Биология және химия пәндерін оқытуда stem мүмкіндіктерін биология сабағында пайдалану



бет1/2
Дата02.04.2024
өлшемі0.61 Mb.
#497394
  1   2
СТЕМ баяндама


Биология және химия пәндерін оқытуда STEM мүмкіндіктерін
биология сабағында пайдалану.

STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.


STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету.
Менің өз ойымша түсінгенім, STEM білім берудің басты мақсаты - дәстүрлі білімге тән практикалық міндеттерді шешуден алшақтықты еңсеру және оқушыларға түсінікті оқу пәндері арасында байланыс орнату.
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Оларға жаратылыстану ғылымдары, яғни биология, химия, физика пәндері т.б жатады. Балалар оқиғалардың өзара байланысын көруге үйренеді, логика принциптерін жақсы түсінеді және өз модельдерін жасау барысында жаңа және ерекше нәрсені табады. Кешенді тәсіл олардың білім құмарлығын дамытуға және білім беру процесіне тартылуына ықпал етеді
STEM білімінің артықшылықтары: Пәндер бойынша емес, тақырыптар бойынша интеграцияланған оқыту; Нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану; Сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту; Өз күшіне деген сенімділікті қалыптастыру; Белсенді қарым-қатынас және топтық жұмыс; Техникалық пәндерге қызығушылықты дамыту; Жобаларға креативті және инновациялық тәсілдер; Әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекеті арқылы техникалық шығармашылыққа деген ынтаны дамыту; Ерте кәсіптік бағдарлау; Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау.
Қазіргі кезде әлемде технологиялық өзгерістер болып жатыр. Жаңа ақпараттық қарқынды ағыны,технологиялық инновациялар мен әдістемелер біздің өміріміздің барлық салаларын алып жатыр. Осыған байланысты, қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде. Бұл өзгерістер еліміздің білім жүйесінің мазмұнын да жаңартуға ықпал етуде. Қазіргі заманауи сабақтарды компьютерлік технологиялар, интерактивті тақта, ноутбук,мобильді құрылғылар мен қосымшалар арқылы өткізсе, оқушылардың жаңа материалды тез түсінуге мүмкіндік береді. Себебі,білім алушылар бұл құрылғылармен асқан қызығушылықпенжұмыс жасауға ұмтылады. Оқушылар арнайы компьютерлік бағдарламалау тілдерінде бағдарлама құрып, компьютерде оның нәтижесін көре алады. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетімен қоса, психологиялық жағынан өзіне деген сенімділігін арттырады. Себебі,оқушы Windows ортасында дайын калькулятордың функцияларынан кем түспейтін қосымша жасап шығу арқылы ішкі уәжін көтереді. Дәл осылайша,мобильді құрылғыларға және робото техникаларына да арналған пайдалы бағдарламалар жасақтап,нәтижесін бақылап көре алады.
Мен кез-келген оқу орнында білімді адам болу мүмкін емес деп санаймын. Бірақ кезкелген жақсы қалыптасқан білім беру мекемесінде адам өзіне болашақта пайдалы болатын дағдыға ие бола білім беру мекемесінің қабырғасынан тыс өзін-өзі тәрбиелейтін білім ала алады. – дей келе М.Булгаковтың сөзімен алатын болсам, «5E циклі арқылы зерттеушілік оқыту» модулін оқуға арналған глоссарийде мәселе шешу, контекст құру, модуль енгзу, эпизод (оқу мақсаты) негізінде 5E оқыту циклін қолданатын зерттеуге негізделген модульдің құрылымдары 5Е циклінің 5 кезеңі еліктіру, зерттеу, түсіндіру, пысықтау, бағалау кезеңдерін сабақ жоспарын құру барысында түсіндім десем болады.
Оқушылардың инженерлік дағдыларын дамытудағы инженерлік жобалау процесінде Инженерия ұғымын түсіне білдім — адамның интеллектуалдық әрекетінің саласы, ғылымның, техниканың жетістіктерін қолдану, физика заңдары мен табиғат ресурстарын адамзаттың нақты мәселелерін, мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін пайдалану міндеті болып табылатын пән, кәсіп екенін толық ұғындым.
1. Мәселені немесе тапсырманы анықтау
2. Мәселені шешуге байланысты идеяларды зерттеу
3. Шешімді жоспарлау және әзірлеу
4. Шешімді сынау және бағалау
5. Нәтижелерді ұсыну
Сабақта инженерлік жобалауды пайдалануды жоспарлау
Контекст/жағдай - оны шынайы және ынталандыратын етіп жасаңыз
Міндет - орындалатын етіп жасаңыз
Критерийлер мен шектеулер - оларды негізді етіңіз.
Материалдар - нақты құралдарды, материалдар мен жабдықтарды пайдалану.
Баға - қалыптастырушы және жиынтық бағалау әдістерін қолдану; жаттықтырушы және тәлімгер болыңыз.
Инженерлік жобалаудың осындай бес кезеңімен толықтай танысып, топта жұмыс жасап, сабақтың оқу мақсатын таңдай отырып, осы бес кезеңді басшылыққа ала отырып, контекст дайындауды, мәселе тудыруды, тапсырмалардан зерттеу жұмыстарын жүргізуді, шешімін табуды оларға критерийлер мен шектеулер жүргізіп, сынау және бағалау жасадық.
Енді Мәселеге негізделген оқыту әдіс бойынша да Іздеу процесінде проблеманы анықтауға және оны өз бетінше мазмұнды зерттеу арқылы топта шешуге негізделген оқыту моделі ұсынылды. Мәселеге негізделген оқыту (PBL) оқушының өзіндік тиімділігі қиындықтарды жеңе алады, өзін-өзі бақылай алады, өзінің психикалық функцияларын басқарады, мақсатқа бағытталған, кеңістігің реттейді, өз қызметін жоспарлай алуды арттырады PBL қолдану арқылы сабақта оқушылардың өзара әрекетінің құрылымының
4 кезеңімен танықтық. 1-кезең. Оқушылар контекстті зерттеп, мәселемен танысады. 2-кезең. Мәселені түсінуді дамыту, жаңа ақпаратты меңгеру және есептерді шешу дағдыларын дамыту. 3-кезең. Есептерді шығару. 4-кезең. Коммуникация топта ұйымшылдықпен пән аралық байланыс орнады. Тәжірибе мен білім қоспасын қамтамасыз ету үшін сіз әр топ мүшесінің рөлі болуы керек. Топтар проблема бойынша бірлесіп жұмыс істей аладым. немесе тапсырманың белгілі бір бөліктері үшін жауапкершілікті бөлісе аладым.
Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе. STEAM білім беру жүйесі оқушылардың сенімін, тиімділігін, ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған; ғылым, технология, инженерия, өнер және математика ғылымдарының бірігуін түсіндіруді жеңілдетеді және қажетінше шығармашылыққа тәрбиелейді. Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға стем кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатпен stem технологиясын түрлі жағдайда білімдерін біріктіру арқылы, мұның ішінде, бейнелеу өнерінде қолдану, экологияны сақтау, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, табиғатмүмкіншілігін пайдалану, ойындарда stem технологиясын қолдану тәсілдері түсіндірілді.
STEM білім беру - оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті.
Сонымен қатар, мектептегі робот техникасы негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, Lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Бұл процесс оқушыға жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді. Осылайша, STEM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді.

 Пәні, сыныбы, күні 

Биология , 7 сынып



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет