Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы
Семей мемллекеттік университеті
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
№1 басылым «__» ___ 20__ж.
|
Ф 042-05.1.10.03-2011-01
|
Элективті пәндер каталогы
|
Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі проректор_________Б.А.Рскелдиев
«____» _____________ 20_ жыл
5В072900 – «Құрылыс» мамандығының
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
№
п/п
|
Пән коды
|
Пәндер мен циклдардың атауы
Пәндердің қысқаша мазмұны
|
1
|
2
|
3
|
Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит
|
1
|
Pci 0101
|
Психология
Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3.
Пререквизиттер- жоқ.
Постреквизиттер- «Философия», «Әлеуметтану».
Оқыту мақсаты: Психологияның заты мен объектісін, субъективті және объективті нақтылықтың қатынастарын оқып үйрену.
Қысқаша мазмұны: Психологияның заты мен объектісі. Субъективті және объективті нақтылықтың қатынасы, психология және ағза, жанның психикалық белсенділігі, қызметтің және өзін-өзі ұстау психикасы, жеке тұлға және жеке тұлға аралық қатынас.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі:
-
жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;
-
психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;
-
бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін;
-
педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді біледі.
Іскерлігі:
-
окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;
-
психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдай алады.
Дағдысы:
-
тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалануға дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.
|
2
|
OOT 0102
|
Өзін-өзі тану
Кредит саны-2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3.
Пререквизиттер-жоқ.
Постреквизиттер- жоқ.
Оқыту мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуін оқу.
Қысқаша мазмұны: Өзін өзі танудың мақсаты мен шешімдері. Орта мен жеке тұлғаның көп жақты ашылу мүмкіншілігі. әлеуметтік және жеке өмірдің потенциал маңыздылығы. Кәсіптік өзін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы біледі.
Іскерлігі: Өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.
Дағдысы: Өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі, базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна
|
3
|
Mad 0103
|
Мәдениеттану
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер –жоқ.
Оқыту мақсаты: Негізгі мәдениеттік категорияларды ашу, теорияларды, концепцияларды. Мәдениеттік білімнің негізін құрау.
Қысқаша мазмұны: Мәдениеттанудың заты және әдістері, мәдениет маңызы және тұлғасы, мәдениет тілі, адам өмірі мәдениет сияқты. Бірінші быталық мәдениет, Ежелгі шығыс мәдениеті, Ежелгі Грек және Рим мәдениеті, ортағасырлық мәдениет, Қайта жаңғыру дәуірімен Реформация мәдениеті, жаңа дәуірдің европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениетінің шығуы, қазақтардың салт-дәстүр мәдениеті, қазіргі қазақстандық мәдениет, Қазақстанның Евразиялық мемлекет ретінде әлеуметмәдениеттік жетістіктері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Мәдениеттанудың негізгі категорияларын және түсініктерін біледі.
Іскерлігі: Өздігінен отандық және әлемдік қоғам ішінде мәдениеттік өзгерістердің мәнісінің және мағынасының талдай алады.
Дағдысы: Мәдениет және ұлт аралық қатынаста білімін іс жүзінде қолдануға дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Негізгі және жалпы білімдік білімі бар, конфликтті жағдайларды өздігінен шеше алады. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіне алады және базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Кудратова.
|
4
|
Ped 0104
|
Педагогика
Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3.
Пререквизиттер-жоқ..
Постреквизиттер- жоқ
Оқыту мақсаты: Студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыруды оқыту.
Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тигізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын біледі.
Іскерлігі: Педагогикалық жағдайларға талдау жасай алады.
Дағдысы: Педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдануда дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.
|
5
|
MTIKJ 0105
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3. Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етуді оқыту.
Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарының стилі, олардың сипаттамалары. Қазақ тіліндегі іс қағаздарының тарихы туралы. Құжаттарды толтыру талаптары. Іс қағаздарының классификациясы: мазмұны, толтыру орны, орындау мерзімі, атауы, формасы, заңдық күші, құпиялығы. Еңбек қатынастарын толтыру. Өтініш, автобиография, түйін, мінездеме, жұмыс мінездемесі, келісім-шарт формасы. Еңбек келісім-шарт толтыру ережесі. Бөлу таратылымы, ұйымдастыру қабілеттілігі бойынша құжат. Негізгі бөлім бойынша жеке құрам бойынша бұйрық, протоколдар, информациялық-аналитикалық құжат. Жұмыс аралық хаттар, телефонограммалар, хабарламалар, хаттар, түсініктемелер, анықтамалар, акттер. Азаматтық қатынасты реттейтін құжаттар: жеке өтініш, қолқат, кепіл хаттар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді және біледі
Іскерлігі: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділігі бар.
Дағдысы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.
Құзыреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарында базалық білімін көрсете біледі.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.
|
6
|
Val 0106
|
Валеология
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.
Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулық бұзылуының әлеуметтік-гигиеналық проблемасы. Денсаулық және өмір негізі. Медециналық көмектің негізгі бағыттау ұйымы. Дәрігер әлеуметтік портнаж ұйымы. Репродукцияның паталогиясы мен физиологиясы. Валеологиялық қызмет көрсету ұйымы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеуді біледі.
Іскерлігі: Жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға бере алады.
Дағдысы: Студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина
|
7
|
EAShHEK 0107
|
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиттер-жоқ.
Постреквизиттер-жоқ.
Оқыту мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы.ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру.Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық.ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерінбіледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялықтұжырымдамаларынжәне нормативті –құқықтық базасын біледі.
Іскерлігі: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттей алады.
Дағдысы: Халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін,халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде базалық біліміні көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Қ. Жұмашбекова
|
8
|
Shak 0108
|
Шәкәрімтану
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.
Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы. Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды біледі.
Іскерлігі: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.
Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.
Құзыреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгеруде базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір
|
Базалық пәндер - 44 кредит
|
1
|
JEEN 0201
|
Жалпы электротехника және электроника негізі
Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиттер – 31 кредит.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Электрлік емес мамандықтар инженерлері мен бакалаврларын электротехника және электроника жайында олар қажетті электртехникалық, электронды, электр өлшеуіш құрылғыларды таңдай алатындай, құрылғыларды дұрыс эксплуатациялау және электр инженерлермен бірігіп автоматтандырылған құрылғылардың электрлік бөлігін жетілдіруге техникалық тапсырмалар құруға дайындау.
Қысқаша мазмұны: Электрлік шынжырлар және өлшеулер, электрлік шынжырлардың негізгі заңдары. Ауыспалы тоқтағы резонансты құбылыстар, жартылай өткізгішті құралдар, олардың құрамы және қолданылуы. Электронды күшейткіштер және электрлік дыбыстағыштар генераторы. Геодезиялық жұмыстардағы радиоэлектрониканың рөлі. Импульсті және сандық құрылғылар. Ақпаратты радиотолқын көмегімен беру.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Электр қауіпсіздігін негізін; эксперименттік әдіспен және оның паспорттық және каталождық негізінде электротехникалық және электронды құрылғылардың типтік сипаттамаларын және параметрлерін анықтай білу; күйін сараптау үшін және электротехникалық элементтермен, құрылғылармен және жүйелерге қазіргі заманғы есептеу заттарын қолдана отырып басқаруды біледі.
Іскерлігі: Өзіндік қолдану үшін қажетті электрлік және электронды құрылғаларды, машиналар мен аппараттарды дұрыс таңдау. Электрлік және электронды сұлбаларды оқи білу, өз жұмысына электрлік және электрондық құралдарды, құрылғыларды, біріншілік қайта жаңарту және орындаушы механизмдерді тиянақты қолдана алады.
Дағдысы: Жеңіл жарамсыздықтарды анықтау, спецификация құрастыруға дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Қазіргі заманғы микропроцессорлық басқару жүйелерінінің жұмыс спецификасын түсіну жайында базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: доцент, т.ғ.к. Какимов М.М.
|
2
|
SMJ 0202
|
Сапа менеджмен жүйесі
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.
Пререквизиттер – 31 кредит.
Постреквизиттер – «Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер».
Оқыту мақсаты: Сапа эволюциясы түсінігі: сынақ сапасын тексеру, сапа қамтамасыз етуді бақылау, сапа экономикасы туралы оқу.
Қысқаша мазмұны: Стандарттаудың теориялық негізі, принциптері және әдістері. Сапа менеджмент жүйесін қолдану қажеттілігінің қалануы. Сапа менеджмент жүйесінің мақсаты. Сапа менеджмент жүйесін енгізудің қорытындысы. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сипаттамалары. Сапа менеджмент жүйесінмен негізгі терминдер мен анықтамалар. Сапа менеджмент жүйесінің ресурстары. Сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігі. ISO стандарттау бойынша халықаралық ұйымдастырылу. Стандарт негізінде жобалаудың және стандарттау принциптерінің дамуы. ISO қолданылуы. ISO стандарттарын әзірлеу принциптері. ISO стандарттарының жүйесі. Сапа менеджмент жүйесінің моделі. Сапа менеджмент жүйесін енгізудің және әзірлеудің негізгі кезеңдері. Сапа менеджмент жүйесімен жобалау. Сапа менеджмент жүйесінің аудиті және мониторинг.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Сапа эволюциясы жүйесін біледі, МС ИСО 9000 бойынша менеджмент жүйесін құрастыру принциптері, өнеркәсіпте сапа менеджменті жүйесін құрастыру технологиясы, сапа менеджменті жүйесін ақпаратпен қамтамасыз етуді біледі.
Іскерлігі: Өнеркәсіпте сапа менеджменті жүйесін бағалай алады, сапа менеджменті жүйесін құрастыра алады, түзеу және ескерту шараларын жүргізе алады, сапа менеджменті жүйесін жақсарта алады.
Дағдысы: Өнеркәсіптегі қолданылатын стандарттарды және т.б. нормативті құжаттрды жүйелі түрде тексеру қабілеттігі, стандарттау бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылауда дағдысы бар.
Құзыреттілігі: Сапа менеджменті жүйесін және тиісті құжаттарды құрастыру тәртібі жайында базалық білімін көрсете алады..
Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а., б.ғ.к. Молдабаева Ж.К.
|
3
|
SauT 0203
|
Сәулет тарихы
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиттер – 31 кредит.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Сәулеттің дамуы және оның қоғам дамуына байланысы, сәулеттік композиция интерьерлерін және пропорцияның сыртқы түрі, көлемдік, симметрия оқу.
Қысқаша мазмұны: Сәулет және оның қоғам дамуымен, өндірістік күш дәрежесімен байланысы.сәулеттік композиялар, көлемдік-жобалау шешімі және ғимараттың конструктивті схемасы, оның интерьерінің және ішкі көрінісінің шешімі, ішкі кейіпі мен оның иетерьерінің және қоршаған ортаның өзарабайланысы. Симметрия, ырғақ, пропорция, масштабтылық, тектоника. Ежелгі Египет және Ежелгі Греция сәулеттің қазіргі сәулетке дейінгі дамуы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Сәулеттік құрылыстың даму тарихын және түрлі кезеңдердегі сәулеттің ерекшелігі туралы біледі.
Іскерлігі: Түрлі мәдениет және кезең сәулетін айыра алады.
Дағдысы: Сәулет тарихы жайында алған білімін практикада қолдана біледі.
Құзыреттілігі: Мәдениет және сәулет тарихы жайында базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О.
|
4
|
SSTO 0204
|
Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Құрылыс өнімінің, процесстердің және қызмет көрсетудің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стандарттаудың рөлін оқу.
Қысқаша мазмұны: «Стандарттау туралы» ҚР заңы. Құрылыс өнімдерін, процестерін және қызмет етуінің сапасын және қауіпсіздігіндегі стандартау рөлі. МСС негізгі жағдайы. Құрылыс процестерінің өндірісін орнатып қою және әзірлеуді стандарттау. Жобалық құжаттама жүйесін стандарттау. Сапа менеджмент жүйесін стандарттау, сертификаттау және құрылыстағы техникалық тосқауылдар. «Сертификаттау туралы» ҚР заңы. Сертификаттауды жүргізу бойынша ережелер. Сертификаттауды жүргізу бойынша басқару. Бірлікті өлшеуді қамтамасыз етудің негізгі құқығы, «Бірлікті өлшеуді қамтамасыз ету туралы» ҚР заңдарының негізгі жағдайы. Өлшеу классификациясы және метрологиялық сипаттаманың нормалануы. Метрологиялық қызметтің ұйымдастырылған негізі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |