Білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



бет1/5
Дата20.04.2023
өлшемі244.35 Kb.
#472470
  1   2   3   4   5
Әсел курс


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ КОЛЛЕДЖІ " ЖШС»
Тақырыбы «Активтерді және міндеттемелерді түгендеу тәртібі»
Пән: «Қаржылық есеп»


Студенттің аты-жөні Есенқұл Әсел
Мамандығы 0518000 «Есеп және аудит»
Біліктілігі 0515001 3 – «Бухгалтер)»
Курс __3___Тобы ЕжА-20-1_
Беттер саны _________




Студенттің декларациясы

Мен, Есенқұл Әсел берілген жұмысты өзім жазғанымды растаймын, ал
пайдаланылған көздер расталды


Студенттің қолы ___________
20____ жылғы «____»____________





Қорғау
Бағасы___________(__________ )
Қорғалған күні «____»____________20____года
Оқу бөлімінің меңгерушісі____________Смагулова Л.Б.

Алматы 2023


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
I.Түгендеуді ұйымдастыру есебі
1.1 Түгендеу түсінігі және тарихы 6
1.2 Түгендеу түрлері мен сипаттамалары 8
1.3 Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері 12
ІІ. Түгендеу нәтижесін есепке алу 13
2.1. Ақшалай қаражаттарды түгендеу 13
2.2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу 17
2.3. Міндеттемелерді түгендеу тәртібі 32
2.4 Тауарлы – материалдық қорларды түгендеу 34
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДІБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
ҚОСЫМША 32

КІРІСПЕ



Бухгалтерлік есеп әдістерінің бірі – түгендеу. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі түгендеу арқылы ұйым мүлкі сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып келеді. Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізі болып табылады, сол үшін бухгалтердің жұмыстарын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Ал, негізі түгендеу дегеніміз – (inventarium, латын тілінен аударғанда – заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әртүрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтің, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы. Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерінің бағалауының нақтылануы кіреді. Түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелерінің болуы ғана емес, сонымен қатар оның жағдайы мен бағалануын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның мүлкін сақтау, оны барынша тиімді пайдалану, материалдық құндылықтардың негізсіз шығындарының алдын алу экономика дамуының қазіргі кезеңінде әр ұйымның өзекті мәселесі болып табылады. Бұл ретте түгендеу мүліктің нақты болуын есептік деректермен салыстыруды бақылаудың қажетті құралы болып табылады.
Түгендеу мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.
Түгендеу міндеттері:

  • Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс

әрекетін бақылау;

шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;

мақсатында анықтау;

  • Есеп объектілері құнының нақталағын және оларды сақтау ережелері

мен жағдайларын тексеру және т.б.
Ал, маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Мысалы, Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қойылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған. Ал қазіргі таңда түгендеу кез келген мекеме үшін үлкен рөл атқарады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің мүлкінің түгел болуы маңызды, сол себепті түгендеуді үнемі жүргііп отыру өз септігін тигізеді. Кәсіпорынның мүлкінің артық не кем шығуы кәсіпорын үшін улкен пайда немесе үлкен шығын болып табылады, ал осы келген пайда мен шығын үшін кінәлі адамды тауып, шығынды төлеуге
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы мүліктердің орындылығын тексеру барысын ұйымдастыру және тексеру.
Курстық жұмыстың осы қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты міндеттері келесідей – түгендеу жүргізу, ұйымдастыру тәртібі және нәтижесін есепке алу.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жазылып отырған жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы түгендеу ұйымдастыру тәртібі.. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер - шешілуі тиіс:
- ақшалай қаражаттарды түгендеу;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу;
- міндеттемелерді түгендеу.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде жалпы түгендеу туралы түсініктер мен оның кәсіпорындағы қолданылуы жайлы, Қазақстан Республикасының бюджет туралы кодексіне сәйкес жазылған.
Ал, практикалық бөлімде кәсіпорын мүліктері үшін түгендеу ұйымдастыру тәртібі мен түгендеуді ұйымдастыру тәртібі көрсетілетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет