Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Ақуыздарды органикалық қышқылдармен тұндыру



бет10/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Ақуыздарды органикалық қышқылдармен тұндыру
Екі сынауыққа 1 мл-ден ақуыз ерітіндісін құяды, біреуіне бірнеше тамшы 5%-дық үшхлорсірке қышқылының ерітіндісін, екіншісіне — бірнеше тамшы 2%-дық сульфосалицил қышқылының ерітіндісін құяды. Екі сынауықта да ақуыздың тұнбасы байқалады.
Сульфосалицил және үшхлорсірке қышқылдары ақуыздарға сезімтал және арнайы реактивтер болып табылады. Үшхлорсірке қышқылы тек ақуыздарды ғана тұнбаға түсіреді, ақуыздардың ыдырау өнімдері мен амин қышқылдарын тұнбаға түсірмейді. Сондықтан оны биологиялық сұйықтардан (мысалы, қанның сары суынан) ақуызды толық бөліп алу үшін жиі қолданады. Бұл жағдайда ақуыздардың ыдырау өнімдері ерітіндіде қалады.


Ақуыздарды ауыр металдардың тұздарымен тұндыру
Екі сынауыққа 1 мл-ден зерттелетін ақуыз ерітіндісін құяды, сынауықты сілки отыра баяу түрде тамшылатып бір сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін, екіншісіне қорғасын ацетатының ерітіндісін қосады. Аз еритін тұз тәріздес қосылыстың түзілу салдарынан мақтаға ұқсас тұнба (мыс тұзымен - көк түсті, қорғасын тұзымен - ақ түсті) түседі. Реактивтің артық мөлшерінде тұнба қайтадан ериді.
Ауыр металдардың (Hg, Ag, Cu, Pb және басқалар) тұздары ақуыздармен суда ерімейтін қосылыстар түзіп, оларды қайтымсыз тұнбаға түсіреді. Сондықтан ақуыздарды уланған жағдайда, мысалы сынап тұздарымен (сулема), уға қарсы зат ретінде қолданады. Бірақ, кейбір мұндай тұнбалар (мысалы, мыс, қорғасын, мырыш тұздарымен) тұндырғыштың артық мөлшерінде иондардың ақуыз бөлшектерінің бетінде адсорбциялануы салдарынан еріп кетеді: соның нәтижесінде ақуыз бөлшектері зарядталады да, қайтадан ериді. Денатурацияланған ақуыздар тұнбасының ауыр металл тұздарының артық мөлшерінде еруі адсорбциялық пептизация деп аталады.


Ақуыздардың алкалоидтарға арналған реактивтермен тұнбаға түсуі
Алкалоидтар - молекуласында азот атомдары енген әртүрлі гетероциклдері бар азотты негіздер. Ақуыз молекулаларында кейбір гетероциклдер — жекелеген амин қышқылдарының құрамына кіретін имидазолдық, пирролидиндік т.б. болады. Сондықтан ақуыздар алкалоидтарға тән кейбір реакцияларды көрсетеді.
Үш сынауыққа 1 мл-ден ақуыз ерітіндісін құяды. Ақуыз ерітіндісін 2 тамшы сірке қышқылымен қышқылдандырады. Бірінші сынауыққа қаныққан пикрин қышқылының ерітіндісін қосады, сарғыш тұнба бөлінеді. Екінші сынауыққа бірнеше тамшы 10%-дық таннин ерітіндісін қосады, реактивтің артық мөлшерінде еріп кететін көлемді мақта тәрізді тұнба түседі. Үшінші сынауыққа бірнеше тамшы 5%-дық тұз қышқылы мен әр тамшыдан кейін шайқай отыра тамшылатып, 5%-дық калий гексациано (П) ферратының ерітіндісін құяды. Тұнба түседі. Төртінші сынауыққа 2 мл ақуыз құяды, 5%-дық тұз қышқылымен аздап қышқылдандырады және бірнеше тамшы сынап (II) йодидінің калий йодидіндегі K2[HgI4] ерітіндісін қосады. Ақуыздың тұнбасы түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет