2,6-дихлорфенолиндофенолмен реакция
1 мл қырыққабат шырынына (немесе кәртөптің) 1 мл 0,02%-дық 2,6-дихлорфенолиндофенолдың ерітіндісін қосады, араластырады. Ерітінді индикатордың лейкоқалыбының түзілуі есебінен түссізденеді. Индикаторды әрі қарай қосқанда, ерітінді қызғылт түске боялады, өйткені сынамадағы аскорбин қышқылының бәрі тотығып кеткендіктен, 2,6-дихлорфенолиндофенол енді тотықсызданбайды.
Р ДӘРУМЕНІ (ӨТКІЗГІШТІК ДӘРУМЕНІ, ЦИТРИН)
Р-дәрумендік әрекет етуші заттарға қан тамырларының қабырғасының беріктігін арттыратын және өткізгіштігін төмендететін фенол табиғатты қосылыстардың бірқатары жатады. Олар холинэстеразаның, сукцинатдегидрогеназаның, тағы басқа ферменттердің белсенділігін басады, сондай-ақ адреналиннің тотығуын тежейді. Р-дәрумендік әсер етуші заттардың құрылысының негізінде флавон ядросы жатады. Оларға: рутин, эриодиктин, геспередин, кверцетин т.б. жатады.
Ең белсенді қосылыстардың бірі рутин - кверцетин флавонолының және дисахарид — рутинозаның гликозиді.
Р-дәрумендік әрекет етуші заттардың тобына антоцианидиндерді, мысалы жоғары өсімдіктердің гүлдері мен жемістерінде кең тараған пигментті: цианидин - цианин агликонын жатқызады. Лимоннан кристалдық күйде бөлінген Р тобының дәрумені цитрин деп аталған. Шәй жапырақтарындағы катехиндер де физиологиялық белсенді болады.
Рутин
Катехин
Кверцетин
РУТИН МЕН КВЕРЦЕТИНГЕ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Құрал-жабдықтар, реактивтер. 1 және 2 мл-лік тамшуырлар (5 дана); сынауықтарымен зертханалық штатив; рутин (ұнтақ және қаныққан сулы ерітінді); кверцетин (этил спиртіндегі қаныққан ерітінді); 1%-дық темір (III) хлориді; күкірт қышқылы (конц., тығыздығы 1,84); металдық магний (таспа немесе ұнтақ); тұз қышқылы (тығыздығы 1,19); фелинг сұйығын дайындау үшін ерітінділер; 0,5%-дық тұз қышқылы; 10%-дық натрий гидроксиді.
Достарыңызбен бөлісу: |