума жазу қарпін жасап, 1915 жылдан енгізіп, оны ресми 
түрде қабылдаған уақыттан жадидтік оқу жүйесіндегі бастауыш мектептер 
«қазақ ұлттық бастауыш» мектептері атына ие болды. Бұл бастауыш 
мектептер төңкерістен кейінгі кеңес үкіметі кезінде өз бағытын бастапқы кезде 
берік ұстады. Кеңес үкіметі өз билігін бір орталыққа бағындырған кезеңнен 
мектептердегі білім беруге негізделген оқу бағдарламаларының қамтитын 
білім мазмұны және оқылатын пәндердің тізімі міндеттеліп, нақтыланып 
беріліп отырды да, ал қосымша білім беру бағытын қамтитын оқу 
материалдары пәндеріне сағат саны жетпеді, оларды оқыту жергілікті оқу-
ағарту бөлімдеріне тапсырылды. Осындай мәселелерге байланысты қазақтың 
ұлттық бастауыш мектептерінде оқу жоспары жүйесіне енгізілген пәндер 
тізбегін негізге ала отырып, жергілікті білім беру мекемелері өздерінің жер 
ерекшеліктері мен табиғат және шаруашылық бағытына қарай білім беретін 
оқу материалдарын түрлі тақырыптық жүйемен анықталған жеке пәндерге 
енгізу арқылы оқытқан болатын. Бұндай жоғарыдан түсірілген оқу жоспары 
негізінде құрылған оқу материалдары мен білім беру мазмұнын анықтауда 
және қосалқы пәндер жүйесін өмір тәжірибесіне ендіру мен қолдануға 
ұсынылған жеке пәндерді анықтап белгілеу жүйесімен жасалған оқу 
бағдарламалары Қазақстандағы қазақ ұлттық бастауыш мектептеріндегі 
пәндерді оқытуда аймақтық білім беруге алып келді.
Бастауыш мектептің немесе бастауыш білім беру кезеңінің басты 
міндеттерінің бірі – келешектегі орта және жоғары сыныптардағы немесе
үздіксіз білім беру жүйесін жүзеге асырудағы алдыдағы білім беру 
буындармен сабақтас болу әрі, оны жүзеге асырудың баспалдағы ретінде 
негізгі мәнге ие болуымен анықталады.
Бастауыштағы оқыту оқушының ана тілінде сауатын ашып, білім 
негіздерін меңгеруі арқылы жеке ойлау қабілетін қалыптастырып, дамуына 
өзек болып жеке тұлғалық болмыс қырларының негіздерін сомбаудың жедел 
әрі, қуатты жүретін кезеңін басшылыққа ала отырып, оның жеке зияткерлігі 
мен өз бетінше білім алу дағдысына машықтануға үйрету керек. Бастауыш 
сыныптардағы ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістің міндеттері 
анықталған немесе белгілі білімнің қорымен оқушыны қамтамасыз ету емес. 
Мектеп оқушыларының оқу-танымдағы әрекетіне қызығушылығын арттырып, 
ықылас-ынтасын жандандырып, ғылыми дүниетанымдық ойлау қабілеттерін 
жетілдіріп отыруы басты мәселе болып табылады. Яғни, бастауыштағы 
оқытудың басты міндеттері 

оқушыларды жазуға, оқуға, есеп шығаруға 
үйрену, қоршаған ортадағы заттарды немесе табиғат құбылыстарын салыстара 
отырып ажырата білуге, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін танып, 
меңгеруге және қоғам және табиғат жайындағы басты білімдерінің 
қалыптасуы, қоғамды және әлеуметтік ортадағы мәдениеттілік сақтау қарым-
қатынастық тәртіптегі әдептілік танытуға баулитын мінез-құлықтарға 
дағдыландыру.


75 
1915 жылдан бері 1918 жылға дейінгі кезеңде бұрыннан қалыптасқан 
миссионерлік педагогиканың жүйесінде Қазақ өлкесінде жүргізілген 
отарлаушы елдің оқу-ағарту саласындағы құрылған орыс, орыс-қазақ 
мектептеріндегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына жергілікті халықтың 
сұраныстық талап тілектерінің қойылуының басты шарты 

бастауыштағы 
білім беру мазмұнының заманауи талаптарға сай үйлесімді болуы және оқу 
баланың ана тілінде жүргізілуі, орыс тілін бастауыштың соңғы сыныбында 
оқыту. Бастауыштағы білім мазмұны оқушының туған ұлттық болмысының 
табиғатына үйлесімді болуы және олардың қабылдай алу мүмкіндіктері мен 
жас ерекшеліктеріне жақын келіп меңгерулері еш қиындықсыз, балаға зиян 
келтірмейтіндей болуы керектігін басшылыққа алу болды. Өйткені бастауыш 
сыныпқа барған бала өз ана тілінде емес, өзге тілде білім алса, онда оның жан 
дүниесі мен табиғи жаратылыс дүниесіндегі танымдық әрекетінде кері әсерлер 
болып, жеке дамуындағы тұрақтылыққа жағымсыз ықпалын жасайды. 
Мектептегі оқу ұлттық тілде болу және оқытылатын пәндерде қазақи 
дүниетаным беретін оқу материалдарының енгізілу қажеттілігі сол уақыттан 
бастап көтеріліп келеді. Бұны өзекті мәселелердің бірі ретінде 
қарастырылғандығы тарихи құжаттар бізге дәлелдеме жасауға мүмкіндік берді 
және бұл мәселе бүгінгі күнде де көкейкесті мәселелердің бірі ретінде орын 
алуды.Сонымен бірге, бастауыш мектептен кейінгі орта білім алуы үшін 
жоғары сыныптарда білімдерін жалғастыру арқылы арнайы кәсіптік және 
жоғары оқу орындарында білім алып білікті маманға сәйкес білімдерін 
жоғарлату мәселелері сол заманнан-ақ айтылып келе жатқан мәселе екендігі 
анық. Бірақ, халықтың бұндай ұсыныстары мен өтініштері сол кездегі 
қоғамдық құрылыстың ұстанған саяси-идеологиялық және эконмикалық даму 
жағдайына байланысты жүзеге аспайтыны немесе әдейілеп асырмаулары орын 
алғын. Сол кезеңдегі қоғамдағы оқу-ағарту мәселесіне байланысты халық 
жанынан орын алған қарама-қайшылықтар қазақ ұлттының дүниетанымдық 
сипатын сақтап қалу негізінде көтеріліп, айтылған рухани қарсылығынан 
шықты. Білім беру жүйесін ұлттық тұрғыда құру, дамыту мәселелері болашақ 
ұрпақты мектептерде тәрбиелеу мен оқыту барыстарында оқушыларға қажетті 
білімдерді меңгеруді жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру мәселелерін 
қарастыру басшылыққа алынды. 
Төрт жылдық қазақ мектебіне арналған бағдарламалардағы 
ерекшеліктері орын алды: 
1, 2, 3, 4 сыныптарда оқылатын арифметика, ана тілі, қоғамтану, 3, 4 
сыныптардағы жағрафия және 4 сыныптағы оқылатын жаратылыстану 
пәндерінің бағдарламасы пәндік жүйеге негізделіп құрылды. 
Ана тілі пәнінен 

ауызекі сөйлеу арқылы тілін дамыту, кітап оқу, жазу 
және тіл заңдылықтарына негізделген емлені оқып, үйрену енгізілді және ана 
тілі пәнінің сабақтарын толық төрт сыныпта өту керектігі осы бағдарламада 
белгіленді. Сондай-ақ, қоғамтану пәнінің оқу материалдарын төрт жылға бөліп 
өту қарастырылған. Ал, жағрафия бағдарламаға жеке пән ретінде үшінші 
сыныптан кірігізілді. Дегенмен, осы мәселенің мазмұнына терең үңіле 
отырып, талдау жасасақ сол кездің өзінде бастауыш сыныпта оқушыларына 


76 
білім беруді ұйымдастырудың кешенділік әдістері орын алғандығын көре 
аламыз. Бұл, 1924 жылы маусымда өткен Қазақстан ғалымдарының бірінші 
съезінде талқыланып, төрт жылдық қазақ мектебінің қоданылуына берілген 
оқу бағдарламалар еді [5].
1924 жылдағы Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының білім 
орталығы ұсынған қазақтың төрт жылдық мектептері үшін жасалған 
бағдарламасында:
1. Қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары 
(графика, «Әліп-би») 
2. Оқыту жүйесінің ұлттық болмысқа бейімдейтін жолы. 
3. Баланың жас ерекшелігіне қарай берілетін білім мазмұнын 
бағдарламада жүйеленуі мен негізделуі. 
4. Бастауыш мектеп қазақша «Әліп-би» және ана тілінде білім беретін 
оқулықтар жүйесі. 
5. Оқытудың тиімді әдістерін анықтау және осы бағытта түрлі ғылыми 
еңбектер жазу [149].
1922-23 жж. ұлт мектептерiн төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз 
етуде бiраз шаралар iске асырылды, қазақ тiлiнде 14 оқулық шығарылды. 
Олардың iшiнде «Физика», «Грамматика», «Педагогика», «Алгебра», «Мектеп 
гигиенасы», 
т.б. 
бар. 
Бұл 
оқулықтарды 
жазуға
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, С. Аспандияров, 
Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т. Жолдыбаев, т.б. қатысты. 
1920-30 жж. республика мектептерiнiң оқу базасын күшейтуге мемлекет 
тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. Осы жылдары ұлттық мектептер 
саны 333-тен 1864-ке жеттi оның 1231-i қазақ мектебi, оқушылар саны 215,1 
мыңнан 320,1 мыңға жеттi. Қазақ мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ 
қыздары едi. 1928 ж. Қаз ОАК-нiң 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, 
қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл 
жылдары қазақ орта мектептерiнiң саны аз едi. 1927-28 жж. республикада үш-
ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тiлi болып 
келген араб әлiпбиiнен латыншаға көшуi оқу-ағарту iсiнiң дамуына үлкен 
соққы болып тидi. Араб әлiпбиiмен шыққан мәдени бай мұралардың көбi отқа 
өртелдi. 1940 ж. латын әлiпбиiнен кириллицаға көшу елдегi ағарту iсiн тағы 
көп жылға шегерiп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерiнiң саны 537-
ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге 
жеттi. 1940-41 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн мектептерге 1 млн. 145 мың 
993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары едi. Бұл 1925 жылмен 
салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға 
артты, мұғалiм кадрларының сапасы жақсарды. 1940 ж. жалпы бiлiм беретiн 
мектептерде 44597 мұғалiм қызмет еттi, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдерi едi.
Қорытындылай келе, оқу-білім ағартушылыққа үлес қосып келген XX 
ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының алдына қойған міндеті қазақ деген 
халқын ұлт деңгейіне көтеру, өз елін жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өзі-
өзі басқаратын ел қылу. Алаш зиялылары оқу-ағарту саласында мектеп, оқу-


77 
әдістемелік құралдар туралы зерттеу әдістерін жазып, бірін-бірі толықтырып 
отырған. «Қараңғы қазақ көгінен өрмелеп шығып күн болуды» армандаған 
алаш қайраткерлері өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу бір туар тұлғалары 
еді. Олардың бар өмірі ұлтты сүюдің, ел мүддесіне қалтықсыз қызмет қылудың 
нағыз үлгісі болады. Алаш зиялыларының көп салалы қызметінің бір қыры-
ғылыми-педагогикалық іс-әрекетінің тамыры тереңге тарап, бүгінгі 
Қазақстанның зияткерлік ұлт қалыптастырудың түпкілікті негізінен бастау 
алғандығын байқаймыз [150]. 
Қазақ халқының тарихындағы 1991 жыл егемендікті алу оқиғаларымен 
орын алып, қоғамдық құрылымның өтпелі кезеңмен есте қалды. Бұрынғы 
Кеңес одағының құрамында болған барлық республикалар өз дербестіктерін 
алып, тәуелсіз мемлекеттер атанды. Тәуелсіздік алғанынан қазақ тілі 
мемлекеттік тіл мәртебесіне ретінде орын алып келеді. Сонымен бірге 
мемлекетімізде білім беру жүйесі де ұлттық сипат алып, оны жетілдірудегі 
түрлі реформалар жасалып, қоғамдық өмірдің тәжірибесіне ендіріліп, 
толықтырылып, жетілдіріліп келеді. 
Қазақстанның егенмендікке қол жеткізуімен ұлттық болмысымызды 
сақтап қалуға, 20 ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту жүйесін ғылыми-
әдістемелікті жетілдіруге үлес қосқан педагог ғалым әдіскерлеріміз –
А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабайұлы, М. Дулатұлы,
Ш. Құдайбердіұлы, Х. Досмұхамбетов, Т. Шонанұлы және т.б. сол замандағы 
бастаған құнды ой-пікірлерін басшылыққа алып, жүзеге асырылу қолға 
алынды. Өйткені, тәрбие мен оқыту жұмыстарының барыстары ұлттық 
нышанға негізделуі жайындағы ғылыми еңбектері және олардың 
педагогикалық мұраларын жетік түсініп, талдау жасау арқылы қазіргі 
бастауыш білім беру кезеңінің қалыптасып, дамуына негіз болды деуге 
болады. 
Алаш зиялыларының бәрін, өзінің жекелік мүддесі емес, халықтың 
тағдыры қызықтырды. Ұлт зиялыларының алдына қойған міндеті қазақ деген 
халқын ұлт деңгейіне көтеру, өз елін жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өзі-
өзі басқаратын ел қылу. 
Ұлттық мектеп – сол ұлттың тілін, ділін, салт-санасын, интеллектуалдық 
әлеуетін қалыптастырушы басты құрал. Жас ұрпақты ұлттық мектепте 
оқытып, тәлім-тәрбие беру саяси мәнді мәселе. Адам мектеп жасынан туған 
ұлтының тілін, тарихын, ата-баба салт-дәстүрін біліп, одан рухани нәр алып 
жетілсе, ұлттық сана-сезімі биік болары сөзсіз.
Ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым 
өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен
тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр. ХХ ғасырдың бірінші 
ширегінде қазақ елінде педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес 
қосқан зиялы қауым өкілдеріне назар аударып, зер салу аса қажет деп білеміз.
Себебі, еліміз егемендікке ие болғалы ұлттық мектептің іргетасы қалана 
бастады. Ұлттық мектептер тарихын, тілін мәдениетін зерттей отырып, 
әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылудамыз.


78 
Қазіргі «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық метептердің» бағыт-
бағдарын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және болашағын анықтап, ұлттық 
мектептерді бүгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыру.
ХХ ғасырдың басында тарихи сахнаға шыққан ағартушылардың, 
педагогтар мен жазушылар буыны туралы ерекше атап айтқан дұрыс әрі қажет 
деп ойлаймыз. Олар қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінде өзіндік із 
қалдырған, республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық 
мектепті қалыптастыруда және оның іргетасын қалауға белсене ат салысқан, 
жеке басқа табыну кезінде зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың құрбаны 
болған, көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың ұлы 
перзенттерінің педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні расан 
зор. Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін 
халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер жазылып, кітаптар жарық 
көре бастады [150]. 
Осы негізден бастауыш сыныптарға арналған пәндер тізбектері жаңа 
атаумен және мазмұндық құрылымен оқулықтар ретінде қайта қаралып, 
толықтырылып бүгінгі авторлар қауымымен жазылды. Бұндай үлкен 
жұмыстардың бастау алу кезеңі 1992-1993 жылдардан басталды. 
1992-1993 оқу жылынан бастап бастауыш мектептер жаңа бағдарламаға 
көшті. Онда бастауыштағы пәндерді оқыту төмендегідей төрт мақсат 
басшылыққа алды: 
Білімділік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет